Бағдарламасы Пәндер атауы және олардың негізгі бөлімдері Механика



бет3/3
Дата09.06.2016
өлшемі222.5 Kb.
#124067
1   2   3
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі:

  1. Қадыров Н. Ядролық физика негіздері.- Алматы: Қазақ университеті, 2000. – 526 б.

  2. Мухин К.Н. Экспериментальная физика.- Т.1. Физика атомного ядра. - М.: Энергоатомиздат, 1993. - 616 с.

  3. Мухин к.н. экспериментальная ядерная физика.- т.2: физика элементарных частиц.- м.: энергоатомиздат, 1993.- 376 с.

  4. Широков ю.м., юдин н.п. ядерная физика.- м.: наука, 1980.- 671 с.

  5. Ракобольская и.в. ядерная физика. -м.: издательство московского университета, 1971.- 293 с.

  6. Иродов и.е. сборник задач по атомной и ядерной физике.- м.: энергоатомиздат, 1984.- 215с.

  7. Иродов и.е. задачи по общей физике. - м.: наука, 2003.

қосымша:

1. Айзенберг и.в., грайнер в. модели ядер. коллективные и одночастичные явления.- м.: атомиздат, 1975.- 454 с.

2. Айзенберг и.в., грайнер в. механизмы возбуждения ядра.- м.: атомиздат, 1973.- 347 с.

3. Айзенберг и.в., грайнер в. микроскопические теории ядра.- м.: атомиздат, 1976.- 487 с.


11. Конденсацияланған күйдің физикасы

Конденсацияланған күй физикасының зерттеу объектілері

Конденсацияланған күйдің анықтамасы. Конденсацияланған қатты орталар. Конденсацияланған қатты денелердің классификациясы және олардың негізгі қасиеттері. Конденсацияланған қатты денелерді зерттеу әдістері және оларды колдану салалары.



Конденсацияланған қатты денелердің құрылымы және оны анықтау тәсілдері

Конденсацияланған кристалдардың нүктелік симметриясы. Кристалдың кеңістік торы. Кристалдың трансляциялық симметриясы. Кристаллографиялық координаттар жүйесі. Түйінді жазықтықтар мен түзулердің кристаллографиялық белгілері. Трансляциялық симметрия топтары. Кері тор. Қатты денелердің атомдық құрылымын анықтау әдістері. Лауэ және Вульф-Брэгг формулалары. Атомдық және құрылымдық шашырату факторлары. Кристалдың симметриясы мен физикалық қасиеттері.



Атомаралық өзара әрекеттесу. Конденсацияланған қатты денелердегі байланыстардың негізігі түрлері

Ван-дер-Ваальс күштері. Байланыс энергиясы. Молекулалық кристалдар. Иондық кристалдар. Маделунг энергиясы. Маделунг тұрақтысын есептеу. Коваленттік кристалдар. Металдар. Сутекті және аралас байланысты кристалдар.



Конденсацияланған қатты денелердің механикалық қасиеттері

Қатты дененің күш салынған және деформацияланған күйлері. Гук заңы. Кристалл қатты денелердің серпімді және пластикалық қасиеттері.



Кристалл торындағы атомдардың тербелістері

Біртекті шектің бірөлшемді тербелістері. Монокристалдағы серпімді толқындар. Біратомды сызықты тізбектің тербелістері. Базисы бар бірөлшемді тордың тербелістері. Үшөлшемді тор атомдарының тербелістері. Борн-Карман шекаралық шарты және күйлер тығыздығы. Кристалл торының тербелістерін кванттау. Фонондар.



Қатты денелердің аумақтық теориясының негіздері

Қатты денелер үшін Шредингер теңдеуі. Бірэлектронды жуықтау. Блох функциясы. Кристалдағы электроның толқындық векторының қасиеттері. Бриллюэн аумақтары. Ферми беті. Кристалдағы электрондардың энергиялық спектрі. Крониг-Пенни моделі. Аумақтардың электрондармен толуы. Металдар, диэлектриктер, шалаөткізгіштер. Электроның эффектив массасы.



Конденсацияланған қатты денелердегі ақаулар

Ақаулардың классификациясы. Нүктелік, сызықты және көлемдік ақаулар. Ақаулардың бірқалыпты концентрациясы. Радиациялық ақаулар. Дислокациялар. Бюргерс контуры мен векторы. Дислокацияның пайда болу энергиясы. Дислокацияның ақаулармен өзара әрекеттесуі. Кристалдың физикалық қасиеттеріне ақаулардың әсері.



Конденсацияланған қатты денелердің жылулық қасиеттері

Конденсацияланған қатты денелердің жылусыйымдылығы. Дюлонг-Пти заңы. Эйнштейн жылусыйымдылық теориясы. Дебай жылусыйымдылық теориясы. Фонондар тұрғысынан қарастырылған жылусыйымдылық формуласы. Металдың жыдусыйымдылығы. Бос электрондардың үлесін ескеру. Қатты денелердің жылулық кеңейуі. Қатты денелердің жылуөткізгіштігі. Атом тербелістеріне байланысты жылуөткізгіштік. Металдың жылуөткізгіштігі. Қатты денелердің жылуөткізгіштігіне бос электрондардың үлесін ескеру. Қатты денелердегі диффузия.



Конденсацияланған қатты денелердің электрлік қасиеттері

Металдың электрөткізгіштігі. Шалаөткізгіштердің өзіндік және қоспалық өткізгіштігі. Диэлектриктердің электрөткізгіштігі. Қатты денелердің электр қасиеттеріне беттік деңгейлердің әсері.



Диэлектриктердің қасиеттері

Диэлектриктердің үйектеуі. Негізгі сипаттамалары. Диэлектриктік өтімділігі мен үйектелуі арасындағы байланыс. Диэлектриктік өтімділіктің жиіліктен тәуелділігі. Диэлектриктік шығындар. Сегнетоэлектриктер.



Конденсацияланған қатты денелердің магниттік қасиеттері

Магнетиктердің классификациясы. Қатты денелердегі диамагнетизм және парамагнетизм. Ферромагнетизм. Вейсс молекулалық өрісі. Дорфман тәжірибесі. Алмасулық өзара әрекет және оның ферромагнетизмің пайда болуындағы ролі. Спин толқындары. Антиферромагнетизм және ферримагнетизм. Ферромагниттік домендер. Магнит резонансы.



Асқынөткізгіштік

Ноль кедергісі. Асқынөткізгіштік ауысудың температурасы. Мейснер эффекті. Сындық магнит өрісі. Кристалл құрылымы және изотоптық эффект. Электроның жылуөткізгіштікке қосатын үлесі. Электрмагнит сәулелердің жұтылуы. Магнит ағының кванттау. Джозефсон эффектері. Купер жұптары. Бардин-Купер-Шриффер теориясы. Жоғары температуралық асқынөткізгіштік.



Конденсацияланған қатты денелердің оптикалық қасиеттері

Жарықтың қатты денелермен өзара әрекеттесуінің түрлері. Оптикалық константалар. Крситалдардың жарықты жұтуы және шағылдыруы. Шалаөткізгіштердегі рекомбинациялық сәулелер. Тосын және индукцияланған сәулелендіру. Қатты денелік лазерлер.



Аморфты қатты денелердің физикалық қасиеттері

Аморфты қатты денелердің құрылымы. Кристалл емес қатты денелердің энергиялық спектрі. Аморфты шалаөткізгіштер. Аморфты шалаөткізгіштердің қолдануы. Аморфты диэлектриктер. Аморфты металдар.


ҰсынылаТЫн ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі:

        1. Киттель Ч. Введение в физику твердого тела. - М.: Наука, 1990. –796 с.

        2. Павлов П.В., Хохлов А.Ф. Физика твердого тела. - М.: Высшая школа, 2000.- 494 с.

  1. Блэйкмор Дж. Физика твердого тела. - М.: Мир, 1991.- 608 с.

  2. Ашкрофт Н.В., Мермин Н.Д. Физика твердого тела- М.: Мир, 1990.- Т.1. - 409 с.

  3. Ашкрофт Н.В., Мермин Н.Д. Физика твердого тела.- М.: Мир, 1991.- Т.2. - 428 с.

  4. Жданов Г.С., Хунджуа А.Г. Лекции по физике твердого тела. – М.: Изд-во МГУ, 1988.- 229 с.

Қосымша:

1. Цвелик А.М. Квантовая теория поля в физике конденсированного состояния. - М.: Физматлит, 2002.- 320 с.

2. Квасов Н.Т. Физика конденсированного состояния.– Минск: БГУИР, 2003. – 80 с.

3. Брандт Н.Б., Кульбачинский В.А. Квазичастицы в физике конденсированного состояния.- М.: Физматлит, 2005. – 632 с.



4. Шаскольская М.П. Кристаллография.- М.: Высшая школа, 1976.– 391 с.

5.Лифшиц И.М., Азбель М.Я., Каганов М.М. Электронная теория металлов. - М.: Наука, 1971. – 352 с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет