Наурыздың тоғызы



Дата15.02.2023
өлшемі14.59 Kb.
#469592
түріӨмірбаяны
09.03.2021 Әлеуметтік мәселе туралы не білесің Лексика-грамматикалық омонимдер Отбасы – құндылық. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.(2)


Наурыздың тоғызы
XIV Бөлім. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік
Тақырып: Әлеуметтік мәселе туралы не білесің? Лексика-грамматикалық омонимдер. Отбасы – құндылық. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.
Жаңа сөздермен жұмыс.
Аянышты- жағдайы төмен адам
Ауқатты- дәулетті адам
Күйсіз – тұрмысы нашар жан
Садақа- көмек беру
Кедейлік- жоқшылықта өмір сүру
Үш баланың өмірбаяны
Джон Ұлыбританияда дүниеге келген, қазір де осында тұрады. Ол 18 жасқа толғанға дейін мектепке не колледжге барады. Егер ол ауырып қалса ата-анасы ақша төлемейді. Себебі оны сақтандыру полисі бар. Оның үйіндегі ауыз су таза және қауіпсіз. Ол ауқатты отбасында өмір сүреді. Егер оның жұмысы болмаса мемлекет оның ары қарай өмір сүруін қамтамасыз етеді. Өміріне қауіп төнген жағдайда полицияға барып шағымданады.
Филипп Зимбабведе туған және сол жерде өмір сүреді. Оның ата-анасы- фермерлер. Олардың кішігірім жері бар. Ол мектепке бара алмайды, себебі ата-анасына ақша табуға көмектеседі. Ол күніне бір рет қана тамақтанады және өзен суын қолданғандықтан көп ауырады. Ауырып қалса дәрігер келмейді, себебі ақшасы дәрігерге қаралуға жетпейді. Оның жүзі үнемі көңілсіз. Полиция қызметкерлері оған көмектеспейді.
Леон Зимбабведе дүниеге келген. Оның әкесі шетелдік компанияда жұмыс істейді. Ол Харарда жеке бассейні бар үлкен үйде тұрады. Ол халықаралық жеке мектепте оқиды. Ауырып қалса, дәрігер үйіне келеді. Оның үйінде тамақ жеткілікті. Ол арнайы бөтелкедегі суды ішеді. Болашақта білімнің кілті Еуропада деп ойлайды. Сол себепті білімін шетелде жалғастырғысы келеді. Оған, не отбасына зұлымдық жасалса полиция көмектеседі. Ол өз еліндегі адамдарға қарағанда, ұзақ өмір сүруі мүмкін.
Мәтін қандай стильде жазылған?
Қоғамдық-саяси әдебиеттің, бұқаралық ақпарат құралдарының көпшілікке арналған мәжіліс, жиналыстағы баяндамалар мен жарыссөздепдің стилі публицистикалық стиль деп аталады.
1- тапсырма. Мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақтардың жауабын табыңыз.
1. Мәтін кейіпкерлері кімдер?- Мәтін кеіпкерлері- ұлыбритания, зимбабве елдеріндегі балалр.
2. Қай елдің әлеуметтік мәселесінде қандай артықшылық бар?- Ұлыбритания елінің әлеуметтік жағдайы жақсы.
3. Зимбабведе туған балалардың әлеуметтік жағдайы қандай?- Зимбабведе туған балалардың әлеуметтік жағдайы әр деңгейде.
4. Осы мәтіндердің мазмұны бойынша нені байқадың?- мәтіндегі елдердің әлеуметтік жағдайы әртүрлі.
5. Басқа елдер мен салыстырғанда еліміздің әлеуметтік жағдайы қандай?-еліміздің әлеуметтік жағдай тұрақты.
2-тапсырма. Берілген сөздердің омонимін табыңыз.
Жас- адамның жасы, көздің жасы
Жүзі-адамның келбеті, пыышақтың жүзі
Кілті- құлыптың кілті, білімнің кілті.
3- тапсырма. Мәтіндегі ақпараттарды сәйкестендіріңіз.

Филипп Зимбабведе туған туған.

Ол 18 жасқа толғанға дейін мектепке не колледжге барады.

Джон Ұлыбританияда дүниеге келген, қазір де осында тұрады.

Ол мектепке бара алмайды, себебі ата-анасына ақша табуға көмектеседі.

Деон Зимбабведе дүниеде келген және сол жерде өмір сүреді.

Ол халықаралық жеке мектепте оқиды.

Қазақстандық баланың өмірбаяны


Арман Қазақстанда өмірге келді. Туған жері Нур-Султан қаласы. Оның ата-анасы- мемлекеттік қызметкерлер. Жақында әкесіне мемлекет тарапына жаңа пәтер берді. Арман №86 мектеп-гимназиясында білім алады. Мектебі өзіне ұнайды. Ауырып қалса дәрігерге қаралу тегін. Биыл 11 сыныпта оқып жүр. Оның арманы- еліміздегі ең мықты университетке түсу. Еліміздегі үздік оқушыларға көптеген грант қарастырылған. Ол- мемлекеттік грант үміткері.

4- тапсырма: «Отбасы – құндылық» тақырыбында эссе жазыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет