Лекция: 10 сағ Семинар: 5 сағ СӨЖ: 15 сағ обсөЖ: 15 сағ Барлығы: 45 сағ



бет1/6
Дата17.06.2016
өлшемі0.56 Mb.
#142148
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Сырдария» университеті



Заңтану-тарих факультеті


Мамыраимов С.Д.

“Қазақстан тарихы” пәні бойынша

050509 “Қаржы”, 050506 “Экономика”, 050508 “Есеп және аудит”

мамандықтарының студенттері үшін

3-КРЕДИТ
С И Л Л А Б У С
Оқу түрі: күндізгі

Курс: 1, І-семестр, 3 кредит

Лекция: 10 сағ

Семинар: 5 сағ

СӨЖ: 15 сағ

ОБСӨЖ: 15 сағ


Барлығы: 45 сағ

Қорытынды бақылау: емтихан І семестр


Аралық бақылау саны: (кредит бойынша) 3

Барлық балл саны: 100 (кредитке)



Жетісай – 2004

Құрастырған: оқытушы Мамыраимов Серік Дәулетұлы


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


“Қазақстан тарихы” пәні бойынша 050509 “Қаржылар”, 050506 “Экономика”, 050508 “Есеп және аудит” мамандықтарының студенттері үшін әзірленген.






Мазмұны



  1. Абстракт .......................................................................................................................

  2. «Қазақстан тарихы » бойынша оқу жұмысының бағдарламасы ....................

  3. Курстың мақсаты мен міндеті .................................................................................

  4. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме ..........................................................................

  5. Оқу сабақтарының құрылымы туралы мәлімет ................................................

  6. Студенке арналған ережелер ...................................................................................

  7. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша ..................................

  8. бөліну кестесі ..............................................................................................................

  9. Лекция сабақтарының мазмұны ............................................................................

  10. Семинар сабақтарының жоспары, мазмұны .......................................................

  11. ОБСӨЖ-сабақтарының жоспары, мазмұны .......................................................

  12. CӨЖ-жоспары, мазмұны .........................................................................................

  13. Кредиттің мазмунына сәйкес бақылау түрлері: ..................................................

  14. а) тестілік сауалнамалар

  15. б) жазбаша бақылау жумысы

  16. в) коллоквиумдар

  17. г) сөзжұмбақтар

  18. д) т.б.

  19. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік

бақылау жүйесі.........................................................................................................

  1. Пән бойынша оқу процесінің картасы ...............................................................

  2. «Қазақстан тарихы » бойынша оқу процесінің картасы...................................


Абстракт

Оқу әдістемелік кешені “Қазақстан тарихы” пәні бойынша 050509 “Қаржылар”, 050506 “Экономика”, 050508 “Есеп және аудит” мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмысын неғұрылым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әлістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген; ПС-практикалық сабақтар.

ОБСӨЖ – оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы, СӨЖ- студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зертеушілік қабітеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысынын барлық көлемін орындауы қажет.



Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған.

Тесттік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Сырдария» университеті



Заңтану-тарих факультеті


Мамыраимов С.Д.

“Қазақстан тарихы” пәні бойынша

050509 “Қаржы”, 050506 “Экономика”, 050508 “Есеп және аудит”

мамандықтарының студенттері үшін

3-КРЕДИТ
С И Л Л А Б У С
Оқу түрі: күндізгі

Курс: 1, І-семестр, 3 кредит

Лекция: 10 сағ

Семинар: 5 сағ

СӨЖ: 15 сағ

ОБСӨЖ: 15 сағ


Барлығы: 45 сағ

Қорытынды бақылау: емтихан І семестр


Аралық бақылау саны: (кредит бойынша) 3

Барлық балл саны: 100 (кредитке)



Жетісай – 2004

Оқу-әдістемелік кешен типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.

Типтік бағдарламаның индексі:

Оқу-әдістемелік кешен кафедра мәжілісінде талқыланған


№ Хаттама________ “________” 2004 ж

Кафедра меңгерушісі ______________


Факультеттің әдістемелік кеңесінде мақұлданған
№ Хаттама________ “________” 2004 ж

Әдістемелік кеңесінің төрағасы:_______________________


Факультет Кеңесінде мақұлданған
№ Хаттама________ “________” 2004 ж

Факультет Кеңесінің төрағасы ________________________


050509, 050506, 050508-мамандарын дайындайтын кафедра

меңгерушісімен келісілген ___________________________



ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы)

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі кажет



Семинар сабақтарында - студент талдау, салыстыру, тұжырымдау,

проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек



ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру. Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды



СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды

орындайды, өз бетімен меңгереді.



Пәнді оқытудың мақсаты
Курстың мақсаты – студенттерді Қазақстан тарихындағы нақтылы оқиғалармен, қазақ халқы және басқа да халықтардың тарихымен таныстыру. Қазақ халқының ғасырлар бойы өз дербестігі, қоғамда демократиялық құрылысты құру, осы міндеттерді мемлекет дамуының қазіргі кезеңінде жүзеге асыру жолындағы күресін көрсету.

Бұл курсты оқыту барысында студенттерге нақтылы тарихи материлдарға методологиялық талдауды игеруге нақтылы тарихи процестердің объективті заңдылығын ашуға көмектесу.


Пәнді оқытудың міндеттері
Курсты оқуда студенттердің таным дүниесін оятып, қалыптастыру:


  • адам мен дүниежүзілік ғылымының дамуындағы жалпы тарихи объективті заңдылықтарды;

  • қоғам мен жеке адамның дүниеге көзқарасының дамуында білімінің маңыздылығы;

  • қоғамдық процестердің дамуындағы негізгі тарихи кезеңдерін оқыту.



ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ

Кредит

Саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

Семестр

Қорытынды

бақылау

Лекция

Практика

СӨЖ

ОБСӨЖ

3

135

30

15

45

45

1 сем

Емтихан

№1 кредит

45

10

5

15

15

№2 кредит

45

10

5

15

15

№3 кредит

45

10

5

15

15

СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР (Rules):

  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ КРЕДИТКЕ СӘЙКЕС ТАҚЫРЫП БОЙЫНША

БӨЛІНУ КЕСТЕСІ



Лекцияның тақырыбы

Практикалық сабақ

СӨЖ

ОБСӨЖ

1.

Бірінші кредит

Қазақстан тарихы пәні және міндеттері






1

1

2.

Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс

1

2,3

2,3

3.

Қола дәуіріндегі Қазақстан




4

4

4.

Ерте темір дәуіріндегі тайпалар одақтары және ерте мемлекеттік құрылыдар (VI ғ. дейін)

2

5,6

5,6

5.

Ерте темір дәуіріндегі тайпалар одақтары және мемлекеттік құрылыдар (VI ғ. дейін)




7

7

6.

Орта ғасырдағы Қазақстан

3

8,9

8,9

7.

Орта ғасырдағы Қазақстан




10

10

8.

Орта ғасырағы Қазақстан VІ-ХІІ ғғ.

4

11,12

11,12

9.

Қазақстан аумағы дүниежүзілік өркениет жүйесінде (VI-XII ғғ.)




13

13

10.

Манғол дәуіріндегі Қазақстан

5

14,15

14,15



Лекцияның тақырыбы

Практикалық сабақ

СӨЖ

ОБСӨЖ

1

Екінші кредит

Манғол дәуіріндегі Қазақстан






1

1

2.

Қазақ хандығының құрылуы

1

2,3

2,3

3.

XV-XVIII ғғ. Қазақ халқының мәдениеті.




4

4

4.

Қазақ хандығының XVI -XVIII ғ.ғ. 30-шы жж. аралығындағы саяси жағдайы.

2

5,6

5,6

5.

XVIII ғ. 70жж. Қазақ хандығы және оның ішкі, сыртқы саясаты.




7

7

6.

Ресей империясының құрамындағы Қазақстан отралық езгіге қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар.

3

8,9

8,9

7.

Ресей империясының құрамындағы Қазақстан отралық езгіге қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар.




10

10

8.

Қазақстан Ресей империясының құрамында (XIX ғ. II-жартысынан 1917 жылғы қазан төңкерісіне дейін)

4

11,12

11,12

9.

Ресейдегі Ақпан және Қазан төңкерістері. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнаутылуы.




13

13

10.

Ресейдегі Ақпан және Қазан төңкерістері. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнаутылуы.

5

14,15

14,15



Лекцияның тақырыбы

Практикалық сабақ

СӨЖ

ОБСӨЖ

1

Үшінші кредит

Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде (1918-1939 жж.)






1

1

2.

Ұлы Отан соғысы кезеңі (1941-1945 жж.)

1

2,3

2,3

3.

Ұлы Отан соғысы кезеңі (1941-1945 жж.)




4

4

4.

1946-1950 жж. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі.

2

5,6

5,6

5.

Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру




7

7

6.

Қазақстан “Кемелденген социализмнің” дағдарыс жылдарында (1965-1985 жж.)

3

8,9

8,9

7.

Қазақстан Горбачев реформалары тұсында (1985-1991 жж.)




10

10

8.

Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің қайта жаңғыруы.

4

11,12

11,12

9.

Қазақстан нарықтық экономикаға барар жолда.




13

13

10.

Қазақстанның басқа елдермен саяси және экономикалық байланыстарының дамуы.

5

14,15

14,15


I-тақырып.

ҚАЗАҚСТАН КЕҢЕСТІК ТОТАЛИТАРЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ

ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢІНДЕ (1918-1939 жж.)

(1 сағат)

Қарастырылатын мәселелер:


  1. Қазақ АССР-дағы Кеңестік мемлекеттік құрылыс және байлардың шаруашылықтарын тәркілеу.

  2. Қазақстандағы индустрияландыруға көшу және бірінші бес жылдық

(1928-1932ж.ж).

  1. Қазақстанда күштеп ұжымдастыру саясаты, халық қасіреті.


Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Козыбаев М.К., Абылхожин Ж.Б. Коллективизация в Казахстане: трагедия

крестьянства. - А., 1993.

  1. Козыбаев М.К. Ақтаңдақтар ақиқаты. - А., 1992.

  2. Қойгелдиев М.Қ., Омарбеков Т.О. Тарих-тағылымы не дейді? - А.,1993,

  3. Қойгелдиев М. Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа Шоқайұлы.

- А., 1997.

  1. Қоңыратбаев О. Тұрар Рысқұлов. Қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі. - А., 1994.

  2. Омарбеков Т.О. 20-30-жылдардағы Қазақстан қасіреті. - А., 1997.

Мақсаты: Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңіндерінің мәнін көрсету.

Тірек ұғымдары: Ф.И.Голощекиннің Қазақстандағы партия ұйымының басшылығына тағайындалуы (1925-1933ж.ж.). "Кіші Октябрь" идеясы, комитетінің V-конференциясының шешімі (1925, желтоқсан), оның отарлық мазмүны.

Қазақ зиялыларының (Т.Рысқұлов, С.Асфендияров, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев т.б.) Кеңестік билікті ұлттық мүддеге жұмылдыру әрекеті, оның іске аспай қалуы. Ұлт мәселесіндегі таптық-партиялық принцип, оның ұлыдержавалық астары. Орталықтың биліктегі түрлі топтар арасында "тепе-теңдік" сақтау саясаты. Ұлттық нигилистерді қолдау саясаты. Т.Рысқұлов өткізген Бүкілресейлік Атқару Комитеті мүшелерінің кеңесі (Рыскуловское совещание националов. 1926, 12-14 қараша). Қазақ Өлкелік Партия Комитетінің ІІІ-Пленумы (1926, 25-30 қараша). С.Сәдуақасов, С.Қожанов және Ж.Мыңбаев мәселесі.

Ф.Голощекиннің Алаштық интеллигенцияға шабуылы. 1927-жылдың соңында басталған сот. процестері. Алаш қозғалысы басшыларын репрессиялау саясаты (1927-1932).

Жайылымдық-шабындық жерлерді бөлу. Кеңестендіру саясаты. Бай қожалықтарын тәркілеу, оның саяси және экономикалық нәтижелері. Ауқатты шаруалар қожалығын жою. Қазақ шаруаларын күштеп жаппай отырықшылыққа көшіру шаралары.

Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу. Жаппай ұжымдастырудың әдістері, түрлері, қарқыны. Ел көлемінде заңсыздықтың кең орын алуы. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылық жүйесінің күйреуі.

Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы. 1929-1931 ж.ж. Қазақстандағы көтерілістер. Олардың себебі, қозғаушы күштері, барысы және күшпен басылуы. Боскыншылық. Шет елге ауа көшулер. Босқындардың қайғылы тағдыры.

1931-1933 ж.ж. аштық. "Бесеудің хаты". Т.Рысқұловтың И.Сталинге жолдаған хаты. Демографиялық апат және оның салдары.

Қазақстанды "индустрияландыру" саясаты. Индустрияландырудың отарлық мазмұны. Индустрияландыру жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық айтыстар. М.Шоқай, С.Асфендияров, С.Сәдуақасов және басқа қайраткерлердің индустриялаңдыруға байланысты пікірлері. Кеңестік тарихнаманың "индустрияландырудың" нәтижелерін асыра бағалауы.



1. Қазақстанда ірі байларды тәркілеу мәселесі 1923ж. наурыз айында облыстық ІІІ партия конференциясында қойылды. Алайда ол кезде экономикалық және саяси дағдарыстан шығуға бағытталған жаңа экономикалық саясат стратегиясы коммунистерді тежеп ұстап тұрды. Алдағы экономикалық аласапран мен идеологиялық догманың біреуін таңдауға тура келді. 20жж. дағдарыстан күйзелген жүйе біріншісін таңдап алды. 1927ж. қараша айында Қазақстанның IV партия конференциясы байларды экспроприациалау идеясына қайта оралды, “олардан мал мен құрал-жабдықтың бір бөлігін тартып алуды мүмкін” деп есептеді, жергілікті партиялық “теорияшылдардың” пікірінше, бұл — “ауылды орташаландыруға және оның өндіргіш күштерін дамытуға апарып жеткізуге, сөйтіп пролетариаттың ауыл еңбекшілерімен одақ құруы линиясын бұрынғыдан бетер бекітуге тиіс” болды.

1927ж. желтоқсан айында Республика өкіметінің жоғарғы буындарында ірі байлар шаруашылығын тәркіге салу жөніндегі заң жобасын әзірлеу үшін комиссия құрылды. 1928ж. наурыз айында Қазақстан өлкелік Комитетінің Бюросы заң жобасын бірнеше рет қарап, нақтылай түсті және онымен бірге БК(б)П ОК мен БОАК-ты таныстырды. Осы жылы тамыз айында Өлкелік Комитет науқанға тікелей басшылық ететін комиссияны құрды. Комиссия төрағасы болып Е.Ерназаров тағайындалды, оның құрамына О.Исаев, Н.Нұрмақов, Ғ.Тоғжанов, О.Жандосов және басқалар кірді. 1928ж. 27 тамызында Орталық Атқару Комитеті мен Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде тәркілеу жөніндегі Заң жобасы қабылданып, жарлық қаулы түріндегі құжатқа айналды. Республика округтерінде тәркілеуді өткізу жөніндегі өкілдер тағайындалды. Ауылдарға тікелей мыңнан аса өкілдер жіберілді, демеу комиссияларында 4700 адам жұмыс атқарды.

Қаулыға сәйкес Республика бойынша көшпелі аудандарда 400-ден аса малы бар (ірі қараға шаққанда) жартылай көшпелі аудандарда 300 және отырықшы аудандарда 150 аса малы бар шаруашылықты тәркіге салу белгіленді. Науқанды 1928ж. 1 қарашасында аяқтау жоспарланды (кейін ол 10 күнге ұзартылды).

Науқан қорытындысы туралы құжаттарда, іс жүзінде 696 шаруашылық тәркіге салынды, оның 619 тұрған округтерінен тыс жерге жер аударылды. Олардан ірі қара малға шаққанда 145 мыңдай мал тартып алынды.

Алайда жарияланған статистикалық құжаттарды талдаған кезде, тәркіленіп алынып “тең” бөліске түскен мал саны, шаруашылықты бір қалыпты жүргізу тұрғысынан қараған кезде, кедей жарлылардың шаруашылығын көтермелеуге жетпеді. Мысалы, Қарқаралы округінде тәркіленген малды 198 малсыз шаруашылық, қарауында 1-ден 5-ке дейін малы бар 1374 және қолдарында 6—7-ден малы бар 27 шаруашылық алды. Шамамен есептегеннің өзінде, бұл шаруашылықтардың халыққа ең аз мөлшермен алғанда, барлығы 12.139 мал қажет еді. Ал, оларға барлығы 2065 мал ғана берілді, яғни 5 мың мал жетпей қалған. Қызылорда округінде жетпеген мал саны 9 мың бас болды. Басқа округтерде де жағдай тура осындай болды.

Бұл санақ тек бір нәрсені байқатады: шаруашылықтардың кейбір бөлігінде шаруаны жүргізуге қажетті мал саны ең төменгі мөлшердің өзіне де жетпеді. Қарауына бірнеше мал тиген осындай шаруашылықтар қауымға кіргенде тепе-тең жағдайда болғандықтан, өзінің әлеуметтік жағдайын жақсарту үмітінен айырылды, “ұзамай тәркіден алған малы сатылды, не сойылды”, қағаз жүзінде мұндай шаруашылық орташа деп есептелсе де, шындығында бұрынғыша қауымның кіріптар мүшесі болып қала берді, сөйтіп енді басқа деңгейде қаналатын болды. Уақытында Т.Рысқұлов нұсқау беруші орындар назарын осы жағдайға аударған болатын.

Тәркілеу тек оң іс деп танылды, себебі қаулы бойынша, ол ауылды “қансорғыш-қанаушылардан” азат ету мақсатын көздеді деп көрсетті. Бірақ, тәркілеуді өткізу барысында қол үшін берушілер комиссиясы дейтіндер жиі-жиі жазылған нұсқаулар шегінен шығып кете берді, сөйтіп қауымдық кооперациядан тыс күн көре алмайтын, қарауында 300—400 қоралы қойы бар, орта дәулетті адамдарды да есепке алды. Тап күресі мен әлеуметтік әділет үшін күресушілерге бұл мал соншалықты байлық болып көрінді, оны тез арада тәркіге салып, қолма-қол жарлы-кедейлерге берілуі қажет деп санады.

Осындай “ауыл байларын” жойып, мал-мүлкінен айыру салдарынан көптеген қауымдастықтар өндіріс құралдарын ұдайы өндіруге және малды жинастырып, керекті өнімді өндіруге міндетті түрде қажет малдан айрылып қалды да, ұзамай мүшелері жалаңаш-жалпы жарлылар қатарын толықтырды. Ал, өте байлар малы тартылып алынып, кезінде өздеріне сауынға берген малы тәркіге тағы да түсіп азып-тозды. Барлығының нәтижесі бірдей болды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет