Бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


ЖЖБ жылдық жиынтық бағалау



бет8/10
Дата10.01.2024
өлшемі82.62 Kb.
#488826
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
6-сынып Ктп 2023-2024

ЖЖБ

жылдық жиынтық бағалау

1







Түсінік хат
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. Қазақ әдебиеті пәні бағдарламасының басты бағыты – білім алушылардың ақыл-ой қабілеті мен тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына, тілдік-эстетикалық талғамдарының дамуына, коммуникативтік құзыреттіліктерінің жетілдірілуіне іргетас қалап, өмірлік дағдыларын шыңдауына, өздігінен білім алуларына мүмкіндік туғызу. Білім алушыларды ұлттық мәдениет пен әдеби мұраларды түсінуге, қазіргі заманғы әдебиетті бағалай білуге үйретеді. Бағдарламада әдебитеориялық ұғымдар, талдауға, бағалау мен салыстыруға негізделген адамзаттың мәңгілік сұрақтары, қазіргі заманғы дилеммалар, мәселелер қарастырылған.
3. Қазақ әдебиеті бағдарламасының мақсаты – білім алушыларды креативті ойлауға бағыттау. Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау дағдыларын қалыптастыру, білім алушыларға жанрларды меңгерту.
4. Теориялық материалдар оқушының қазақ әдебиеті туралы ұғымдарын кеңейтуге, әдебиет туралы дүниетанымын қалыптастыруға және адамзатқа ортақ ойларды, дилеммаларды, мінездерді зерттеуге мүмкіндік береді. Қазақ әдебиеті білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, әдеби тіл және әдеби формалар арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін өмірге бейім ұрпақ тәрбиелейді.
5. Қазақ әдебиеті пәнін оқу арқылы білім алушылар:
1)қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтейді және бағалайды;
2)қазақ әдебиетінің мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін, қазақ халқының қалыптасқан тарихын, алға қойған міндеттерін, жеңістерін, мәселелерін, қарама-қайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді;
3)түрлі жағдайларға бейімделе білу және өздігінен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады;
4)заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын дамытады.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
7. «Қазақ әдебиеті» пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация,бағалау және салыстырмалы анализ, сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады. Бағдарламаның бұл бөлімі пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады.
8. «Түсіну және жауап беру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1)көркем шығарма мазмұны мен пішіні;
2)әдеби шығарманың тұжырымдамасы;
3)көркем шығармадағы образ;
4)шығарма үзінділерімен жұмыс.
9. «Анализ және интерпретация» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1)әдеби шығарманың композициясы;
2)автор бейнесі;
3)көркем шығарманың тілі;
4)шығармашылық жұмыс.
10. «Бағалау және салыстыру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1)тарихи және көркемдік құндылығы;
2)заманауилығы мен жаңашылдығы;
3)әдеби эссе;
4)әдеби сын.

13. 6-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінің базалық білім мазмұны:


1) түсіну және жауап беру: әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау, шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселе, идеясы, кейіпкерлердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау, көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту; туған өлкенің табиғаты және тарихы сипатталатын поэтикалық, прозалық шығармаларды білу; туған өлкеге арналған бір өлеңді жатқа мәнерлеп оқу, өлкетану аясында прозалық үзінділер жазудың алғашқы дағдыларын меңгеру;
2) анализ және интерпретация: шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау, әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу, шығармадағы көркем ауыстырулар: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау; туған өлкенің ақындары мен жазушыларының шығармашылығы туралы деректер жинау және презентация дайындау. Мәтіннің ақпараттылық, оның көркемдік, тілдік ерекшеліктері негізінен өлкетану сипаттамаларын талдау;
3) бағалау және салыстыру: кейіпкерлерді өзара салыстыру, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру, кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру, әдеби эссе жазу, сыни хабарлама жасау.
14. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1) «Аяз би» ертегісі;
2) «Алып Ер Тұңға» жыры;
3) Әл Фараби «Қашықтасың туған жер», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңдері;
4) Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық» толғаулары;
5) Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдері, қара сөздері: «Бірінші сөз», «Жетінші сөз», «Отыз бірінші сөз»;
6) С. Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы» өлеңдері;
7) С. Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесі;
8) О. Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесі;
9) Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаяты;
10) А. Алтай «Прописка» әңгімесі;
11) Е. Жүніс «Менің атым –Тәуелсіздік» өлеңі;
12) Р. Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі, «Менің Дағыстаным» әңгімесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет