Бағдарламасы Бағдарламаны құрастырушы: 2019 /2020оқу жылы Түсінік хат



бет1/3
Дата18.09.2023
өлшемі33.07 Kb.
#477805
түріБағдарламасы
  1   2   3
5- 6 сынып үйден оқу




Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар
үйден оқытылатын
оқушыға арналған оқу және
тіл дамыту пәнінің
бағдарламасы
Бағдарламаны құрастырушы:

2019 /2020оқу жылы


Түсінік хат
Бұл бағдарлама «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6 тармақшасы сәйкес Түзету Педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының «Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған 5-10 сыныптары үшін «Оқу және тіл дамыту» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын» басшылыққа ала отырып әзірленді.
Оқу және тіл дамыту жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыны үйден оқытуға аптасына 1 сағаттан барлығы 34 сағат берілген.
5-сыныпқа арналған «Оқу және тіл дамыту» пәнінің базалық мазмұны:
1) тыңдалым және айтылым: жеңіл мәтіндердің жалпы мазмұнын; аудио таспаға жазылған шағын шығармаларды түсіну; мәтіннің мазмұны бойынша негізгі сұрақтарға жауап беру; мәтінде түсініксіз сөздер мен сөйлемдерді табу; астарлы сөздерді қолдану; кейіпкерлерді, оқиғаларды, табиғат көріністерін сипаттайтын сөздер мен сөйлемдерді іріктеу; мұғалімнің көмегімен көркем шығарманың негізгі ойын анықтау; мұғалімнің көмегімен әдеби шығарманың кейіпкерін бейнелеу; ертегілерді сахналауға қатысу;
2) оқылым: тұтас сөздермен дауыстап дұрыс оқу; мәнерлеп оқу: мәтіннің мазмұны мен мағынасына сәйкес интонация мен сөз қарқынын сақтау (кідіріс, логикалық ойлау дауыс сарыны); рөлге бөлініп оқу ( «драматизация»); қойылған сұраққа жауап табу; тақпақтар жаттау; мұғалімнің көмегімен шығарманың түрін анықтау;
3) тілдесу: мәтін, суреттердің мазмұыны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру; тақырыптық диалогтар құру, құрастырған диалогтың мағынасын дұрыс түсіну; мәтіндегі суреттер арқылы жағдаятты әрі қарай болжау.
Оқу және тіл дамыту сабағының мақсаты:
- оқушының сөйлеу тілін және сауаттылық элеметтерін дамыту,дұрыс және түсініп оқуға үйрету;
- есте сақтауын және зейінін дамыту;
- ауызша сөйлеу тілінің кемістіктерін түзету;
- дұрыс, қатесіз жазу дағдыларын қалыптастыру;
- өзінің ойын ауызша байланыстырып сөйлеуге үйретуге негізделіп құрылды.
Міндеті:

  • оқушының ұғымына сай мәтіндерді дұрыс оқып, мағанасын түсінуге үйрету;

  • ауызекі және жазба тілде қарым –қатынас жасауға қажетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру,өз ойын жүйелі түрде дұрыс жеткізе беруге үйрету;

  • оқушының диалогтік және монологтік сөйлеу (ауызекі ,жазба тіл)дағдыларын дамыту;

  • оқушының сауатты ,көркем жазу дағдыларын жетілдіру;

  • диалогтік және монологтік сөйлеу (ауызекі) дағдыларын,сөйлеу мәдениетін, өз сөзінің дұрыс айтылуын өзі бақылау машығын дамыту;

  • оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;

  • шәкірттер бойында адамгершілік, әсемдік қасиетін қалыптастыру.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет