Бағдарламасы (дайындық бағыты: ғылыми-педагогикалық және бейіндік)



Дата19.06.2016
өлшемі95.09 Kb.
#147195
6М060700 – «Биология» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге «Биология» пәнінен қабылдау емтиханының бағдарламасы (дайындық бағыты: ғылыми–педагогикалық және бейіндік)

«Организмдер биоалуантүрлілігі» пәні

  1. Биология ғылымының классификациясы. Қазіргі заманғы биологияның негізгі даму бағыттары.

  2. Тірі организмдер классификациясына қазіргі замандағы көзқарастар.

  3. Прокариоттар. Бактериялардың құрылысы мен функциясы, көбеюі. Бактериялардың табиғатта таралуы және алуан түрлілігі.

  4. Вирустардың структуралық құрылымы, химиялық құрамы және көбеюі.

  5. Эукариотты балдырлардың морфологиясы және цитологиясы.

  6. Балдырлардың өмірлік циклындағы ядро фазалары мен ұрпақ алмасуы.

  7. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар, олардың құрылысының ерекшеліктері мен көбеюі.

  8. Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтар, құрылысы, көбеюі, олардың практикалық маңызы.

  9. Саңырауқұлақтардың шығу тегі, әртүрлі класстарының арасындағы байланыстар.

  10. Қыналар, анатомиялық ерекшеліктері мен көбею жолдары.

  11. Тіршілік циклінде гаметофиті басым өсімдіктер.

  12. Папоротниктәрізділердің жалпы морфо-анатомиялық сипаты, олардың пайда болуы, көбеюі, табиғат пен адам шаруашылық әрекетіндегі маңызы.

  13. Ашықтұқымдылардың шығу тегі, классификациясы, филогениясы.

  14. Гүлді өсімдіктердің шығу тегі және морфологиялық эволюциясының негізгі бағыттары.

  15. Жабықтұқымдылардың жалпы морфо-анатомиялық сипаты. Пайда болуы. Олардың морфологиялық эволюциясының негізгі бағыттары. Кластарға бөлінуі.

  16. Қосжарнақты өсімдіктердің филогенетикалық байланыстары.

  17. Даражарнақты өсімдіктер, шығу тегі, негізгі қатарлары.

  18. Паразит тіршілік ететін қарапайымдардың типтері.

  19. Көп клеткалы жануарлардың шығу тегі жөніндегі гипотезалар.

  20. Көп клеткалылардың эмбриональды даму этаптары.

  21. Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы, олардың құрылыс ерекшеліктері, пайда болуы мен систематикасы.

  22. Хордалылар типінің жалпы сипаттамасы және олардың жануарлар әлемінің системасындағы орны.

  23. Хордалылардың шығуы мен систематикасы.

  24. Омыртқалылар тип тармағының морфологиялық және биологиялық жалпы сипаттамасы.

  25. Омыртқалылардың негізгі таксономиялық бөлімдері және олардың генеологиялық байланыстары.

  26. Балықтардың экологиясы және биологиялық топтары.

  27. Бауырымен жорғалаушылардың морфологиялық және биологиялық сипаттамасы мен көбею ерекшеліктері.

  28. Құстардың морфологиялық және биологиялық сипаттамасы және көбеюі мен ұрығының дамуындағы ерекшеліктер.

  29. Қазіргі сүтқоректілердің географиялық таралуы және системасы.

  30. Өсімдік, жануар және микроағзалардың өмірлік цикліндегі гапло және диплофазалардың кезектесуі.


«Өсімдіктер физиологиясы мен биохимиясы»

  1. Биологиялық мембраналардың құрылысы, физико химиялық қасиеттері және қасиеттері.

  2. Клетка ішіне заттың ену жолдары: сыртқы мембрананың өткізгіштігі, фаго- мен пиноцитоздар және олардың биологиялық рөлі.

  3. Өсімдік клеткасына судың ену заңдылықтары.

  4. Фотосинтездің жарық сатысы. Циклді, циклсіз фотофосфорлану.

  5. Фотосинтездің қараңғы сатысы. Кальвин циклінің реакциялары.

  6. Тыныс алудың аэробты кезеңі. Ди– және үш карбон қышқылдарының циклі (Кребс циклы) реакциялары, энергетикалық мағызы.

  7. Өсімдіктердің минеральды қоректенуі. Макро-, микроэлементтер, олардың өсімдік тіршілігіндегі маңызы.

  8. Өсімдіктер өсуінің ерекшеліктері. Өсу, морфогенез және даму процестерінің байланыстылығы.

  9. Ақуыздың құрылымы, қасиеттері. Ақуыз синтезінің кезеңдері.

  10. Ферменттер туралы түсінік. Ферменттердің қасиеттері және әсер ету механизмдері. Ферменттер активтілігіне әсер ететін факторлар.

  11. Өсімдіктердегі алкалоидтар, олардың синтезделу жолдары.

  12. Нуклеин қышқылдары,олардың химиялық құрамы, түрлері, ыдырауы және синтезі.

  13. Витаминдер, олардың жалпы сипаттамасы, классификациясы және биологиялық маңызы.


«Адам және жануарлар физиологиясы»

  1. Жүйке жүйесінің эволюциясының негізгі кезеңдері. Нейрондардың құрылысы.

  2. Рефлекторлық концепция. Әртүрлі рефлекстердің рефлекторлық доғасының құрамы.

  3. Вегетативтік нерв жүйесі. Пре- және постанглийлік нейрондар.

  4. Эндокриндік бездер жүйесіне жалпы сипаттама және оның гуморальды реттеудегі маңызы.

  5. Қанның құрамы, негізгі қызметтері және физико- химиялық қасиеттері.

  6. Қан айналу жүйесі органдарының құрылысы мен қызметі. Қан айналу шеңберлері.

  7. Жүректің эволюциясы жөнінде түсінік, оның омыртқасыз және омыртқалы жануарлардағы структуралары мен қызметтері.

  8. Тыныс органдарының құрылысы мен қызметі. Тыныс алу типтерінің эволюциясы.

  9. Ас қорыту жолы және оның бөлшектерінің ас қорытудағы маңызы. Ас қорыту жолындағы сіңіру процесі.

  10. Бүйрек және басқа да сыртқа шығару мүшелерінің қызметі. Нефрондар - бүйректің құрылымдық функциональдық бірлігі.

  11. Рецепторлар мен талдағыштар жүйесі. Олардың классификациясы және қызметтік механизмі.

  12. Бейімделушіліктің жалпы принциптері мен механизмдері. Адамның бейімделу ерекшеліктері.

  13. Иммунитет туралы түсінік. Организмнің иммунологиялық реактивтілігі және оның физиологиялық механизмдері.

  14. Рефлекторлық теорияның пайда болуындағы И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың енгізген үлестері.


«Генетика және молекулалық биология»

  1. Тұқым қуалаушылықтың цитологиялық негіздері.

  2. Жасуша бөлінуі және өзін өзі өндіруі. Митоз бен мейоздың генетикалық ролі.

  3. Хромосомалар, олардың морфологиясы, структурасы, химиялық құрамы.

  4. Тұқымқуалаушылықтың молекулалық негіздері. ДНҚ – тұқым қуалайтын ақпаратты тасымалдаушы құрылым.

  5. Моногенді тұқым қуалаудың, ди және полигибридті будандастырулардың заңдылықтары. Г.Мендельдің заңдары. Генотиптің оқшаулығы (дискреттілігі) принципінің генетиканың негізгі принципі екендігінің дәлелдемелері.

  6. Гендердің өзара әсерлесуінің типтері.

  7. Ген экспрессиясының реттелуі.

  8. Гендердің тіркесуі кезіндегі тұқым қуалаудың негізгі заңдылықтары. Кроссинговердің генетикалық және цитологиялық дәлелдемелері.

  9. Ген эволюциясы туралы түсінік.

  10. Популяцияның генетикалық құрылымы. Харди – Вайнберг заңы.

  11. Адам генетикасының зерттеудің әдістері және олардың өзіндік ерекшеліктері. Тұқым қуалайтын аурулар және олардың шығу себептері.

  12. Гендік инженерияның қазіргі заманғы жетістіктері. Гендік инженерияның әдістері, оның жетістіктері мен перспективалары.

  13. Мутациялардың жіктелуі. Мутацияларды зерттеудің әдістері.

  14. Ген табиғаты туралы түсінік. Геннің интрон-экзонды құрылымы.

  15. ДНҚ репликациясының типтері.

  16. Кроссинговердің молекулалық механизмдері. Рекомбинация типтері.

  17. Клеткалық гендердің бағдарланған өлімі (апоптоз). Апоптоздың реттелуінің молекулалық механизмі.


«Эволюциялық ілім»

  1. Ж.Б.Ламарктың «түр» туралы концепциясы және эволюциялық ілімінің маңызы.

  2. Ч. Дарвиннің эволюциялық көзқарасының қалыптасуы. Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің маңызы. Ч. Дарвиннің негізгі еңбектері.

  3. Эволюциядағы тұқым қуалайтын өзгергіштіктің ролі. Өзгергіштік типтері және олардың өзара әрекеттесуі.

  4. Эволюцияның элементарлық факторлары (мутациялық үрдіс, популяциялық толқындар, гендер дрейфі, оқшаулану т.б.).

  5. Панмиксия және оқшаулану (изоляция). Оқшаулану, оның түрлері және эволюциялық маңызы.

  6. Тіршілік үшін күрес табиғи сұрыптау негізі. Тіршілік үшін күрес формалары.

  7. Табиғи сұрыптау – эволюцияның негізгі қозғаушы күші. Табиғи сұрыптаудың формалары туралы қазіргі пікірлер.

  8. И.И. Шмальгаузен бойынша табиғи сұрыптау формалары. Табиғи сұрыптау механизмі мен нәтижесі.

  9. Бейімділік (адаптация) - табиғи сұрыптаудың нәтижесі. Адаптация түрлері.

  10. Биологиялық түр тұжырымдамасы. Биологиялық түр туралы түсінік. Түр критерийлері (морфологиялық, генетикалық , экологиялық). Түрдің құрылымы.

  11. Түрдің пайда болуы - микроэволюция нәтижесі. Жаңа түрлердің қалыптасу жолдары. Мысал келтіру.

  12. Онтогенез туралы түсінік. Онтогенез эволюциясы.

  13. Филогенез және онтогенез қатынасы. Геккель-Мюллердің биогенетикалық заңы. А.Н. Северцовтың филэмбриогенез теориясы.

  14. Эволюция процесінің басты бағыттары туралы А.Н. Северцов және И.И. Шмальгаузен көзқарастары.

  15. Эволюция заңдылықтары. Филогенез формалары (филетикалық эволюция, дивергенция, параллелизм, конвергенция). Жоғары таксондардың шығуындағы моно- және полифилия принциптері.

  16. Жерде тіршіліктің пайда болуының негізгі кезеңдері: архей, протерозой, палеозой, мезозой, кайназой.

  17. Адамның пайда болуының негізгі этаптары. Адамның систематикалық орнына көзқарастар. Адам және приматтардың ұқсастығы мен айырмашылығы. Гоминизацияның негізгі ерекшеліктері. Адам эволюциясында сұрыптаудың түрлі формаларының ролі.

  18. Систематиканың дамуы. Д. Рей и К. Линней еңбектерінің маңызы.

  19. Ежелгі антикалық грек және рим философиясындағы эволюциялық түсініктер элементтері.

  20. Ж. Кювье және Ж. Сент-Илердің ғылыми еңбектерінің эволюциялық идеялар қалыптасуындағы маңызы.

  21. Макроэволюция және оның заңдылықтары: бағыттылық, қайтымсыздық, прогрессивті мамандану. Макро- және микроэволюция үрдістерінің үлестік қатынасы.

  22. Мутация - эволюция процесінің элементарлық факторы.

  23. Қолдан сұрыптау және оның формалары. Үй жануарлар тұқымдары мен мәдени өсімдіктердің іріктемелерін шығарудағы маңызы.

  24. Эволюциядағы прогресс және регресс, олардың критерийлері. Биологиялық прогрестің негізгі жолдары (А.Н. Северцов, И.И. Шмальгаузен т.б.).


«Қазақстан биоресурстары»

  1. Қазақстанда таралған дәрілік өсімдіктер, олардың түрлері. Дәрілік өсімдіктердің ағзаға тигізетін әсері бойынша жіктеу қатары.

  2. Қазақстанда кездесетін улы өсімдіктер. Шалғындар мен жайылымдардың улы өсімдіктерінің систематикалық жіктелуі, морфологиялық сипаттамасы, таралу ерекшелігі мен экологиясы.

  3. Қазақстанда кездесетін бал шығаратын өсімдіктердің ерекшеліктері, өнімдері. Бал шығаратын орман, шалғын, батпақтық, әртүрлі шөптесін өсімдіктер.

  4. Сәндік үшін өсетін өсімдіктер, оларды пайдаланудың мүмкіншіліктері. Батыс Қазақстан облысында сәндік үшін өсірілетін ағаштар мен бұталар.

  5. Қазақстанның илік заттары (дубильные вещества) өсімдіктері және оларды тиімді пайдалану.

  6. Қазақстанның хош иісті (ароматты) және татымды (пряные) өсімдіктері және оларды халық шаруашылығында пайдалану мүмкіншіліктері.

  7. Қазақстан флорасындағы жабайы өсетін тағамдық өсімдіктері және оларды шаруашылыққа енгізу. Тағамдық өсімдіктер классификациясы.

  8. Қазақстанның техникалық дақылдары. Биоэкологиялық сипаттамасы, өндірісте пайдалануы.

  9. Малға азық ретінде пайдаланатын өсімдіктер. Қазақстанның табиғат жағдайына байланысты малға жеуге жарамды өсімдіктердің түрлері.

  10. Қазақстанның негізі су биоресурстары. Негізі топтары мен түрлері, таралу аудандары, тиімді пайдалану және қорғау.

  11. Қазақстандағы жер бетіндегі омыртқасыздар ресурстарының негізгі топтары мен түрлері, қоры, тиімді пайдалану және қорғау.

  12. Құстардың аңшылық кәсіптік түрлері. Негізгі түрлерінің қоры, таралу аудандары, оларды тиімді пайдалану және қорғау.

  13. Қазақстанның терісі қымбат және кәсіптік аңшылыққа жарайтын түрлері: ресурстық түрлері, қорлары, тиімді пайдалану және қорғау.

  14. Жерсіндіру (акклиматизация) және қайта жерсіндірудің Қазақстан биоресурстары өнімділігін арттырудағы ролі.

  15. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи территориялары және олардың түрлерді қалпына келтірудегі және сақтаудағы ролі.

  16. БҚО-ның жануарлар және өсімдіктер жүйесінің көптүрлілігі. Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылу қаупі бар түрлері.



Әдебиеттер:

  1. Абдрахманов О. Өсімдіктер систематикасы. Төменгі сатыдағы өсімдіктер. - Алматы: Ғылым, 2003. – 440 б.

  2. Бегімкул Б. Генетика: окулык. - Алматы, 2005. - 387б.

  3. Бей-Биенко Г.Я. Общая энтомология: учебник. - М, 2005. - 460с.

  4. Бурунбетова, Қ. Қ. Генетика негіздері: оқулық. - Алматы: Дәуір, 2013. - 264 б.

  5. Дәуітбаева, К. Ә. Паразитология: оқулық. - Алматы: ҚР ЖОО қауымдастығы, 2011. - 296 б.

  6. Догель В.А. Зоология безпозвоночных. – М.: Высшая школа, 1981. (и предыдущие ихдания).

  7. Еленевский А.Г.Ботаника. Систематика высших, или наземных растений: учеб. - М, 2006, 2008, 2008. - 464 с.

  8. Әметов Ә.Ә. Ботаника: окулық. - Алматы, 2010. - 508 б.

  9. Жатқанбаев Ж. Өсімдік физиологиясы: оку қурал. - Алматы, 2006. -184б.

  10. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика: учеб.пособ. - Новосибирск, 2007, 2003. - 479с.

  11. Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы: оқу құралы / Б. М. Силыбаева [и др.] - Алматы: Print-S, 2012. - 615 б.

  12. Иорданский Н.Н.Эволюция жизни: учеб. пособ. - М, 2001. - 432с.

  13. Комарницский Н.А., Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Систематика растений. - М.: Высш.школа, 1975. - 608 с.

  14. Коничев А.С.Молекулярная биология:Учеб . - М.: Академия,2005. -400с.

  15. Кузнецов В.В. Физиология растений: учебник. - М, 2006 . -742 с.

  16. Қазақстан биоресурстары: жануарлар әлемі: оқулық / О. Б. Беркінбай [и др.]; жалпы ред. басқ. О. Беркінбай. - Алматы: ҚР ЖОО қауымдастығы, 2013. - 564 б.

  17. Қалеқенұлы Ж. Өсімдіктер физиологиясы: оқулық. - Алматы, 2006. -456 б.

  18. Лобашев М.Е. и др. Генетика с основами селекции. – М.: Просвещение, 1970 – 431 с.

  19. Натали В.Ф. Зоология безпозвоночных. – М.: Просвещение, 1975. (и предыдущие ихдания).

  20. Несіпбаев, Т. Адам және үй жануарлары физиологиясы: оқулық. – Алматы: ҚР ЖОО қауымдастығы, 2013. – 436 б.

  21. Несіпбаев, Т. Жануарлар физиологиясы: оқулық / Т. Несіпбаев. – Алматы: Дәуір, 2012. – 720 б.

  22. Нүрышев М. Адам анатомиясы:окулык. -Алматы, 2006. -348б

  23. Олжабекова К.Б. Омырткалылар зоологиясы: оку куралы. - Алматы, 2007. - 2 бөлім. - 368б.

  24. Олжабекова К.Б. Омырткалылар зоологиясы:оку куралы. -Алматы,2007. -1 бөлім. -400б.

  25. Сапин М.Р. Анатомия человека:В 2-х кн.: учеб. пособ. -М,2008. -Кн.1. -304с.

  26. Хасанова Г.Б. Антропология: учеб.пособ. - М, 2004. - 240с.

  27. Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом. – М.: Высшая школа, 1969. – 574 с.

  28. Шевченко В.А. Генетика человека: учебник. - М, 2004. - 240 с.

  29. Яблоков А.В., Юсуфов A.Г. Эволюционное учение: Учеб. для биол. спец, вузов, 6–e изд., испр. – М.: Высш. шк., 2006. – 310 с.


Кафедра меңгерушісі Б.С. Альжанова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет