Бағдарламасы Алматы, 2012 Емтихан тақырыптары: «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы»



Дата29.02.2016
өлшемі157.17 Kb.
#30363

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті



«6М020500 «Филология» (ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ) мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханының бағдарламасы

Алматы, 2012

Емтихан тақырыптары:

«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы»
1.БАҚ және тіл мәдениеті.

БАҚ – қазақ әдеби тілінің тарихында қалыптасуы мен дамуы тұрғысынан ерекше стиль түріне жатады. БАҚ беттеріндегі тіл мәдениетінің сақталуы маңызды, егер сақталмаса, әдеби тілдің мәртебесіне, қалыптасуына кері әсерін тигізеді.

2.Қазақ тіліндегі жаңа қолданыстар.

Қазақ тілінің сөздік қоры жаңа қолданыстармен толығып отырады. Олардың кезеңдік сипаты мен жасалу жолдары бар.

3.Фразеологизмдердің мағыналық варианттары.

Фразеологизмдер – ұлттық сананың тілдегі көрінісі. Олардың мағыналық, семантикалық ұқсастықтары, соған орай варианттары болады.

4.А. Байтұрсынұлының лингвистикалық терминдері.

Қазақ тіл білімінің негізін қалаған ғалым, А. Байтұрсынұлының лингвистикалық терминдері тілдік деңгейлердің барлығын қамтиды. Олардың көбі қазіргі кезде қолданыста жүр.


«Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен фонологиясы»


  1. Сингармонизм – қазақ тілінің негізгі заңы.

Үндестік немесе сингормонизм заңы – түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінің негізгі заңы болып саанлады. Бұл заң туралы алғашқы ғылыми еңбектердің авторының бірі – Х. Досмұхамедұлы.

  1. Қазақ тіліндегі интонация.

Сөйлеу әрекеті кезінде интонация ерекше рөл атқарады. Интонацияның түрлері бар, интонацияны зерттейтін сала – интонология деп аталады.

  1. Қазақ тіліндегі ықпал заңдары.

Фонетикада қалыптасқан бірнеше заңдылықтар бар. Солардың бірі ықпал заңдылығы. Оның ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал дейтін түрлері бар.
«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы мен сөзжасамы»


  1. Күрделі етістіктердің түрлері.

Күрделі етістіктердің күрделі сөздерге қатысы қандай және олардың тұрақты формалары бар ма, түрлері қандай, қандай да болмасын грамматикалық мағынаны қалай білдіреді, оларды етістіктің еркін, жай тіркесінен қалай айыруға болатыны қарастырылады.



  1. Нөлдік форма және грамматикалық мағына

Арнайы грамматикалық мағынасы болғанмен, арнайы көрсеткіші болмайтын ерекше тілдік формалар грамматикалық тұлғасыз да грамматикалық мағынаны білдіреді. Оларды нөлдік формалар деп атау қалыптасқан. Олар сырттай түбір тұлғаға аса ұқсас болып келеді.

  1. Күрделі сөздер және олардың зерттелуі

Сөздер грамматикалық құрылымына қарай дара және күрделі болып бөлінеді. Күрделі сөздердің фонетикалық, лексика-семантикалық, грамматикалық фактор арқылы жасалу жолдары бар. Олардың бірнеше түрі бар. Бір жүйеге түскен жазу емлесі толық қалыптаспаған. Қазақ тіл білімінде күрделі сөздерді зерттеу даму үстінде.

  1. Қос функциялы қосымшалар

Қосымша морфемалар кейде қалыптасқан қызметінен бөлек басқа қызметтерді атқарады. Сондықтан оларды қос функциялы қосымшалар деп атау үрдісі қалыптасқан.

  1. Көмекші сөздердің морфологиялық ерекшеліктері

Атауыш сөздер лексикалық мағынасының солғындауынан, дербестігінен айырылып, грамматикализацияланып, десемантикаланып, көмекші сөздерге айналады. Түркі тілін зерттеген ғалымдар оларды сөз деп есептейді, себебі олардың тұлғалары тұрақты. Олар дербес тұлғалы сөздер сияқты есім және етістік көмекшілер болып бөлінеді.
«Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі»
1. Мезгілдік ұғымды білдіретін тілдік бірліктер.

Мезгілдік ұғымның сөйлем құрылымына сай берілу еркшеліктері. Жай сөйлемнің қрамындағы мезгілдік мағына. Құрмалас сөйлем құрамындағы мезгілдік мағынаның берілу жолдары. Қатар орындалған әрекеттер, бірінен кейін бірінің орындалуы, іле-шала орындалуы т.б. Мезгілдік, мезгілдес, мезгіл бағыныңқылы терминдерінің ерекшеліктері.



2. Жақтылық және жақсыздық категориясы синтаксис деңгейінде.

Сөйлемнің жақты және жақсыз болып құрылуы. Жақсыз сөйлемдердің бір негізді сөйлемдердің құрамында қарастырылуы. Олардың жасалу жолдары. Сөйлемің жаты болып құрылуының сөйлем сематикасына әсері. Олардың екі негізді сөйлемдердің құрамына қарстырылуы.



3. Функциялас салалас және сабақтас сөйлемдер.

Құрылымдық грамматикада сөйлемдер «формадан мағынаға» қарай принципі бойынша топтастырылатын болса, соңғы кездері «мағынадан формаға» қарай принципі басшылыққа алынып жүр. Осы принциптің негізінде құрмалас сөйлемдердің белгілі бір ұғымдық категорияны білдірудегі функциясына қарай топтастырылуы.



4. Сөз тіркестері: етістікті, есімді сөз тіркестері.

Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің топтастырылуы. Синтаксистік тіркестерді тану принциптері. Қазақ тіліндегі байланысу формалары туралы ғалымдардың көзқарастары.



5. Сөйлемдерді құрылымына сай топтастыру принциптері

Қазақ тіліндегі сөйлемдер негізіне, айтылу мақсатына сай, информацияның көлеміне сай, жақтың қатысуына қарай топтастырылады.


«Стилистика және тіл мәдениеті»
1. Функционалды стильдердің жіктелуі.

Стилистика – тіл білімінің бір саласы. Стилистика тілдің көркемдеуіш амал-тәсілдерін, тілдің қоғамның түрлі саласында жұмсалу аясын, қатысымдық функциясын зерттейді. Негізгі нысаны – стильдер, олардың функционалдығы.



2. Стилистиканың негізгі ұғымдары мен категориялары.

Тіл ғылымының басқа салалры сияқты стилистика ғылымының да өзіне тән категориялары бар. Стилистикалық категориялар стильдік белгілерден шығады. Стилистикалық категориялардың қатарына бағалау категориясы, акценттік категория, гипотезиялық категория, диалогтық категория, «автор бейнесі» категориясы, мәтін категориясы т.б. жатады.


«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы»
1. Көне түркі тіліндегі септік және көптік категориясы.

Көне түркі тілінде көптік категориясы лексика-семантикалық тәсіл арқылы, морфологиялық тәсіл арқылы, синтаксистік тәсіл арқылы жасалған.

Көптік жалғаудың шығу төркіні туралы В.Ковальскийдің, Н.Баскаковтың, А.Кононовтың көзқарастары бар.

2 . Түркі тілдері тарихын зерттеудің әдіс-тәсілдері.

Түркі тілдерінің тарихын зерттеуде тарихи-салыстырмалы әдіс, ареальдық әдіс, типологиялық-модификациялық әдіс, диахронды әдіс, синхрондық әдіс кеңінен қолданылады. Ретроспективті тәсіл, сөз құрамына іштей реконструкциялау тіл тарихы үшін маңызды тәсілдер.



3. Орта түркі жазба ескерткіштері.

«Дивани луғат ит-турк», «Құтадғу білік», «Ақиқат сыйы», «Кодекс Куманикус», «Дивани Хикмет» жазба ескерткіштерінің тілдік ерекшеліктері сөз етіледі. Орта түркі кезеңіндегі дыбыстық алмасулар, грамматикалық формалар, сөз мағыналарының дамуы қарастырылады.


«Қазақ тілін оқытудың әдістемесі»
1. Қазақ тілін оқытудағы көрнекі құралдар

Көру көрнекі құралдары: экрандық, диапозитивтік, диафильмдер, үлестірмелі материалдар; Есту, көру көрнекілері: дыбыстық магнитофондар, экрандық дыбыстық көрнекіліктер.



2. Модульдік оқыту технологиясы

Модульдік оқыту технологиясынң кезеңдері: кіріспе, сөйлесу, қорытынды. Оқушының таным қызығушылығын туғызу арқылы үлкен тақырыптар жүйесін оқушыларға өздерінің іздену арқылы жетілдіру.



3. Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық жағдай туғызу, оқушыға проблемалық сұрақ қою, проблемалық міндет шешуге оқышыларды қатыстыру. 1. Ұғымы; 2. Технологиядағы мәселенің қойылуы; 3. Оны жүзеге асру жолдары.


«Халық ауыз әдебиеті»


  1. Халық әдебиетінің тарихы мен теориясы, ерекшелігі туралы түсінік.

“Халық әдебиеті”, “Фольклор”, “Ауыз әдебиеті”, “Халық поэзиясы”, “Халықтың сөз өнері” деген атаулардың ерекшеліктері. Халық әдебиетінің тарихы мен теориясы туралы түсінік. Фольклортанудың тіл, этнография, тарих, философия, музыкамен байланысы. Ауыз әдедбиет пен жазба әдебиеттің ара-қатынасы. Фольклордың пайда болуы, жанрлары мен түрлері. Фольклордың көп қырлы болмыс-бітімі, әдет-ғұрыппен байланысы.

2. Эпикалық жырлардың зерттелуі және көне эпос.

Қазақ эпосының жанрлық классификациясы. Көне эпос, батырлық эпос, лиро-эпос, тарихи эпос және жиналу мен зерттелу жайы. Көне эпостың құрамы мен тақырыбы. Синкреттік сипатының басымдылығы. Миф, аңыз-әңгімелерімен байланысты болып келуі. Образдар жүйесі: бас қаһармандар мен қаскөй күштер (дию, пері, мыстан, т.б.) болып келетіндігі.



3. Лирикалық өлеңдер.

Халық лирикасының жанрлық ерекшеліктері. Лирикалық өлеңдер қара өлең, тарихи өлең, ән өлең болып үшке бөлініп, түрлі тақырыпты қамтиды. Қара өлең он бір буынды, төрт тармақты, үш жолды ұйқасқа (а, а, б, а) құрылады. Қара өлеңнің әнмен айтылып, қайырмасы болады. Тарихи өлең болған оқиға негізінде туады.



4. Қазіргі заман халық поэзиясы мен әдебиет.

Қазіргі заман халық поэзиясының өкілдері: Ж. Жабаев, И. Байзақов, Н. Байғанин, К.Әзірбаев, О. Шипин, Н. Бекжанов, Т. Көбдіков, Қ. Жапсарбаев, І. Манкин, т.б. ақындар. Бұлардың басты ерекшелігі – қолма-қол төгіп айтатын импровизатор екендіктері. Ақпа ақындарың сынға түсіп, танылатын жері – шаршы топ, торқалы жиын, қызған айтыс үсті. Халық ақындарының шығармаларында фольклордағы ортақ дәстүрлер мен ортақ мотивтер басым көрінеді.



«Әдебиеттануға кіріспе»

  1. Сөз өнері туралы ғылым.

Өнер түрлеріне тән негізгі ерекшеліктер. Өнердің суреттеу пәні. Өнердің суреттеу амалдары. Өнердің суреттеу құралдары. Өнердің туындысын қабылдау сырлары. Сөз өнерінің қоғамдық сананың айрықша бір саласы ретіндегі қызметі.

  1. Сөзбен сомдалған тұлға.

Образдылық – суретті сөз. Әдебиеттің обектісі – өмір, предметі – адам екендігі туралы тұжырымдар. Образбен ойлаудың өзіндік ерекшеліктері. Қаламгер қиялының көркем бейне жасаудағы қызметі. Ойдан шығару - образға апарар жол. Ойдан шығарудың адам тұлғасын жинақтау мен даралаудағы ролі. Образ – адам – көркем бейне.

  1. Сөз сыры.

Көркем әдебиеттің тілі туралы ұғым-түсініктер. Тілдің қоғамдық фукциялары. Көркем сөз. Оның болмысты әсерлі түрде бейнелейтіндігі. Тіл – стильдік құбылыс. Тіл байлығының қайнар көздері: полисемия, синонимия, омонимдер, антонимдер, архаизмдер, неологизмдер, идиомалар,диалектизимдер (жергілікті сөздер) және т.б. Сөздердің тура және бұрма мағыналары.
«Ежелгі және хандық дәуір әдебиетінің тарихы»


  1. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі.

Біздің заманымыздан бұрынғы жазу-сызулар. Сақ дәуіріндегі аңыз-әңгімелердің идеясы. Ғұндардың қаһармандық жырларының ой-мұраты. Деректі жазу бар жерде әдебиеттің болатындығы.

  1. Ислам дәуіріндегі қазақ әдебиеті.

Х-ХІІ ғасырларда Қазақстан мен Орта Азия жерлерінде бірте-бірте ислам діні мен мәдениетінің қалыптаса бастауы. Ислам мәдениетін жасауда қазақ жерінен шыққан ғұлама ғалымдар мен ақын-жазушылардың орны.

  1. Алтын Орда дәуіріндегі қазақ әдебиеті.

Алтын Орда мемлекетінің құрылуы, саяси-әлеуметтік жағдайы. Мемлекеттің мәдениеті мен әдебиеті. Жібек жолының маңызы. Алтын ордаға байланысты тарихшылардың қалдырған дереккөздері. Осы кезде өмір сүрген дарын иелері. Бұл кезеңдегі көркем әдебиеттің екі бағытта болғандығы, яғни аударма-нәзира және тыңтума әдебиеттің қалыптасуы.

  1. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.

Қазақ хандығының құрылу тарихы. Мәдениеті мен әдебиеті. Жыраулар поэзиясының қалыптасуы. Жыраулық өнердің өзіндік ерекшеліктері. Жыраудың әлеуметтік тұлғасы. Жырау-ақын. Жырау-сазгер.
«ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы»


  1. XIX ғасырдағы қазақ тарихы және әдебиет.

XIX ғасырдағы тарихи жағдай. Саяси-әлеуметтік, экономикалық реформалар. Ресейдің отаршылдық саясатындағы батыл бетбұрыстар. 1822 жылғы әкімшілік билеу жүйесіне енгізілген өзгеріс. Хандық биліктің жойылуы. Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілістің туу себептері, тарихи сабақтары. (1836-1838) Ішкі Бөкей ордасы (1801). Хан Жәңгір және тарихи шындық. Көтеріліс тарихы және оның ел әдебиетіне ықпалы. Махамбет Өтемісұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Алмажан Азаматқызы поэзиясындағы ұлт-азаттық сарын.

  1. XIX ғасырдағы әдебиет үлгілері. XIX ғасырдағы әдебиеттің өзіне шейінгі жасап келген әдеби дәстүрлермен сабақтастығы. XIX ғасырдағы жаңа әдебиет үлгілері. Жаңа жазба әдебиет үлгілерінің мұсылманша оқыған сауатты ақындардың діни, ғибраттық өлеңдері арқылы көрінуі. XIX ғасырдағы нәзира дәстүрі. Әдебиеттегі діни-ағартушылық ағым. Әдебиеттегі жаңару, өзгеріс, даму тенденциялары. Қазақ өлеңінің жаңа түрлері. Дулат женген өлеңдегі өзгерістің Абаймен жалғасуы.

  2. XIX ғасыр әдебиетіндегі негізгі бағыттар мен ағымдар.

XIX ғасыр әдебиеті сонымен бірге ендігі күн не болмақты ойлаған, жауыңның тілін біл, коргенін көр, жасағанын жаса деген тірлікке шақырған жаңа сілкіністен туды. Дініңді, тіліңді билеп-төстемек, содан сақтан деген қауіпсіздендіруден туды. XIX ғасыр әдебиеті белгілі бағыт ұстанған ұлт әдебиетіне, жазба әдебиетке айналды.

4. XIX ғасырдағы жаңа жазба әдебиет.

XIX ғасырдағы оқу-ағарту, кітап басу ісі. Оның ел әдебиетіне ықпалы. Әдеби дамуға тигізген әсері. XIX ғасыр әдебиетінің даму барысындағы көркемдік өзгеріс, бетбүрыс бағыттар. Әдебиеттің жаңару, өзгеріс өрістері. Қазақ өлеңінің жаңа түрлері. Махамбет, Дулат әкелген өлеңдегі өзгешеліктердің Абаймен жалгасуы. Жаңа жанрлардың тууы.


«ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы»


  1. XX ғ.б. қоғам дамуы және әдебиет.

ХХ ғасыр басындағы қоғамдық жағдай және әдебиеттің даму жайы мәселесі. Қазақстанның Россия отаршылдығындағы хал-ахуалы. Басты үш мәселе - жер, оқу-ағарту, саяси күрес. Ағарту, мектеп, кітап басу, баспасөз ісінің дамуы, "Айкап", "Қазақ" басылымдарының тарихи аренаға шығуы. Осынау өркендеу істеріндегі қазақ зиялыларының алдына қойған міндеттері мен мақсаттарын орындау барысына назар аудару. Қазақ зиялыларының саяси топтары, олардың өзіндік көзқарастарының әдеби бағыт-ағымға әсері.

  1. XX ғ.б. қазақ баспасөзі және әдебиет.

Баспасөз бен әдебиет байланысының жайын ашу. Қазақ баспасөзінің тарихына қысқаша шолу. Ежелгі жәдігерліктердегі көсемсөздік үлгілер көріністері. Халық ауыз әдебиетіндегі көсемсөздік белгілер."Түркістан уалаятының газеті" (1870-1882 ж.ж.), "Дала уалаятының газеті" (1880-1902 ж.ж.) басылымдарының орыс газеттеріне қосымша ретінде шығуы, ресми газеттер ретіндегі сипаты. Олардың мәдени, әдеби мәні. Әдеби шығармалардың жарық көруінде елеулі қызмет атқарғандығы.

  1. XX ғ.б. қазақ әдебиетіндегі негізгі бағыттар.

ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі ағым-бағыттар. Бағыт, ағым туралы жалпы түсініктер. Бағыттардың өріс алуына негіз болған қоғамдық-саяси көзқарастар. Әртүрлі саяси топтардың пайда болуы, осыған орай қазақ зиялыларының жіктелуі. Оның әдеби бағыттар мен ағымдардың қалыптасуына тигізген әсері. XX ғ.б. негізгі әдеби бағыттар: 1. Діни-ағартушылық бағыт. 2. Ағартушы-демократтық бағыт. 3. Азатшыл-демократтық бағыт. Бұл бағыттардың нақты айырмашылықтары, ортақ ізденістер.

  1. XX ғ.б. әдебиеттегі жанрлық ізденістер.

ХХ ғасыр басындағы жанрлардың даму үдерісі, ерекшеліктері. XX ғ.б. қазақ әдебиетінің жалпы жетістіктері, өсу белестері. Қазақ өлеңінде бұрынғы жалаң өсиеттік, дидактикалық насихаттың азайып, Абайдың өміршең поэзиясы дәстүрлерінің дамуы. Әдебиеттің эстетикалық құндылықтары. Құрғақ ақылмандықтан гөрі, образдылықпен суреттеудің белең алуы. Өмір шындығын көркемдік шындық деңгейіне көтеру мақсатқа алынып, әлеуметтік мәселелердің тереңірек көтеріле бастауы.
«Қазіргі қазақ әдебиетінің даму үдерістері»


  1. Қазіргі қазақ әдебиетінің даму бағыттары: дәстүр және жаңа үдерістер

Қазіргі қазақ әдебиетін замана өзгерістеріне сәйкес дәуірлеу принциптері. Көзқарас. Зерттеулер. 1991-2011 жылдардағы тарихи-әлеуметтік жағдайлардың әдебиетке әсер-ықпалы. Қазақ әдебиетіндегі тақырып, жанр мәселесінің даму ерекшеліктері. Шығармашылық ізденістер сипаты. Орыс және әлемдік әдебиетпен байланысы. Қазақ әдебиетіндегі ұлттық характер сомдау проблемасы, әлемдік өркениет және қазақ әдебиеті. Қазіргі әдебиеттегі адам және табиғат мәселесі.

  1. Қазіргі қазақ прозасы. әңгіме жанры.

Қаламгердiң шығармашылық даралығын анықгап, саралау — әдебиеттану ғылымындағы ең күрделi де зәру мәселелердiң бiрi. Өйткенi, "даралық" ұғымы суреткерлiк шеберлiгi мен кәсiби машығы шындалып, әдеби-көркемдiк тәсiлдердi, тiлдiк-бейнелеуiш кұралдарды жетiк меңгерген, өзiндiк әдiбi қалыптасқан суреткерлерге ғана тән құбылыс екенi белгiлi.

  1. Қазіргі қазақ поэзиясы: жаңа мазұнды жырлар көркемдігі.

Қазіргі қазақ поэзиясындағы тақырыптық-идеялық, көркемдік бітімі жағынан едәуір жетістіктерге жетті. Кейінгі кезеңдегі тәуелсіздік, бостандық тақырыбының қазақ поэзиясында жырлану сипатымен қатар адамдардың отаншылдық сезімі, ғарышты игеру, халықтар достығы, адамгершілік, мораль, этика мәселелері кеңінен жырланды. Сондай-ақ ұлттық салт-дәстүр мен діни тақырыптағы өлеңдер жазыла бастады.
«Қазақ әдебиеті сынының тарихы»


  1. Қазақ әдебиетіндегі сын жанры.

Сынның жазба әдебиетке тән жанр екені, онымен үзеңгі қағыса тарихи-эстетикалық сахнаға шығатыны, көркем әдебиеттің бүгінгісіне назар аударып, келешекте барлау жасайтыны, алынбаған шеберлік қамалдарын нұсқайтыны, жаңалықтың жаршысы болып, қалың жұртшылыкқа әдебиеттің әлеуметтік мәнін түсіндіретіні, насихаттайтыны теориялық тұрғыдан анық тұжырымдалған шындықтар.

  1. Қазақ әдеби сынының қоғамдық ой-пікірде алатын орны.

Қазақ халқы көркем сөзді өз тірлігінің тұтқасы, күрес құралы еткен. Ол ел мен елді табыстырған елшінің тілі, ру мен руды татуластырған бұғалық, мемлекет басқарған хандарға әлеуметтік ақыл-кеңес, көшпелі мәдениеттің сырт көзге көрінген сахнасы, өткенмен қордаланып, бүгінгімен жарқыраған тарихи жады, көркемдік әлеміндегі өзіндік таным-біліктің әсем де ажарлы қоржыны екені даусыз.

  1. Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы

Сын, сын тарихы және оны дәуірлеу мәселелері қазақ ғалымдары тарапынан біршама қарастырылған. Ол негізінен, қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеуге қатысты айтылған. Қазақ әдеби сынының алғашқы нышандары сонау ауыз әдебиетінде көрініс бергенімен, шын мәніндегі сынның жалпы жұртшылыққа жол тартуы мерзімді баспасөзге байланысты болды. Осы кезеңде сынның жанрлық тұрғыдан жіктелу, кәсіби сипатының анықталуы, кәсіби сыншылардың бой көрсету процесі жүріп, шыңдап қалыптасып дамуға бет бұрды.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:

  1. Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. Алматы: «Қазақ университеті» баспасы, 2008.

  2. Қазақ грамматикасы. – Астана, Елорда, 2002.

  3. Сыздық Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы:Арыс,2004.

  4. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Оқулық. – Алматы, 2002.

  5. Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі.–Алматы, 1998.

  6. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1991.

  7. Момынова Б. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы:Қазақ университеті, 2011.

  8. Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі. Алматы, 2002.

  9. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы, 1966.

  10. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 1999.

  11. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы, 1993.

  12. ӘуезовМ. Әдебиет тарихы Алматы:Білім,1991.

  13. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы,2002.

  14. Бисенғали З.Қ. Казахская проза начала ХХ века.Учебное пособие.-Алматы:Қазақ университеті, 2000.

  15. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы.-Алматы:Қазақ университеті, 2002.

  16. Жұмалиев Қ. XXIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті.-Алматы, 1967.

  17. Келімбетов Н. Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті. Алматы, 1991.

  18. Кенжебаев Б.ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Оқулық. –Алматы:Білім, 1998.

  19. Қыраубайқызы А. Ежелгі әдебиет. Алматы, 1996.

  20. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Оқу құралы.-Алматы: Білім, 1998.

  21. Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.- Алматы, 1992.

  22. Тілепов Ж. Тарих және әдебиет. Алматы: Ғылым, 2001.


Қосымша әдебиеттер:

  1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992.

  2. Әмір Р., Әмірова Ж. Құрмалас сөйлем қазақ тілінің құрылымдық, функционалдық жүйесінде. – Алматы: «Қазақ университеті», 2009.

  3. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы: Ғылым, 1988.

  4. Жиенбаев С. Синтаксис мәселелері. - Алматы, 1941.

  5. Исаев С. Қазақтың мерзімді баспасөз тілінің дамуы.–Алматы: Қазақстан, 1983.

  6. Момынова Б. Шәкәрім поэзиясының тілі.–Алматы: Арыс, 2008.

  7. Қайдаров Ә.Т. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. –Алматы: Ана тілі, 1998.

  8. Ибатов А. Сөздің морфологиялық құрылымы. -Алматы, 1983.

  9. Серғалиев М., Айғабылов А., Күлкенова О. Қазіргі қазақ әдеби тілі. -Алматы, 1991.

  10. Қордабаев Т., Ғаламов Т.Тарихи грамматика мәселелері. - Алматы, 1975.

  11. Өмірәлиев Қ. ХІУ-ХУ ғғ. қазақтың ескі жазба әдеби тілі. – Алматы, 1983.

  12. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. – Алматы, 2010.

  13. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Лекциялар мәтіндері. – Алматы, 1973.

  14. Шакенов Ж. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар. –Алматы: Рауан, 1991.

15.Момынова Б., Саткенова Ж. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Есімдер. – Алматы: Арыс, 2007.

16. Әуезов М. Шығармалар жинағы (20 томдық).-А, 1979-85

17. Әдеби мұра және оны зерттеу.-Алматы: Ғылым.-1961

18. Қабдолов 3. Сөз өнері.-Алматы: Санат.-1992

19. Қазақ әдебиетінің тарихы (3 том).-Алматы: Ғылым.-1967

20. Кенжебаев Б.Әдебиет белестері.-Алматы: Жазушы.-1986

21.Ахметов 3. Өлең сөздің теориясы. -Алматы: Мектеп, 1973.

22.Ахтанов Т. Керуен. -Алматы: Жазушы, 1969.

23. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. -Алматы: Санат, 1996.



24. Әбдезұлы Қ. Қазақ прозасы және ұлттық идея. -Алматы: Қазақ университеті, 2005.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет