ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМК құжаты
|
ОӘК
|
ОӘК 042-18-12.1.59/03-2013
|
«Техникалық құрылғылар мен құрылымдарды жобалау негіздері»
пәнінен студенттерге
арналған жұмыс
бағдарламасы
|
Баспа №1
|
«Техникалық құрылғылар мен құрылымдарды жобалау негіздері»
ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану»
мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2013
Алғы сөз
1. Құрастырған
Құрастырған: ____________________ «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы Сарсембеков Е.А., Бакиева А.Б., оқытушы Сагатбекова А.Б.
2. Талқыланды
2.1. «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы отырысында қарастырылды.
Хаттама № 1 « 09 » 09 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі __________ С.Смағұлов
2.2. Факультеттің оқу-әдістемелік бюросы отырысында қарастырылды.
Хаттама № 1 « 11 » 09 2013 ж.
Төрағасы __________ Бекбаева .С.
3. бекітілді
Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі отырысында баспаға жіберуге ұсынылды және мақұлданды.
Хаттама № 1 « 18 » 09 2013 ж.
ОӘК төрағасы, бірінші проректор _______________ Искакова Г.К.
4. ЕКІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛІП ОТЫР
мазмұны
Глоссарий -
Дәрістер
-
Практикалық сабақтар
-
Студенттің өздік жұмысы
1.глоссарий
Есептеу жылдамдығы- бұл автомобиль жолда жол апатынсыз жүре алатын ең үлкен жылдамдық. Сондықтан, есептеу көрсеткіші проектілеудің барлық қалған техникалық нормаларын орнатады.
Есептеу жүктемесі- жол киімінің және инженерлік қажеттіліктің мықтылығын есептеу үшін, сонымен қатар жер бетінің тұрақтылығын тексеру үшін қолданылады. Есептеу жүктемесі колоннада орналасқан есептеу автомобильінің осі және салмағының жүктемесімен сипатталады, салмақты тоннамен белгілейтін (Н10, Н13, Н30) сандарымен анықталған НР немесе Н әріптерімен белгілінеді.
Мост габариті (конструкцияға жақындау габариті) дегеніміз конструкцияның ешбір элементіне берілмейтін кескіннің ішкі мостының габариті Г әрпімен белгіленеді және метрмен өлшенетін мост бөлігіне сәйкес санмен белгіленеді.
Жолдың өткізу мүмкіндігі- жолдан белгілі бір жылдамдықпен неғұрлым көп автомобильдің өтуі болып табылады.
Орталық жүргіншінің жолы( немесе бір жүргіншінің бөлігі) негізгі көлік легін өткізуге арналған. Бір жақ шетке жүру жолындағы жергілікті және қоғмдық көліктерге арналған.
Орталық бөлу жолағы қарсы қозғалыс көлік легін бөледі, ал қалған бөлу жолақтары бір бағыттыларды бағытына қарай бөледі.
Техникалық жолақтарды мынандай кездерде жобалайды, жер асты инженерлік желілерді көгалдандыру мен бөлу жолақтарының астарына кіргізе алмағанда қолданады.
Резервті жолақ керекті төсеніштер жер асты инженерлік желілер үшін арналған және де қосымша жүру жолдарымен трамвай жолдарын кеңейту үшін қолданылады.
2. Дәрістер
Дәріс сабағының құрылымы:
Дәріс 1
Автомобилдендіру процесіндегі автомобиль жолдарының ролі
Дәріс жоспары:
-
Кіріспе
-
Автомобилдендіру процесіндегі автомобиль жолдарының ролі
-
Кіріспе
Автомобиль транспортының өндірістік жұмысы, жеке автомобильді тиімді қолдану жақсы жөнделген автомобиль торабынын дамыған болуын қажет етеді.
Автомобиль транспортының дамуы экономикалық жағынан да, әлеуметтік жағынан да жағымды құбылыс болып табылады. Автомобильдендіру деңгейі келешекте өте үлкен қарқынмен өседі деп айтуымызға негіз бар. Бірақта автомобильдендірудің салдарынан қазіргі заманғы қоғам оның жағымды емес тұстарымен де кездесуде. Осының салдарынан шыққан күрделі мәселелер келесілер болып табылады:
-
апаттың көбеюі (жол конгресінің бүкіләлемдік ассоцасиясының және халықаралық жол федерациясының мәліметтеріне сәйкес барлық континенттердің автомобиль жолдарында жыл сайын 200 мыңдай адам қаза табады, ал апаттың салдарынан шығатын шығын көптеген елдерде ұлттық кірістің бір пайызын құрайды);
-
автомобиль қоршаған ортаны ластаудың және транспорт шуының негізгі көзі болып табылады.
Қоршаған ортаға теріс әсерін азайтатын жол қозғалысының қауіпсіздігін жоғарылату үшін тиімді іс-шарамен қамтамасыз ету – мұның бәрі күрделі әлеуметтік-экономикалық және техникалық мәселе болып табылады. Бұл мәселелер жаңа жол салумен, бар жолдарды жөндеумен және бұрын қалыптасқан жол тораптарының транспорттық-экспулатациялық деңгейін өсіру жолымен шешіледі.
Автомобиль жолдарының транспорттық-экспулатациялық деңгейі жоғары болған сайын автомобильдендірудің теріс жақтары азайады.
Кейінгі онжылдықта жол қозғалысының дамуының зерттелуі ретінде жол инфрақұрылымының мәнді модификациясы байқалады. Автомобиль магистральдарының тораптары және жылдам жолдар салынуда; дублер – жолдар салынуда; елді мекенді айналып өтетін дөңгелек жолдар салынуда; трасс жолдар тегістелуде; өткел жолдар кеңейтілуде. Мұндай жол тораптарының қарыштап дамуы жол қозғалысының талаптарына жауап береді, қауіпсіздік деңгейін көтереді және қозғалыстың жайлылығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар қазіргі заманға сай автомобил жолдарының транспорттық-экспулатациялық дәрежесі тек трассаның геометриялық элементтерінің сәйкестенуімен, қозғалыс жолағы санымен, өткел жолдың және жол шетінің жағдайымен ғана анықталмайды, жол қозғалысының қауіпсіздік талаптарына сәйкес және қоршаған ортаны қорғау инженерлік құрылғыларды кеңінен және тиімді қолданылуымен қамтамасыз етеді сондықтан ол жолдың инженерлік құрылғыларымен анықталады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
-
Қазіргі заманғы әлемде магистральдарды салудың жағымды жақтары.
-
Қазіргі заманғы әлемде магистральдарды салудың жағымсыз жақтары.
Дәріс 2
Жолдардың транспорттық-экспулатациялық көрсеткіштері
Дәріс жоспары:
-
Автомобиль жолдарының транспорттық-экспулатациялық көрсеткіштерінің негізі.
-
Негізгі түсініктер мен анықтамалар
-
Автомобиль жолдарының транспорттық-экспулатациялық көрсеткіштерінің негізі
Автомобиль жолдарының негізі транспорттық-экспулатациялық көрсеткіштері: автомобил қозғалысының есептеу жылдамдығы, есептеу жүктемесі, мост және тоннелдер габариті, өткізу және провозная мүмкіндіктері, жолдан өту мүмкіндіктері сонымен қатар жол қауіпсіздігі көрсеткіштері.
Есептеу жылдамдығы- бұл автомобиль жолда жол апатынсыз жүре алатын ең үлкен жылдамдық. Сондықтан, есептеу көрсеткіші проектілеудің барлық қалған техникалық нормаларын орнатады. Есептеу жылдамдығы жол категориясынан және жергілікті жердің релефінен тәуелді орнатылады. Жергілікті жерді кесіп өтетін қиын аймақтарға релеф, жиі кездесетін ойық ойпаттары бар жол бөлігі және 50 метрден жоғары 0,5 км-ден артық емес аралықтағы су бөліктері жатады. Таулы жердің күрделі аумақтарына тау қатпарлары арқылы өтетін өткел және күшті кесілген баурайлармен таулы шатқалдың учаскелері жатады.Қиын аймақтарға жол элементтерінің тағайындалуының есептеу қозғалысын төмендету шартымен талапты жұмсарту қарастырылған.
Есептеу жүктемесі- жол киімінің және инженерлік қажеттіліктің мықтылығын есептеу үшін, сонымен қатар жер бетінің тұрақтылығын тексеру үшін қолданылады. Есептеу жүктемесі колоннада орналасқан есептеу автомобильінің осі және салмағының жүктемесімен сипатталады, салмақты тоннамен белгілейтін (Н10, Н13, Н30) сандарымен анықталған НР немесе Н әріптерімен белгілінеді.
Мост габариті (конструкцияға жақындау габариті) дегеніміз конструкцияның ешбір элементіне берілмейтін кескіннің ішкі мостының габариті Г әрпімен белгіленеді және метрмен өлшенетін мост бөлігіне сәйкес санмен белгіленеді. Габарит жолдың категориясымен құрылғандардың толықтығына сәйкес белгіленеді.
Жолдың өткізу мүмкіндігі- жолдан белгілі бір жылдамдықпен неғұрлым көп автомобильдің өтуі болып табылады. Қозғалыстың қауіпсіздігі үшін бірінің артынан бірі қозғалып келе жатқан автомобильдердің арасында белгілі бір арақашықтық сақталуы керек, яғни алдында келе жатқан автомобиль кенеттен тоқтап қалса артындағы автомобиль тоқтайтындай арақашықтық болуы керек.
Жолдың өткізу мүмкіндігінің өлшемі қозғалыс жолағы санынан, транспорт құралдары қозғалысының жылдамдығынан және өту бөлігі бетінің жағдайынан тәуелді.
Жол бойында автомобильдің V(км/сағ) есептеу жылдамдығымен 1 сағат ішінде автомобильдің келесі саны орналасуы мүмкін:
N=1000V/la+St
Мұндағы, (la+St)-динамикалық габарит;
La - автомобиль ұзындығы;
St – қозғалыстың бір жолағы үшін автомобильдер арасындағы неғұрлым үлкен есептеу уақыты.
Қозғалыстың бірнеше жолағы үшін жолдың өткізу мүмкіндігін келесі формуламен есептейміз:
Nдор=N n Kn
Мұндағы,
N-бір жолақтың өткізу мүмкіндігі (авт/сағ);
n- жолдағы қозғалыс саны;
Kn- жолақ санынан тәуелді жолақ коэффициенті.
Жолдың провозная мүмкіндігі-бірлік уақытында (сағат, тәулік, жыл) жолдан өту мүмкіндігі бар неғұрлым көп жүк тоннасының саны. Жолдың провозная мүмкіндігі өткізу мүмкіндігінен және қолданылып отырған транспорт құралының жүккөтерілімдігінен тәуелді.
Автомобиль жолдарын проектілеу кезінде алдын-ала экономикалық зерттеулерден болашақтағы жүктің түсірілетін мүмкін салмағы жылдамдығына мың тоннамен анықталады. Бұл қозғалыстың интенсивтілігін анықтайды және жолдың категориясын анықтауға мүмкіндік береді.
Жүктің өткізушілігі жыл көлемінде жолдың өткізу қабілетін күндердің санымен анықтайды. Жол конструкциясының жетілмегені әсіресе төменгі категориясы жылдың жеке аралығында мысалы қар басып қалғанда транспорттық құрылғылардың қозғалысын шектеуге немесе толығымен тоқтатуға әкеп соғады.
Автомобиль жолдарын дұрыс проектілеу ең бірінші қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Өз элементтерінің барлық сәйкестіктерімен және олардың жергілікті ландышафттарымен байланысуы арқылы жүргізушіге бағыт пен қозғалыстың қажетті режимін көрсететін жолды ғана қозғалыс үшін қауіпсіз, ыңғайлы және тиімді деп есептеуге болады.
Дәріс 3
Қала көшелері мен автокөлік жолдарының классификациясы .Ортақ желі жолдарының классификациясы
Дәріс жоспары:
-
Қала көшелері мен автокөлік жолдарының классификациясы.
-
Ортақ желі жолдарының классификациясы.
-
Қала көшелері мен автокөлік жолдарының классификациясы.
Жолдардың бес негізгі категориясын атап көрсетуге болады.
Бірінші категорияға ортақ мемлекеттік белгідегі автокөлік жолдары , Республикалық белгідегі негізгі могистральдық жолдар , ірі қалалардан аэрапорттарға , өзіндік және теңіздік порттарға (интенсивтілігі 7000 авт.сут. жоғары) арналған кіріс жодықтар жатады.
Екінші категорияға дәл осы сияқты жолдар жатады , бірақ интенсивтілігі 3000- нан 7000 авт\сут дейін болады.
Үшінші категорияға ортақ мемлекеттік және Республикалық белгідегі интенсивтілігі 1000- нан 3000 авт.\сут. дейінгі жолдар , облыстық , белгідегі негізгі жолдар , жергілікті пункттерге , теміржол тораптарына , өзендік және теңіздік порттарға арналған кіріс жолдықтар , кәсіпорындардың кіріс жолдықтар жолдары , сондай ақ жеке кәсіпорындарды немесе кәсіпорындар арасындағы топтарды шикізат өнімдерімен , теміржол станцияларымен , өзендік және теңіздік порттармен , негізгі кәсіпшіліктер арасындағы жолдармен біріктіретін жолдар жатады.
Төртінші категорияға облыстық және аудандық белгідегі автокөлік жолдары жергілікті белгідегі жолдар , ортақ желідегі кіріс жолдықтар жолдары , өндірістік кәсіпорындар ірі құрлыс объектілері , совхоздар және колхоздар кіреді . олардың интенсивтілігі 2000 -нан 1000 авт\сут дейін болады.
Бесінші категорияға жергілікті белгідегі автокөлік жолдары , ішкі кәсіпшілікті жолдар және кіріс жолдар , совхоз және колхоздардың күнделікті ішкі жолдары , интенсивтілігі 200 авт\сут болатын қызметтік және потрульдік жолдар кіреді . Бұлардан басқа техникалық тасымалдарға қызмет көрсететін өндірістік кіріс жолдық жолдар болады. Оларды (нетто – млн. т\год) 1.0 және млн- т \ год жоғары және 1.0. млн.т\год. аз болатын жүк кернеулігі арқылы ажыратуға болады.
Қала көшелері мен жолдарының классификациясы
Қайта құрылған аймақтарда немесе қайта құруға жататын аймақтарда орналасқан , бірінші типтегі жылдамдық жолдары , сондай ақ осындай қиылысқан аймақтарда әр түрлі деңгейдегі жасанды жарақты тонельде , эстокадада салынатын жоғарғы техникалық категория жолдарын көрсетеді . Бұл жолдарда қаланың ірірек және ірі аудандары арасында және қала арасында және басқа да топтық таратып қоныстандыру жүйесінің жергілікті пункттері арасындағы транспорттық жылдамдықты байланыстар бар.Қозғалыстың мінездемесі : үзіліссіздік қозғалыс , әр түрлі деңгейдегі транспорттық шешімдер. Жергілікті және жанама (боковой) кіріс жолдарының құрылғылары. Транспорттық тролебустан , мопед және велосипедтен басқа барлық түрлері. Жылдамдық жолдарындағыдай автобустардың қозғалысы аялдамасыз болады . Жаяу жургіншілер жолының қозғалысына тыйым салынады.
Екінші типтегі жылдамдық жолдары жоғарғы категорияның бірі болып табылады , бірақ олар қайта құрылмаған аймақтардан өтетін болғандықтан , жасанды жарақ трассасында олардың салыстырмалы салмағы аз болады. Жылдамдық жолдарының бірінші типке қарағанда қозғалыс мінездемесі аналогты : бірақ бұл жерде жергілікті және жанама ( боковой) кіріс жолдар орнатылмайды.
Транспорт қозғалысының үзілісіз режимінің ортақ қалалық белгідегі магистральды көшелері ірі және өте ірі қалаларда да құрылған . Қаланың орталық бөлігі арқылы қозғалыстың транзиттік бөлігін алуға болады.Транспорттың үзіліссіз қозғалысының ортақ қалалық белгісіндегі магистральды көшелерді жобалау қажет. Бірінші типтегі үзіліссіз қозғалық магистралінің максималды интенсивтілігінде жанама кіріс жолдар қарастырылады. Олар көпшіліктік , жүктік және жергілікті транспорттардан орталық кіріс жолдар бөлімдерді жүктейді. Екінші типтегі магистральдардың жергілікті және жанама кіріс жолдары транспорттың жүктемесі аз болғандықтан қарастырылмайды.( бірінші типтгі - 500 мың адамнан жоғары қала елді мекендері , екінші типтегі -250-500 мың адам қала елді мекендері).Ортақ қалалық белгідегі реттік қозғалысының магистраль көшелерінде басқа да көшелер мен жолдардың қиылысуы , басқа жолдардың жолдарымен және үзіліссіз қозғалыс магистральдарының қиылысуынан басқа , ережедегідей бір деңгейде т ұрады. Екі ортақ қалалық магистральдардың реттеу қозғалыстағы немесе ортақ қалалық магистральдарының жеке қиылысулары қозғалыстың интенсивтілігі өткізу қабілеттілігі бірінші деңгейдегі светафор қиылысуының реттеуінде асырып , әр түрлі деңгейде жобалайды.(1 типте – 500 мың адам қала елді мекендері , 2 типте - 250 – 500 мың адам қала елді мекендері)
Ортақ қалалық белгідегі магистральды көшелерде жергілікті және жанама кіріс жолдар МИД 1,2 орталық өту бөлімдерінің шектелген өткізу қабілеттілігінде транспорттың реттеліп өткізілуі үшін қолданылады .
Аудандағы белгідегі магистральды көшелер бірінші және екінші типтегі транспорт жүктердің шамасына қарап ажыратады (250 ден жоғары және 250 мың адамнан дейінгі қала елді мекендері ). Бірінші типтегі аудандық белгідегі магистральда жергілікті кіріс жолдар жобалануы мүмкін. Екінші типтегі магистральдарда жергілікті кіріс жолдар жобалары қажет емес. Аудандық магистральдардың қиылысулары өз арасында бір деңгейде қарастырылады.
Бірінші типтегі маагистральды жүк жолдары екінші типтегі МГД – ға қарағанда қайта құрылған және қайта құруға жататын аймақтардан өтеді. Онда өндірістік қаланың өндірістік склады және шекарысында комуналда арасындағы вне жилой достройки . бұл жолдарда жүктік қозғалыс бір деңгейдегі және әр түрлі деңгейдегі қиылысуларда көпшілікті транспорт болмайды. Қажет жағдайда көпшіліктік транспорттардың өтуі аудандық белгідегі магистраль көшелерінің категориясына көшеді.
Тұрғындар көшесінде тұрғындарымен және микро аудандарға транспорттық қызмет көрсету іске асады . көпшіліктік транспорт мұнда жіберілмейді . бір және жиілігі аз көпшіліктік транспорт екінші маршруттың өтілімі ұйымдастыру қозғалысының режимінде қиындықтар түсірмейді және сол уақытта елді мееннің транспорттың қызмет көрсетілім деңгейін көтеру қарастырылады .
Өндірістік және комуналды складты шекаралар жолдары аудан аймағындағы өндірістік және құрлыстық жүктерді тасу үшін қолданылады . Бұнда жүктік транспорт қозғалыста болады .
Жаяау жүргіншілердің жолдары және көшелер автомибилизация өсімінің және транспорт қозғалысының интенсивтілігі өсімінің үзіліссіз үлкеюі қызық тудырады. Жаяу жүргінщілердің көшлері қызметтік және апаттық бағыттырдың бірлік транспорттық құралдардың өтуші қарастырады. Ережедегідей бұл көшелер тұрғындарды кең дамыған желілермен (театр , кино , ресторан) қызмет көрсетуі қажет. Бұл қайта құрудың транспорттық қызмет көрсетілімі тылдық ба ғытпен қамтамасыз етуі қажет.
Паселкалық көшелерді және жолдарда шикі паселкалы транспорттық және жаяу жүргіншілер байланыстары бар болады. Селитебные және өндірістік шекаралар арасындағы өндірістік шекаралардың транспорттық байланысы , сондай ақ ортақ желілердің автокөлік жолдары бар.
Ішкі шекра аудандық кіріс жолдар басты, негізгі және жеке үйлерге арналған кіріс жолдар деп бөлінеді және де жергілікті белгідегі көшелер тұрғын үйлердің бірнеше топтық транспорт байланыстары үшін және жергілікті белгідегі магистраль көпшіліктік тұрғын үйлердің жеке топтарының транспорттық және жаяу жүргіншілер байланыстырады , сондай ақ көпшілік және мәдениет тұрмыстық мекемелері басты кіріс жолдармен өзара аудандық белгідегі тұрғыынды және магистральды көшелер және мекемелердің транспорттық және жаяу жүргіншілік қызмет көрсетулер ; негізгі және бастапқы кіріс жолдардың байланысы үнемі қолданылады.Кіріс жолдар арқылы қызмет көрсетулер жіберіледі.
Велосипед жолдары тек қозғалыстарында ғана қолданылады , ережедегідей , өзіндік трассаларда салынды , аудандық белгідегі магистральды көшелермен ішкі микроаудандық тұрғын көшелерінің байланыстары үшін қызмет етеді .
Бақтық саябақтық жолдар саябақ , бақ және сквер аймақтарында жобаланады.Басты бақтық саябақтық жолдарды жылдың кез келген уақытында қолданылатын кең жаяу жүргіншілер аллеялары бар.Ішкі саябақтың микротранспорт және қызметтік белгідегі бірлік транспорт.
Дәріс 4
Қала шетіндегі автокөлік жолдары мен қала көшелері жолдарының элеметтері.
Дәріс жоспары:
1.Қала жолдарының элементтері
2.Қала шетіндегі автокөлік жолдарының элементтері
1.Қала жолдарының элементтері.
Қалалық жолдар және көшелер өздерінің шекара шегінде «қызыл жолақтар» аралығында, әртүрлі элементтермен ұштасады, оларға: бір немесе бірнеше жүргізу бөліктері, жаяу жүру жолағы, велосипед жолағы, әртүрлі типтегі жасыл көшеттер жолағы (газон, бульвар) орталық бөлу жолағы қарама-қарсы бағытта жүру бөлігінің арасында, арасында бөлу жолақтары орталық өту жолдары мен біршетке жүру бөлігі және жергілікті жүру жолдарының арасында, трамвай жолы мен бөлу жолақтары, тратуар мен жүру жолдарынан бөлінетін, техникалық жолақ, резервті жолақ, тұрақтау және соңғы қоғамдық көлік аты, әртүрлі типтегі қоршау, көліктердің жүруін бағыттау және жөнге салу және көлік тұрағы, үйінділердің құламалары, подпорлық қабырғалар және де сұбырғыштар жүйесінің элементтері, жарықтандыру, су асты инженерлік желі, көше және жол қозғалыстарын жөнге келтіру және ұйымдастыру құралы. Әр түрлі категориялардың үйлесуі және де жергілікті шарттарда әртүрлі болуы.
Сурет 1. Қалалық жол элементтері
1-орталық жүру бөлігі (екі немесе бір); 2-орталық бөлу жолағы; 3-орталық және бір шетке жүру арасындағы бөлу жолағы; 4-бір шетке жүру белгісі; 5-тратуар мен бір шетке жүру жолағының арасын бөлу жолағы; 6-тратуар; 7-«қызыл жолақтағы» көгал жолағы; 8-құрылыс немесе «қызыл жолақ»; 9-трамвай жолы мен орталық жүргіншінің арасын бөлетін жолақ; 10-трамвай жолы; 11-техникалық жолақ;
Орталық жүргіншінің жолы( немесе бір жүргіншінің бөлігі) негізгі көлік легін өткізуге арналған. Бір жақ шетке жүру жолындағы жергілікті және қоғмдық көліктерге арналған. Жергілікті жүргіншілердің жолағына тек құрылысқа қызмет ететін көліктер ғана жіберіледі.
Орталық бөлу жолағы қарсы қозғалыс көлік легін бөледі, ал қалған бөлу жолақтары бір бағыттыларды бағытына қарай бөледі. Әр түрлі бөлінген орынға бағытталған көліктер легін және көліктерден жаяу жүргіншілерді бөлу. Бөлу жолақтары, орталықтан басқа, жер асты инженерлік желілерді бөлу үшінқызмет етеді, көгалдандыру және әртүрлі қала көшелерінің құрылғылары(жарықтандыру құралы және байланыс сымы, бағыттағыш, бағдаршам т.с.сс).
Техникалық жолақтарды мынандай кездерде жобалайды, жер асты инженерлік желілерді көгалдандыру мен бөлу жолақтарының астарына кіргізе алмағанда қолданады.
Резервті жолақ керекті төсеніштер жер асты инженерлік желілер үшін арналған және де қосымша жүру жолдарымен трамвай жолдарын кеңейту үшін қолданылады.
Бөлу және техникалық жолақтар уақытша жапқан қар кезінде қолданылады.
Трамвай жолдарын орналастыратын жолақтар жолдың бір жолында орналасуы мүмкін, 1-суретте көрсетілгендей көше осі бойынша.
Бағыттаушы островки көліктер мен жая жүргіншілердің қозғалысын ұйымдастыру және жөнге келтіру үшін қолданылады.
Көлік тұрағы, «қызыл жола» шекарасында орналасқан алаң нмесе қала көшелері элементіне кіреді. Әрқашанда мұндай көлік тұрақтары шеткі және жергілікті жолға және көгалдар жолағының бойына, «қызыл жолақ» бойына жайғасып жасалған. Әр кезде көлік тұрақтары қалалық алаңдар территориясына кірістіріледі. Қалалық шегінде орналасқан көлік тұрағы, көшеден жүру бөлігін және тртуарларды бөлу жолағымен бөледі, ереже бойынша жүру жолына немесе тратуардан 15-см биік және көгалдандырылған болу керек. Қалалық алаң территориясының шекарасында көлік тұрағы жүру жолының бөлігімен бір деңгейде және де сызық бойымен қысқартылады. «Қызыл жолақ» бойында орналаспаған көлік тұрағы қала көшесінің элементіне кірмейді.
Субұрғыштар жүйесінің элементі, қала көшелері мен жолдарының бетінде орналасқан, жаңбыр суын қабылдайтын құдықтар мен торлар болып келеді, көру құдықтары люктармен және қақпақтарымен ашық және жабық қайықтар. Бұл элементтерге көру құдықтары және әртүрлі нәрсеге бағытталған жерасты инженерлік желілер.
Жарықтандыру элементтері жарықтандыру құрылғыларының тірегі болып, ереже бойынша тралейбус және трамвай сызығы ілінген байланыс сымы тірегімен кірістірген.
Қала шетіндегі автокөлік жолдарының элементі.
Автокөлік жолы элементі көп түрлі және жүру бөлігімен қосылады, жол шеті, құм үйілімі, жол ойпаты (обочина), субұрғыштың ашық жүйесі. Бірінші категориялық автокөліктер үшін элемент сапасы ретінде екінші жүру бөлігі және орталық бөлу жолағы қосылады.
Сурет 2. Ортақ жүйе бойынша автокөлік жол элементтері.
1-өту жол; 2-бөлу жолағы; 3-жол жиегі; 4-жол ойпаты;
Қала жолдары мен көшелері және қала шетіндегі автокөлік жол элементтеріне жасанды құралдарды кірістіруге болады, оларға (әртүрлі деңгейдегі транспорт және жаяу жүргіншілер құралдары, тунельдер, эстакада, бөгет, аздаған жасанды құралдар).
Әртүрлі кәсіпорындарды сумен, электр қуатымен және электр жарығымен, жылумен, көгілдір отынмен, барлық түрдегі байланыспен, әртүрлі материалдармен азық-түлікті транспорттаумен тұрғындарды қамтамасыз ету және де осыған қоса жер бетіндегі фекальдық шаруашылық, тазартылған суды шығару үшін жер асты инженерлік желі қолданылады және де бұл қала жолдары мен көшелерінің элементі болып табылады.
Тексеруге арналған бақылау сұрақтары:
1.Қала жолдарының элементтері.
2.Қала шетіндегі автокөлік жолдарының элементі.
Қолданылған әдебиеттер:
-
Варелопупо Г.А. Қалалық транспортта қозғалысты ұйымдастыру. М.Траспорт, 1981-жыл , 93-бет.
-
Қысқаша автокөлік анықтамасы (НИИАТ)М.Траспорт, 1984-жыл, 318-бет.
-
РСФСР автокөлік транспортының жарлығы. М.Транпорт, 198-жыл, 56-бет.
Достарыңызбен бөлісу: |