2. Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл



бет1/8
Дата05.09.2024
өлшемі30.42 Kb.
#503372
  1   2   3   4   5   6   7   8
Документ (29) (копия)

БЛОК 1
1.синтетикалық-туынды сөз жасауда негізгі тәсілдер тобына кіреді.Түркі тілдері оның ішінде қазақ тілі қосымшалы тілдер болғандықтан сөзжасамның синтетикалық тәсіл тілімізде туынды сөз жасауда негізгі қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауда екі тілдік бірлік қызмет атқарады.


1.Лексикалық мағыналық сөз,
2.Сөзжасамдық жұрнақ.
Туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы сөздер ғана қатысады.Мысалы,жүлдегер,ақта,ақылды,бәлеқор сияқты туынды сөздердің жаңа мағынасы жүлде,ақ,ақыл,бәле т.б.Синтетикалық сөзжасамда жұрнақ негізгі мүше болып саналады,синтетикалық тәсіл арқылы туынды түбірді тек жұрнақ жасайды.Синтетикалық әсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды түбір деп аталады.Туынды түбір негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалады.Мысалы,арда+гер-ардагер,көрер+мен-көрермен т.б.Сөзжасамдық жұрнақтар жаңа лексикалық мағына жасайды.Олар тілдегі ең көп жұрнақтар.
2. Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл – тілімізде көне замандардан келе жатқан, тілімізді көптеген
Күрделі сөздермен толықтырған өнімді тәсіл. Аналитикалық тәсіл дегеніміз – екі я одан да көп
Сөзден (сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі, қысқаруы арқылы) бір лексикалық мағыналы сөздің
Жасалуы.Аналитикалық тәсіл барлық сөз табының сөзжасамынан кең орын алады. Мысалы:
Үшбұрыш, тікұшақ, көмір қышқылы, ақсақал, те-мірқазық (зат есімдер); қызыл ала, орта бойлы,
Қызыл шырайлы, ақ шашты (сын есімдер); қырық сегіз, он алты, екі жүз, бес мың (сан есімдер);
Кіріп шық, алып кел, алып бар (етістіктер); күні кеше, күндерде бір күн, бүгін, биыл (үстеулер);
Тақ-тұқ, тарс-тұрс, жалт-жұлт (еліктеуіштер); пай-пай, ойпырмай, бәрекелді (одағайлар).
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер күрделі сөздер деп аталады. Күрделі сөздер
Толық мағыналы сөздерден жасалады. Қазақ тілінде аналитикалық тәсілдің бірнеше түрі бар:
1) сөзқосым,
2) қосарлау
3) тіркестіру
4) қысқарту.
Бұлардың әрқайсысы тілдің сөзжасамында өнімді қызмет атқарады. Аналитикалық тәсілдің осы ішкі төрт түрі күрделі сөздің төрт түрін жасайды. Олар: біріккен сөздер, қос сөздер, тіркескен
Күрделі сөздер, қысқарған сөздер.Екі сөзден біріккен жалқы есімдер (Қажымұқан, Дүйсенәлі, Көкшетау, Сырдария), терминдік атаулар (бесжылдық, матанализ),тұрақты тіркестер (ден қою, құлақ салу, тіс жару, тіл қату), кіріккен сөздер (ендігіден әрі – ендігәрі, алып кел – әкел), қос сөздер (бала-шаға, егжей-тегжей, қап-қара), қысқарған сөздер (Б¥¥, ҒА, ҚазТАГ,кг, см) және т.б. аналитикалық тәсілмен жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет