Бағдарламасы шеңберінде



Дата16.06.2016
өлшемі25.5 Kb.
#138443
түріБағдарламасы
Айналайын фестивалі

«Зерде» дарынды балалар мектебінде жыл сайын «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде «Айналайын» фестивалі өтеді.

07.12.2007 күні облысымыздың 70 жылдығына орай білім департаменті, облыстық «Сарыарқа самалы» газеті, «Қазақстан-Павлодар» телеарнасы және облыстық радио ұйымдастырған «Айналайын» фестивалінің жабылу салтанаты болды.

«Зерде» дарынды балалар мектебінен 11А сынып оқушысы Жазибекова Назерке осы фестивалге қатысып, облыс бойынша жүлделі орынға ие болды.

«Айналайын» ... Қазақ халқы бауыр еті баласын осылай еркелеткен. Ендеше, Ертістің Павлодар өңіріндегі қазақ баспасөзінің қара шаңырағы «Сарыарқа самалы» газетінің балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымшаның «Айналайын» деп аталуы тегін емес.

Қазан айында басталған «Айналайын» фестиваліне облысымыздың барлық аудандары қатысып, әр мектепте елді сүюге, отаншылдыққа баулитын іс-шаралар өтті.

«Зерде» дарынды балалар мектебінде «Айналайын» фестивалі «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде 2007 жылдың 5-7 желтоқсан аралығында өтті. Іс-шара өте тартымды өтті. «Айналайын» парақша беттері арнаулы сөреге ілініп, оқырмандар назарына ұсынылды.

«Көкпар» аялдамасында оқушылар ұлттық нақышта киініп, ұлттық дәстүрлі ойындарын көрсете отырып, өздерінің жан-жақты екенін көрсете білді.

« Көне мен жаңа жалғасқанда» аялд амасында бұрын дәстүрде болған, қазір қолданбайтын және басқа қолдауын тапқан ас үй жабдықтарын, түрлі-түсті тігіншілік өнердің аттарын, қолдануын оқушылардың білетінінің куәсі болдық.

«Алтын сақа» аялдамасы бойынша 3-4А сыныптары өз өнерлерін халық ертегілері арқылы сомдап көрсетті. Бралинова М, Әлібековтер бай мен бәйбішені өте жақсы орындадаы.

4Б сыныбы «Алтын қақпа» ойынын өткізді. Дани ярова Айдана жеңімпаз атанды.

«Туған жер» тақырыбында сурет жарысынан 1-сынып оқушысы Ғалымбек Мәди, 6Б сынып оқушысы Орманов Ғалымөнерімен ерекшеленді.

«Айналайын» парақшалары бойынша 11А – I, 8Б - II, 1,3 - III орынға ие болды.

«Ынтымағы, достығы жарасқан» ұлттар өнерлерін дәріптеуде 6А сынып оқушысы Шайкенова Айдана «Өзбек әні» - орын, 8Б сынып оқушысы Нияз Дарын - орынды иеленді, 9А сынып оқушысы Қалым Ерхан және 10Б сынып оқушысы Аусаров А бірігіп орындаған «Әлқисса» күйі марапаттауға лайық болды.

Аталған фестиваль біздің мектебімізде жыл сайын өтеді. Оқушылар фестивальге түгелдей қатысады.

Мектеп оқушылары тек қана мектеп ішінде ғана емес, сонымен қатар Павлодар қаласына «Айналайын» парақшасына арнап өздерінің жазған өлеңдерін, шығармаларын жіберіп отырады.

2007 жылдың 7 желтоқсанында Павлодар қаласы оқушылар сарайында «Айналайын» фестивалінің жабылу салтанаты болып өтті. Айтулы фестиваль өз мәресіне жетіп, осы жиында оза шауып бәйге алған саңлақтарын анықтады.

«Айналайын» фестиваліне белсене қатысқан, өнер-білімдерімен көзге түскен оқушыларға алғыс хаттар мен сый-сияпаттар берілді.



Біздің мектебімізден облыс бойынша озық шығармасымен ерекшеленген 11А сынып оқушысы Жазибекова Назерке Павлодар қаласына «Айналайын» фестивалінің жабылуына арналған салтанатты жиында болып , алғыс хатпен оралды.

Биылғы «Айналайын» фестивалі елдің ертеңі үшін еңбек етер білікті де білімді, ұлтжанды ұрпақ өсіп келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет