Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университететі
|
Құжат СМК 4 кезеңдегі
|
ОӘК
|
ОӘК042-16-7-01.01.20._73.
|
пән бойынша оқу-әдістемелік кешен атауы
Менеджменттiң экологиялық құқығы және маркетингтiң негiздерi 050608
|
Баспа №1
|
Оқу-әдістемелік оқу кешені
бағдарламасы
Менеджменттiң экологиялық құқығы және маркетингтiң негiздерi
Экология мамандығына 050608
Семей 2012ж
Мазмұны
1
|
Глоссарий
|
3
|
2
|
Дәріс
|
5
|
3
|
Практикалық сабақ
|
21
|
4
|
Курсовой жұмыстарын тақырыбы
|
23
|
5
|
Студенттін өздік жұмыс
|
24
|
-
Глоссарий
Глосарий
Экология-бірге өмір сүретін өсімдіктер мен жануарлар туралы ғылым ( американ ғалымы Ф. Клементс, 1920 ж.)
Экология (грекше oikos – үй, мекен, logos-ғылым) – жанды организмдердің тіршілік ортасы мен аракатынасын зерттейтін биологиялық гылым.
Қоршаған орта - табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы, атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы;
Қоршаған ортаны қорғау – табиғат пен адамның өзара үйелесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі;
Қоршаған ортаны қорғау объектілері – қоршаған ортаның заңдармен қорғалатын құрамдас бөліктері;
Табиғи ресурстар – қоғамдық материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық, т.б. қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері;
Табиғат пайдалану – адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалану;
Қоршаған ортаның сапасы – қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінің сипаттамасы;
Қоршаған ортаның мониторингі – адамды қоршаған ортаның жай-күйін бақылау және адамдардың денсаулығы мен өзге де тірі организмдерге зиянды немесе қауіп туғызатын қатерлі ахуалдар туралы ескерту;
Қоршаған ортаның сапасын нормалау – адамның өмір сүруі үшін қоршаған ортаның жарамдылығын айқындайтын және биологиялық алуан түрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының қөрсеткіштері;
Қоршаған ортаны ластау – қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, радиактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және де зиянды физикалық ықпалдардың әсері;
Экологиялық талаптар - Қазақстан Республикасының заңдық, өзге де заңға қосымша нормативтік құқықтық және нормативтік - техникалық актілерінде қамтылған қоршаған ортаға теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметте орындауға міндетті шектеулер мен ондай қызметке тыйм салу;
Экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антрпогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі;
экологиялық жүйе - организмдердің және олар мекендейтін жансыз ортаның өзара байланысты біртұтас функционалдық жиынтығы.
Түр ішілік – гомотиптік реакциялар. Гомотиптік реакциялар – бір түрге жататын дара организмдер арасындағы өзара әрекеттер
Бәсекелестік- 2 популяцияның әрқайсысы екеуіне жағымсыз әсер етуі.болса,
Бейтараптылық- 2 популяция өзара әрекеттеспейтін болса және олардың ешқайсысы екіншілеріне ықпал етпесе, онда айтарлықтай экологиялық мәні жоқ жағдай- нейтрализм орын алады. Нағыз нейтрализм табиғатта өте сирек кездеседі, себебі, кез-келген экожүйеде барлық популяциялардың арасында жанама әркеттер болуы мүмкін.
Мутализмге екі жаққа бірдей пайда әкелетін қарым-қатынастар жатады.
Қоршаған орта- табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым- қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай -ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды және жансыз жиынтығы.
Қоршаған ортаны қорғау- табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс- қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі; қоршаған ортаны қорғау объектілері- қоршаған ортаның заңдармен қорғалатын құрамдас бөліктері.
Табиғи ресурстар- қоғғамдық материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық т.б. қызмет процесінде пайдаланатын құрамдас бөліктері.
Табиғатты пайдалану- адамның шаруашылық жіне өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы.
Қоршаған ортаның мониторингі- адамның қоршаған табиғи ортаның жай- күйін бақылаужәне адамдардың денсаулығы мен өзге де тірі организмдерге зиянды немесе қауіп туғызатын қатерлі ахуалдар туралы ескерту.
Қоршаған ортаның сапасын нормалау- адамның өмір сүруі үшін қоршаған ортаның жарамдылығын айқындайтын және биологиялық алуан түрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдалануын қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін белгілеу.
Қоршаған ортаны ластау- қоршаған ортаны ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, радиактивті материалдардың өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай- ақ қоршаған шудың, тербелістің, магниттік өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері;
Экологиялық талаптар- Қазақстан Республикалық заңдық, өзге де заңға қосымша нормативтік құқықтық және нормативтік- техникалық актілерінде қамтылған қоршаған ортаға теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметте орындауға міндетті шектеулер мен ондай қызметке тыйым салу.
Табиғатты қорғау- табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздеу, бүліну, ластану жолдарына қарсы бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қағамдық ауқымдағы іс- шаралар жатады.
Элементар (жергілікті) популяция - табигаты бірдей кішігірім аумақтарды мекендейтін бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Элементарпопуляциялардың табигаітагысаны,дамуэволюциясымен үзақтығы биоцсмоздыц күрдслі исмссс қарапайымдылығына, бірегей-лігіне байланысты болады.
Табиғатта жергілікті популяциялардың араласып кетуі бір-бірінің арасындағы шекараны жойып, түрлердің үсақтап кетуіне әкеліп соғады.
Экологиялық популяция - жергілікті популяциялардың жиын-тығы негізінде қалыптасады. Олар негізінде түр ішіндегі топтар болған-дықтан белгілі бір биоценозда тіршілік етуге бейімделген. Мәселен, кәдімгі ақ тиін көптеген ормандарда кең таралған. Сондықтан олардың "қарағайлық", "шыршалық" немесе т.б. экологиялық популяциялары көптеп кездеседі. Олар бір-бірімен жиі араласатындықтан генетикалық алмасулар элементар популяцияларға қарағанда баяу жүреді.
Географиялық популяция - географиялык жағдайлары бірдей аумақты қамтитын, особьтар топтарын қүрайтын экологиялық популяциялардан тұрады. Географиялық популяциялар салыстырмалы түрде бір-бірімен нақты шектелген әрі өсімталдығы, особьтар формасы, экологиялық қатарлары, физиологиялық мінез-қүлқы және басқа да қасиеттері арқылы ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |