Курсының ОҚу бағдарламасы



Дата06.01.2020
өлшемі48.1 Kb.
#447788
УП Ерте жастағы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



БЕКІТЕМІН Педагогика институтының директоры

___________ Досжанова С.Е. «___»______________ 2016 ж.




5В010500 «Дефектология» мамандығы

Ерте жастағы мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуы

курсының

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Ақтөбе қ.

2016 ж

I ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ КУРСЫН ҚҰРАСТЫРҒАН ЖӘНЕ ЕНГІЗГЕН:

Орындаушы(лар)

Мектепке дейінгі және арнаулы білім

кафедрасының аға оқытушысы _______ Дуйсенбаева Р.

“ 29” 08 2016 ж.



Мектепке дейінгі және арнаулы білім

кафедрасының аға оқытушысы _______ Каримова Г.М.

“ 29” 08 2016 ж.



Мектепке дейінгі және арнаулы білім

кафедрасының аға оқытушысы _______ Амантаева Б.И.

“ 29” 08 2016 ж.



Жауапты орындаушы – кафедра меңгерушісі

Мектепке дейінгі және арнаулы білім

кафедрасының меңгерушісі,п.ғ.к., доцент _______ Досжанова С.Е.

“ 29” 08 2016 ж.


II КАФЕДРА ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

Хаттама № 1 “29” 08 2016 ж.
III РЕЦЕНЗЕНТ

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ п.ғ.к., доцент ______ Карабалина А.А.

“ 29” 08 2016 ж.
IV ИНСТИТУТТЫҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КОМИССИЯСЫНА

БЕКІТУГЕ ҰСЫНЫЛДЫ



Хаттама № 1 “ 31” 08 2016 ж.
V Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АӨМУ ОӘК ОТЫРЫСЫНДА БЕКІТІЛДІ

Хаттама №___ «___»________ 2016ж.



VI АЛҒАШҚЫ ТЕКСЕРІС КЕЗЕҢІ 2016 ж.

ТЕКСЕРІС УАҚЫТЫ 3 жыл

VII ОРНЫНА ЕНГІЗІЛДІ ----

АЛҒЫ СӨЗ
«Ерте жастағы мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуы» курсы бойынша оқу бағдарламасы 5В010500- Дефектология мамандығының 1- курс студенттері үшін дайындалған. Студенттер курс бойынша өздеріне қажетті мәліметтер ала алады.

«Ерте жастағы мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуы» пәнінің мақсаты студенттердің арнайы мекемелерде мүмкіндігі шектеулі ерте жастағы жаңа туған балалардың және сәби жастағы балаларға арналған ойындар мен жаттығуларды орындауға қойылатын талаптарды ескеру, танымдылық қабілеттерін кеңейтуге, жалпы және ұсақ моторикаларын дамытуға бағытталған түзету-педагогикалық көмек көрсетудің жүйесі, бағыттары мен негіздерімен танысу болып табылады.

«Ерте жастағы мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуы» пәні арнайы түзету мекемесінде дефектологтың өткізетін пәндеріне бағыт-бағдар береді, сонымен бірге логопедиядағы білім беру мазмұнының негізгі аспектілеріне, фундаментальды ұғымдарға тоқталып, олардың мәнін ашады.

Студенттерде мүмкіндігі шектеулі ерте жастағы балаларды дайындаудың психологиялық - педагогикалық диагностикасы туралы түсініктерін қалыптастыру, оның теориялық және әдістемелік негіздерін ашу;



  • балалардың алғашқы жылдарындағы психомоторлық дамуы кезеңдерін ажырату, байқау;

  • мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке дайындаудың қазіргі психологиялық - педагогикалық әдістерімен таныстыру.

Курстың негізгі мақсаты мен міндеттері:

  • логопедия ғылымының теориялық және әдіснамалық негіздерін ашып көрсету;

  • сөйлеу тіліндегі ауытқуларының топтастырылуы, оларды түзету, алдын алу шаралары туралы, логопедиялық жұмыстарды ұйымдастыру туралы білім беру;

- дамуында түрлі ауытқулары бар балалардың дамуындағы психофизикалық ерекшеліктерімен, сөйлеу тіліндегі ауытқулардың құрылымы және сипатымен таныстыру;

- студенттердің дамуында ауытқулары бар балалардың тұлғалы дамуының ерекшеліктері туралы түсініктерін қалыптастыру;

- дамуында ауытқулары бар балаларға кәсіби тұрғыда жәрдем көрсету қабілеттерін дамыту;

«Ерте жастағы мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуы» курсы болашақ дефектолог маманның кәсіби – педагогикалық дайындығын шыңдауда маңызды болып табылады.




Кіріспе
«Ерте жастағы мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуы» курсын оқытудың негізгі мақсаты студенттерді дамуындағы кемшілік туралы ғылымның пайда болуы мен қалыптасу тарихы; баланың зерде және дене дамуы – бұл көп қырлы және күрделі ұйымдасқан үрдіс. Бұнда қабылдау, зейін, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілі, көру-қимыл үйлесімділігі тығыз байланыста. Олар дамуда бір-бірін тірек ете, кейде бір-біріне жол бере қатар жүру баланың сөйлеу тілінің қалыптасу заңдылықтары мен оның ауытқу механизмдері; тіл кемістіктерінің психолингвистикалық және клиникалық - физиологиялық аспектілері; бала тіліндегі бұзылуларды анықтай білу; дифференциалды диагностика негіздері; арнайы мекемелердегі коррекциялық-тәрбиелік бағыттағы логопедиялық көмек негіздері тәрізді теориялық біліммен қаруландыру болып табылады.

«Ерте жастағы мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуы» курсы дефектолог –мамандар даярлап шығарудағы маңызды пәндердің бірі болғандықтан, негізгі міндет – студенттерді теориялық және практикалық жағынан шыңдау, яғни әр түрлі даму ауытқулары бар ерте жастағы балалардың (интеллект, анализаторлық, эмоциональдық - еріктік) сөйлеу әрекеттерінің спецификалық ерекшеліктері, қалыптасу заңдылықтары мен оларды жою туралы қажетті білім, білік машықтарын игерту.

«Ерте жастағы мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуы» пәнін оқып меңгеру барысында студенттер төмендегідей білім қорын жинақтауы тиіс:

  • сөйлеу әрекетінің онтогенетикалық қалыптасу жолдары жайлы;

  • қалыпты және қалыпсыз жағдайлардағы бала тілінің даму заңдылықтары жайлы;

  • даму кемістіктерінің классификациясын;

  • даму кемістіктерін анықтаудың мақсатын, міндеттері мен қағидаларын және әртүрлі типтегі арнайы мекемелердегі коррекциялық-педагогикалық көмектер беру мүмкіндіктері жайлы;

  • дефектология ғылымы мен онымен байланысты басқа да ғылымдардың өзекті мәселелерімен және Қазақстандағы логопедиялық көмектер жүйесі мәселелерімен, ғылымдағы жаңалықтармен таныс болу.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I. Ерте жастағы балалардың дамуының психомоторлық заңдылықтарының ерекшеліктері

1.1. Балалардың дамуындағы ауытқушылықтың себептері және түрлері.

Кіріспе. Жүйкелік-психикалық даму шкаласы. Плацентарлық даму сатысы. Дамуында кемістігі бар балалардың мүмкіндіктер деңгейіне сәйкес арнайы білім берудің түрлері мен сатылары. Баланың психикалық дамуының өзгешелігі мен тұлға қалыптасуы проблемасы жас ерекшелік психологиясы. Бала психикасының дамуының қажетті шарттары. Баланың психикалық дамуындағы іс-әрекеттің рөлі.


1.2. Перзентханада дамуында ауытқуы бар балаларды анықтау.

Жаңа туған баланың белгілері. Жаңа туған нәрестенің бейімделу механизмі. Жүйкелік-психикалық даму шкаласы. Апгар шкаласы.

Дамудың алғашқы және туынды кемістігі туралы ұғым. Л.С.Выготский. Адам психикасындағы биологиялық пен әлеуметтік факторлар.

1.3. Туғаннан 3 айға дейінгі сәбилерге арналған дамыту ойындары мен жаттығулар.

Баланың сөйлеу тілінің толық дамуына әсер ететін факторлар. Ерте жастағы балалар ойынында шығармашылық элементтердің пайда болуы. С. Баркли бойынша туғаннан 3 жасқа дейінгі балалардың қарым-қатынас және сөйлеу тілінің даму деңгейлері. Ерте диагностика мәселелері. Ерте және мектепке дейінгі кезеңдегі сөйлеу тілінің бұзылымдарының профилактикасы. Арнайы білім беруде тәрбие мазмұны. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу қағидалары.



1.4. Сәби шақтағы балалардың дамуының психологиялық-педагогикалық диагностикасы

Мектеп жасына дейінгі балалардың психодиагностикасы. Нерв импульсінің ауысу механизмі. Қабықтық және қабықасты өзара байланыс. Сөйлеу аппаратының орталық және перифериялық бөлімдері, сөйлеудің қарым-қатынас функциясы. Сөйлеу және ойлау(Л.С.Выготский).


II. Ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуының психологиялық-педагогикалық диагностикасы

2.1. 0 мен 1 жас аралығындағы балалардың психикалық дамуының ерекшеліктері

Бұзылымның этиологиясы және сипаттамасы. Баланың ірі қимыл-қозғалысын дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар. Дамыту ойындары

Арнайы білім берудегі тәрбие әдістері. Тәрбиеленушінің жас, жеке дара даму ерекшеліктеріне тәуелді тәрбие әдістері мен тәсілдерін іріктеу. Әлеуметтік тәжірибені қалыптастыру әдістерінің рөлі. Ерте жастағы балалар ойынында шығармашылық элементтердің пайда болуы. Зерттеу әдістері. ЖСТЖ балаларға психологиялық-педагогикалық мінездеме.

2.2. Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері (0-12 ай)

Бұзылымның маңыздылығы. ФФЖ балаларға психологиялық-педагогикалық мінездеме. Түзету жұмысының негізгі бағыттары. Этиологиясы, механизмдері, тексеру қағидалары, сөйлеу бұзылымдарының профилактикасы. Логопедиялық жұмыстың негізгі бағыттары.



2.3. Ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуының психологиялық-педагогикалық диагностикасы

Мектеп жасына дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалардың психология-педагогикалық сипаттамасы. Мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке дайындау жүйелі үрдіс ретінде. Мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке дайындауды ұйымдастыру, мазмұны және әдістері. Мүмкіндігі шектеулі мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық, тұлғалық және танымдық дамуына қажетті құрал-жабдықтардың тізімі



2.4. Баланың алғашқы жылындағы психомоторлық дамуы.

Әлеуметтік ортаға бейімделетін және мектеп іс-әрекетінің дұрыс қалыптасуының алғышарттары. Баланың өмірінің бірінші жылында сенсомоторлық аймағын, қоршаған әлемді қабылдауды дамытудың алғы шарты.


III. Аномальді психикалық дамудың негізгі формалары.

3.1. 2-жастағы балалардың психикалық және сөйлеу тілінің дамуына сипаттама . Жоғары қабықтық функцияны зерттеу: экспрессивті және импрессивті сөйлеу тілі. Клиникалық-педагогикалық классификация бойынша тіл кемістіктерінің түрін анықтау.Мономорфты айтылу және полиморфты дислалия, ысқырық, ызың, сонорлы, тіларты дыбыстардың айтылу кемістіктері, түзету жолдары. Дислалияны түзетудегі логопедиялық жұмыстың кезектілігі

3.2. Мүмкiндiгi шектеулi ерте жастағы балалардың ата-аналарына көрсетілетін психологиялық көмектің түрлері

Мүмкiндiгi шектеулi ерте жастағы балаларға білім беру жүйесінің қазіргі заманғы теориялары мен даму тенденциялары. Жеке тұлғаға бағытталған тәсіл. Мүмкiндiгi шектеулi ерте жастағы балалардың даму ортасы және оның рөлі. Мүмкiндiгi шектеулi ерте жастағы балаларға арналған және жалпы білім беретін мектептерде ғылым негіздеріне оқыту қағидалары, әдістері және формалары. Мүмкiндiгi шектеулi ерте жастағы балаларға білім берудің мазмұны



3.3. Ерте жастағы балалардың дамуындағы бұзылыстарды анықтау әдістері

Балалық аутизм кезіндегі аффективті дамыту ерекшеліктері. Аутист балаларды әлеуметтендіру мүмкіндігі. Балалық аутизм кезінде психологиялық педагогикалық көмектің негізгі бағыттары мен ережелері. TEACCH бағдарламасы. Логопедиялық терапия, әлеуметтік дағдыларға оқыту, еңбектерапия. Аутизм кезіндегі емнің негізгі мақсаты. Түзету көмекті ұйымдастыру тәсілдері. Холдинг-терапия. Аутистикалық спектрдің скрининг. Аутизмді медикаментоздық емдеу.



3.4. Баланың жеке тұлғасының дамуының заңдылықтары

Мүмкiндiгi шектеулi ерте жастағы балаларға білім беру жүйесінің қазіргі заманғы теориялары мен даму тенденциялары. Жеке тұлғаға бағытталған тәсіл. Мүмкiндiгi шектеулi ерте жастағы балалардың даму ортасы және оның рөлі. Мүмкiндiгi шектеулi ерте жастағы балаларға арналған және жалпы білім беретін мектептерде ғылым негіздеріне оқыту қағидалары, әдістері және формалары. Мүмкiндiгi шектеулi ерте жастағы балаларға білім берудің мазмұны. Арнайы түзету сабақтары. Оқытудың техникалық құралдары.



IY. Дамуында ауытқушылығы бар балаларды түзете тәрбиелеу.

4.1. 3-жастағы балалардың психикалық және сөйлеу тілінің дамуына сипаттама

Көру және есту жетіспеушілігі кезіндегі сөйлеу тілінің бұзылымдары. Зиятының жетіспеушілігі кезіндегі сөйлеу тілінің бұзылымдары. Логопедиялық жұмыстың негізгі бағыттары.



4.2. Ерте жастағы балалардың 3-жасқа дейінгі даму кезеңдері.

Танымдық процестер мен іс-әрекеттерді қалыптастырумен қатар балада арнайы бала-бақша бағдарламасында қарастырылған білім, білік, дағдылары. Ақыл-ойы кем балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері (дыбыс айту, лексикалық-грамматикалық жағы, байланыстырып сөйлеуі) Сөйлеу тілінің бұзылу себептері. 8 түрлі арнайы мекеме жағдайында мүмкiндiгi шектеулi ерте жастағы балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмысты ұйымдастыру және оның мазмұны.



4.3. ҚР-да МШБ-ға ерте жастан коррекциялық көмек көрсету жүйесі

Логопедтің жұмысының мазмұны, логопедиялық құжаттар. Логопедиялық көмекті жетілдіру міндеттері.Логопедтің жұмысының мазмұны, логопедиялық құжаттар.Логопедтің перспективті, календарлық жоспары. Сөйлеу картасын толтыру.Тәрбиешілерге, ата аналарға әдістемелік кеңес топтамасы. Сабақ жоспарлары, жеке дамыту бағдарламалары. Баланы тексерудің қорытындылары.



4.4. Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды отбасылық тәрбиелеу

Ақыл-ой дайындығының көрсеткіштері. Жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы. Оңалту орталығының қызметін ұйымдастыру тәртібі. Ата-аналардың балаларының қалыпты дамыған балалармен бірге оқыту, бірігіп оқуда балаға көмек беруге дайын болу және соған ұмтылуы. Қоғамдағы қарым-қатынасты игерудегі балалардың жанұядағы қарым-қатынасына, жанұядағы мәдениетіне, педагогикалық жұмыс жүйесіне байланыстылығы.



Практикалық (семинар) сабақтары тақырыптарының жобалық тізімі

  1. Дамудың бұзылымдарының түрлері

  2. Баланың алғашқы жылындағы психомоторлық дамуы

  3. Баланың жалпы қимыл қозғалысын дамытуға арналған жаттығулар мен ойындар

  4. Бала дамуындағы бұзылымдарының негізгі категориялары

  5. Баланы зерттеудің психологиялық-педагогикалық әдістері

  6. Медициналық диагностиканың негізгі әдістері мен критерийлері

  7. Сәби шақтағы балалардың дамуының психологиялық-педагогикалық диагностикасы

  8. Ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуының психологиялық-педагогикалық диагностикасы

  9. Баланы мектепте оқытуда психологиялық дайындығы

  10. Танымдылық қызметінің бұзылымдары.

  11. Көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеу

  12. БЦС балалармен түзету жұмыстары

  13. Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды отбасылық тәрбиелеу.

НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Г.Ж.Есенжолова. Ерте жастағы балаларға арналған дамыту ойындары мен жаттығулар. Алматы, 2012ж

  2. Қ.Өмірбекова., С.Ж. Өмірбекова. Сөйлеу тілін тексеру. Алматыкітап, 2002

  3. Қ.Өмірбекова., В.С.Балқыбекова Сөйлеу тілінің фонетикалық- фонематикалық жағын тексеру және дамыту. Алматыкітап, 2003ж

  4. Төребаева К.Ж., Арнайы педагогика. Ақтөбе, 2012ж

5.Ш.А.Булекбаева, Г.М.Султанова, Т.С.Джаниева, Ж.У.Басыгарина, Б.Н.Белгибаева, Применение логопедического массажа в коррекционной работе с детьми с детским церебральным параличом. (Методические рекомендации) Астана-2012г

6.Төребаева К.Ж., Логопедия негіздері Ақтөбе, 2012ж



Шабанова, Б.А., Кударинова, А.С. Мекемелерде логопедиялық жұмысты ұйымдастыру: Оқу-әдістемелік кешені. - Павлодар: ПГПИ, 2010. - 112c.

7.Карелина И.Б. Устранение дислалии у дошкольников в условиях детской поликлиники. (Дефектология) – 1997. - № 6



ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:

    1. Өмірбекова Қ. Логопедия [Электр ресурс] : оқу құралы / Қ. Өмірбекова, Қ. Серкебаев.: Республикалык баспа кабинеті, 1996ж

  1. Өмірбекова Қ.Қ. Дыбыс айту кемшіліктері және түзету жолдары : Оқу құралы / Қ. Қ. Өмірбекова. - Алматы : Print -S, 2005. - 76 бет

3.Өмірбекова, Қ. Логопедия: Оқу құралы. - Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996. - 247c. -ISBN 5-8380-1010-х.

4.Логопедия. / Қ.Қ. Өмірбекова, Г.С. Оразаева, Г.Н. Төлебиева, Г.Б. Ибатова . - Алматы: Ассоциация вузов РК, 2011. - 495c.

5.Логопедия : Оқулық / Қ. Қ. Өмірбекова, Г. С. Оразаева [и др.]. - [б. м.] : Дәуір, 2011. - 648 б.

6.Дүйсенбаева Р.Д. Логопедия негіздері : 5В010500 -Дефектология маманд.арн /



КЕЛІСІМ БЕТІ


ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мамандық 5В010500 - Дефектология

Пән EZhMShBD 1301 Ерте жастағы мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуы

Білім деңгейі Жоғары білім (бакалавриат)

Оқу формасы Жалпы білім негізінде күндізгі

Оқу жылы 2016-2017 ж


Оқу және оқу- әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор



П. ғ.д., профессор ____________ Туребаева К.Ж.

“___”____________2016 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет