2005 – 2014 жылдарға арналған Қарағанды облысы бойынша құрылыс материалдары, бұйымдар және құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың
АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Бағдарламаның төлқұжаты
Атауы
|
2005 – 2014 жылдарға арналған Қарағанды облысы бойынша құрылыс материалдарының, бұйымдардың және құрастырмалардың өнеркәсібін дамытудың аймақтық бағдарламасы
|
Негізгі әзірлемелер
|
Облыс мәслихатының 2004 жылғы 1 шілдедегі VIII сессиясында бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Қарағанды облысы бойынша тұрғын үй құрылысын дамытудың аймақтық Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары
|
Негізгі әзірлеушілер
|
Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті Облыстық сәулет, қала құрлысы және құрылыс басқармасы
|
Мақсаты
|
Импортты алмастыратын, экспортқа бағытталған бәсекеге қабілетті, жоғары сапалы отандық құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрастырмаларды шығаруды ұйымдастыру.
|
Міндеттер
|
Қарағанды облысы бойынша құрылыс материалдары өнеркәсібінің өндірістік әлеуетін жаңа тиімді өндірісті жасау мен игеру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жоғары технология негізінде қайта жасау мен модернизациялау жолдарымен дамыту.
|
Қаржыландыру көздері
|
Инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды қаржылық қамтамасыз ету кәсіпорындардың өз қаражаттары, шетелдік және отандық инвесторлар, мемлекеттік даму институттары есептерінен жүзеге асырылады.
|
Күтілетін нәтижелер
|
Қарағанды облысы құрылыс материалдарының негізгі түрлеріне сұранысты қанағаттандыратын өнеркәсіп кешендерін алмақ, қымбат тұратын құрылыс материалдары мен бұйымдар импортын шектейді, құрылыс саласының экспорттық әлеуетін арттырады және құрылыс материалдарының сыртқы рыногына шығуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндіктер туады.
|
Жүзеге асыру мерзімі
|
2005 – 2014 жылдар
|
2. Кіріспе
Елбасының 2004 жылғы 18 сәуірдегі Қазақстан халқына Жолдауында республика экономикасы дамуының басымдылығының бірі жаңа тұрғын үй құрылысы саясатын жүзеге асыру болып белгіленген. Аймақ экономикасы дамуының маңызды факторы және оның перспективасы құрылыс индустриясы саласындағы саясат болып табылмақ.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты тұрғындардың басым көпшілігіне баспананың қол жетерліктей болуын қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысы дамуын кешенді түрде шешу. Сондай-ақ тұрғын үй салуда оған кетер шығынды азайтуға бағытталған шаралар қабылданбақ, тиімді, экологиялық таза құрылыс материалдарын шығару және жаңа технологиялар енгізу, жеке тұрғын үй салуды дамыту және жек инвестициялар есебінен баспана салу көзделуде.
2005-2007 жылдарға арналған Қарағанды облысы бойынша тұрғын үй құрылысын дамытудың аймақтық Бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде тұрғын үйлердің жыл сайын пайдалануға берілу қарқынымен, 3 жыл ішінде пайдалануға жалпы аумағы 464,3 мың шаршы метр баспана беру жоспарланып отыр, оның ішінде 2005 жылы – 112,5 мың шаршы метр, 2006 жылы – 153,9 мың шаршы метр, 2007 жылы – 197,9 мың шаршы метр.
2005-2007 жылдарға арналған Қарағанды облысы бойынша тұрғын үй құрылысын дамытудың аймақтық Бағдарламасын жүзеге асыруға мемлекеттік бюджеттен 4,2 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 2005 жылы – 1,7 млрд. теңге, 2006 жылы – 1,6 млрд. теңге, 2007 жылы – 0,9 млрд. теңге. Бұдан өзге жеке инвесторлар есебінен тұрғын үй құрлысы 2005-2007 жылдары жалпы сомасы 7,6 млрд. теңгеге, яғни 2005 жылы – 1,9 млрд. теңге, 2006 жылы – 2,2 млрд. теңге, 2007 жылы – 3,5 млрд. теңге. Қазіргі күнгі өнеркәсіп пен азаматтық ғимараттар және құрылымдар құрылысына қойылар талап әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жаңа да тиімді құрылыс материалдарын қолданумен анықталуда.
Алайда отандық өнеркәсіп құрылыс материалдары өнеркәсібі бұл материалдарға деген сұранысты толық қанағаттандырмай отыр.
Құрлыстың материалдық-техникалық базасының деңгейі қазіргі күнгі талапқа сәйкес болмай отыр. Көптеген кәсіпорындардың негізгі қорларының тозуы 50-60 % құрап отыр. Өндіріс ескірген технологиямен жүргізіліп, жоғары энергия шығынымен, экологиялық талаптарды сақтамаумен іске асуда. Өнімнің бірқатар түрлері бәсекеге бейім емес.
Аталған Бағдарламаны жасауға Қазақстанның стратегиялық дамуының негізгі бағыттарының бірі республиканың ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді пайдалану негізінде экономикалық өсуі және жалпы ұлттық өнімді шикізаттан экспортқа бағытталған жоғары технологиялық өнімдер шығаруға біртіндеп ауыстыру болып табылады.
Бұл факторлардың барлығы аталған Бағдарламаны жасап, отандық құрылыс материалдар өндірісінің дамуына жағдай жасауға бағытталған, олардың ішкі ғана емес сыртқы рынокте бәсекеге бейімдігін арттыруға әкеледі.
-
Құрылыс материалдары, бұйымдар және
құрастырмалар өнеркәсібінің жай-күйін талдау
Құрылыс материалдары, бұйымдар және құрастырмалар өнеркәсібі жалпы құрылыс саласының әлеуетін анықтайтын өндіріс.
Өткен жылдардағы Қарағанды облысының құрылыс материалдары, бұйымдар және құрастырмалар өнеркәсібі жай-күйін талдау көрсеткендей, өндірістік-экономикалық байланыстардың үзілуі, ішкі рыноктың жылдам қысылуы және тұтыну сұранысының азаюы, күрделі құрылысқа инвестициялардың көп мәрте азаюы, энерго ресурстарға және қызметтерге бағаның өсуі саланың көптеген кәсіпорындарының экономикалық құлдырауына, бонкрот болуына және таратылуына әкелді.
Алайда инвестициялық қызметтің белсенуі, экономиканың жекелеген салаларын бюджеттің қаржыландыруының өсуі, төлем-есеп айырысу тәртібінің жақсаруы, Қазақстанның жаңа астанасын салуқұрылыс материалдары өндірісінің өсуіне ықпал етіп, көптеген сала кәсіпорындары нарық жағдайына бейімделе бастады.
2000-2003 жылдарда металл емес минералды өнімдер өндірісі 1,6 есеге өсіп, 2000 жылы барлық түр бойынша деңгей меңгерілді.Тауарлы бетон өндірісі 30 есеге, жиналмалы бетоннан құрылыс құрастырмалары 1,7 есеге, құрылыс мақсатындағы бетон бұйымдар 2,8 есеге, 1,7 есеге цемент артты. Құрылыс кірпіштері 49 %, әк 11% өсті. 2000 жылдан бастап шифер өндірісі жанданып 2003 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 16,3 есеге артты.
Құрылыс саласының барлық өнімдері ішкі рынокқа жұмсалады және оның 36 % Қарағанды облысында сатылады. Әктас пен гипс, ірі құм мен қиыршық тас өндіру едәуір өсті. Бор мен доломитке сұраныс өсті, олардың өндірілуі 15,7 есеге өсті.
Құрылыс индустриясын маңызды деңгейде дамыту кәсіпорынның инвестициялық қызметінің жағдайына байланысты. Қаржы қаражатының жетіспеушілігі жалпы өндіріс пен оның жабдықтарын дамытуда инвестицияларды шектеулердің негізгі себебі болып табылады.
1999 - 2004 жылдар аралығында «Караганданеруд» АҚ мен «Щубарколь комир» АҚ қиыршық тас өндірісі бойынша уатқыш-сорттау құрылғысын іске қосылды. Цехтар қатарына «Антал-клуб» ЖШС металлжабынқыш өндірісі бойынша, «Стройкомплект-А» ЖШС су негізіндегі бояуларды шығару бойынша, «Уралдомнаремонт» АҚ қожблогтарын даярлау бойынша және Жезқазған қаласында төсемтас өндірісі бойынша іске қосылды.
2004 жылда облыстың құрылыс өнеркәсіп кәсіпорындарында 2132 адам жұмыс істеді, 2003 жыл деңгейіне қарағанда 11,3% -ға артық. 1999-2004 жылдар аралығында орташа айлық еңбекақы 2,8 есеге ұлғайды немесе 21506 теңгені құрды.
Алайда, өтпелі кезеңнің қиындығын шет елдік фирмалар мен компаниялар пайдаланып, Қарағанды облысының құрылыс рыногында бос орынды жаулап алды.
1998 жылдан басталған отандық өндірістің жандануына қарамастан құрлыс материалдарының импортының өсіп отырғанын, оларға сұраныстың өсіп отырғанына рас (1 кестені қараңыз).
Негізгі құрылыс материалдарының
өндірісі мен импортының көлемі
1 кесте
Атауы
|
2000 ж.
|
2001 ж
|
2002 ж.
|
2003 ж.
|
Негізгі құрылыс материалдары, бұйымдар мен құрастырмалардың шығарылуы, млн.теңге
|
1440,8
|
2431,3
|
3476,9
|
4091,4
|
Негізгі құрылыс материалдарының импорты
|
3558,7
|
3557,8
|
3271,1
|
4190,2
|
Облыста тұрғын үй және өнеркәсіп құрлысының дамуы негізгі құрылыс материалдары, бұйымдар мен құрастырмалардың өндіріс көлемінің ұлғаюына ықпал етіп, руда емес материалдар, есік, терезе, цемент, металл құрастырмалар, шифер мен асбоцементтен жасалған құбырлар, қара металлдан раковина, мойка, ванна жасау т.б. ұлғайды (2 кестені қараңыз)
2004 жылы негізгі құрылыс материалдары,
бұйымдар мен құрастырмалардың шығарылуы
2 кесте
Өнім атауы
|
Есептеу бірлігі
|
2004 жылға
өндіріс
|
2004 жыл
2003 жылға салыстыру %
|
Мәрмәр мен әк тас
|
мың шаршы м.
|
0,7
|
87,3
|
Гранит, құмшық және өзге тастар
|
мың өн бойы м.
|
1400,0
|
101,4
|
Руда емес материалдар
|
мың.куб.м.
|
1118,0
|
116,4
|
Ағаш материалдары
|
мың.куб.м.
|
2,02
|
100,0
|
Терезе, есік және өзге ағаштар
|
мың шаршы м.
|
27,7
|
109,1
|
Полимер негізіндегі бояулар мен лактар
|
мың тонна
|
1,0
|
52,6
|
Пластмасс есіктер, терезелер
|
Тонна
|
9,7
|
137,9
|
Құрылыс, қыш кірпіштер
|
мың.куб.м.
|
41,5
|
58,6
|
Цемент
|
мың тонна
|
671,1
|
103,1
|
Қож кірпіш
|
млн.дана
|
1,45
|
230,2
|
Жиналмалы темір бетон құрастырмалар
|
мың тонна
|
94,7
|
117,8
|
Тауарлық бетон
|
мың куб.м.
|
26,6
|
107,9
|
Асбоцементтен шифер
|
мың куб.м.
|
2,46
|
123,0
|
Асбоцементтен құбыр
|
мың тонна
|
6,3
|
220,4
|
Минерал мақта панелдер
|
мың м.2
|
33,1
|
177,9
|
Қара металлдан раковиналар мен мойкалар
|
мың дана
|
22,2
|
3,4 есе
|
Қара металлдан ванналар
|
мың дана
|
50,5
|
2 есе
|
Жиналмалы құрастырмалар
|
мың тонна
|
199,8
|
123,7
|
Пластмасса бұйымдары
|
мың өн бойы м.
|
96,2
|
107,7
|
Су құбырлары
|
т.
|
49,5
|
101,2
|
Профлист
|
мың т.
|
4,6
|
135,3
|
КПУ панелдері
|
мың м.2
|
14,9
|
120,8
|
Құрылыс көлемі өсуімен құрылыс материалдарының ұлғайған импорты кәсіпорындардың 30 – 35 % жұмыс істеуіне әкеліп, өндірістік қуатын пайдалануын тежеп отыр. Бүгінгі күні құрылыс материалы өнеркәсібінің өнімдері құрылыс саласының сұраныстарын, номенклатура мен сапасы бойынша, жекелеген құрылыс материалдары, бұйымдар мен құрастырмалардың, цемент, тауарлық бетон, металл құрастырмалардан басқасы жалпы алғанда қанағаттандырмайды. Бұдан өзге дәстүрлі материалдарды шығарушы кәсіпорындардың өндірістік-технологиялық желілері көбіне ескірген.
Жалпы алғанда құрылыс кешендері мүмкіндіктерін толық пайдаланбайды және мүмкіндіктерін толық қоспайды, себебі кәсіпорынның өндірісті жаңғыртуға келгенде айналым қаражаты шектеулі және құрылыс материалдары, бұйымдар мен құрастырмалардың өндірісіне жоғары технологияны игеруге ұзақ мерзімді жеңілдікті несиелердің жоқтығы қол байлау. № 3 кестеден көріп отырғанымыздай негізгі құрылыс материалдарының импорты 2003 жылы жалпы сомасы 28,0 млн АҚШ долларын құрады, мұның ішінде облыстың металлургиялық кәсіпорындары үшін алынған импорттық кірпіш жалпы импорттың 46 % құрады.
2003 жылғы құрылыс материалдарының импорты
Р.с. №
|
Атауы
|
Импорт,
Тонна
|
Импорттың
жалпы сомасы мың АҚШ доллары
|
1
|
Жайма, құйма, профилденіп тартылған және көп қабатты әйнек, тонна
|
2964,7
|
771,5
|
2
|
Жабын, қаптама плитка, тонна
|
4790,1
|
1,2
|
3
|
Жабын, плиткалар, қыш дефлектрлар
|
47,5
|
3,8
|
4
|
Құрлыс кірпіші, тонна
|
2706,3
|
132,1
|
5
|
Отқа төзімді өзге де қыш бұйымдар (риторттар, тиглилар, муфелдер, қондырғылар т.б.) тонна
|
775,0
|
202,8
|
6
|
Отқа төзімді кірпіштер, блоктар мен плиткалар, тонна
|
50883,9
|
13174,9
|
7
|
Отқа төзімді цемент
|
118,2
|
217,9
|
8
|
Гипс, ангидрит, тонна
|
443,2
|
59,8
|
9
|
Тоқыма материалдардан түс қағаз, шаршы м.
|
208,8
|
108,3
|
10
|
Кірпіштер, блоктар, плиткалар және өзге қыш бұйымдар, тонна
|
95,3
|
41,2
|
11
|
Бояулар, лактар, сырлар, бояу пигменттері және ангорлар (шликерлер), тонна
|
2390,8
|
2391,5
|
12
|
Полиматериалдар (паркет үшін фриздер), тонна
|
159,1
|
44,3
|
|
Линолеум, тонна
|
852,9
|
1069,7
|
|
Плиталар, жаймалар, үлдір, фольга, лента, өздігінен желімделетін полимерматериалдардан жолақтар, тонна
|
231,3
|
1328,8
|
13
|
Еденге арналған полимер материалдардан жабулықтар
|
979,6
|
1286,3
|
14
|
Раковиналар, қол жуғыштар, ванналар, унитаздар, биде, төгу бачоктары, писуарлар, қыштан консолдар, тонна
|
1020,5
|
832,7
|
15
|
Раковиналар, қол жуғыштар, ванналар, унитаздар, биде, төгу бачоктары және оларға арналған пластмасса бұйымдар, тонна
|
102,3
|
172,5
|
16
|
Желімделген фанералар, фанерленген ағаш панелдер
|
590,4
|
221,8
|
17
|
Бір қатпарлы фанерлер, тонна
|
101,2
|
37,3
|
18
|
АТП плиталар, тонна
|
8898,2
|
2692,8
|
19
|
Пластмассадан жасалған құрылыс детальдар, тонна
|
130,9
|
187,4
|
20
|
Кесілген және өңделмеген ағаш материалдар, тонна
|
43696,8
|
2775,3
|
21
|
Асбоцементтен жасалған бұйымдар, тонна
|
576,0
|
67,3
|
22
|
Цементтен, бетоннан жасалған бұйымдар, тонна
|
527,0
|
14,3
|
23
|
Жинақталған паркет шиті, гонт пен дранка, тонна
|
135,3
|
187,4
|
24
|
Барлығы
|
|
28013,9
|
Цемент, жылу оқшауландыру, қабырға, жабын жасақтау материалдары мен өзге бұйымдар жөніндегі кәсіпорындардың жарақтануы аз қарқынды деңгейде жүруде. Нормалық-техникалық, стандарттар мен қағидалар құжаттары жүйесін жасау мен қалыптастыру кешігіп жасалуда.
Қарағанды облысында құрылыс үшін қажетті бірқатар өндірістер жоқ, мысалы: шыны, шыны талшығын шығару кәсіпорны, ҚІҚ (ПГС) қоры жеткілікті мөлшерде болса да өндіріс жоқ. Өз машина жасауымыз нашар дамыған, жүк көтеру машиналары, көтеру-транспорттық механизмдер, құрылыс машиналары мен технологиялық жабдықтар жөніндегі зауыттар жоқ деп айтуға болады. Тиімді жылу оқшаулау материалдар мен олардан жасалатын бұйымдар полимерлерді тереңдетіп өңдеу жаңадан қаз тұрып келеді.
Н
10
егізгі құрылыс материалдарының өндірістік қуаттары Қарағанды, Теміртау және Сарань қалаларында орналасқан. Алшақ аумақта орналасу жоғары тариф кезінде өнім мен шикізатты жеткізуде үлкен қаржы шығындарына әкеліп отыр. Көлік шығындарының үлкен үлесі алыс жолға 55-65 % құрап, облыс қалалары мен аудандарында бағаның әртүрлілігіне әкеліп отыр (4 кестені қараңыз).
2004 жылы құрылыс материалдарының
жекелеген түрлеріне орташа бағалар
4 кесте
Атауы
|
Қара ғанды
|
Темір
тау
|
Шахт
инск
|
Жезқаз
Ған
|
Сәтбаев
|
Балқаш
|
Осакаров
ауданы
|
Абай
Ауданы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
Цемент, тг/тонна
|
|
9000
|
14000
|
15000
|
13910
|
12000
|
13500
|
10000
|
Қыш кірпіш тг/дана
|
17
|
16
|
8
|
10
|
22
|
8
|
17
|
18
|
Селикат және қож кірпіш, тг/дана
|
|
|
|
65
|
60
|
12
|
58
|
25
|
Тауарлық бетон, тг/куб.м.
|
5800
|
5500,0
|
|
|
3890
|
5500
|
5800
|
|
Қиыршық тас, тг/куб.м.
|
680
|
680
|
|
1200
|
2360
|
740
|
1000
|
950
|
Құрылыс құмы тг/куб.м.
|
450
|
350
|
1000
|
600
|
815
|
600
|
1000
|
800
|
Қыш плита (қаптама) тг/шар.м.
|
6290
|
|
1000
|
1700
|
780
|
780
|
500
|
800
|
Жертөле қабырғасының блоктары тг/куб.м.
|
|
|
|
|
6710
|
7024
|
|
6000
|
Терезе шынысы тг/шар.м.
|
|
|
850
|
850
|
710
|
900
|
900
|
700
|
Мәрмәр мен әк тасы тг/шар.м.
|
|
|
|
|
9880
|
15900
|
|
|
Жиналмалы тем.бетон құрастырмалар тг/куб.м.
|
|
|
|
|
|
16693
|
12626
|
15000
|
Шифер, тг/шар.м.
|
|
|
460
|
450
|
460
|
650
|
|
|
Жиналмалы металл құрастырмалар тг. т.
|
125000
|
123800
|
|
|
194000
|
176900
|
|
120000
|
Ағаш материалдар тг/куб.м.
|
10000
|
|
|
15000
|
17600
|
19000
|
20000
|
10000
|
Руда емес материалдар тг. т.
|
3800
|
|
|
7000
|
4430
|
8200
|
3000
|
4500
|
Гранит және өзге тастар (борттық) тг./өн бойы м.
|
4400
|
|
|
|
14030
|
9000
|
|
|
Бояулар, лактар, тг./кг.
|
650
|
200
|
275
|
300
|
230
|
230
|
250
|
250
|
Қара металлдан раковина, мойка мен ванна тг. дана
|
7500
|
|
2400
|
2500
|
2600
|
4500
|
|
2000
|
Достарыңызбен бөлісу: |