БАҒдарламасы шымкент, 2011 Қабылдау емтиханның бағдарламасы 5В020800 «Археология және этнология»



Дата29.02.2016
өлшемі108 Kb.
#31338
түріБағдарламасы
Ф.7.22-17

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ОРТАЛЫҒЫ
«Жалпы тарих және археология» кафедрасы

Бекітемін

ҒЖ ж ХБ жөніндегі проректор

_________________Бахов Ж.Б.

(қолы, аты-жөні)

« » ______________ 2011 ж.


6М020800 – «Археология және этнология»

мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның

БАҒДАРЛАМАСЫ

Шымкент, 2011

Қабылдау емтиханның бағдарламасы 5В020800 – «Археология және этнология» мамандығының Археология, Этнология пәндерінің типтік бағдарламалары негізінде құрылған

Қабылдау емтиханның бағдарламасы кафедраның мәжілісінде талқыланған

« 28 » 04 2011, № 15 хаттамасы
Кафедраның меңгерушісі _________________ (қолы, ғылыми атағы, тегі, аты)

Қабылдау емтиханның бағдарламасы факультеттің әдістемелік комиссиясымен мақулданған Педагогика және мәдениет « 27 ». 05. 2011ж., №10 (факультеттің аталуы)

хаттамасы

Төрағасы ____________________Дарибаева Р.

(аты-жөні, тегі)

Қабылдау емтиханның бағдарламасы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығымен келісілген


ЖООКББО бастығы ________________________Изтаев Ж.Д

Кіріспе

Магистратурада 6М020800 - Археология және этнология мамандығы бойынша мамандарды даярлау екі бағытта жүреді:

- бейіндік;

- ғылыми және педагогикалық.

Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген және магистрлік диссертация қорғаған тұлғаға бейіндік дайындықта археология және этнология мамандығы бойынша «магистр», ғылыми-педагогикалық дайындықта археология және этнология мамандығы бойынша «ғылым магистрі» академиялық дәрежесі тағайындалады.

6М020800 -Археология және этнология мамандығы бойынша магистратура бітірушілерінің кәсіби белсенділік ауқымы

- Қазақстан Республикасының білім, ғылым, ішкі саясат салаларындағы мемлекеттік басқару ұйымдары және т.б. (ҚР Мәдениет министрлігі, ҚР ақпарат министрлігі, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы, облыстық мәдениет басқармасы);

- тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы;

- ғылыми зерттеу институттары (ҚР БҒМ археология институты, ҚРҰҒА тарих және этнология институты және т.б.);

- ҚР ғылыми зерттеу институттары мен мәдениет мекемелері, мұрағаттар мен музейлер (Президенттің мәдениет орталығы, ҚР МОА; Мәдениет институты; ҚР ОММ; республикалық және облыстық өлкетану музейлері);

- бақылау және сараптамалық орындар және т.б. ғылыми және педагогикалық даярлық бойынша:

- жоғары оқу орындары және т.б. оқу орындарында;

- ғылыми-зерттеу институттары, (ҚР БҒМ археология институты, ҚР ҰҒА тарих және этнология институты және т.б.);

- ғылыми зерттеу институттары мен мәдениет мекемелері, мұрағаттар мен музейлер (Президенттің мәдениет орталығы, ҚР МОА; Мәдениет институты; ҚР ОММ; республикалық және облыстық өлкетану музейлері және жоғары оқу орындарының, мекемелердің, колледждердің музейлері. т.б.)



1. Пәндердін атауы және олардың негізі бөлімдері

    1. Археологияның өзекті мәселелері

Жаңа палеоантропологиялық табыстар арқылы адамның пайда болуы және эволюциясы. Орталық Азияның тарихи - геологиялық жағдайлары. Палеогеографиялық жағдай. Тас дәуірінің флорасы мен фаунасы. Палеолит пен неолит дәуірінің зерттелу тарихы. Қазба қабатынан табылған неғұрлым айқын ескерткіштердің материалдық мәдениетіне сипаттама.

Қазақстандағы қола дәуірі тарихнамасының мәселелері. Шығыс, Орталық, Солтүстік, Батыс, Оңтүстік Қазақстан және Жетісудағы қола дәуірі ескерткіштерін кезеңдеу мәселесі. Қола дәуірі ескерткіштерінің материалдары бойынша Қазақстан территориясында металл өңдеу индустриясының қалыптасуы. Қола дәуіріндегі шаруашылық және мәдени типтің сипаттамасы.

Ерте көшпелілер дәуіріндегі Орталық Азия мен Қазақстандағы көшпенділер мәдениетінің қалыптасуының бастаулары. Шығыс, Орталық, Батыс, Оңтүстік Қазақстан және Жетісудағы ескерткіштер материалдары бойынша көшпенділердің тарихи - мәдени кешендерінің аймақтық сипаттамасы.

Сақ және сармат дәуіріндегі көшпенділердің жергілікті жерлеу кешендерінің ландшафтық және топографиялық ерекшелігі. Көшпенділердің тарихи – мәдени кешендерінің типологиясы мен классификациясының негіздері. Уақыт пен кеңістіктің байланысындағы археологиялық артефактінің аналитикалық түсінігінің негізгі принциптері: ландшафт – ескерткіш – жерлеу инвентары - қабірдегі заттардың орны – заттың маңыздылығы.

Археологиялық ескерткіштердің материалдары бойынша көшпенділердің мәдени генезисіндегі әлеуметтік – экономикалық аспекті. Жерлеу құрылысы мен инвентарлық кешендер негізінде көшпенділер қоғамының әлеуметтік стратификациясы. Мәйіттің әлеуметтік жағдайын куәландыратын қосалқы бұйымдардың саны мен сапасы, табылған заттарға талдау: қару-жарақ, әшекейлер, керамика, ғұрыптық заттары және т.б.

Жерлеу ескерткіштері негізінде ерте көшпелілер дәуіріндегі халықтардың дүниетанымдық жаңашылдығы, дәстүр мен табыну заттарының талдануы. Сақ - сармат өнерінің бастауы мен генезисінің, заттық кешен мен киелі жердегі петроглифтер және монументтік өнердегі көрсетілуі.

Орталық, Оңтүстік – Шығыс, Алдыңғы Азия мен Шығыс Европа және Кавказ халықтарының отырықшы мәдениетінің даму контекстінде Далалық өркениеттің мәдени генезисіндегі айырмашылықтары. Ерте темір дәуіріндегі тарихи – мәдени процесінің бүкіләлемдік мәдениет концепциясымен байланысуы, әрекеттілігі және өзара шарттастығы.

Б.д. І ғ. Қазақстан халықтарының мәдени генезисі. Б.д. 1 м.ж. 1 - жартысындағы сақ, сармат және түркі мәдениеттерінің тарихи – мәдени ұқсастық мәселелері. Құлажорға ескерткіштері типіндегі үйсін – сюнну мәдени параллельдері. Батыс Қазақстан жерлеу кешеніндегі материалдар бойынша ғұн-сармат мәдени ұқсастығы. Тасмола мәдениетінің соңғы кезең ескерткіштеріндегі Үсін және Құлажорға мәдениеттерінің элементтері. Беркқара қорымы материалдарындағы сармат, үсін дәстүрлері. Жетісу ғұрыптық жерлеу ескерткіштері материалдары бойынша үсін – түркі мәдениеттерінің ұқсастығы.

Қазақстан территориясындағы түркі мәдениетінің қалыптасу жолдары. Орталық Азия шеңберіндегі ортағасырлық түркі көшпенділерінің тарихи-мәдени кешенінің қалыптасуының аймақтық ерекшеліктері. VІ – VІІІ ғғ., ІX – XІІ ғғ. көшпенді түркілердің жерлеу-табыну конструкциялары, балбал тастары бар ғұрыптық және мемориалдық ескерткіштер, жартастағы суреттер материалдары бойынша ескерткіштердің сипаттамасы. Ортағасырлық түркілердің мемориалдық ескерткіштерінің орналасуының ландшафты және топографиялық ерекшеліктері.

551 ж. (552 ж.) Түркі қағанатының құрылуы. Шығыс түрік және Батыс түрік қағанаты - әлемдік кеңістікті игерудегі саяси - экономикалық және әлеуметтік – мәдени екі бағыты. Жібек жолын жағалай біртұтас, мәдени және экономикалық кеңістіктің қалыптасуы.

Әлемдік құндылық жүйесіндегі ерте түркі мәдениеті: Шығыс, Алдыңғы Азия және Европа отырықшы халықтарының тарихи даму контекстіндегі ортағасырлық көшпелі өркениеттің материалдық және рухани мәдениетінің ескерткіштері.

Түркі қағанатының қирау себебі. VІІІ – XІІ ғғ. көшпелілердің (түргеш, қарлұқ, ұйғыр, оғыз, хазар, бұлғар, қимақ, қырғыз) далалық империясының пайда болуының ішкі және сыртқы факторлары. Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Еуропа және Кавказдың ортағасырлық ескерткіштерінің материалдары бойынша түркі халықтарының мәдениетінің дамуының экономикалық және әлеуметтік жақтары.

Түркілердің дәстүрлі дүниетанымы. Ғұрыптық кешендері балбал тасты киелі жерлері, жартастағы суреттер мен таңбалар материалдарындағы түркі көшпелілерінің рухани мәдениетінің гензисі мен даму жолдары..

Қазақстанның қала мәдениетінің генезисінің проблемалары. Қаланың аймақтық даму ерекшелеігі: тарихи – географиялық аспект және құрылу мен даму заңдылығы. Қала мәдениетінің тарихнамасы мәселесі: жазба деректер, археологиялық зерттеу. Ортағасырлық қаланың құрылым сипаттамасы. Қала – сауданың, қолөнердің, құрылыс архитектурасының, интелектуалды айырбасының орталығы.


1.2 Этнологияның өзекті мәселелері

Этнологияның зерттеу обьектісі. Этногенез, этникалық тарих, дәстүрлі мәдениет, этникалық проблемаларды болжау. Этнологияның әлеуметтік функциясы ғылыми-танымдық, этностың өзін өзі тану функциясы. Этнология мен этнографияның терминдері. Отандық және шет елдік этнология ғылымының тарихы. Этнологиялық деректер ерекшелігі мен этнологиялық зерттеу жұмыстарының әдістері. Құрылымдық-функциональдық әдіс, жүйелілік әдісі, контент-анализ, сараптамалық баға әдісі және басқа.



Этнологиядағы классификациялау проблемалары географиялық, тілдік, антропологиялық, шаруашылық-мәдени тип классификациясы, тарихи-мәдени қауымдастық.

2. 6М020800 – «Археология және этнология» мамандығының магистратураға қабылдау емтихан сұрақтарының ұсынылған тізімі

  1. Қазақстандағы палеолит ескерткіштері.

  2. Қазақстанның неолиті.

  3. Қазақстан мен көршілес Оңтүстік пен Батыс Сібір, Оңтүстік Орал, Орталық Азия территориялардың қола дәуірін кезеңдеу мәселесі.

  4. Алакөл (атасу) мен федоров (нұра) мәдениеттердің абсолюттік және қатыстық хронология мәселелері және олардың қалыптасу территориясы.

  5. Сарыарқаның дәндібай – сарғара мәдениеті.

  6. Андрон мәдени – тарихи бірлестігінің қалыптасуының негізгі ерекшеліктері.

  7. Қола дәуіріндегі экономиканың дамуы.

  8. Қола дәуіріндегі үй жануарларының түрлері. Диханшылықтың пайда болуы. Диханшылық еңбек құралдары.

  9. Кейінгі қола дәуіріндегі шаруашылықтың озық өзгерістері.

  10. Қазақстанның қола дәуіріндегі керамика: атасу, нұра, беғазы – дәндібай ыдыстары.

  11. Жерлеу дәстүрі: ингумация және кремация.

  12. Қола құралдарының, қару - жарақ, тұрмыс бұйымдарының технологиясы мен хронологиясын сипаттау.

  13. Ерте темір дәуірінде Қазақстан территориясында көшпелі мәдениеттің қалыптаса басталуы.

  14. Ерте сақ кезеңіндегі ескерткіштерінің ерекшеліктері.

  15. Тасмола мәдениеттерінің мәліметтері бойынша Орталық Қазақстанның сақ мәдениеті.

  16. Б.з.д. У-ІІІ ғғ. ескерткіштердің хронологиясы мен мәдени интерпретация мәселелері.

  17. Тарихи-мәдени кешенінің негізгі ерекшеліктері.

  18. Қазақстандағы жерлеу және ғұрыптық ескерткіштері бойынша сақ пен сарматтардың дүниетанымы.

  19. Көшпенділердің өнеріндегі аң стилі.

  20. Ерте темір дәуіріндегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы.

  21. Әлем құныдылық жүйесіндегі сақ және сармат мәдениеті.

  22. Археологиялық ескерткіштерінің материалдары бойынша сюнну дүниетанымын дәлелдеу.

  23. Археологиялық мәліметтері бойынша а-сман/у-сунь тайпаларының дүниетанымы.

  24. Түрік қағанатының құрылуы.

  25. Көне түркі мәдениетінің генезисі.

  26. Дала өркениетінің жүйесіндегі қала мен дала.

  27. Ұлы Жібек жолындағы халықаралық жүйесі

  28. Ерте ортағасырдағы түркі қалаларының тарихнамасы.

  29. Қазақстан территориясындағы табиғи-экологиялық орта мен қалалар және қоныстардың генезисі мәселесі.

  30. Ерте ортағасырлық қалалардың пайда болуы мен даму себептері.

  31. Қазақстан жеріндегі ортағасырлық қалалардың археологиялық зерттелуі.

  32. Ерте ортағасырлық қалалардың типологиясы.

  33. Орталық Азиядағы ортағасырлық қалалардың саяси, экономикалық және мәдени дамуының мәселелері.

  34. ІХ-ХІІІ ғғ. қала: әлеуметтік-экономикалық, саяси даму мәселесі.

  35. Орталық Азия мен Қазақстанда түркі мемлекеттерінің пайда болуы. Түргеш, қарлұқ, оғыз, ұйғыр, печенег, қимақ, қыпшақ мәдениеттерінің таралу аймағы.

  36. Археологиялық материалдар бойынша түркілердің дәстүрлі дүниетанымы.

  37. Тас мүсіндері бар киелі жерлердің генезисі.

  38. Әлемдік құндылық жүйесіндегі ерте түркі мәдениеті

  39. Қазақстан тарихы ғылымының пайда болуы, негізгі кезеңдері, ерекшеліктері

  40. Ежелгi және ортағасырлардағы Қазақстан тарихын кезеңдеудiң тарихнамалық мәселелерi

  41. Қазақстан территориясындағы түркі мәдениетінің қалыптасу жолдары

  42. Қазақстандағы қола дәуірі тарихнамасының мәселелері

  43. Кеңес дәуiрiнде ХХ ғасырдағы Отан тарихын кезеңдерге бөлу мәселелерi

  44. Ата-бабаларына арналған тас мүсінді ғұрыптық ескерткіштердің

  45. Түргеш, қарлұқ, оғыз, ұйғыр, печенег, қимақ, қыпшақ мәдениеттерінің таралу аймағы

  46. Жаңа палеоантропологиялық табыстар арқылы адамның пайда болуы және эволюциясы

  47. Қазақстан Республикасы тарихын кезеңдерге бөлу Қазақстан тарихын эраға (заманға) – дәуірге – кезеңге – этапқа бөлудің методологиялық мәселелері

  48. Түрік халықтары тарихымен қазақ тарихының өзара байланыстылық мәселелері

  49. Тас мүсіндері бар киелі жерлердің генезисі

  50. Дәстүрлі түрік-мұсылман тарихнамасында ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан тарихы мәселелерін кезеңдеу

  51. Отырар, Түркістан, Тараз, Сайрам қалаларының археологиялық зерттеулері

  52. Қазақстан тарихын – евразия тарихының бір бөлігі ретінде қарастыру

  53. Археологиялық ескерткіштер негізіндегі көшпенділердің дүниетанымын реконструкциялау

  54. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (К.А. Акишев) жұмыстары

  55. Қазақстан тарихын кезеңдеудің өлшемдері (критерийлері)

  56. Архив деректерi, ескерткiш орналасқан ауданның геологиялық, геоморфологиялық мәлiметтерiн зерттеу

  57. Фактiлердi өңдеудiң статистикалық және археологиялық бақылаулар мiндеттерi

  58. Археологиялық жұмыстардағы карта. Картаның түрлері

  59. Л.Н.Гумилев концепциясы: этнос, этногенез және Жер биосферасы.

  60. Шаруашылық-мәдени түрлері мен тарихи-мәдени облыстар концепциясы.

  61. Этникалыққа конструктивистік көз-қарас.

  62. "Этнос" және "ұлт" ұғымы. Ұлт этникалық сияқты азаматтық қауымдастық. Ұлттық мүдде және ұлтшылдық.

  63. Қазіргі батыстық мәдени антропологиядағы этнопсихологиялық және этнодіни зерттеулер.

  64. Қазақтардың этногенезі проблема және әдіс.

  65. Қазақ халқының этногенез және этникалық тарих іргелі проблемалары.

  66. Қазақ халқының этногенезі тарихнамалық проблемалары

  67. Қазақ жүздерінің шығу тегі проблемалары.

  68. Жаңа және қазіргі замандағы қазақстан территориясындағы этносаяси процестер.

  69. Көне және ортағасырдағы Қазақстан территориясындағы этногенетикалық процестер.

  70. Қазақ мемлекеттілігі қалыптасуының проблемалары.

  71. Қазақтардың ШМТ/шаруашылық мәдени типі/ проблемасы: С.Е.Толыбеков, Г.Ф.Дахшлейгер, Х.А.Арғынбаев, Н.Э.Масанов еңбектерінде

  72. Қазақтардағы мал шаруашылығының типологиясы

  73. Қазақтардың діни-нанымдарының жүйесі

  74. Орталық Азиядағы қазақ диаспорасы

  75. Ресейдегі қазақ диаспорасы

  76. Шет елдердегі қазақ диаспорасы

  77. Қазақ этнонимі. Алаш термині

  78. Ұлттық-территориалдық межелеу және оның зардаптары

  79. Қазақтардағы суфизм және ислам

  80. Қазақстан Республикасының тіл саясаты

Ұсынылған әдебиеттердің тізімі


Негізгі:

  1. Акишев А.К. Искусство и мифология саков. Алма-Ата, 1984.

  2. Акишев К.А. К проблеме происхождения номадизма в аридной зоне древнего Казахстана // Поиски и раскопки в Казахстане. Алма-Ата, 1972.

  3. Акишев К.А. К проблеме хронологии раннего этапа сакской культуры //Археологические памятники Казахстана. Алма-Ата, 1978.

  4. Акишев К.А. Саки азиатские и скифы европейские: общее и особенное в культуре //Археологические исследования в Казахстане. Алма-Ата 1973.

  5. Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар. Алма-Ата, 1972.

  6. Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Позднесредневековый Отрар. Алма-Ата, 1981.

  7. Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или Алма-Ата, 1963.

  8. Ахинжанов С.М., Ермолаева А.С., Самашев З.С., Таймагамбетов Ж.К., Трифонов Ю.И. Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской ГЭС. Алма-Ата, 1987.

  9. Байпаков К.М. Средневековые города на Великом Шелковом пути. Алматы, 1998.

  10. Байпаков К.М., Шарденова З.Ж., Перегудова С.Я. Архитектура городов Семиречья и Южного Казахстана. Алматы, 2001.

  11. Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. М., 1983.

  12. Бромлей Ю.В. Этносоциологические процессы: теория и современность. М., 1987.

  13. Вернадский В.И. Биосфера и ноосфера. М.: Наука, 1989.

  14. Бурнашева Р.З. Монеты из Отрар-тобе. //Археологические исследования в Отраре. Алма-Ата, 1977.

  15. Вишневская О.А. Культура сакских племен низовьев Сырдарьи в VІІ-V вв. до н.э. (по материалам Уйгарака). Труды Хорезмской археол.-этнограф. Экспедиции. Т. VІІІ. М., 1973.

  16. Геродот. История в девяти книгах (перевод и примечания Г.А. Стратановского) М. 2001.

  17. Гинзбург В., Трофимова Т.А. Палеоантропология Средней Азии. М., 1972.

  18. Гуркин С.В. Кыпчаки и кимаки в ІX-первой трети XІ веков. //Донская археология №3-4, 2001

  19. Досымбаева А.М. Мерке – сакральная земля тюрков Жетысу. Тараз. 2002.

  20. Елеуов М. Шу мен Талас өңірлерінің ортағасырлық қалалары (VІ-XІІІ ғ. басы). Алматы. 1998.

  21. Ермоленко Л.Н. Древнетюркские изваяния с сосудом в обеих руках.//Сборник научных трудов, посвященный 70-летию со дня рождения Я.А. Шера. Первобытная археология. Человек и искусство. Изд-во. Института археологии и этнографии СО РАН, 2002.

  22. Зданович С.Я. Жилища и поселения финального, бронзового века Саргары в Северном Казахстане //Древние культуры Поволжья и Приуралья.

  23. Зуев Ю. А. Сармато-аланы Приаралья (Яньцай/Абзойя) //Культура кочевников на рубеже веков (XІX–XX, XX–XXІ вв.): Проблемы генезиса и трансформации // Материалы международной конференции. Алматы, 1995. 29. Итина М. А. Саки Приаралья. М., 1992.

  24. Зуев Ю.А. Ранние тюрки: очерки истории и идеологии. Алматы. 2002.

  25. Кадырбаев М.К., Курманкулов Ж.К. Культура древних скотоводов и металлургов Сары-Арки. Алма-Ата, 1992.

  26. Қазақстан тарихы. Алматы. 1996, т.1.

  27. Карабаспакова К.М. Племена Семиречья и Южного Казахстана в эпоху бронзы. Автореф. дис… канд.ист. наук. Алматы, 1998.

  28. Кожемяко П.Н. Раннесредневековые города и поселения Чуйской долины. Фрунзе, 1959.

  29. Кореняко В.А. Искусство народов Центральной Азии и звериный стиль. М., 2002.

  30. Кумеков Б.Е. Государство кимаков ІX – XІ вв. по арабским источникам. Алма-Ата, 1972.

  31. Назарбаев Н.А. В потоке истории. - Алматы, 1999.

  32. Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. - Астана, 2003.

  33. Национальное согласие - основа стабильности и развития Казахстана: Материалы пятой сессии Ассамблеи народов Казахстана. - Астана, 1999.

  34. В XXІ век - в дружбе и согласии: Материалы шестой сессии Ассамблеи народов Казахстана. - Астана, 2000.

  35. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли. Л., 1989.

  36. Гумилев Л.Н. География этноса в исторический период. Л., 1990.

  37. Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии – эпохи и цивилизации. М.: Экопрос, 1993.

  38. Белик А.А. Психологическая антропология: история и теория. М., 1993.

  39. Дробижева Л.М. Национальное самосознание: база формирования и социально-культурные стимулы развития // Советская этнография. 1985. № 5

  40. Исследования по прикладной и неотложной этнологии. М., 1996.

  41. Сусоколов А.А. Структурная самоорганизация этноса // Расы и народы. М., 1990.

  42. Токарев С.А. Проблемы типов этнических общностей // Вопросы философии. 1964. № 11.

  43. Максимова А.Г. Эпоха бронзы Восточного Казахстана. //Труды ИИАЭ АН КазССР, 1959. т. 7.

  44. Маргулан А.Х. Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана. Алма-Ата, 1999.

  45. Маргулан А.Х. Жезказган – древний металлургический центр (городище Милыкудук) //археологические исследования в Казахстане. Алма-Ата, 1973.

  46. Маргулан А.Х. Из истории городов и строительного искусства древнего Казахстана. Алма-Ата. 1950.

  47. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. Алма-Ата, 1966.

  48. Марьяшев А.Н. Горячев А.А. Наскальные изображения Семиречья. Алматы. 1998.

  49. Массон В.М. Экономика и социальный строй древних обществ. Л. 1976.

  50. Новоженов В.А. Петроглифы Сары Арки. Алматы, 2002.

  51. Оразбаев А.М. Северный Казахстан в эпоху бронзы //Труды ИИАЭ АН КазССР. Алма-Ата, 1958. т. 5.

  52. Подушкин А.Н. Арысская культура Южного Казахстана. Туркестан. 2000.

  53. Раевский Д.С. Модель мира скифской культуры. М., 1985.

  54. Сальников К.В. Бронзовый век южного Зауралья //Материалы и исследования по археологии. М., 1951. №21.

  55. Самашев З.С. Наскальные изображения Верхнего Прииртышья. А, 1992.

  56. Сенигова Т.Н. Средневековый Тараз. Алма-Ата. 1972.

  57. Сорокин В.С. Могильник бронзовой эпохи в Западном Казахстане //МИА. 1962, №120.

  58. Степи Евразии в эпоху средневековья. Археология СССР. М. 1981

  59. Тасмагамбетов И., Самашев З. Сарайчик. Алматы. 2001.

  60. Толеубаев А.Т. Памятники эпохи бронзы Ескалмас и Масалы в северных склонах Тарбагатая //Проблемы изучения и сохранения исторического наследия. Алматы, 1998.

  61. Федоров-Давыдов Г. А. Кочевники Восточной Европы под властью золотоордынских ханов. М., 1966.

  62. Худяков Ю.С. Древнетюркские изваяния из Восточного Туркестана //Древние культуры Центральной Азии и Санкт-Петербург. СПб., 1998.

  63. Худяков Ю.С., Комиссаров С.А. Кочевая цивилизация Восточного Туркестана. Труды Гуманитарного факультета НГУ. Новосибирск, 2002.

  64. Черников С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы //МИА. 1960. №89.

  65. Шалекенов У.Х. Кұм басқан қала. Алматы. 1992.

  66. Шалекенов У.Х. Түріктердін отырықшы өркениеті. Алматы. 2002.

  67. Шер Я. А. Каменные изваяния Семиречья. М.; Л. 1966

Қосымша:

  1. Аванесова Н.А. К вопросу об одежде скотоводческих племен эпохи бронзы Средней Азии //Вопросы археологии, древней истории и этнографии. Самарканд, 1981.

  2. Акишев К.А. Археологические ориентиры прогнозирования структуры древних обществ степной Евразии //Комплексные общества Центральной Евразии в ІІІ- І тыс. до н.э. Челябинск-Аркаим, 1999.

  3. Андрианов Б.В. Древние оросительные системы Приаралья. М. 1968.

  4. Байпаков К.М., Подушкин А.Н. Памятники земледельческо-скотоводческой культуры. Алма-Ата. 1989.

  5. Байпаков К.М., Смагулов Е.А. Ержигитова А.А. Исследование средневекового города в окрестностях г. Уральска //Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. Вып.1. Уральск. 2002.

  6. Бородовский А.П. Раскраска тела погребенных в гунно-сарматское время на Верхней Оби. //Сибирь в панораме тысячелетий. Том 1, Новосибирск, 1998.

  7. Город как социокультурное явление исторического процесса. М. 1995.

  8. Досымбаева А.М. Кочевые тюрки в формировании культуры средневекового города Тараз //Тараз: диалог тысячелетий и цивилизаций. Материалы международной конференции Тараз – 2000. Тараз, 2002.

  9. Досымбаева А.М. О казахстанском очаге тюркской культуры. //Древнетюркская цивилизация: памятники письменности. Материалы международной научно-теоретической конференции “Древнетюркская цивилизация: памятники письменности”, посвященной 10-летию независимости республики Казахстан. Алматы 2001.

  10. Иванов П.П. Сайрам //Сб. Туркестанского Восточного Института в честь проф. А.Э. Шмидта. Т. 1923.

  11. Исмагилов Р.Б. Приуральские акинаки с навершием в виде ушастого грифона и хищного животного. //СА, №1, 1980.

  12. Камышев А.М. К вопросу о датировке тюргешских монет // Тараз: диалог тысячелетий и цивилизаций. Материалы международной конференции Тараз – 2000. Тараз, 2002.

  13. Косарев М.Ф. Пространство и время в сибирско-языческом миропонимании. //Мировоззрение древнего населения Евразии. М. 2001

  14. Кызласов И.Л. Смена мировоззрения в Южной Сибири в раннем средневековье (Идеи единобожия в енисейских надписях) //Древние цивилизации Евразии. История и культура. М., Изд. фирма “Восточная литература”, РАН, М., 2001.

  15. Лунин Б.В. Средняя Азия в дореволюционном и советском востоковедении. Т. 1965.

  16. Массон М.Е. Старый Сайрам //Известия Средазкомстариса. М. 1928.

  17. Мачинский Д. А., Чугунов К. В. Атрибуты женского культа в древних культурах Саяно - Алтая // Древние культуры Центральной Азии и Санкт-Петербург. СПб., 1998.

  18. Мерц В. К. К изучению памятников эпохи ранней бронзы Казахстана. // Археологические исследования в Казахстане. Труды научно-практической конференции “Маргулановские чтения-14” Шымкент-Алматы, 2002.

  19. Омаров Г.К. Могильники раннего железного века в предгорьях Тарбагатая.// Проблемы изучения и сохранения исторического наследия. Алматы, 1998.

  20. Оразбаев А.М., Омаров Г.К. Некоторые итоги археологического исследования Восточного Казахстана // Проблемы изучения и сохранения исторического наследия. Алматы, 1998.

  21. Позднякова О.А. Андроновские головные уборы из могильника Фирсово-XІV и их аналогии //Изучение памятников археологии Павлодарского Прииртышья. Павлодар, 2002.

  22. Смагулов Е., Григорьев Ф., Итенов А. Очерки по истории и археологии средневекового Туркестана. Алматы. 1999.

  23. Средняя Азия в раннем средневековье // Средняя Азия и Дальний 1999.

  24. Сухарева О. А. Древние черты в формах головных уборов народов Средней Азии //Среднеазиатский этнографический сборник: Тр. Института этнографии им. Н. Н. Миклухо-Маклая. М., 1954. Т. 21.

  25. Толеубаев А.Т., Бисенов А.З., Омаров Г.К. Курганы с каменными грядами на северных склонах Тарбагатая. //Проблемы изучения и сохранения исторического наследия. Алматы, 1998.

  26. Шевнина И.В. Опыт реконструкции женского погребального костюма по материалам могильника эпохи бронзы Джангильды V // Изучение памятников археологии Павлодарского Прииртышья. Павлодар, 2002.

  27. Традиции в современном обществе: Исследования этнокультурных процессов: Сб. статей / Отв. ред. Л.М. Дробижева, М.С. Кашуба. М., 1999


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет