Бағдарламасы ортасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өз шығармашылық жұмыстарымды ұсыну



бет1/8
Дата10.10.2022
өлшемі2.61 Mb.
#462325
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8
CorelDraw лекция



Аннотация
Зерттеу мақсаты: CorelDraw бағдарламасы ортасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өз шығармашылық жұмыстарымды ұсыну.
Зерттеу мәселесі: CorelDraw бағдарламасын және жаңадан шыққан бағдарламаларды зерттеп балдарға пайдалану және ынталандыру.
Зерттеу болжамы: Осы бағдарламада әр түрлі суреттер, ваннер, жарнама жасап, сыныптарыма көрсетемін және шығармашылық сынып ашылса оларға үйретемін.
Зерттеу тапсырмалары:

  • CorelDraw бағдарламасымен танысу.

  • CorelDraw бағдарламасы арқылы алынған жұмыстарды ұтымды пайдалану.

Зерттеу кезеңдері: Мен өзімнің ғылыми жұмысымды 4 кезеңге бөлдім.
І кезең: тақырыпты таңдау.
ІІ кезең: тақырыпқа байланысты тарихы, информатикалық шығармаларды жинақтап оны топтау.
ІІІ кезең: табылған ақпаратты талдау және өңдеу.
ІVкезең: жұмысты жазып, қорғау.
Зерттеу құралдары: информатикалық кітаптар, бұқаралық ақпарат, интернет желісі.
Зерттеу әдісі: дидуктивті, индуктивті әдіс.
Жұмыс нәтижесі: CorelDraw бағдарламасы оқушыларға басқа бағдарламаларға қаранда өте ыңғайлы әрі оқушылар көңілінен шыққандығын, қызықтыра білгендігін әрі оқушылар бұл бағдарламада тез жұмыс жасайтын көз жеткіздік.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе..........................................................................................................3
1 ТАРАУ. Corel Draw бағдарламасы туралы түсінік.............................4
1.1.CorelDRAW бағдарламмасы тарихы...................................................7
1.2 CorelDraw негізгі терезелері................................................................8
2 ТАРАУ. Coreldraw бағдарламасының жұмыс жасау режимі.............9
2.1 Құрал-саймандар тақтасы .....................................................................18
2.2 CorelDraw графикалық редакторының арнайы эффектілері............20
3 ТАРАУ. Coreldraw x3 бағдарламасында қарапайым жарнама баннерін жасау..............................................................................................................21
3.1. Жарнама, Баннер жалпы түсінік..........................................................22
3.2 CorelDRAW бағдарламасын қолдану арқылы алынған жұмыстардың нәтижелері......................................................................................................23
Қорытынды.....................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер...............................................................................25

КІРІСПЕ

Заман ағымына сай компьютерлендіру үрдісі де жүзеге асты. Жаңа технологияларды оқып үйренумен қатар, оларды қолдану кез келген білім ошықтарында жоғарғы оқу орындарында жүзеге асырыла бастады.


Технологияның жетіліп дамығаны сондай сыртқа шығару мүмкіндіктеріне қол жеткізіп отырмыз.Жаңа технологиялық әдістерді тек теориялық тұрғыда ғана қарастырмауымыз керек. Оны оқып үйренудегі білімімізді тәжірибелік тұрғыда, яғни күнделікті тұрмыста, үйде немесе басқа да өндіріс салаларында қолдана білгеніміз жөн. Жаңа технологияларды меңгере отырып, жұмыс жасау үшін басты міндеттердің бірі компьютердің барлық жұмыс жасау мүмкіндіктермен бағдарламаларды қамсыздандыру ерекшеліктеріне,қолданушы үшін компьютерге қойылатын талаптарға сай жұмыс жасау қажет. Осындай үлкен алға қойылған бүгінгі күннің талаптарынан болашаққа деген көзқарас, технологияны меңгеруге деген талпыныс, қызығушылық арта түспек.
Бүгінгі күн суреттер, тақырыптарды әдемілеп безендіру, фотосуреттер сияқты графикалық обьектілерсіз құжаттар дайындау мүмкін емес. Сандық мәліметтерді өндеу, тақырып түрінде хабарламалар жасау жұмыстарымен қатар бүгінгі күні әр түрлі безендіру жұмыстарын жүргізуде және мәліметтер беріп қана қоймай көзге әсер ететіндей графиктармен құжаттар жасау үшін жақсы құралдар қажет.
Осы талапты орындайтын қажетті құралға – CorelDraw жатады. Corel фирмасының бағдарламалық құралын қазіргі жинақтаудың негізін құрайтын CorelDraw бағдарламасы 2002 жылы тамызда шығарылды. Ол он екі жылдық эволюцияның жемісі болып табылады, тамаша әмбебаптылық пен қуаттылықты қамтиды, өнеркәсіптік дизайнда да және Web – парақтар үшін бейнелер жасауда тең дәрежеде пайдалы болып табылады. Векторлық графикамен жұмыс істеу үшін программалардың дүниежүздік лидері басқа программа – Adobe lllustrator болып табылатынына қарамастан, CorelDraw көптеген параметрлер бойынша кем түспейді және одан басым түседі, сондай – ақ оның CorelDraw өздерінің негізгі жұмыс құралы деп санайтын қолданушы – профессионалды орасан зор армиясы бар.
CorelDraw – дизайнерге, веб-беттерін дайындаушыларға және суретшілерге таптырмайтын көмекші. Графикамен ойнауды жақсы көретін пайдаланушылардың көпшілігіне бұл бағдарлама өте пайдалы. Осы бағдарламаны игеруге жұмсалған күштері есесімен қайтарылады.
CorelDraw пайдаланушыларға жете дайындалуға өте ыңғайлы, көп түрлі құрал аспаптар жиынтығын ұсынады және жасалған графикалық обьектілерді толық игеруге мүмкіншілік туғызады. Бұнда жаңа бастаған пайдаланушыда, немесе тәжірибесі мол машықтанған шеберде күнделікті өзіне бір жаналық ашып отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет