Тақырыбы: Тілашар



Дата03.07.2016
өлшемі89.59 Kb.
#175523
Ақтөбе облысы

Байғанин ауданы

Қопа ауылы

Ақтан жырау негізгі мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Сатаева Тлектес Серикбаевна



Тақырыбы:Тілашар

мақсаты:


1. Балалардың пәндер бойынша алған білімдерін тиянақтау. Жаттау дағдыларын қалыптастыру, мәнерлеп айтуға үйрету.

2. Сөздік қорларын ,ойын, логикалық ойлау және танымдық қабілеттерін жан-жақты дамыту.

3. Сауаттылыққа , адамгершілікке , өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу. Сахна мәдениетіне баулу.

Әдіс-тәсілі : сұрақ – жауап, көрнекілік.

Көрнекілігі: сөздер, мақалдар, шарлар, әріптер.

Барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі - Әнұран

2. Негізгі бөлімі:

Мұғалім: Тәрбие сағатының мақсатын хабарлау. - Балалар, сонымен бүгін біз тілашар мерекемізге жиналып отырмыз.

Құрметті ұстаздар мен ата-аналар, бүгінгі Тілашар мерекемізге қош келдіңіздер!

Айналайын балалар,

Алдыңда мектеп –ана бар.

Өздеріңнен өседі,өнерлілер,даналар.

Өтті қызық көп күндер,

Жеті жасқа жеттіңдер.

Келіп 1-сыныпқа

Бір белестен өттіңдер.


Тілашар сөзінің тақпақтары.

1-оқушы : Т кәдімгі телеграф бағаны,

Кейде оған ұқсатасың балғаны.

2-оқушы : І ірімшікті жедің ғой,

Тәтті екн дедің ғой.

3-оқушы : Л кәдімгі лашық

Тұрады онда балашық.

4-оқушы : А әрпі алып,

Белін буып алған..

5-оқушы : Ш әрпін айтсақ жасырмай ,

Үш аша айыр басындай.

6-оқушы : А кәдімгі АТА,

АНА;АҒА;АПА.

7-оқушы : Р әрпі РАУАН,

РОЗА,РАЯ,РАУШАН.


  • Балалар қандай мақал білесіздер? Айта қойыңдаршы.

  • Оқу инемен құдық қазғандай.

  • Оқу -білім бұлағы, білім –өмір шырағы.

  • Ақыл азбайды, білім тозбайды.

  • Кітап – асыл қазына.

  • Оқу –білім ырысы, білім- ырыс қазығы.

  • Көп оқыған озар, көп ойнаған тозар.

  • Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір.

Мұғалім:

  • Балалар , біз сендермен қандай пәндер оқып үйренудеміз?

  • Математика , әліппе,дүниетану.

  • Ендеше осы пәндерге деген құрметімізді өлеңмен жеткізейікші.

  1. Оқушы: Үлгеріңдер көп іске ,

Үйретемін әр іске.

Әліппені сүйеміз

Әдеппен бас иеміз.


  1. Оқушы: Жақсы кітап әліппе

Үйретеді әріпке.

Қуыршақпен қоштасам,

Әліппемен достасам.


  1. Оқушы: Әліппе сенің сырласың,

Әліппе досың болады.

Әріптердің шұғыласы

Дәптеріңе қонады.


  • Балалар енді осы әліппеден үйренгенімізді көрсетейікші

  • Суреттегі заттардың атына дыбыстық талдау жасау.

  • Тіл- аш –ар сөзінде неге 3 буын бар?

  • Дұрыс айтасыздар ,өте жақсы.




  • 4- оқушы: Саған білім жемісін

  • Оқулығың береді.

  • Талай адам сол үшін

  • Маңдай терін төгеді.

  1. -Оқушы: Айтқан сөзін тыңда да,

Ұстазыңды құрметте

Дәптеріңді күт бала

Кітабыңды кірлетпе.


  • Балалар, дүниетану пәні бойынша не туралы біле бастадыңдар?

  • Табиғат туралы.

  • Табиғатта денелердің қандай түрлері болады екен?

  • Жанды және жансыз денелер.

  • Дұрыс айтасыздар ,өте жақсы.



6- оқушы: Мектеп деген жақсы екен,

Қызығы мол ,думаны.

Жақсы көрем бәрінен

Математика сабағын.

7- оқушы: Ал, балақай санайық,

Қосып және алайық.

Дұрыс санап көрейік

Математик болайық.

10- ға дейін тура және кері санату. Қосу,азайтуға мысалдар беру.

1+1= 2+1= 2-1= 1-1= 3+2= 5-3= 5-2=

Дұрыс балалар, осы кезге дейін алған білімдеріңді өте жақсы көрсеттіңіздер. Рахмет.


  • Ал енді балалар, көрермендерге өз өнерімізді көрсетейік.

  • Ән : Дос болайық бәріміз. Есқуат Амина

  • Ән : Бала тілегі. Толыш Аяулым,Сүлейменұлы Марлен

  • Ән - Жау-жау жаңбыр. Өмірзақ Алтынбек ,Есқуат Амина, Ешмұхан Алуаш

  • Өзбек биі. Серікқызы Ақзат

  • Хор : Әрқашан күн сөнбесін

Шараны қорытындылап ,аяқтау.
Ақтөбе облысы

Байғанин ауданы

Қопа ауылы

Ақтан жырау негізгі мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Сатаева Тлектес Серикбаевна



Тақырыбы: «Қ дыбысы мен әрпі»

Мақсаты: Қ дыбысы мен әрпін таныстыру , Қ дыбысы бар сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасай білуге үйрету. Қ дыбысының дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. Қ дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында келетінін түсіндіру. Әріптің жазбаша түрін жазғызу.

Білімділік міндеті : Қ дыбысының дауыссыз,қатаң дыбыс екендігін меңгерту, Қ әрпін дұрыс жазуға төселдіру.

Дамытушылық міндеті : Қдыбысына қатысты жаңа сөздерді оқу,түсінік беру,тілін, сөздік қорларын, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін, танымдық қабілеттерін,ой өрістерін дамыту.

Тәрбиелік міндеті : кісі аттары мен жер,қала аттарының бас әріппен жазылатынын еске алу, ұқыптылыққа,тиянақтылыққа, еңбексүйгіштікке, білімділікке ұмтылуға тәрбиелеу.

Түрі :аралас сабақ, жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері : ойын, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Пәнаралық байланыс : орыс тілі

Көрнекіліктері :суреттер, әріптердің баспа,жазбаша түрі,әріптер,буындар.

Сабақтың барысы : 1. Алғашқы ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Оқу құралдарын тексеру.

Сабаққа назар аударту.

2. Қызығушылықты ояту

Психологиялық дайындық

3. Қайталау – білім анасы

—Әріп деген не?

--Дыбыс деген не?

--Дыбыс нешеге бөлінеді?

--Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

--Өткен сабақта қандай әріпті өттік?

--О дыбысы туралы білетіндерін топтастыру.

Қандай дыбыс? Қалай айтылады? Сөздің қай жерінде кездеседі?

4. Ойын. « Кім көп сөз ойлайды?»

5. Жаңа сабақ.

Кел, балалар ойнайық,

Ойнайық та ,ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық.

1. Оңға қарай,

Оқысаң да – бір халық

Солға қарай

Оқысаң да сол халық.

2.парақта бар

Шашта жоқ.

Тамақта бар

Аста жоқ.

- Қазақ сөзі қандай әріптен басталады?

- Олай болса, бүгін біз Қ дыбысымен танысамыз.

Қ дыбысын үш рет айту.

2. Әріп элементін,баспа және жазбаша түрін таныту.

3. Қ дыбысы – дауыссыз дыбыс. Ол сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі.

Сергіту сәті.

6 Сиқырлы кітап.

1. Қала суретін көрсетіп не екенін сұрау. «Астана» тақырыбына арналған суретпен жұмыс. Мәтінді оқып,талдау.

2. Сөздік жұмысын жүргізу.

3. Оқу түрлерін жүргізу.

1.жаңғырта оқу

2.хормен оқу

3.түртіп оқу

4.жеке оқу

7. Дәптермен жұмыс.

1. тақтада жазу

2.ауада жазу

3. дәптерге жазу .Ққ әрпін бастыру. Сөздерді жазу.

8. Жаңа сабақты бекіту.

1. «Сұр қоян» өлеңін оқып беремін.

2. «Астана» мәтінін әр оқушыға қатармен оқыту.

3. хормен оқу.

5 жолды өлең.

1. Не? - қоян

2. Қандай? - сұр

3. Неше ? - бір

4. Не істейді? - секіреді

Бір сұр қоян секіреді...

Мақал-мәтел жаттайық.

Жол атасы - тұяқ

Су атасы - бұлақ

Сөз атасы – құлақ.

- Қ қандай дыбыс?

- Қандай сөздерде келеді?

- Қала , жер,су, адам аты қандай әріптен бастап жазылады.

Оқушыларды мақтап, мадақтау.

Ақтөбе облысы

Байғанин ауданы

Қопа ауылы

Ақтан жырау негізгі мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Сатаева Тлектес Серикбаевна
Тақырыбы : Дыбыс, әріп , буын.

Мақсаты : оқушылардың білімдерін тиянақтау

1. оқушыларға дауыссыз,дауысты дыбыс түрлеріне, олардың айтылу ерекшеліктеріне көңіл бөлдіру; сонымен қатар әр дауыссыз қатаң дыбыстың ұяң сыңары болатынын білдіру;

2. оқушылардың сөздік қорларын ,ойлау қабілеттерін ,танымдық қабілеттерін дамыту;

3. оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа,әдептілікке тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар,сызба,топтық жұмыс.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ –жауап,топтау.
Сабақ барысы :
1. Ұйымдастыру бөлімі
-Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Дыбыс,әріп,буын». Мақсатымыз осы дыбыстар түрлерін толық меңгеру,сөздерді буынға бөлу.
2. Негізгі бөлімі
Тіл дыбыстары.

1-тапсырма : сөздердегі дыбыс пен әріптерді сана.


Саяхат,аялдама,концерт, ою,аю, ащы,басшы,тұщы,ашу,монтер.
2-тапсырма : барлығына ортақ әріп жаз.
ағат алт ұрақ уат

аты уық ұлу арай


3-тапсырма : топтық тапсырма - сызба бойынша талдау.
Мысалы : АПА

Дыбыс – 3 дыбыс

Тасымал – тасымалдауға болмайды

Буын – 2 буын

Әріп – 3 әріп

Буын түрлері – ашық буын


4-тапсырма : сөздік диктант .

Әдеп , тымақ , халық ,тиек ,сырмақ , ұста , кітап , ертегі , сақ , ойын.


5-тапсырма : шығармашылық тапсырма: берілген сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздерді табу.
Мысалы:
Қыран Қысым Сүт
Кесе Тымақ Сала
6-тапсырма : жұмбақ.
Жыл мезгілдерінің айларына жатады.өзі 3 ай, 3-еуі де қатаң дауыссыз дыбыстан басталады. Бір мезгілдің айлары. /қыркүйек.қазан,қараша –күз айлары./
3. Сабақты бекіту
Бүгінгі сабақта нені үйрендік?
4. Үйге тапсырма : көгершін – сөзіне талдау жасау

Ақтөбе облысы

Байғанин ауданы

Қопа ауылы

Ақтан жырау негізгі мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Сатаева Тлектес Серикбаевна
Тақырыбы : Жасырын тіл ,жұмбақ сөз.

Мақсаты :1. оқушыларға жасырын тіл ,жұмбақ сөздер түрлеріне, олардың айтылу ерекшеліктеріне көңіл бөлдіру; сонымен қатар жасырын сөйлеудің құпиясын шеше білуге үйрету;

2. оқушылардың сөздік қорларын ,ойлау қабілеттерін ,танымдық қабілеттерін дамыту;

3. оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа,әдептілікке тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ –жауап,топтау.

Сабақ барысы :

1.Ұйымдастыру бөлімі

-Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «: Жасырын тіл ,жұмбақ сөз». Мақсатымыз жұмбақ сөйлеудің құпиячын шешу.

2.Үй тапсырмасын тексеру және қорытындылау.

3.Негізгі бөлімі

Жасырын тіл , жұмбақ сөздер

Әсел мен Асан екеуі інісі Қанат түсінбесін деп, «жасырын тіл, жұмбақ сөзбен» сөйлесті.

Әсел :

АлдырА салдырсан, балдырбар ғолдырғой,келдірке шелдірше шелдірше шелдіршем нілдірнің талдырта балдырба ғылдырғын сылдырсын дылдырды ылдырып алдырал дылдырдым, -деді.



- Елдірен ділдірді нелдірне ілдіріс телдіртей мілдірміз? – деп, Асанның көзі бақырайды. – Шелдірше шелдіршем нелдірнен келдірке шілдірші релдіррім сұлдырсұ ралдырра Йылдырйық.

- 1. Тапсырма: екі бала не туралы сөйлесті? Олардың сөйлеу тілін зерттеңдер. Осы әңгімені оқып бер.

- Сөздер қалай айтылғанын түсіндір. Осылай тез сөйлесе аласың ба?

2.тапсырма : төмендегі сөздердің буындарын пайдаланып, қандай сұраулы сөйлем және қандай қауіпті жәндік атын шығаруға болады?

Ине ,бейне ,кеме ,теңге.

Бақа ,шаншу.

Дала ,бақай.

3.тапсырма :

Қасқа бұзауды қалай ақсақ бұзау қылуға болады?

4.Сабақты бекіту :



Сұрақ-жауап арқылы сабақты бекіту

5.Үйге тапсырма: Асқабақ – сөзіндегі әріптерді пайдаланып, жаңа сөздер құрастыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет