Бағдарламасы мониторингісінің 2012 жылдың жағдайы бойынша оперативтік есептеме қаралды



Дата23.02.2016
өлшемі110.87 Kb.
#4832
2013 жылы 24 сәуір күні қалалық мәслихат сессиясында 2011-2015 жылдарға арналған Ақтау қаласын дамыту Бағдарламасы мониторингісінің 2012 жылдың жағдайы бойынша оперативтік есептеме қаралды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» және 2010 жылғы 14 наурыздағы №931 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін әрі қарай қалыптастырудың кейбір мәселелері туралы» Жарлықтарына сәйкес 2011-2015 жылдарға арналған Ақтау қаласы аумағының дамуы Бағдарламасы жасақталып, қалалық мәслихат сессиясының 2011 жылғы 18 ақпандағы №40/365 шешімімен бекітілді.

Қаланың аумағын дамыту бағдарламасына сәйкес, Ақтау қаласы даму келешегінде Маңғыстау облысының өнеркәсіптік-сауда, әкімшілік,іскерлік, қаржылық орталығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өңіраралық пен халықаралық ғылыми, сервистік және туристік орталыққа айналуы қажет.

Бағдарлама тұтастай дамудың негізгі 5 бағытынан тұрады:

1. Қала экономикасының дамуы.

2. Әлеуметтік саланың дамуы.

3. Инфрақұрылымдық кешеннің дамуы.

4. Ауыл аймағын,экологиясын дамыту.

5. Мемлекеттік қызметтің дамуы.



Бірінші бағыт – қала экономикасының дамуы. 2012 жылы өнеркәсіптік өндірістің көлемі 8,5%-ға төмендегені байқалады, физикалық көлем индексі 2011 жылдың деңгейінде 91,5% (2011 жылы – 100,2%).

Өнеркәсіптік өндірістегі жоспарланған физикалық көлем индексінің жетіспеушілігі өндіріс көлеміндегі тау-кен өндірісінің 13,1%-ға және өңдеуші өндірістің 28%-ға, яғни қағаз және қағаз өнімдері өндірісінің - 33,6%, басқа да металл емес өнімдерінің - 4,0% , машина құрастыру -39,2% , металлургия өнеркәсібінің - 23,5% көлемдерінің төмендеуіне байланысты төмендеуінен болды.

Сонымен бірге, соңғы жылдары өңдеу өндірісіндегі 2009 жылдан 7,4% 2012 жылға дейін 42,2% өнім көлемінің өсімі байқалады.

Сонымен қатар, ескеретін жайт, 2011 жылдан бастап қала бойынша ауыл шаруашылықтың жалпы өнім көлемінің өсімі аңғарылады. 2012 жылдың жағдайына барлық шаруашылық санатындағы соғым союның түрлері мен тауықтардың нақты салмағы және сиыр сүтінің өнімдерін сату көлемі 3 есе сәйкесінше 2,2 есеге артты.

Ірі-қара мал басы санының - 61,1 %, ешкі - 24,3%, жылқы - 20,9%, түйе - 10,1%-ға артуы байқалады.

2012 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 33,4 млрд.теңгені құрады, яғни 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,0%-ға төмен. Құрылыс жұмыстары көлемінің төмендеуіне кәсіпорындарындағы құрылыс-монтаждау жұмыстарының және жекеменшік секторының (ЖТҚ негізінде) көлемінің 2011 жылдың кезеңінде 20%-ға сәйкесінше төмендеуі әсер етті.

2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қала бойынша 84,1 мың ш.м. тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға берілді, бұл 2011 жылдың деңгейінен 6,9%-ға жоғары.

2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында негізгі капиталдың инвестициясының көлемі 81,5 млрд.теңгені құрайды немесе 2011 жылдың кезеңінен 25,6%-ға төмен (102,0 млрд.теңге).

2012 жылға инвестициялық салым үшін неғұрлым тартымды сала өнеркәсіп саласы болып табылады, бұған 42,1 млрд.теңге салынып, Ақтау қаласының негізгі капиталы көлемінің жартысынан астамын құрайды.

2013 жылдың 1 қаңтарына шағын кәсіпкерлік субьектісінің саны 26,1 мың бірлікті құрады немесе өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 6,0%-ға артық. Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс жасайтындардың саны есепті кезеңде 6,5%-ға және 58,6 мың адамды құрады.



Екінші бағыт – әлеуметтік саланың дамуы. Ақтау қаласында 84 білім беру нысандары жұмыс істейді, оның ішінде орта білім беретін 27 мемлекеттік және 4 жеке ұйымдары, 28 мемлекеттік мектепке дейінгі балалар ұйымы, 1 «Мектеп бау-бақша» жеке кешені, 3 жеке бала-бақша, 20 шағын-орталық, 3 қосымша білім беру ұйымдары.

2012 жылдың аяғында 11602 балалар мектепке дейінгі ұйымдары орындарымен қамтамасыз етілді немесе мектепке дейінгі ұйымдарға кіруге кезекке тұрған тізімдердің туылғаннан 6 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны 61%.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы бойынша, 2012 жылы жалға алудан қайтарылған 560 орынға арналған №34,35 бала-бақшалар, 75 орынға арналған №3,17,22 орта мектептерінің шағын-орталығы, 250 орынға арналған 3 жеке меншік бала-бақша және қосымша 150 орынға арналған сенімгерлік басқаруға берілген бұрынғы №20,37,50 бала-бақшалардың ғимараттары ашылды.

Іс-шараларды өткізу нәтижесінде, 2012 жылдың аяғында 3 тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытуды қамту 97% құрады.

Жалпы сомасы 231,7 млн.теңгеге №22 және №24 бала-бақшалардың күрделі жұмыстарын жүргізу аяқталды. Сонымен қтар, 69,7 млн.теңге сомасында 16 бала-бақшаларда ағымдағы жұмыстар жүргізілді. 50,0 млн.теңге сомасында барлық бала-бақшаларға бейнебақылау камерасы орнатылды.

Жалпы білім беру мектептерінің ең басты рейтингісінің көрсеткіші түлектердің Біріңғай ұлттық тестілеудегі (БҰТ) қорытыныдысы болып табылады.

2012 жылдың нәтижесі бойынша БҰТ-ға 82,5% мектеп түлектері қатысты, жалпы балы 72,08 құрайды. Оның ішінде 1148 БҰТ-ға қатысушы түлектердің 87 және оданда жоғары балл алды немесе жалпы саны 7,6%.

Қаланың білім беру ұйымдарында материалдық-техникалық базасын жарықтандыру бойынша жұмыстар жалғасуда. №9,13,17,16 орта мектептерде, экономикалық лицейде 20,4 млн.теңге сомасында республикалық бюджет есебінен биология кабинеттері сатып алынды.

97,0 млн.теңгеге барлық оқыту мектептеріне оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерімен қамтылды.

Оқыту процессінде жаңа технологияны енгізу үшін «Назарбаевтың интеллектуалдық мектебі» оқыту бағдарламасы бойынша 59 мұғалімдер біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Жалпы сома 964,1 млн.теңгеге №2,16,20,21 орта мектептерде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу аяқталды.

Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға аса көп көңіл бөлінуде, бұл мақсатқа 46,3 млн.теңге бөлінді. 2012 жылдың кезеңі бойынша 18301 балалар демалысқа қамтылып немесе 1-10 сынып оқушылар контингентінен 64%.

2013 жылдан бастап қала аумағында 33 денсаулық сақтау ұйымдары қызмет етеді, оның ішінде 16-сы облыстық маңызға ие. Одан өзге, қалада 3 ведомствалық емхана мен 9 жеке медициналық ұйым жұмыс жасайды. Денсаулық сақтау шығындары облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

Есепті кезеңде нәрестелердің өлімінің азайғаны байқалды, 1000 адамға шаққанда 2011 жылға 15,37 промилледен 2012 жылға 12,13 промилле. Сондай-ақ, туберкулезбен ауыратындардың саны 100 мыңға шаққанда, 2012 жылы 90,5-тен 88,5-ке төмендеген.

Жұмыссыздар санын азайту бойынша саясатта әлеуметтік қамсыздандыруға, халықты тұрақты жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлінді. Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы бойынша оқыту, жұмысқа тұруға және қайта даярлаудан өтуге, ауыл кәсіпкерлігін дамыту үшін бизнес-дағдылардан тәлім беруге, өз ісін ашуға және кеңейтуге микрокредиттер беру жүзеге асырылуда.

2012 жылдан бастап жұмысқа тұруға жұмыспен қамту органына 1891 адам арызданып, оның ішінде 415 адам жұмысқа тұрды. Жастар практикасы бойынша 118 адам жұмысқа жіберіліп, оның ішінде тұрақты жұмысқа 43 адам қабылданды. Бұл мақсатқа бюджеттен 18,92 млн.теңге жұмсалды.

Кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға 132 адам және жалпы жұмысқа 511 адам жіберілді.

2013 жылдың басынан бастап жұмыссыздықтардың деңгейі халықтың экономикалық белсенділігінен 0,4 % құрайды.

2012 жылы дене шынықтыру және спортпен айналысатын 48,7 мың адам немесе қала тұрғындарының жалпы саны 27%-ды құрайды. Жалпы дене шынықтыру мен спортпен айналысатындардың көбі-14,6 адам мектеп оқушылары болып табылады, жалпы саны 30% құрайды.

Тұрғындардың күнделікті дене шынықтырумен айналысуға тарту үшін 2012 жылы инвесторлар есебінен 8 спорт алаңдары салынып және 2013 жылы 22 спорттық алаңдар пайдалануға берілді.

Дене шынықтыру мен спортты насихаттау үшін қала бойынша 8,1 млн.теңгеге 64 спорттық шаралар өткізілді.

2012 жылы маңызды мерекелердің бірі ҚР Президентінің күнін тойлау болды, бұл шеңберде «Ұлт тірегі-Елбасы» атты республикалық форум өткізілді. Форум аясында «Біздің Елбасы» атты фотокөрмесі өткізілді.

Көрші қалалардың қоғамдық-саясат, әлеуметтік-экономикалық және мәдениет қатынастарын нығайту мақсатында, 2012 жылы 3-4 желтоқсан айларында Ақтау және Жаңаөзен күндері ұйымдастырылып, өткізілді. Аталған іс-шаралар арасында екі жақтың қарым қатынастырының келсіміне қол қойылды, Жаңаөзен қаласы мен Ақтау қаласынан 780 адам делегация құрамы қатысқан 15 мәдени-көпшілік және сопрт шаралары өткізілді.



Үшінші бағыт – қаланың инфрақұрылымдық кешенінің дамуы. Бұл бағытта бірінші кезекте тұрғын үй құрылысын, инженерлік коммуникацияларды дамыту мақсаттарына көңіл аударылды.

2012 жылдың қала бойынша жалпы көлемі 84,1 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді, оның ішінде тұрғындар есебінен -40,7 мың шарша метр (жалпы көлемнің 48,4%). Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің физикалық көлем индексі 2011 жылға 106,9%.

Ағымдағы жылы көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына республикалық бюджеттің нысаналы трансферттерінен 809,6 млн.теңге бөлінді. Бөлінген қаражатқа қаланың шағын отбасыларына арналған 100-пәтерлі тұрғын үй мен 32 «Б» шағын ауданында 70 орынға арналған шағын –орталығымен бала-бақша және 40-пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Одан өзге, 2012 жылы 2 кезекте «Аққу» шағын ауданында 35,0 млн.теңге сомасында тұрғын үйлерге инженерлік желі тарту құрылысына ЖСҚ жасақтауға қаражат қарастырылуда.

ТҮКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша 275 млн.теңгеге бес көп қабатты үйлерге күрделі жұмыстар жүргізілді.

Инженерлік-коммуникациялық инфраструктурасын дамыту және орнатуға жалпы сомасы 2,7 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттің нысаналы трансферттерінен - 1,9 млрд.теңге. Жалпы сомадан -1,2 млрд.теңге сумен жабдықтауға, 0,22 млрд.еңге электрмен жабдықтауға, 0,25 млрд.теңге жылумен жабдықтауға және 1,0 млрд.теңге инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, орнатуға.

ОСЖС-4-тен жаңа шағын аудандарға (16,17,19,19а,30,31,32,33,34,35) дейін суменжабдықтау инженерлік желілерін тарту құрылысы бойынша ауыз және техникалық сумен қамтамасыз ету мақсатына 316,9 млн.теңге сомасында жұмыстар жалғасуда.

ОСЖС-4 тен Шығыс-1,2,3 тұрғын үй массивіне дейінгі сумен жабдықтау желілері магистралді құрылысы жалпы соманың құны 1015,0 млн.теңгеден 541,9 млн.теңге сомасында жұмыстары басталды.

2012 жылы 300,0 млн.теңге сомасында ОСЖС-4 ғимаратының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілді, 2013 жылы аталған нысан пайдалануға берілуге жоспарлануда.

1-2 кезекте ОСЖС-3-тен 28-25, 29-32 нүктелеріне дейінгі сумен жабдықтау магистралды

желі трассасын қалпына келтіру жұмыстары орындалды.

ТЭЦ-1-ден жаңа шағын аудандарға дейін сметалық құны 1560,0 млн.теңгеден 250,0 млн.теңге сомасында жылумен қамту желілері магистралі құрылысы жобасы жасалып, жұмыстар басталуда. Жұмыстар 2013 жылы аяқталады.

№29 шағынаудан аумағында қолданыстағы қуаттың жетіспеушілігіне байланысты жаңа бас подстанцияға қосылатын трансформаторлы подстанция құрылысы басталды (ГПП-3Г), жұмыстың аяқталуы 2013 жылға жоспарлануда.

2012 жылы 211,6 млн.теңге сомасында бір трансформатордан екі трансформаторға 20 дана біртрансформатты қосалқы бекетінің жұмысы басталды. Құрылыстың аяқталуы 2013 жылға жоспарлануда.

Ұзындығы 157,45 шақырым автокөлік жолдарын ұстауға 2012 жылы жергілікті бюджеттен 132,7 млн.теңге қаражат бөлінді. Ішкішағынаудандар жолдарының 24 мың шаршы шақырым ауқымдарына күрделі жұмыстар жүргізіліп, жергілікті бюджеттен 94,3 млн.теңге қаражат бөлінді.

2011 жылы №46 (15 шағын аудан) және №21 (29 шағын аудан) тұрғын үйлер ауданында жаңа автокөлік жолдары салынды.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автокөлік жолдарында 5,7 млн.теңге сомасында 300 п.м. жасанды жол кедергілері қойылып, ескілері жаңартылды.

Төртінші бағыт – ауыл аумағы,экологиясының дамуы. Өмірзақ селосы аумағында халық саны 2,7 мың адамды құрайтын Приозерный, Рауан, Приморский тұрғын үй массивтері орналасқан.

2012-2013 жаңа оқу жылында ауыл мектебіне 150 орындық жапсарма ғимараты пайдалануға берілді.

Жылумен қамтамасыз ету мезгілінде котел, котелный иемдену және қондыру жұмыстары бойынша және жылу желілерінің жөндеу жұмыстары 8,0 млн. теңгеге жүргізілді.

39,2 млн.теңге сомасында ауылда кәріздер желісіне қайта жаңғыртулар жүргізілді.

2012 жылы қаланы көгалдандыру жұмыстарына 229,6 млн.теңге, оның ішінде отырғызуға және күтуге -34,8 млн.теңге бағытталды. Қала бойынша 1315 ағаш, 16750 бұта немесе 3350 метрлі талішілік, 1852 раушан бұтасы, 2000 түйнекті гүл өсімдігі отырғызылды. Қала аумағындағы гүлзарларға 670 мыңнан аса дана гүлденген өсімдіктер, оның ішінде 370 мың данасы Қарағи көшетінде өсірілген. Ынтымақ алаңының бойына 10 жаңа қышқұмыралар орнастырылды.

2012 жылы, «Ақтау ауласы» бағдарламасы шеңберінде демеушілердің көмегімен 98 бала-бақша және 8 спорттық алаңдар орналастырылды.

4 шағын ауданнан бастап 14 шағын ауданға дейінгі жағалау аймағын абаттандыру бойынша эскиздік жоба жасақталды. Қазіргі таңда қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған, «Астана» сауда орталығынан «Равиль» кафесіне дейінгі жағалауды қайта жаңғырту жұмыстар аяқталды. Бұл бағыттағы жұмыстар 2013 жылы жалғастырылады.

Бесінші бағыт - мемлекеттік қызметтердің дамуы. Аумақты дамыту Бағдарламасымен мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару жүйесінің негізгі мақсаттары айқындалып, іс жүзінде жүзеге асырылуда.

Қаланың 6 мемлекеттік басқармасынан 33 атаулар қызмет етеді. Өткен жылы 17438 қала тұрғындарына мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Мемлекеттік қызметтер сапасын көтеру және халықты ақпарттандыру үшін, әкімшілік рәсімдерді жеңілдету және ақпараттық технологияларды дамыту үшін қалалық әкімдіктің ресми сайты жасақталды және шығарылды. «Электронды үкімет» шеңберінде қалалық білім бөлімімен МЖБҰ кезекке тұруға азаматтардың арызын қабылдау электронды түрде жүзеге асырылып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау мақсатында қалалық «Нұр Отан»ХДП-сы, құқық қорғау органдарымен және қалалық әкімдікпен бірлесе қала тұрғындары үшін ашық есік күні өткізілді.

Қаланың дамуының ең маңызды аспектісі халықаралық және өңіраралық байланысын нығайту болып табылады. Осы мақсатта, Ақтау қаласының әкімімен Ақтау, Атырау, Орал және Волгоград, Оренбург,Самара,Саратов Уральск қалаларымен 2012 жылы 30 қыркүйекте Меморандумға қол қойылды.

Қазіргі таңда Ақтау қаласы Чхановен (Оңтүстік Корея), Горган (Иран Ислам Республикасы), Суигайт (Азербайджан), Карамай (СУАР КХР) қалалырымен тығыз байланыста.

Жалпы бағдарламада 24 мақсат, 43 нысаналы индикаторлар, 88 нәтижелі көрсеткіштер қарастырылған. Оның ішінде 2012 жылдың қорытындысы бойынша 40 (93,0%) нысаналы индикаторларға қол жеткізген,1 индикатордың орындалмауы (2,3%) -тұрғындардың 1000 адамға шаққандағы жалпы өлім-жітімнің азаюы (жоспар кезінде 6,1 промилле оқиғасы-6,17), 1 индикатор бойынша (2,3%)-мерзімінің түспегеніне байланысты (мұнай өңдеу өнімі өндірісінің физикалық көлемінің индексі, 2013 жылдың екінші жартыжылдығында «СП «CaspiyBitum» ЖШС-мен битум шығару жоспарлануда), 1 индикатор боынша (2,3%)-статистикалық мәліметтер 2013 жылдың шілде айында ұсынылады (туристік қызмет саласындағы жұмыстарды ұсынатын кәсіпорындардың кірістері).

Ақтау қаласының дамуы бағдарламасын іске асыру бойынша 2012 жылға 45 847,5 млн.теңге қарастырылған, соның ішінде республикалық бюджеттен – 5 839,7 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 8027,9 млн.теңге, өзге көздерден – 30 879,0 млн.теңге. Орындалу 38460,6 млн.теңгені құрайды немесе 83,9%. Игерілудің төмендеуі жоспарланған жобаларға инвесторлардың салымының болмауынан, республикалық және жергілікті бюджеттердің, сонымен қатар, инвесторлардың қаржылық қиыншылықтары мен жетіспеушілігінен туындап отыр.

Қазіргі таңда қалалық әкімдікпен қабылданған шаралар, жоспарланған іс-шараларды іске асыру мен алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудің тиімділігін қамтамасыз етіп отыр. Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесі Ақтау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы статистикалық мақсаттарға жетуге ықпалын тигізуде.



Сондықтан, 2011-2015 жылдарға арналған Ақтау қаласының даму бағдарламасын жүзеге асыру тиімділігі үшін, бірінші кезекте:

  1. қаланың экономикасының нықтап өсуін қамтамасыз ету бойынша көрсеткіштерге

қол жеткізуге, ИФО өнеркәсіптік өнімнің және өнеркәсіптік өңдеуде жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге әсерін тигізетін проблемаларды шешу үшін нақты шаралар қабылдау;

  1. нақты индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жұмыстарды күшейту;

  2. өңдеуші салаларды одан әрі дамыту болып табылатын, өсімнің дамуы мен

қорының басымдылығына, үстемділік бәсекелестікке әрекет ету, оның ішінде «Морпорт Ақтау» АЭА-ның аумағында қаланың әлеуетті транзитін дамыту, құрылыстық индустрияны, туризм және т.б. дамыту;

  1. бюджеттік бағдарламалар әкімшілігі және инвесторлармен бірге қаржылық

шаралар мәселелерін талқылау, сондай-ақ барлық жоспарланған іс- шараларды жаңаша іске асыру бойынша шаралар қабылдау;

  1. бағдарламада тура және соңғы нәтижеге қол жеткізу үшін мүдделі мемлекеттік

органдар мен шаруашылық субъектілер бойынша үйлестіру жұмыстарын күшейту;

  1. сапа тірегі анықталған, ауылдағы елді мекендерінің әлеуметтік және инженерлік

инфраструктурасын дамыту бойынша айрықшылық тәртіпте шаралар қабылдау қажет.

Ақтау қалалық экономика және

бюджеттік жоспарлау бөлімі




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет