Ағымдағы және әлеуетті проблемалары
-
Өндірістің тиімділігін арттыруын тежейтін, жабдықтардың тозу
деңгейінің жоғарылығы.
-
Бар өндірістік алымдылықты толық пайдаланбау.
-
Шамалы инвестициялық тартымдылық және кәсіпорындардың айналым қаражаттардың тұрақты тапшылығы
Облыс кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі, негізінен, өнімдік және процестік инновациялармен құрылған. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өткізілген инновациялық өнімдер арасында жаңадан енгізілген немесе едәуір технологиялық өзгерістерден өткен өнім түрлері айтарлықтай үлес құрайды.
Технологиялық инновацияларға арналған күрделі және ағымдағы шығындар басқа да технологиялық шығындарға, машина және жабдықтар сатып алуға, жаңа өнімдерді зерттеу және әзірлеуге, жаңа технологияларды сатып алуға жолданды.
Кейінгі жылдары, өңдеу саланың даму проблемаларын ескере отырып, инновациялық белсенділікті жаңадан енгізілген өнім, машина және жабдықтар сатып алу және «ноу-хау» енгізу есебінен де жоғарылату жоспарланып отыр.
Даму беталысы
Аймақтың инновациялық және инвестициялық тартымдылықтың дамуына себепші болатындар:
-
Индустриалдық аймақты құру;
-
аймақтық, республикалық және халықаралық іс-шараларда қатысу;
-
инвестициялық және инновациялық жобалар дерекқордың құрылып, үнемі жаңарып отыруы;
-
сұхбаттық алаңын ұйымдастыру.
-
бірыңғай ғылыми орталығын құру
Қостанай облысы бойынша 2012-2014 жылдардағы негізгі капиталға инвестицияларды талдау көрсеткіште жыл сайынғы өсу қарқыны бар екенін көрсетіп отыр.
2014 жылы инвестициялар 2012 жылмен салыстырғанда 16,6-ға ұлғайып, 190929 млн. теңге, нақты көлем индексі – 101,0 құрады (республика аймақтардың арасында 12 орын). Республика бойынша бұл көрсеткіш – 103,9.
Облыс инвестицияларының үлесі республика көлемінде 2010 жылғы 2,6-дан 2014 жылы 2,9-ға өсті (РК негізгі капиталға инвестициялар көлемі – 6574,7 млрд. теңге).
2014 жылы инвестициялар 2012 жылмен салыстырғанда 27175 млн. теңгеге өсті (163754 млн. теңге).
2012-2014 жылдары экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға инвестициялар мынадай салалар бойынша ұлғайды:
өңдеу өнеркәсібінде 13 млрд. теңге (2012 ж. – 13,5 млрд. теңге, 2014 ж. –26,5 млрд. теңге);
сумен жабдықтауда 8 млрд. теңге (2012 ж. – 6,4 млрд. теңге, 2014 ж. –14,4 млрд. теңге;
тау-кен өнеркәсібінде 700 млн. теңгеге төмендеді (2012 ж. – 56,4 млрд. теңге, 2014 ж. – 55,7 млрд. теңге);
Негізгі капиталға инвестициялардың негізгі қайнар көзі кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың меншікті қаражаттары болып табылады. Осы қайнар көздің инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 2014 жылы 64,1% құрады. Тартылған қаржат есебінен – 5,9, банк кредиттері – 5,3%. Бюджетік қаражаттар есебінен инвестициялардың үлесі 24,7% құрады.
2014 жылы негізгі капиталға салымдардың басым бөлігі өнеркәсіпке – 106,3 млрд. теңге (негізгі капиталға ивестициялардың көлемінен 55,6%) бағытталды, оның ішінде тау-кен өнеркәсібіне – 55,7 млрд. теңге (29,2%), өңдеу өнеркәсібіне – 26,5 млрд. теңге (13,9%), электрмен жабдықтау, газ беру, бу және ауа реттеуге 9,6 млрд. теңге (5%), сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қоқыстарды жинақтау мен таратуды бақылауға – 14,4 млрд. теңге (7,5%). Ауыл, балық және орман шаруашылығына инвестициялар – 19,5 млрд. теңге (10,2%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға – 19 млрд. теңге (10%), көлік және жинақтауға – 29 млрд. теңге (15,2%), білім саласына 4,3 млрд. теңге (2,3%) құрады.
2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы облыс аудандарында (Жангелді-41,5%, Қарасу-43%, Алтынсарин-50,9%, Қостанай-57%, Денисов-57,3%, Қарабалық-58,3%, Рудный-61%, Федоров-90,2%, Әулиекөл-98,1%) ауыл шаруашылығына арналған инвестициялары төмендеді, оның нәтижесінде «Ауыл шаруашылығына инвестициялардың нақты көлемі индексі» көрсеткіші қол жеткізілмеді.
25-кесте
Негізгі капиталға инвестициялар
|
2007ж
|
2008ж
|
2009ж
|
2010ж
|
2011ж
|
2012ж
|
2013ж
|
2014 ж.
|
Инвестициялар барлығы, млн. теңге
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы
|
3392122
|
4210878
|
4585298
|
4653528
|
5010231
|
5473161
|
6072687
|
6574689
|
Қостанай облысы
|
96418
|
108694
|
122204
|
120850
|
150730
|
163754
|
180419
|
190929
|
Үлес %-бен
|
2,6
|
2,6
|
2,6
|
2,6
|
3,0
|
3,0
|
3,0
|
2,9
|
Инвестицияларының жалпы көлемі 431,7 млрд. теңге, 88 объект қамтитын (индустрия-31 жоба, АӨК-57 жоба) индустриаландыру Картасының шеңберінде жобаларды іске асыратын кәсіпорындар инвестицияларды игеруге белгілі бір үлестерін қосады.
Қазақстанның Индустриаландыру картасын іске асырған кезеңде облыста 101,2 млрд. теңге сомасына 69 объекті пайдалануға беріліп, 4,3 мың жаңа жұмыс орындары құрылды.
2014 жылы 455 жұмыс орнын құрып, 14,5 млрд. теңге сомасына 8 объект енгізілді.
2014 жылдың қорытындылары бойынша 2010-2013 жылдары пайдалынамға енгізілген 69 объектілерден 100% –ғы жоспарланған күштілігіне 55 кәсіпорын жетті (80%), 50%-дан 90 дейін 12 объект.
2015 жылы 16,9 млрд. теңге сомасына 654 жұмыс орын құрумен 3 инвестициялых жобалар жоспарлануда.
Индустриялық-инновациялық даму
2015 жылға дейін экономиканың әртүрлі салаларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру елдің үдемелі индустрияландыру саясатының негізгі басымдығы болады.
Қостанай облысының индустриаландыру Картасы инвестицияларының жалпы көлемі 431,7 млрд. теңгемен және 8 мыңнан астам жұмыс орнын құратын 88 объектіні, олардан индустрия саласында 31 жобаны және агроөнеркәсіп саласында 57 объектіні қамтиды.
2010-2014 жылдары 4753 жаңа жұмыс орнын құрып, 115,8 млрд. теңге сомасына 77 объекті пайдалануға берілді. Оның ішінде индустрия саласында жалпы құны 73,2 млрд. теңге құраған, 2710 жұмыс орны құрылған 22 объекті; АӨК саласында жалпы құны 42,6 млрд. теңге құраған, 2043 жұмыс орны құрылған 55 объект пайдалануға берілді.
Индустрияландыру картасын іске асыру барысында жаңа жабдықтарды қолданып, өңірде авто жинайтын 4 өндіріс, комбайн жинау зауыты, полиэитлендік құбырлар өндіретін 2 зауыт, етті қайта өңдейтін 3 кешен, итальяндық технология бойынша макарон цехы, компьютермен басқарылатын 6 сүт-тауарлық ферма, 6 көбейткіш шаруашылық және 9 мал бордақылау алаңы, жаңа заманғы жабдықпен жарақтандырылған 8 диірмен, 5 құс фабрикалары, 3 көкөніс сақтау қоймалары, сүт зауыты, 2 темірпрокатты зауыт, кендайындағыш кешені, полиэтилен орамаларын өндіретін 2 цех және т.б. сияқты жаңа өндірістер ашылды.
Соның ішінде:
2010 жылы жалпы құны 16,8 млрд. теңге тұратын 10 объекті пайдалануға берілді (1075 жұмыс орны құрылды), оның ішінде Рудный қаласында қуаттылығы жылына 75 мың тонна дайын өнім өндіретін метал прокат зауыты («ССКӨБ» АҚ), Қостанай ауданының Затобол кентінде жылына 5,4 мың тонна ет өндіретін етті қайта өңдеу кешені («Қарасу-Ет» ЖШС), Қостанай ауданының Садчиков кентінде 400 бас ІҚМ басына сүт-тауарлық фермасы («Садчиковское» ЖШС), Қостанай қаласында қысқаша кесілген макарон өнімдерін өндіретін цех («Костанайский мелькомбинат» АҚ) және басқалары.
2011 жылы жалпы құны 24,6 млрд. теңге тұратын 28 объекті (1081 жұмыс орны құрылды), оның ішінде мынадай ірі жобалар іске асырылды: Қостанай қаласында «SsangYong» үлгісіндегі автомобильдерді жинау өндірісін ұйымдастыру («АгромашХолдинг» АҚ); Арқалық қаласының Айдар кентінде өндірістік қуаттылығы 300 млн. жұмыртқаға дейін жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасын жаңғырту және дамыту («АгроИнтерПтица» ЖШС); кен дайындау кешенін жылына 60 млн. тонна кенге дейін ұлғайту, № 17 технологиялық секциясының құрылысы («ССКӨБ» АҚ); Қостанай қаласында жылына қуаттылығы 4 250 тонна орамадағы штампталған қатты карамелді өндіруді ұйымдастыру («Баян Сұлу» АҚ); Сарыкөл ауданының Сорочинское селосында 500 бас сауын сиырға арналған сүт-тауарлық ферманың құрылысы («Сорочинское 2030» ЖШС) және басқалары.
2012 жылы жалпы құны 20,8 млрд. теңге тұратын 20 инвестициялық жоба іске асырылды (1298 жұмыс орны құрылды), оның ішінде: Қостанай қаласында автомобильдерді сериялық өндіруді ұйымдастыру («Сарыарқа Автопром» ЖШС); Қостанай қаласында қуаттылығы жылына 80 дана асфальт араластыратын қондырғы шығаратын зауыттың құрылысы («Лудэ-Каз» ӘК ЖШС); Қостанай қаласында ESSIL КЗС-740 өзі жүретін бидай жинайтын комбайндар және басқа ауыл шаруашылығы техникасын өндіру («АгромашХолдинг» АҚ) және басқалары.
2013 жылы 844 жұмыс орнын құрып, жалпы құны 39017,4 млн. теңге тұратын 11 инвестициялық жобаны іске асырылды, оның ішінде Ел басы қатысуымен өткен Жалпыұлттық Телекөпір барысында іске қосылған 2 жоба: ұсақ сортты прокат станының зауыты («ЕвразКаспианСталь» ЖШС); «SsangYong» үлгісіндегі NOMAD моделді автомобильдерді CКD әдісімен дәнекерлеу, бояу, жинау өндірісі («СарыаркаАвтоПром» ЖШС).
2014 жылы 1485 млрд. теңге жалпы құнымен (455 жұмыс орын құрды) 8 инвестициялық жоба іске асырылды, олардың ішінде: ұсақ ілмекті құрастырма әдісімен Toyota Fortuner маркасының автомобиль өндірісін құру («СарааркаАвтоПром» ЖШС); үй салатын комбинатын құрылысы («Қостанай МБИ» ЖШС); тәжірибелі-кәсіптік өнімі және дайын өнім алуымен кенді қайта өндеу – Доре ертіндісі («Брендт» ЖШС) және т.б.
2015 жылы 654 жұмыс орнын құрып, жалпы құны 16,8 млрд. теңге тұратын 3 жобаны іске асырылады, оның ішінде ірі жобалар:
- Рудный қаласындағы сүт пен қышқыл сүт өнімдерін өндіретін цехі құрылысы (өтініш беруші – «Лидер-2010»);
- Рудный қаласындағы цемент зауытының құрылысы (өтініш беруші - «Рудный цемент зауыты» ЖШС);
- Қостанай ауданының Затобольск поселкесіндегі нан және кондитер өнімдерін өндіретін фабрикасының құрылысы (өтініш беруші - «Дружинин Е.П.» ЖК).
Күшті жақтары
Облыстың өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі.
Минералдық шикізаттық-ресурстардың болуы.
Облыста өнеркәсіп кәсіпорындары санының ұлғаюы.
Өңдеу өнеркәсібінде инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігі.
Ағымдағы және әлеуетті проблемалары
1. Өнеркәсіптің шикізаттық (темір кені, бокситтер, асбест және т.б.) бағыты.
2.Өңдеу өнеркәсібінің жеке салалары өнімдерінің бәсекеге жеткіліксіз қабілеттілігі.
3. Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары жабдықтарының физикалық және моральдық жағынан жоғары деңгейде тозуы, оларды жаңартуға қаражаттың тапшылығы.
4. Тау-кен секторы өнімдері бағасының төмендеу мүмкіндігі.
Даму беталысы
1. Өнеркәсіптің шикізаттық емес секторының дамуы (бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнеркәсіптерді құру және дамыту).
2. Отандық тауарлардың өндірушілеріне сыртқы экономикалық қолдау көрсету (кедендік жеңілдіктер).
3. Өтім нарықтарын көбейту, өндірісті кеңейту, машина жасау мен тамақ өнеркәсібін дамыту.
Жергілікті қамтуды дамыту
Облыс аумағында импорттық іспеттес өнімдерімен бәсекелесе алатын өнімдердің ірі тізімі шығарылады.
Мемлекеттік органдар ғана емес, олармен қатар ұлттық компаниялар, ірі компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылар жүргізетін тауар сатып алу кезінде бұл тауарлардың спектрі жергілікті қамтудағы негіз болып табылды.
Өңірде көмір, темір кені, асбест, бокситтер өндіріледі.
Ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріледі және кәсіпорындардың оларды қайта өңдейтін өнімдер тізімі (астық, ұн, жарма, сүт және ет өнімдері, өсімдік майы) кеңеюде.
«АгромашХолдинг», «Агротехмаш», «Дормаш», «Болашақ - А» және басқа машина салу кәсіпорындары ауыл шаруашылығы техникаларына қосалқы бөлшектер, егін орғыштар жасайды, тракторлар, комбайндар жинауды жүргізеді, маневрлық тепловоздар жөндейді.
Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары («Алпамыс» аяқ-киім фабрикасы, «Большевичка» тігін фабрикасы, «Қостанай тоқыма-трикотаж фабрикасы») арнайы киімдердің, трикотаж бұйымдары мен аяқ-киімдердің үлкен тізімін шығарады.
«Баян-Сұлу», «Алтын өмір», «ДЕП», «Милх», «Ирина и К» және басқа тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында азық-түлік өнімдерінің түр-түрі өндіріледі.
Барлық аталған салалардың кәсіпорындары Қазақстан Республикасының әр түрлі құрылымдарымен жұмыс істеуде тәжірибелері бар.
Арнайы киім, ұсталық бұйымдар, оттегі сияқты тауарлар, кейбір құрылыс материалдары, баспа және бланктік өнімдер сияқты тауарлар жергілікті жеткізушілерден сатып алынады. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау обьектілері үшін азық-түлік өнімдері негізінде жергілікті жеткізушілерден сатып алынады.
Қостанай облысынан жүйе құрылатын кәсіпорындарының тізбесіне 7 кәсіпорын кірді («АгромашХолдинг» АҚ, «Дормаш» ЖШС, «Большевичка» ӨК, «СарыркаАвтоПром» ЖШС, «Қостанай-МБИ» ЖШС, «Қарасу Ет» ЖШС, Костанайский мелькомбинат» АҚ).
Бағдарламаның нысаналы индикаторларға сәйкес 2014 жылы тауарларды 15%-дан төмен емес, жұмыстарды және қызметтерді-68% сатып алуында жергілікті маңызы үлесті қамтамасыз ету керек.
2014 жылдың қорытындылары бойынша «NАDLОС» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ» берілген ақпараты бойынша жүйе құратын кәсіпорындарының сатып алуында жергілікті маңызы үлесі тауарларда-0,3%, жұмыстарда-95,8%, қызметтерде-76,3% құрады (2013 жылы тауар-12,6%, жұмыс-100%, қызмет-87,9%, 2012 жылы тауар-0,2%, жұмыс пен қызмет-83,1%.
Қостанай облысында өндірілетін бәсекеге қабілетті тауарларды ішкі нарыққа жылжыту мақсатында кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады. Өңірдің кәсіпорындары өңірлік және респуликалық формудар мен көрмелерге қатысады.
Отандық өндірушілерге көмектесіп ҚР индустрия мен жаңа технологиялар Министрлігі «Казахстанское содержание» Интернет-порталы құрады (www.ks.gov.kz). Портал Бірыңғай автоматтандырылған программа-техникалық жиынтығын құру, Қазақстандық тауар өндірушілерінің тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай реестрін жүргізу, өндірілген өнімінің каталогын жүргізу және сатып алу жоспарларын көру үшін арналған.
Ағымдағы және әлеуетті проблемалары
Жергілікті қамтудың дамуына кедергі жасайтын негізгі себеп өнім шығарушы зауыттардың болмауы (кеңсе, шаруашылық тауарлары, тұрмыстық және компьютерлік техника, медициналық жабдықтар, арнайы көлік, сонымен қатар кейбір азық-түлік тауарлары және т.б.) болып табылады. Сондай-ақ, Қазақстанның аумағында шығарылған немесе өндірілген азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың, электр энергиясының, судың және басқа да тауарлық өнімдердің басқа түрлерін жеткізетін жеке жеткізушілер қазіргі уақытта СТ-KZ пішіміндегі сертификаттарды алған жоқ.
Жеткізушілердің СТ-KZ пішіміндегі сертификаттары болған жағдайда да басқа жағдайларда сертификаттардағы жергілікті қамту үлесі кемінде 15-20% құрайды. Осыған байланысты тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту аз ғана үлесті құрайды.
Сондай-ақ, жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесіне сәйкес жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде жергілікті қамтудың мардымсыз пайызы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсету кезінде және жергілікті қамтуды есептеу кезінде импорттық өндіріс тауарлары (қазақстанда өндірілмейтін құрылыс материалдары, арнайы жабдықтар, ұйымдастыру техникасы және т.б.) пайдаланылатынымен негізделеді, тапсырыс берушілер жергілікті қамту үлесін жеткізушіде СТ-KZ пішіміндегі сертификаты болған жағдайда ғана көресете алады.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектісі үшін СТ-KZ сертификатын алу уақытша да, қаржылық та шығындармен байланысып жатыр. Осыған байланысты, сертификат 1 жыл әрекет етеді, кәсіпкер жыл сайын оны алу шығындарын тартады. Негізінен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің көрсетілген себептер бойынша (жеткізушілер өз азық түлік тауарларын қайта өңдеуге) сертификат алуға қызығушылықтары жоқ.
Бұл ретте тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінде жергілікті қамту үлесін жоғарылату мақсатында облыстың мемлекеттік ұйымдарының барлық қызметкерлері нормативтік құқықтық актілердің, оның ішінде тек қана қазақстандық жеткізушілер мен тауар өндірушілердің арасында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды қарастыратын актілердің талаптарын қатаң сақтауы керек.
2.2.2. Өңірдің әлеуметтік саласын талдау
Демографиялық әлеует
2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша халықтың саны 881,5 мың адам құрады. Облыс халқының саны 2012 жылмен 2014 жыл аралығында 0,17-ға, немесе 1,5 мың адам, оның ішінде қала тұрғындарының саны 2,1-ға (9,4 мың адамға) төмендеді, ауыл тұрғындарының саны 1,8-ға (7,9 мың адамға) ұлғайды.
2012-2014 жылдары облыста оң серпін байқалып отыр, туылғандардың саны 260 адамға азайды, қайтыс болған адамдардың саны 807 адамға азайды, оң өзгерістер ауылдағыдай қалалық жерлерде де байқалып отыр. Рудный, Арқалық қалаларында, сондай-ақ Әулиекөл, Науырзұм, Ұзынкөл, Федоров аудандарында оң өзгерістер өз көрінісін тапты.
Соңғы үш жылдары халықтың табиғи өсімі 2012 жылдағы 2874 адамнан 2014 жылдағы 3421 адамға артты.
2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы неке қию саны 8-ға, ажырасу саны 2,3-ға төмендеді.
Көші-қон
2012-2014 жылдар аралығында облыста көші-қон сальдосы ұнамсыз болып отыр. Кеткен адамдардың саны келген адамдардың санынан бұрынғыдай асып отыр.
2014 жылы облыс ішіндегі көші-қонның жағымсыз сальдосы Әулиекөл (-648 адам), Таран (-530 адам), Меңдықара (-489 адам), Жангельды (-489 адам) аудандарында, байқалды. Облыс ішіндегі көшіп-қонуы кезінде көші-қонның жағымды сальдосы облыстың үш қалаларында және Қостанай ауданында сақталады.
Қалалық жерге 15074 адам немесе барлық келген адамдардың 58,9-ы қоныс аударды. Көбінесе қалаға ауылдық жерлердің тұрғындары, әсіресе жастар қоныс тебеді. Тұрғындардың ауылдық жерлерден қалаға ағуы облыс қалаларында орта және жоғары білім алуға, ауыл шаруашылығы өнеркәсітерінде жұмыс орындарының болмауы мен төмен жалақы мөлшеріне байланысты болып отыр.
2014 жылы қалалық жерден 11537 адам немесе кеткен адамдардың жалпы санынан 40,7 тұрғылықты жерінен шығып кетті. Республикадан тыс жерлерге 2496 адам немесе 8,8, облыс сыртына – 3618 адам немесе 12,8 кетті.
Ауылдық жерлерден 16794 адам, оның ішінде республикадан тыс жерлерге 8,2, 10,2 облыстан тыс жерлерге көшті.
Республикадан тыс жерлерге қоныс аударған көшіп-қонушылардың саны Қостанай (-765 адам), Лисаковск (-291 адам) қалаларында, Қостанай ауданында (-250), Қазақстанның басқа облыстарына - Арқалық (-275 адам) қаласында байқалып отыр.
Қостанай облысы 2012 жылға дейін халық саны жағынан жағымсыз өсімге ие. 2007 жылдан 2011 жылға дейін көшіп-қону есебінен 4-тен 5 мың адамға дейін жыл сайын жоғалтты. 2012 жылы алғашқы рет халықтың 487 адамға дейін өскені байқалып отыр. 2008 жылға дейін облыста халықаралық, ал 2008 жылдан бастап – республика ішінде көшіп-қону басым болды.
2012-2014 жылдар ішінде келген адамдардың санымен салыстырғанда облыстан және республикадан тыс жерлерге жыл сайын 1,2-2,2 мың адамға артық кетті. Келген адамдардың санымен салыстырғанда Қазақстан Республикасының басқа облыстары мен облыс аудандарына 0,5-1,2 мың адамға көбірек кеткен болатын.
Білім беру
Білім беру саласында компьютерлермен, жаңа үлгідегі кабинеттермен және кең жолақты Интернетпен жарақтандыру негізінде мектептердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі деңгейлерін арттырудың тұрақты қарқыны байқалып отыр, бұл қызмет алушыларының сапалы білімге қол қол жеткізуін арттырады.
Техникалық және кәсіби білім беретін объектілердің қатары және оларда білім алушылар санының ұлғаюы облыс экономикасының әр саласын білікті кадрлармен қамтамасыз етуді арттырады. Кәсіптік лицейлер мен колледждер жұмыспен қамтамасыз етілген түлектері санының өсуі өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге көмектеседі.
Облыста балаларды мектепке дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтуды өсірудің тұрақты қарқыны байқалуда. Облыста мектептерді мақсатты ағымдағы және күрделі жөндеу, жаңарту, осы заманғы нормаларға сай мемлекеттік тілде оқыту үшін жағдай жасалған жаңа мектептер салынуда.
Сонымен қатар, өңірдің әлеуметтік саласы жағдайының жағымсыз жақтары да бар. Яғни, облыста ТжКБ оқыту мекемелерінің зертханалары мен өндірістік шеберханаларын қамтамасыз ету деңгейі төмен. Жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілде оқытатын түзету сыныптарының желісі жеткілікті дамымаған.
Мектепке дейінгі білім беру
Облыста мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жалпы саны (бұдан әрі – МДБҰ) 2015 жылдың 1 қаңтарына 639 бірлікті құрай отырып, 2012-2014 жылдары 7 бірлікке ұлғайды.
Облыста бала бақшаға баратын балалардың жалпы саны 2012-2014 жылдары 11,2%-ға немесе 2474 балаға ұлғайып, 2015 жылдың 1 қаңтарында 22083 адам құрады.
0 ден 7 жасқа дейінгі балалардың саны 72150, оның ішінде ауылдарда – 35290 бала құрайды. Облыста 167 балабақша, 472 шағын орталық бар, балаларды мектепке дейін тәрбиелеумен және оқытумен қамту 2012 жылмен салыстырғанда 1,4%-ға төмендеді.
31 балабақшада тәрбиелеу және оқыту қазақ тілінде жүреді, олардың 16,8%-ын (3525) 1-ден 6 жасқа дейінгі қазақ балалары қамтиды.
2015 жылдың 1 қантарына облыс бойынша 167 ББ-да және 472 шағын орталықта 35474 бала, оның ішінде бала бақшаларда – 22083, шағын орталықтарда – 13391 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі біліммен 35,4 мың бала қамтылды немесе 90,6% (республика бойынша – 52,3%). Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-аналарға арналған 87 кеңестік пункт қызмет етеді.
Облыста орындардың жетіспеушілігі проблемасы сақталып отыр, бұл МДБҰ-да топтардың тығыздығымен айқындалып отыр. Әсіресе бұл проблема қалалық жерлерде орын алған.
2015 жылдың 1 қаңтарында бала бақшаға бару үшін кезекте тұрған балалардың саны 21625 адамды (2010 жылдың 1 қаңтарына – 11744) құрайды. Бала бақшаға бару үшін кезекте тұрған балалардың үлкен саны Қостанай қаласында – 9500 бала, Рудныйда – 4702 бала, Арқалықта – 1800 бала, Лисаковта – 1106 бала, Қостанай ауданында – 1261 бала байқалады.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыста 8315 орынға арналған 59 бала бақша, 13 шағын орталық ашылды.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласында облыста балаларды мектепке дейін тәрбиелеумен және оқытумен қамту деңгейімен, МДБҰ-ның қызметкерлермен қамтамасыз етілуі деңгейінің ұлғаюымен көрініп отырған оң серпін байқалып отыр. Сол сияқты, қалалық жерлерде МДБҰ-ның жетіспеушілігі, топтардың көбеюі және мұғалімдер мен тәрбиешілерге түсетін өте ауыр жүктеме бұл облыстағы өңірдің басты проблемалары болып табылады.
Сонымен қатар, өңірде қызмет көрсетудің сапасына жүзу бассейндері, спорт және музыка залдары сияқты осы заманғы мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту қызметтерінің ажырамас атрибуттарымен МДБҰ-ны жеткіліксіз қамтамасыз ету сияқты шектеуші факторлар әсерін тигізеді.
2014-2015 жылдары жалпы контингенті 101,8 мың оқушыны құрайтын 565 мектеп (2013-2014 жылдары – 572 мектеп) жалпы орта білімді іске асырды.
Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде 13,4 мың педагог, олардан 13,4 мыңы – жоғары білімі барлар. 2014-2015 жылдардың басында мектептерге 598 жас маман келді.
Облыстың білім ұйымдарында 2014 жылдың 1 маусымынан бастап 24 мыңнан астам баланы қамтитын мектеп жанындағы 459 денсаулығын сауықтыру алаңдары өз қызметін бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |