Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



Дата24.07.2023
өлшемі12.99 Kb.
#475809
түріБағдарламасы
Ересек п.қазан (2)


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде
2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Білім беру ұйымы (балабақша / шағын орталық, мектепалды сыныбы)____________________________________


Топ: ересек топ
Балалардың жасы: 4 жас.
Жоспардың құрылу кезеңі: қазан айы, 2022-2023 оқу жылы.



Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Қазан

Дене шынықтыру

- балалардың қимыл әрекеттерін ұйымдастырудың түрлі нысандарында қимылдарды дұрыс орындау біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
- дене қасиеттерін қалыптастыру: ептілік, қозғалыстарды үйлестіру, шыдамдылық, тепе-теңдікті сақтау, икемділік;
- түрлі қимыл біліктері мен дағдылары арқылы тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- жүру мен жүгіруде, секіру мен лақтыруда, қағып алуда, еңбектеу мен өрмелеуде негізгі қимыл түрлерін, жеке гигиена дағдыларын және денсаулықты сақтау негіздерін жетілдіру;
- дене шынықтыру жаттығуларын орындауға қызығушылықты, саламатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу,
- түрлі ұлттық қимылды ойындарды, жарыс сипатындағы ойындарды өткізу.
2) жүгіру. Қалыпты, аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп; ұсақ және алшақ адыммен, сапта бір-бірден және жұппен, түрлі бағытта, бытырап жүгіру. Жетекшінің ауысуымен, қарқынды жылдамдатып және ақырын жүгіру. Жай қарқында үздіксіз жүгіру; 50–60 метрге жүгіру. 5 метрден 3 рет жүгіру. Түрлі бағытта жүгіру, қағып алып жүгіру;
3) секіру. Бір орында тұрып екі аяқпен секіру, алға ұмтыла секіру, бір орында тұрып оңға, солға бұрылып секіру, аяқты бірге, алшақ қойып, біреуін – алға, екіншісін – артқа қойып, бір орында тұрып секіру. Затты жанау арқылы орнынан жоғары секіру; биіктігі 5–10 см 2–3 заттың үстінен кезектесе секіру; 20–25 см биіктіктен секіру; бір орында тұрып, ұзындыққа 4–6 сызықтың үстінен секіру (сызықтардың арақашықтығы 40–50 см);

Сөйлеуді дамыту

Сөздік қор.
Балалардың сөздік қорын адамдардың мамандықтарының атауларымен, заттардың
бөліктерімен, заттардың сапалары мен қасиеттерін білдіретін зат есімдермен байыту. Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) тұрмыстық заттар және қоршаған орта заттарының қолданылу маңыздылығын түсіну дағдыларын қалыптастыру;
2) сөздік қорын жалпылаушы мағыналы сөздермен байыту;
3) заттарды және олардың тұрған орнын анықтау дағдыларын жетілдіру;
4) ойындарды қолдану арқылы сөздерге қызығушылығы мен зейінін дамыту. Тілдің грамматикалық құрылымы.
Келесі дағдыларды жетілдіру:
1) байланыстырып сөйлеу;
2) жануарлар және олардың төлдерінің атауларын білдіретін сөздерді, сөздердің түрлі тәсілдермен жасалуын, зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдану;
3) әртүрлі тәсілдермен жаңа сөздер құру;
4) сан есімдерді ретімен атауға, оларды зат есімдермен бірге қолдану;
5) тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыруда ойындарды қолдану. Байланыстырып сөйлеу.
Әңгімеге қатысу және тілді түсіну, тыңдау біліктерін, көлемі шағын тақпақтарды жатқа айту, сурет бойынша заттар және ойыншықтар туралы әңгіме, үлгі бойынша әңгіме құрастыру, шағын әңгімелер мен ертегілерді айтып беруге үйрету дағдыларын қалыптастыру. Ұсынылған мазмұн бойынша сахналауды үйрету.

Көркем әдебиет

2) мәнерлеп оқу. Балаларды тақпақтар мен өлеңдерді түсініп, есте сақтауға, өлеңнің мазмұнына өз көзқарасын білдіруге үйрету.
3) мазмұндау. Таныс ертегілердің мазмұнын айтуда мазмұнның жүйелілігін сақтауға, диалогтік сөйлеуге, кейіпкерлердің мінезін сипаттауға үйрету.

Қазақ тілі

Сөйлеуді дыбыстық мәдениеті:
1) қазақ тілінде айтылған сөздерді мұқият тыңдауды, сондай-ақ, осы сөздерді дұрыс айтуды және еске сақтауды; қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс айтуды үйрету;
2) сөйлеу және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды дамыту.
Сөздік қоры:
1) қоршаған ортада жиі қолданылатын тұрмыстық заттар, жемістер, көкөністер, құстар, табиғи құбылыстар туралы білімдерін кеңейту;
2) заттардың сын-сипатын, санын, қимылын білдіретін сөздерді айтуды үйрету;
3) таныс сөздерді өмірде күнделікті қолдануды үйрету.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымы:
1) 2-3 сөзден тұратын жай сөйлемдерді түсінуді және сөз тіркестерін құрауды үйрету;
2) сөйлеуде зат есімнің жекеше және көпше түрін жасау білігін қалыптастыру.
Байланыстыра сөйлеу.
Шағын шығармаларды, өлеңдерді тыңдауды, түсінуді және мазмұндауды үйрету.

Математика негіздері

Сан, санау:
1) 5 көлемінде санау, заттарды үлгісі бойынша және аталған саны бойынша санау
дағдысын қалыптастыру. Сандарды реті бойынша атауға және қорытынды санды атауға, «Барлығы қанша?» сұрағына жауап беруге үйрету. Бірінің астына бірі 2 қатарда орналасқан заттардың екі тобын салыстыруды үйрету;
2) теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарды қалыптастыру. Салыстырылатын топтар: бір көп, бір және екі, екі және үш және төрт, төрт және бес;
3) теңді кем топқа үстемелей отырып немесе артық топтан бір затты алып тастай отырып, екі тәсілмен орнатуға, «Қанша еді?», «Қаншасы қалды?» сұрақтарына жауап беруге үйрету;
4) 5-ке дейін реттік санау дағдыларын дамыту, реттік сан есімдерді атау, «Нешінші?», «Саны бойынша қайсысы?» сұрақтарына жауап беру дағдыларын дамыту;
5) сандық топты белгілей отырып, 5-ке дейінгі сандармен таныстыру. Әртүрлі сезім мүшелерінің көмегімен санау дағдысын дамыту (көру, есту, иіс сезу). Тура және кері бағытта 5 көлемінде санатып жаттықтыру.
Шама.
Заттар шамасы бойынша әртүрлі болатындығы жайлы түсінік беру.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) ұзындығы және ені бойынша бірдей және екі түрлі заттарды салыстыру;
2) биіктігі және жуандығы бойынша бірдей және екі түрлі заттарды салыстыру; 3) шаманы салыстыруда беттестіру және тұстастыру тәсілдерін қолдану.

Қоршаған ортамен таныстыру

Табиғаттағы маусымдық өзгерістер:
күзгі, қысқы табиғатты, олардың қарапайым өзгерістерін бақылау дағдыларын дамыту;
адамдардың күзгі, қысқы әрекеттеріне балалардың зейін аудару дағдыларын қалыптастыру.

Құрастыру

Қағаздан құрастыру.
Қағаздан құрастыруды үйрету: қағазды тікбұрышты парағын жартысынан бүктеп,
бұрыштарды және қырларды біріктіру, детальдің негізгі түріне желімдеу. Қағаз парағын көлемді пішіндерге қайта келтіру, қағазды кесекке, орамдарға, ілмекке айналдыра білу дағдыларын бекіту.

Сурет салу

Сюжеттік сурет салу:
1) қоршаған ортаның әсемдігіне, өнер туындыларына, тұрмыстық заттарға, қазақ және басқа халықтардың ойыншықтарына эмоционалды-эстетикалық талғам дағдыларын қалыптастыру.
2) қарапайым табиғат құбылыстарын, ертегі кейіпкерлерін бейнелеуге машықтандыру.

Мүсіндеу

3) пропорцияларды сақтап, саусақ пен алақан қозғалыстарын пайдалана отырып екі
бөліктен тұратын заттарды;
4) адамның пішінін;
5) заттарды толық пішіні алынғанға дейін немесе жайылған пішіннің жиектері иілгенге дейін сығымдау.

Жапсыру

Сюжеттік жапсыру:
1) барынша күрделі заттарды, жануарлар пішінін бейнелеу, заттарды қағаз бетінде
орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Композицияны құрастыру кезінде заттар мен нысандардың көлемі бойынша арақатынасын ескеру;
2) дөңгелектерді және сопақша пішіндерді қию дағдыларын жетілдіру. Тар жолақтарды көлденеңінен қию, шаршыдағы бұрыштарды қиюды бекіту.

Музыка

Музыка тыңдау.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
2) әуендерді немесе музыкалық шығармаларды орындау кезінде пьесаларды тану және атау.
Ән айту.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
2) дауыс пен есту қабілетін дамытуға арналған жаттығуларды қысқа әндер айту
арқылы дағдыны жетілдіру, дауыстап және төмен дауыспен ән салу, қол қозғалысымен көрсету.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
2) марш сипатын ырғақты жүріспен беру, музыканың қимылдық сипатын жеңіл, ырғақты жүгірумен беру.
Билер.
Әуеннің көңілді би сипатын қабылдауға үйрету, музыканың кіріспесін ажырату,
содан кейін қимылды бастау, музыканың сипатына сәйкес қимылдарды ауыстыру, би қимылдарын, билерді, ойындарды есте сақтау.
Ойындар, хороводтар.
Әннің мәтініне сәйкес ойын қимылдарымен сүйемелдей отырып, әнді көңілді және
емін-еркін әндету, хор айтуды шеңбер бойымен жүргізу, музыкалық фразаларға сәйкес қимылдарды өзгерту; шапшаңдық пен икемділік таныту, пьесаның соңын белгілеу, халық ойындарының көңілді сипатын беру, дыбыстарды жоғарылығы бойынша ажырату, үлкен шеңберге және шашырап тұру.
Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) фортепиано сүйемелдеуіндегі балалар музыкалық аспаптарында ересектердің орындауындағы би әуенін тыңдау;


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет