Тақырып 17. Тілдік стереотиптер мен тілдік этикет.
Байланыс орнату, қолдау және шығудың тілдік ережелері.
Тақырып 18. Вербальды емес қарым-қатынас.
Вербальды емес қарым-қатынас түсінігі. Вербальды емес жүріс-тұрыстың негізгі құрылымының жалпы сипаттамасы. Кинестика және оның компоненттері. (ым, ишара, поза, жүріс, көз контактісі, авербальды әрекеттер) қарым-қатынас процесінің факторлары ретінде. Қарым-қатынастың кеңістік уақыттық ұйымдастырылуы. Жеке адам аралық қарым-қатынастағы вербальды емес жүріс тұрыстың полиқызметтілігі. Адамның экспрессивті репертуары түсінігі. Вербальды емес қарым-қатынас өзара әрекеттестік пен топ аралық қарым-қатынастың ерекшелігінің көрсеткіші ретінде.
Тақырып 19. Қарым-қатынастың перцептивтік жағы: тұлғааралық қабылдау жеке өзара түсіністік.
Әлеуметтік психологиядағы перцептивті процестсрді талдау ерекшсліктері. Қарым-қатынас процесіндегі тұлғааралық қабылдау мен өзара түсіністіктің ролі. Субъект қасиеттері, қабылдау обьектісі, сипаты және тұлгааралық өзара байланыстар - перцептивті процесс факторлары ретінде. Қабылдау механизмдері мсн аффектілері. Стереотиптілік құбылысының мазмұны мен мәні. Әлеуметтік стереотип туүсінігі және оның түрлсрі мен қызметі. «Себепті жапсыру» құбылысы. Тұлғааралық қабылдаудың дәлдігі мәселесі. Өзге адамды тану мен қарым-қатынас процесіне «алғашқы әсердің» ықпалы. Өзара түсіністіктің құрылымы мен механизмдері. Рефлексия түсінігі. Эмпатия құбылысы. Тұлғааралық идснтификаңияны әлеуметтік-психологиялық зерттеу.
Тақырып 20. Қарым-қатынастың интерактивті жағы: тұлгааралық өзара әрекеттестік. Жеке адам аралық кикілжің және шешудің тәсілдері.
Тұлғааралық өзара әрекеттестік (интеракция) әлеуметтік-психологиялық зерттеу пәні ретінде. «Делдалдық өзара әрекеттестік теориясы. Тұлғааралық өзара әрекеттестіктің айырмашылық белгілері қарым-қатынас формалары ретінде. Бәсекелестік пен бірлестік өзара әрекеттестіктің түрлері ретінде. Бірлескен іс-әрекет құрылымдағы өзара әрекетестік. Жалып- мақсат топаралық өзара әрекеттестік факторы ретінде. Өзара әрекеттестікті зерттеудегі теориялық ойындық үлгілсрінің мүмкіндіктері мен шекгеулері. Өзара әрекетгестік зерттеудің ақпараттық әдістері. Тұлғааралық кикілжің түсінігі. Тұлғаралық кикілжіңдердің мотивациялық және когнитивті тұжырымдамаларының жалпы сипаттамасы. Кикілжіңді жүріс-тұрыс және обьективті кикілжіңді ситуация. Тұлғаарлық кикілжіңнің құрылым мен динамикасы. Кикілжіңді өзара әрекеттестіктің шығу мен стратегиялары. Тұлғаралық кикілжіңнің конструктивті және деструктивті қызметтері. Кикілжіңнің пайда болуы, өтуі және шешілуіндегі «үшінші адам» рөлі. Тұлғаралық кикілжіңдерді шешумен реттеудің тәсілдері. Келіс сөз кикілжіңді шешу тәсілі ретінде. Келіс сөздерді жүргізу мен даярлау технологиясы. Келіс сөз жүргізудің негізгі әдістері. Келіс сөз процесіндегі делдалдық.
Достарыңызбен бөлісу: |