9-10 практика тапсырмасы:
Зияты зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу.
Қазіргі таңда арнайы интернат-үйлері медициналық –әлеуметтік, психоневрологиялық аурулары бар тұлғаларға арналған мекемелер болып өзгертілді яғни бұл жерде медициналық көмекпен бірге түзете-дамыта оқыту еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыру жұмыстарды жүргізу ұйымдастырылған.
Батыс Еуропада қалыптасқан дәстүр бойынша ата-аналар мен қамқоршыларзиятында ауыр және терең ауыиқуы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін мемлкеттік немесе жеке меншік білім беру мекемелерін таңдауға құқылы. Бұл топтағы балалар бастауыш және кәсіби білім алу құқылы. Бастауыш білімінің мазмұны – оқу, жазу, есептеудің қарапайым деңгейіндегі білім, икемділік пен дағдыны қамтиды.
Қазақстан Республикасында мүмкіншілігі шектеулі балаларға оңалту мен білім беру көмегінің жаңа ықпалы 2002 жылы 11 шілдеде қабылданған «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңында көрсетілген. Осы заңда зиятында ауыр және терең бұзылыстары бар балаларға үй жағдайында әлеуметтік көмек көрсету білімі анық көрсетілген.
Жоғарыда айтылған мәселеге байланысты арнайы оқыту бағдарламасын құру қажеттілігі пайда болды. Біздің елде осы уақытқа дейін зиятында ауыр және терең бұзылыстары бар балаларға арналған бағдарлама болған жоқ.
2005 жылы ұлттық-ғылыми тәжірибелік түзету- педагогикалық орталығында аталмыш балаларға арналған күндізгі бөлім ашылды. 1994 жылы бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының қабылдаған жіктеуі бойынша зияттың төмендігі төрт негізгі деңгейге бөлінеді: жеңіл – Ғ 70, орташа –Ғ 71,ауыр-Ғ72, терең – Ғ73.
Зиятында ауыр және терең ауытқуы бар балалардың психикалық және дене дамуының жағдайларын сипаттай келе, келесідей ерекшеліктерді атауғаболады: бұл топтағы балалардың қимыл-қозғалыстары баяу, мақсатсыз, жүру немесе жүгіру үрдісі кезінде қиындық танытады, бір әкеттен екінші әрекетке ауысу қимылдары шектелген, сөздік нұсқауларды қимыл-қозғалыспен сәйкестендіре алмайды. Ал, кейбір балалардың қимылдары керісінше өте жылдам және мақсатқа сай бағытталмаған.
Егер зиятында ауыр және терең бұзылыстары бар баллардың жалпы моторикасын сипаттайтын болсақ, онда бірінші орынға қимылдың ұғымдық құрылымының дамымағандығы алға шығады, яғни баланың тірек – қимыл қозғалыс аппаратының жағдай мен кейбір қимылдарды немесе қимылдардың элементтерін орындай алады. Бірақ та тапсырманы түсіне алмауының себебінен қимыл-қозғалыстарыд толығымен орындай алмайды. Сондықтан да, бала бөлмеде мақсатсыз ары-бері жүреді немесе бір орында отыра береді. Екі жағдайда да баланың кеңістікте бағдарлай алмайтындығын байқауға болады. Олар кеңістіктің шекараларын қабылдамайды, сонымен қатар өзінің бөлмеде тұрғанын түсінбейді.
Зиятында ауыр және терең ауытқуы бар балалар қоршаған орта болмыстарын үстіртін қабылдайды. Мысалы , бала пирамиданы жинау барысында оның сақиналарын таяқшаға кигізу қимылдарын меңгереді, ал егер басқа материалдан жасалған, көлемі, түсі басқа пирамиданы ұсынып дәл сондай тапсырма берілсе, бала бұл тапсырманы орындай алмайды.
Түзету жұмысының нәтижесінде балаларда қарапайым елес пен түсініктер пайда болады. Мысалы олар қабылдаған объектілерді біріктіре алады. (киім, аяқ киім, ыдыс).
Зиятында ауыр және терең бұзылыстары бар балалардың көңіл-күйлері әр уақытта көтеріңкі болады, бірақ оның сол жағдайда қарапайым қажеттілігінің болмауынан (қарнының ашуы, шөлдеу, таныс емес бөлме) көңіл-күйлері кенеттен өзгереді. Мұндай балалар тез шаршағыш келеді, зейінін жинақтай алмайды. Эмоционалды реакциялары кедей, мысалы, қолындағы затты тартып алса, ол ренжігенін көрсетпейді, бірден жылап қалады.
Бұл топтағы балалардың зейіні тұрақсыз, бір әрекетте тоқталып қалумен шектеледі. Бір әрекетті меңгеріп алған соң, сол әрекетті мақсатсыз қайталаудан жалықпайды. Зиятын ауыр және терең бұзылыстары бар балалар ересектерге және де басқа адамдарға еліктей алмайды. Кей жағдайда ғана күнделікті кездесетін тұрмыстық үрдістерді қайталайды. Мысалы, сыпыру, үстелдің үстін сүрту, телефонмен сөйлесу және т.б. Аталмыш балалардың сөйлеу тілінің барлық жағы дамымаған болып келеді. Зиятында ауыр және терең бұзылыстары бар балалар нұсқауды түсінбегендіктен, олардың артикуляциялық аппараттарының қозғалысын тексеру оңайға соқпайды. Бұлшықет қозғалмалығы өте төмен, еріндері әлсіз және толық жымқыру мүмкіндігі жоқ. Тілдерінің ұшы болмайды,әдетте тілдері өте үлкен және балалардың көпшілігінде сілекей бөліну үрдісі қарқынды жүреді.
Артикуляциялық аппараттың бұзылыстарынан тыныс алу жетіспеушілігіне алып келеді. Ал, балалардың көпшілігі қарым-қатынаста сөйлеу тілінің қажеттілігін түсінбейді. Нұсқауды белгілі бір әдеттегі жағдайда еліктеу арқылы, не болмаса дауыс ырғағына қарай қабылдайды. Лексикалық сөздіктің кеңеюі мен белсенді сөйлеу тілінің дамуының арасында тікелей тәуелсіздік жоқ,яғни бұл артикуляциялық аппараттардың кемістігін, фонематикалық қабылдаудың бұзылысы және ақпарат алмасу қажеттілігінің төмендігімен байланысты.
Зиятында терең бұзылыстары бар балалардың ойлау жүйесі. Көп жағдайда ойлау операциялары мүлдем болмайды, болған жағдайда-ұғымдық байланыстары әлсіз келеді. Кей жағдайда балалар қарапайым жалпылауды орындауға қол жеткізеді (мысалы, егер ыдысты алып беру ұсынылса, онда ол кесе немесе тәрелкені көрсетеді). Өзіндік тәжірибені іс жүзінде өндей алмайды, бірақ тұрмыстық жағдайда белгілі бір деңгейде бақылау мүмкіндігіне ие. Басқа балалармен қарым-қатынасқа түспейді және оларға зейін салуы эпизодтық тұрғыда болады. Ереже бойынша, бала өзінің орындаған әрекетіне көңілі толмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |