Бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер



бет1/10
Дата10.01.2024
өлшемі82.62 Kb.
#488826
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
6-сынып Ктп 2023-2024




Түсінік хат


Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі»
оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)


1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. Қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
3. «Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану;
2) тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу;
3) аудиовизуалды материалды тыңдау барысында өз көзқарастарын білдіру;
4) мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру.

Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).


5. Оқу мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады:
1) тыңдалым және айтылым;
2) оқылым;
3) жазылым;
4) әдеби тіл нормаларын сақтау.
6. «Тыңдалым және айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) болжау;
2) әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау;
3) мәтіннен ақпаратты анықтау;
4) негізгі ойды анықтау;
5) тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау;
6) сөйлеу мәдениетін дамыту.
7. «Оқылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) ақпаратты түсіну;
2) мәтіннің стильдік ерекшелігін тану;
3) мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату;
4) мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу;
5) мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау;
6) оқылым стратегияларын қолдану;
7) әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.
8. «Жазылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) жоспар құру;
2) әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру;
3) жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну;
4) эссе жазу;
5) оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу;
6) мәтіндерді түзету және редакциялау.
9. «Әдеби тіл нормаларын сақтау бөлімі» келесі бөлімшелерден тұрады:
1) орфографиялық норма;
2) орфоэпиялық норма;
3) лексикалық норма;
4) грамматикалық норма;
5) пунктуациялық норма.
11. 6-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқу пәнінің базалық білім мазмұны:
1) тыңдалым және айтылым:
көтерілген мәселені болжау, әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі көтерілген мәселені талдау, мәтін мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты түсіну, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау, жалпы және нақты сұрақтар, мәтін мазмұнын шынайы өмірмен байланыстыру, ресми сөздер мен тіркестерді, терминдерді орынды қолдану, диалогке қатысу;
2) оқылым:
мәтіннен негізгі және детальді ақпаратты анықтау, ауызекі сөйлеу мен көркем сөйлеуді тілдік құралдар арқылы тану, ауызекі сөйлеу мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату, мәтін негізінде нақтылау сұрақтарын құрастыру, оқылым стратегияларын қолдану, комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу, сілтеме жасау;
3) жазылым:
әртүрлі жанрдағы мәтіндер жазу үшін жоспар құру, мінездеме, өмірбаян, құттықтауды жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай жазу, графиктік мәтін құрастыру, эссе жазу барысында абзацты жүйелі құрастыру, «келісу, келіспеу» эссесін жазу, жинақы мәтін жазу, мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау;
4) әдеби тіл нормалары:
орфографиялық норма: жеке, бірге, бөлек, дефис арқылы жазылатын сөздер; орфоэпиялық норма: сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін; лексикалық норма: көнерген сөз, эвфемизим, дисфемизм, неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөз, табу сөздер; грамматикалық норма: есімдік, етістік, етіс түрлері, салт және сабақты етістік, үстеу, үстеудің мағыналық түрлері; пунктуациялық норма: қазақ тіліндегі тыныс белгінің түрлері, даралаушы тыныс белгілері.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет