БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі Пән: «Баспа ісінің негіздері» пәні



Дата13.06.2016
өлшемі92.85 Kb.
#131855
түріБағдарламасы
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі


«6M042200 – БАСПА ІСІ»

мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ 2012

Емтихан тақырыптарының тізімі
Пән: «Баспа ісінің негіздері» пәні

Пән: «Баспа ісінің негіздері» пәні

  1. Қазіргі баспа ісінің жүйеленуі. Баспалардың түрлері.

Қазіргі баспа ісі жүйелерінің ерекшеліктері. Әр баспаға тән ерекшеліктер. Баспалардың маңызы, мақсаты және атқаратын қызметі.

  1. Баспа үдерісінің негізгі кезеңдері және оның ерекшеліктері.

Баспада орындалатын технологиялық үдерістер, олардың кезеңдері. Баспада орындалатын технологиялық үдерістердің ерекшеліктері мен маңызы.

  1. Техникалық редакциялау (ерекшеліктері, ұстанымдары).

Техникалық редактордың атқаратын қызметі. Техникалық редакциялаудың тәсілдері, маңызы және мақсаты. Техникалық редакциялауға қойылатын талаптар.

  1. Көркемдік редакциялау.

Көркемдік редактордың атқаратын қызметі. Көркемдік редакциялаудың тәсілдері, маңызы және мақсаты. Көркемдік редакциялауға қойылатын талаптар.

  1. Авторлық қолжазба мен баспа түпнұсқасына қойылатын негізгі талаптар.

Авторлық қолжазба мен баспалық түпнұсқасқа жайлы түсінік. Олардың бір-бірінен айырмашылықтары. Авторлық қолжазба мен баспалық түпнұсқасқа қойылатын талаптар.

  1. Материалдық құрылымы бойынша басылымдарға шолу.

Басылымның материалдық құрылымы. Мұқаба түрлері. Кітаптың қосалқы элементтері.

  1. Басылымның мақсаттық ерекшеліктеріне шолу.

Басылымдардың мақсаттық топталуы. Басылымдардың мақсаттық ерекшеліктерін атап көрсету. Нақты басылымды таңдап, ерекшеліктерін атап көрсету.

  1. Қазіргі баспа ісі мәселелерінің негіздері.

Қазіргі баспа саласында туындап жүрген мәселелер. Материалдық - техникалық жабдықтандыру мәселелері. Біліктілік. Кітаптарату т.с.с.

  1. Қазіргі компьютерлік баспа жүйелері (жалпы сипаттама).

Қазіргі баспа ісіне қолданылатын заманауи техникалар. Сканер, принтер, бағдарламалар, безен және беттеу бағдарламалары

  1. Авторлық табаққа түсінік. Есептеу әдістері.

Авторлық баспа табақ дегеніміз не? Оның мақсаты мен маңызы. Есептеу тәсілдері.
Пән: «Кітаптану» пәні

1.Кітапбасу ісінің тарихи дамуы : зерттелген еңбектер және материалдар.

Кітапбасу ісінің даму тарихы. Шетелдік және Қазақстандық зерттелген еңбектер мен материалдар.

2.Кітаптану тұрғысынан кітаптардың типтік ерекшеліктері.

Кітаптану тұрғысынан кітаптардың типтік ерекшеліктерін атап көрсету. Типтік жағынан сұрыпталған кітап түрлерін атап көрсету.



3.Кітаптың сыртқы элементтері және олардың анықтамалары.

Кітаптың сыртқы элементтерін атап көрсету. Түптеу қабы, мұқаба, каптал, кант, форзац және т.б. Олардың маңызы мен мақсаты.



4.Кітаптың ішкі элементтері. Олардың маңызы мен мақсаты.

Кітаптың ішкі элементтерін атап көрсету. Титул беттері, контртитул, фронтиспис, шмуцтитул, шығу деректері және т.б. Олардың маңызы мен мақсаты.



5.Электронды басылымдар жайлы ғылыми түсінік. Маңызы мен анықтамасы.

Электронды басылымдардың ерекшеліктері. Маңызы мен анықтамасы.

Электронды басылымдардың қолданылуы.

6.Қазіргі полиграфияның сипаттамасы.

Полиграфия өндірісінің қазіргі хал-ахуалы. Полиграфиялық техника мен технологиялар. Полиграфия саласында орындалатын негізгі үдерістер.



7. Отандық және шетелдік кітаптану туралы түсінік.

Кітаптану жайлы жалпы түсінік. Отандық және шетелдік кітаптану. Қазіргі «кітаптану» ғылымы.



8.Кітап өнімдерін жарыққа шығаруда орындалатын негізгі үдерістер.

Кітаптарды жарыққа шығаруда орындалатын баспа және полиграфиялық үдерістер. Қолжазбаны қабылдау, редакциялау, өңдеу және полиграфия өндірісінде орындалатын үдерістер.



9. «Кітап» термині жайлы түсінік.

Кітап жайлы жалпы түсінік. Кітаптың түрлері, мақсаты, ерекшеліктері, маңызы.



10.Баспа өнімдерінің классификациясы және сипаттамасы.

Баспа өнімдерінің сипаттамасы және сұрыпталуы. Картонмен түптелген және мұқабалық өнімдер. Кітаптың құрылымы мен жалпы сипаттамасы.



«Редакторлық шығармашылық негіздері» пәні

1. Қолжазба композициясын бағалау критериилері. Қолжазбаның композициялық тұтастығы мен жүйелілігі. Шығармадағы «Жүйелілік» ұғымы. Шығармадағы композициялық ақаулар.




  1. Автор қолжазбасын бағалау. Автор қолжазбасын мазмұндық, стилдік, композициялық, жанрлық тұрғыдан бағалау. Шығарманың жанрлық табиғатын айқындау. Композициялық олқылықтарын анықтау. Тықырыптық-идеялық маңызын айшықтау.

  2. Рецензия жанрының табиғаты: қазіргі тәжірибе. Рецензия жанрының түрлері. Кітапқа жазылатын рецензияның ерекшелігі. Рецензияның мәтіндік құрылымдық табиғаты. Рецензия стилі.

  3. Редакциялық – баспалық үдеріс. Редакциялық-баспалық үдеріс кезеңдері: баспаға авторлар тарту, автор шығармасын бағалау, автормен баспа келісімшарты, шығарманы редакциялау және өндірістік кезең.

  4. Редактор қызметінің шығармашылық және ұйымдастырушылық аспектілері. Нарықтық экономика жағдайындағы редактор қызметінің әкімшілік және ұйымдастырушылық қырлары. Баспадағы әкімшілік –ұйымдастырушылық шаралар. Баспа қызметкерлерінің еңбек тәртібі.

  5. Автор шығармасының стилін бағалау критерийлері. Баспа өнімдерінің типологиясына және жанрына сәйкес түпнұсқа стилін айқындау. Стиль түрлері.

  6. Автор. Баспа. Оқырман. Автор мен баспа арақатынасы. Баспа мен автор келісімшартын рәсімдеу. 0қырман сұранысын анықтау шаралары.

  7. Қазіргі қазақ баспаларының жүйеленуі. Қазіргі қазақ баспаларының нарық талаптарына сай жүйеленуі. Салалық баспалар. Салалық баспалардың құрылымдық ерекшелігі. Әмбебап баспалар. Жоғарғы оқу орындары жанындағы баспалар. Аймақтық баспалар.

  8. Ғылыми басылымдардың түрлері. Ғылыми басылысдардың жанрлық ерекшелігі. Монография. Ғылыми конференция жинағы. Автореферат.

  9. Автормен келімсімшарт рәсімдеудің құқықтық негіздері. Автормен келісімшарт рәсімдеу. Автор қолжазбасына қойылатын талаптар. Басылымның шығарылымдық мәліметтері. Кітап аппараты.


«Кітаптарату технологиясы» пәні

1. Шетел кітап тарату жүйесі (АҚШ және Батыс елдері). Шетел кітап тарату жүйесінің отандық кітап тарату жүйесінен айырмашылығы. Ұлыбритания кітап тарату жүйесі.

2.Кеңестік кітап тарату жүйесі. Орталықтандырылған кітап тарату жүйесінің ерекшелігі. «Росскнига» мекемесінің қызметі. «Қазақкоопкітап» мекемесінің тарихы.

3.Кітаптарату саласының жұмысын ұйымдастыру. Кітап сауда көздерімен келісімшарт жасау. Әкімшіліктермен кітапханалардан тапсырыс қабылдау. Тасымалдау және жарнама мәселелері.

4.Кітаптарату технологиясы және оны жетілдіру мәселелері. «Кітаптарату технологиясы»ұғымы. Сауда нүктелері. Тікелей және делдалдар арқылы кітап саудасы.

5.Кітаптарату технологиялық үдерістері құрылымындағы. дәстүрлі және логистикалық тәсіл. Кітаптарату мекемелеріндегі қаржы-шаруашылық қызмет бағыттарына экономикалық талдау. Кітаптарату мекемелеріндегі тауар айналым.



6.Кітаптаратуды басқаруды ұйымдастыруды жобалау және жүйелеу. Дүкеннен тыс сауданың негізгі формарының мінездемесі және олардың даму перспективалары. Каталогтар бойынша тікелей сауда. Теледидар арқылы сауда. Интерактивті электронды сауда.

7. Ақпараттық және тарату жүйесі. Кітаптаратушы мекемелерінің классификациясы: басқаруды ұйымдастыру бойынша; сауда-оперативті қызмет түрі бойынша; жеке меншік формасы бойынша; тәуелділік деңгейіне қарай; шаруашылықтың ұйымдастырушылық-құқықтық формасына қарай.


8.Тауар ағымы және оны басқару проблемалары. Кітаптаратушы кәсіпорының шаруашылықтың ұйымдастырушылық-құқықтық формасы РҚ азаматтық кодексіне сәйкес: мемлекеттік және муниципальді кәсіпорын кітаптарату; шаруашылық серіктестік; шаруашылық қоғам; өндірістік кооперативтер жеке кәсіпорындар.
9. Кітап тарату орталықтары. Тауар ағымын игеру жолдары.

Кітаптарату кәсіпорнындағы негізгі және көмекші шаруашылық істері; саудалық, өндірістік, қосымша қызмет көрсету, ішкі экономикалық. Кітап нарығы элементтерімен кітаптарату кәсіпорындары қызметі шаруашылық көрсеткіштері байланысы. Кітаптарату кәсіпорындары қызметінің тиімділік критерилері.



10.Кітаптарату мекемелері мен ұйымдардың ерекшеліктері.

Финанстық жоспарлау міндеті мен ұғымы. Стратегиялық, ағымдағы және оперативті финанстық жоспарлар. Кітаптарату мекемелеріндегі финанстық жоспар, оның қызметі және мазмұны.


«Қазіргі полиграфиялық технологиялар» пәні

  1. Баспа-полиграфиялық техникалар мен технологиялар жайлы жалпы түсінік.

Полиграфия өндірісінде орындалатын негізгі үдерістер. Басу әдістері және онда қолданылатын терминдер. Басу және кітапшалау-түптеу жабдықтары.

  1. Полиграфиядағы цифрлық технология жайлы жалпы мәліметтер.

Жалпы цифрлық технологиялар жайлы мәліметтер. Осы салада қолданылатын техникалар мен технологиялар.

  1. Баспа-полиграфиялық өлшем бірліктері

Баспаханалық ДИДО, ағылшын-американдық және метрлік өлшем жүйелері және олардың қолданылуы

  1. Басылымдардың пішімдері, олардың топталуы және үлесі

Басылымдардың пішімі және олардың топталуы. Баспа-полиграфия саласында пішімдерді таңдау және қолдану.

  1. Мұқабалар, түптеу қаптары, олардың түрлері және технологиялық сипаттамасы мен қолдану саласы.

Түптеу мұқабалары мен жұмсақ мұқаба түрлерін атап көрсетіңіз. Мұқабаларды басылымға сәйкес таңдау және қолдану.

  1. Баспа полиграфиялық өңдеу – безендіру тәсілдері.

Полиграфияда қолданылатын өңдеу-безендіру үдерістері. Пленкамен престеу, лак жағу, бронзалау, оймалап кесу, гренирлеу және т.с.с

  1. Арнайы басу әдістері жайлы мәліметтер.

Тампондық, трафареттік, иристі басу әдістері және Орлов басу әдісі. Мақсаттары мен қолданылу саласы.

  1. Дәстүрлі басу әдістері жайлы мәліметтер.

Дәстүрлі шығыңқы басу әдісі. Дәстүрлі жазық және ойыңқы басу әдістері. Мақсаты мен қолданылуы.

  1. Басылымдарды бүктемелеу түрлері мен ерекшеліктері

Полиграфиядағы бүктемелеу әдістері. Бүктемелеу түрлері мен варианттары.

  1. Кітапшалау-түптеу өндірісінде орындалатын технологиялық үдерістер

Полиграфиядағы кітапшалау-түптеу үдерістері. Жинақтау, бүктемелеу, кітап бумаларын бекіту әдістері. Қолданылатын жабдықтар.

5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:

  1. Ш.Елеукенов. Кiтаптану негiздерi. Алматы. «Санат», 1997 ж.

  2. Ш.Елеукенов. Ж. Шалғынбаева Қазақ кiтабының тарихы. Алматы. «Санат», 1999 ж.

  3. Мархабаев А.Ф. Қазақ фантастикасының поэтикасы. Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 2008. Учебное пособие -2, за 2011 год

  4. Б.Омарова «Қазіргі полиграфиялық технологиялар», оқу құралы, 2011,

  5. Б.О. Әсембаева «Баспа ісінің менеджменті мен маркетингі», оқу құралы, 2011.Учебное пособие -3, за 2010 год.

  6. Мархабаев А.Ф. Қазақ қиялының жүріс-тұрыстары. Фантастика жанры: тарих және теория. Алматы: Жазушы, 2011.

  7. Коваленко А.Н., Лезунова Н.Б. Информационные технологии в книжном деле: Краткий конспект лекций / А.Н. Коваленко,  Н.Б. Лезунова. – СПб.: Изд-во «Петербургский институт печати», 2003. – 136 с.

  8. Михеева Е.В. Информационные технологии в издательской деятельности: Учебное пособие / Е.В. Михеева. – М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2008. – 448с.

  9. Семенов М.И., Трубилин И.Т. и др. Автоматизированные информационные технологии в экономике: Учебник / М.И. Семенов, И.Т. Трубилин и др. – М.:  Финансы и статистика, 2000.

  10. Корнеев В.В., Гареев А.Ф. и др. Базы данных и интеллектуальная обработка информации / В.В. Корнеев, А.Ф. Гареев и др. – М.:  Нолидж, 2000.

  11. Романо Ф. Современные технологии издательско-полиграфической отрасли / Ф. Романо. – М.:  Изд-во Принт-Медиа, 2006. – 457 с.


Қосымша әдебиеттер:

  1. Есенькин Б.С., Майсурадзе Ю. Книжный рынок России: 1990–2000.

  2. Ильицкий А.М. Книгоиздание в современной России. — М., 2002.

  3. История книги. Под ред. А.А. Говорова и Т.Г. Куприяновой. — М., 2001.

  4. Комаров Е.И. Эффективное издательство. Менеджмент и маркетинг в издательской деятельности. Учебное пособие. — М., 2000.

  5. Мильчин А.Э. Культура книги: что делает книгу удобной для читателя. Справ. пос. — М., 1992.

  6. Немировский Е. Л. Мир книги. С древнейших времен до начала ХХ века — М., 1986.

  7. Общество и книга. От Гутенберга до Интернета. — М., 2000.

  8. Прилепская Г.Д. Бизнес план издательства. Учебное пособие. — М., 2000.

  9. Тулупов В.В. Реклама в коммуникационном процессе. — Воронеж, 2003.

  10. Тюлюкин В.А. Текстовые редакторы и издательские системы. — Екатеринбург, 2000.

11.Хайкин М.М. Менеджмент издательской продукции. Учебное пособие. — С. Пб., 2001.

12.Журналдар: «Журналист», «Книжное дело», «Полиграфия», «Книжный бизнес», «Полиграфист и издатель».

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет