Бағдарламасы пән аты: «Құрылыс машиналары мен шағын механизация құралдары» Мамандық атауы :«07320100 Ғимараттар мен құрылыстарды салу мен пайдалану»


-тақырып. Болат құрылымдар элементтерінің қосылыстары



бет5/6
Дата11.09.2023
өлшемі118.5 Kb.
#477079
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
курылыс машинасы

5.2-тақырып. Болат құрылымдар элементтерінің қосылыстары
Тойтарма қосылыстар. Жұмыс ерекшеліктері мен тойтарма қосылыстарды есептеу. Тойтармаларды қою. Бұрандамалық қосылыстар. Бұрандамалардың түрлері, оларды есептеу және қою. Дәнекерлеу қосылыстары. Дәнекерленген жіктер мен қосылыстардың түрлері. Тойтарма, бұрандама жіне дәнекерленген қосылыстардың қолдану саласы.
Тәжирібелік сабақ
Керілген элемент пен ферма фасонкасының дәнекерленген қосылыстарын есептеу және құрылымдау.


5.3-тақырып. Арқалық торлары мен арқалықтар
Арқалық торлары мен арқалық түрлері. Илемделетін жіне құрамдас арқалықтар. Арқалық торы элементтерінің жанасу түйіндері. Илемделетін арқалықтарды есептеу. Арқалықтар күшейтпесін есептеу және құрылымдар, колданыстағы арқалықтардың көтергіштік қасиетін анықтау.
Тәжирібелік сабақ
Ара жабынның жүқартылатын арқалығын есептеу. Болат көлбеу арқалықты есептеу. Арқалық күшейтпелерін есептеу және құрылымдау.


5.4-тақырып. Ұстындар
Болат ұстындардың түрлері. Қимасы тұтас және құрамдас ұстындарды, ұстын базаларын, баулықтарды есептеу және құрылымдау. Ұстындарды күшейтуді есептеу және құрылымдау.
Тәжирібелік сабақ
Орталықтан жүктелген тұтас ұстынның өзегін есептеу. Орталықтан жүктелген өтпелі ұстын өзегін есептеу. Ұстындарды күшейтуді есептеу және құрылымдау.
5.5-тақырып. Фермалар
Фермалардың түрлері. Фермалардың элементтері мен түйіндерін есептеу және құрылымдау.
Тәжирібелік сабақ
Бір түйінді есептеумен және құрылымдаумен ферма элементтерінің қимасын іріктеу.


Аралық бақылау сұрақтары
1. Кірпіш, әйнек, плита және т.б. арту-түсіру жұмыстарын қалай механизациялауға болады?
2. Құрылыс өндірісінің индустрияландырылуы дегеніміз не?
3. Қандай бригада кешенді деп аталады?
4. Қандай экскаватор сулы топырақты өңдеу кезінде тиімді жұмыс істейді?
5. Мамандандырылған бригадалар құрамы:
6. Қандай да бір уақыт бірлігінде өндірілген құрылыс өнім көлемі не деп аталады:
7. Қандай жер қазу-тасымалдау машинасы "сегіздік" схема бойынша жұмыс істейді?
8. Жобалайтын жолдарды уақытша пайдалану тиімді ме?
9. Автомобильдік транспорттың қай тобына автосамосвалды жатқызады?
10. Қай әдіспен көзбен шолу мүмкін болатын ғимарат бөлігін тексереді?
11. Қай әдіспен бақылау үлгілері бойынша конструкцияның техникалық жағдайын анықтайды?
12. Құрылыс ұйымы қандай бақылау жасайды?
13. Еңбек қауіпсіздігінің қай саласы жұмысшы мен әкімшілік арасындағы байланысты
14. Технологиялық жобалаудың мақсаты қандай?
15. Қай құжатқа технологиялық карта енеді?
16. Егер квадрат жағы 20м, ал орташа белгі (-1,2 м) тең болса, квадрат призмасының көлемін анықтаңыз?
17. Қандай процестерді қосарланған дейді?
18. Егер көлемі 25,00м3 топырақты өңдеуге 0,95 адам-сағ уақыт нормасы жұмсалса, еңбек сыйымдылықты адам-күн анықтаңыз
19. Егер көлемі 25,00м3 топырақты өңдеуге 0,95 адам-сағ уақыт нормасы жұмсалса, еңбек сыйымдылықты адам-сағ анықтаңыз
20. Егер көлемі 12,00м3 топырақты өңдеуге 2 адам-сағ уақыт нормасы жұмсалса, еңбек сыйымдылықты адам-күн анықтаңыз




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет