- Бос күйінде азот молекуласы екі атомнан N2 тұратыны белгілі.
- Әр атомның сыртқы 2р-қабатындағы үш электроны жұптасып, үш байланыс түзеді- :N:::N:
- Құрылымдық формуласы : N=N
Алынуы. Өнеркәсіпте сұйық ауаны қыздырып азот алады. Алдымен қайнау температурасы төмен азот (tқайнау – 1960), содан кейін оттек (tқайнау – 1830) буланады (42-сурет - Кәдімгі жағдайда азот - түссіз, иіссіз, суда аз еритін, ауадан аздап жеңіл газ. Қатты күйінде молекулалық кристалл торын түзеді, сондықтан балқу және қайнау температуралары төмен.
Химиялық қасиеттері - 1. Азот электрлік доға температурасында оттекпен әрекеттеседі:
-
- 2.Азот сутекпен кәдімгі жағдайда қосылмайды. Дегенмен, ерекше жағдайларда азот сутекпен әрекеттесіп, аммиак түзеді:
- 2N2 + 3H2 2N-3Н3+1 - Q
- аммиак
- 3.Азот тек қана литий және радиймен бөлме температурасында әрекеттеседі:
- 6Li + N2 = 2Li3+1N-3
- 1.Азоттың көп мөлшері аммиак синтездеуге жұмсалады.
- 2.Ал аммиактан азот қышқылы және басқа да азот қосылыстары алынады.
- 3.Бензинді және басқа да жанғыш, оңай тұтанатын заттарды қысыммен айдағанда, қопарылғыш заттарды кептіруде, электр шамдарының ішін толтыруда инертті атмосфера жасау үшін, сондай-ақ тоңазытқыш құрылғыларында азот пайдаланылады
- Сен білесің бе?
- Сурет өнерінің үздік туындыларының бояуын ылғал ауадан және химиялық белсенді заттардан қорғау үшін оларды азотпен толтырылған герметикалық қаптамаларда сақтайды.
| - Азот ДНК және көптеген органикалық қосылыстардың құрамына кіреді. Бұлшық етте 7,2 % және қанның құрамында 4,3 % азот болады. Массасы 70 кг азам ағзасында орта есеппен 1,8 кг азот бар.
| - Сен білесің бе?
- Бор нитриті – BN алмаздан да қатты 20 заттың құрамына кіреді.
Қосымша тапсырмалар - 1. Азоттың құрылысына сүйеніп, неге бұл газдың химиялық белсенділігі төмен екенін түсіндіріңдер. Азо қандай заттармен және қандай жағдайдарда реакцияласады? Мысал келтіріңдер.
- 2. Ауа құрамында азоттың бар екенін қандай тәжірибемен дәлелдеуге болады?
- 3. Егер азот көміртек, фосфор және кремний тәрізді қатты зат болса, Жердегі тіршілік қандай болар еді? Өз болжамдарыңды айтыңдар. Ал егер фтор және оттек сияқты белсенді болса ше?
- 4. Антарктикада температура -80 °C-ге дейін төмендесе де ауа неге сұйылмайды? Сұраққа кристалдық тор туралы алған білімдеріне сүйеніп жауап беріңдер.
- 5. Көкөніс пен жеміс-жидектерді алыс жерлерге тасу үшін рефрижераторлар – тоңазытқышы бар көліктер пайдаланылады. Суытатын зат ретінде сұйық азот қолданылады. Азоттың қандай қасиеті бұл мақсатқа қолдануға негіз болады?
-
- • 1. 36 г магниймен әректтесетін азоттың көлемін (қ.ж) есептеңдер.
- Жауабы: 11,2 л.
- 2. Қосылыстардағы тотығу дәрежесі +1-ге тең 8,4 г металмен азо әрекеттесті Нәтижесінде 14,0 г нитрид түзілді. Металдың мольдік массасын анықтап, атын атаңдар.
- Жауабы: литий.
Үйге тапсырма §17 Е.ж 1-9 4.2 ж.д 3.2
Достарыңызбен бөлісу: |