1 сессия: Қатысушыларға тренингті жобалау және жоспарлау жолдарын үйрету.
Сессия тақырыптары:
Тренингті жобалау және жоспарлау.
- тренингтің мақсаты мен міндеттерін айқындау.
- тренингтің құрылымын түзу.
2 сессия: Қатысушыларға тренингтің кіріспе бөлімін жүргізуді үйрету.
Сессия тақырыптары:
Тренингтің кіріспе бөлімін өткізу.
- қатысушыларды тренинг бағдарламасымен таныстыру.
- қатысушыларды күн тәртібімен және жұмыс регламентімен таныстыру.
- қатысушылармен танысуды жүзеге асыру.
- тренинг ережелерін бекіту.
- қатысушылардың күтетін нәтижелерін айқындау.
3 сессия: Қатысушыларға тренингтің негізгі бөлімін жүргізуді үйрету.
Сессия тақырыптары:
Тренингке қатысушыларға ақпаратты жеткізу жолдары.
- ақпаратты тиімді жеткізудің жолдары.
- вербалды және бейвербалды қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.
- кері байланыс орнату.
- биохронологиялық ырғақты ескеру.
- қиын жағдайларды жеңу, қарсылыққа тойтарыс беру.
|