«алаш ісі» алаш партиясы. Алаш автономиясы



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата13.11.2023
өлшемі0.61 Mb.
#483089
  1   2   3
АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ



АЛАШ 
 
 
«АЛАШ ІСІ» 
 
 
АЛАШ ПАРТИЯСЫ.
АЛАШ АВТОНОМИЯСЫ 
 
 
 
АЛАШОРДА 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ƏЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ 
 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ 
 








МҰХАМЕДЖАН ТЫНЫШБАЕВ 
 
 
ЖАҚЫП АҚБАЕВ 
 
 
ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ 
 
 
 
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ 
 
ƏЛІМХАН ЕРМЕКОВ
 



10 
11 
12 


АЛАШ 
Алаш – тарихта кездесетін ең ежелгі атаулардың бірі. Ежелгі түркі тілінде - 
бауырластар, қандастар, туыстар деген мағынаны берген. Сондықтан да кейін 
жеке ел болған қазақ, қырғыз, өзбек, ноғай, т.б. түркі халықтарында Алаш атауы 
сақталған. Алаш сөзі түрік тайпалары біртұтас ел болған кезде кеңінен 
қолданылған. Алаш (Алаша хан) ханның дəл қай дəуірде өмір сүргені белгісіз. 
Аңыздар əр түрлі деректерді көрсетеді. Ел жадында ол батыр əрі би, ұлыс 
билеушісі, көшпелі түркілерді біріктіріп, тұңғыш Алаш (қазақ) мемлекетін құрған 
ұлы қайраткер, «Алты алашты» құраған тайпалардың түп атасы ретінде 
қастерленеді. Əфсана-аңыз бойынша, Қызыл Арыстан деген ханнан оның 
ордасында тұтқында жүрген бір күң əйел ұл табады. Сəбидің тұла бойы алапес 
болып туады. Ханның бəйбішесі баланы жек көреді. Сөйтіп, күні-түні күйеуінің 
миын жеп: «Бұл баланың көзін құрт, құртпасаң, өскенде еліңді ала тайдай 
бүлдіреді!» – деп азғыра берді. Шындығында, бəйбіше бұл бала кейін таққа 
таласып жүрер деп қорқады. Əйелі күнде құлағын жей берген соң хан көндігеді. 
Алайда ақылмен іс қылады. Ол баланы қырық жігітпен жəне күң шешесімен бірге 
Арқаға аттандырады, өздерінше күндерін көрсін дейді. Тағдыр тəлкегіне 
тасталған бала осылайша айдалаға жер ауып кете барады. Қырық жігіт аң аулап, 
оларды асырап-бағады. Уақыт өте бір кездегі тастанды бала ержетеді. Білімпаз, 
кемеңгер кісі болады. Күндердің күнінде халық оны алашаға салып, хан көтереді. 
Кейін ол жауынгерлігімен Алаш хан атанып, қазақ халқының негізін құрайды. 
Уақыт өте Алаш атауы қазақ халқының баламасы ретінде қолданылып кетеді. 
«Алаш» бүкіл қазақ халқына ортақ ұранға айналады. «Алаш азаматы» деу қазақ 
халқының ауызбірлігіне, елдің, жердің тұтастығына меңзейді. ХХ ғасырдың 
басындағы «Алаш қозғалысы», «Алаш партиясы», «Алашорда» деген ұғымдар 
қазақ елін, қазақ мемлекеттілігін білдіру үшін қолданылды. Ұлытау өңіріндегі 
Жаңғабыл өзенінің бойында «Алаша хан ордасы» аталатын үлкен сарай-
қамалдың қалдығы жəне Қаракеңгір өзенінің жағасындағы «Алаша хан күмбезі» 
аталатын X – XI ғасырларда салынған ғимарат əлі күнге дейін сақталған. 
«АЛАШ ІСІ» 
«Алаш ісі» – Кеңес үкіметінің Алаш қозғалысына қатысушыларды 
жазалауға бағытталған ісі. Кеңес үкіметі 1928 жылдан бастап Алаш 
партиясы мен Алашорда үкіметіне мүше болған жəне оларды 
жақтағандарды жаппай тұтқынға алды. Оларға Кеңес үкіметіне қарсы 
күрес жүргізді, шетелдіктермен байланыста болды, т.б. көптеген 
жалған айыптар тағылып, тергеу ісі жүргізілді. 1930 жылы 4 сəуірдегі 
ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үкімімен 35 адамға əр 
түрлі жаза кесілді. Атап айтқанда: А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, 
М.Есполов, Х.Ғаббасов, Д.Əділов, Ж.Аймауытов, Ғ.Бірімжанов, 
Ə.Байділдин, А.Дулатов, Т.Есмағанбетов, т.б. ату жазасына 
бұйырылып, ол үкім кейін 10 жыл мерзімге жазалау лагерінде 
отырумен алмастырылды.
Өзгелері солтүстік өлкеге жер аударылды жəне 
жазалау лагерьлеріне жіберілді. 1932 жылы 20 сəуірде ОГПУ үштігінің үкімімен 
Мұхамеджан Тынышбаев бастаған Алаш қозғалысының 20-дан астам мүшесі 
жазаланды. Олардың қатарынан Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов, 
Жақып Ақбаев, Қошмұхамед (Қошке) Кемеңгеров, Ахмет Тұнғаншин, Кəрім 
Тоқтабаев, т.б. бес жыл мерзімге Ресейдің Воронеж облысына жер аударылды. 
1930 жəне 1932 жылдардағы ОГПУ-дің осы екі үкімімен сотталып кеткендерден 
М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Д.Əділов, Ə.Байділдин, А.Дулатов, К.Тоқтабаев елге 
қайтып оралмады. Ал қайтып оралғандары 1937 – 38 жылдары «халық жауы» 
деген жалған айыппен түгелге жуық атылды. Алаш қайраткерлерінің барлығы да 
жоғары білімді зиялылар еді. Олар Санкт-Петербургтің, Мəскеудің, Қа зан ның, 
Томскінің, т.б. қалалардың жо ғары оқу орындарын заңгер, экономист, дəрігер, 
математика, тау-кен жəне темір жол инженерлері, т.б. мамандықтар бойынша 
бітірген. Сонымен қатар олардың басым көпшілігі өз мамандықтары бойынша 
жұмыс атқара жүріп, ғылыми-шығармашылық қызметпен де айналысқан. Бүкіл 
мағыналы өмірін халқының тəуелсіздік алып, егеменді ел болуына арнаған аяулы 
азаматтар соңғы демі біткенше сол жолда ғұмырларын сарп етті. ОГПУ үштігі – 
ОГПУ-дің үш мүшесінен (үш адам бірігіп) құралған мемлекеттік 
 
АЛАШ ПАРТИЯСЫ.
АЛАШ АВТОНОМИЯСЫ 
Алаш партиясы – қазақ халқының тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы (1917 – 1920 
жж.). Алаш партиясын құру жөніндегі мəселе 1917 жылы 21 – 26 шілде аралығында Орынбор 
қаласында І Жалпықазақ съезінде талқыланды. Алдымен Ə.Бөкейхановтың жетекшілік етуімен 
Партияның облыстық ұйымдары құрылды. 1917 жылдың қазан айында Семейде (төрағасы – Халел 
Ғаббасов), Омбыда (төрағасы – Айдархан Тұрлыбаев), ал қараша айында Орынборда (төрағасы – 
Əлихан Бөкейханов) облыстық партия комитеттері ұйымдастырылды. Сөйтіп, жаңадан құрылған 
партия «Алаш» деген атқа ие болды. Партия бағдарламасының жобасы 1917 жылғы «Қазақ» 
газетінің 251 санында жарияланды. Бағдарлама бойынша Алаш партиясы қазақ облыстарының, 
қазақ халқының бір мемлекетке бірігіп, Ресей Федерациясының құрамына автономиялық негізде 
енуін қолдады. Алаш партиясы қазақ ұлттық мемлекетін құру, қазақ қауымынан Құрылтай 
жиналысына депутаттар сайлау, т.б. істерге белсене ат салысты. Алаш партиясының көсемдерi 
бірнеше ғасыр Ресей империясының отары болып келген Қазақстанды езгiден құтқару жəне оның 
мемлекеттілігiне қол жеткізу мақсатын көздеді. 
Алаш автономиясы – қазақ халқының 1917 – 1920 жылдардағы өмір сүрген ұлттық 
мемлекеті. Алаш автономиясы 1917 жылы 5 – 13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен ІІ 
Жалпықазақ съезінде құрылды. Құрамына Бөкей елі (Еділ мен Жайық аралығы), Орал, Торғай, 
Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары кіретін болды. Өзін қорғауы үшін Алаш 
автономиясының Қарулы Күштері құрылып, ол «халықтық милиция» деп аталды. Алаш 
автономиясының жетекшілері Кеңес үкіметінің қазақ халқына бостандық бермейтінін түсінді. 
Сондықтан Азамат соғысы (1918 – 1920 жж.) кезінде Кеңес құрылысына қарсы күштермен 
(«Комуч», «Сібірдің уақытша үкіметі», «Уфа директориясы»)* одақтасуды көздеді. Алаштықтар 
Орал, Сібір жəне Жетісу казактарымен қатынас орнатты. Оларға Алаш автономиясын ресми тану 
жөнінде өтініш жасап, Алаш автономиясына əскери жаттықтырушылармен, қару-жарақпен 
қамтамасыз етуде көмек көрсетуін сұрады. Алайда бұл үкіметтер «Алаш автономиясының» өзін 
өзі басқару ниетін қолдамады. Осылайша, Кеңес үкіметі құлатылған жағдайда Алаш 
автономиясының ұлттық мемлекеттілігіне қол жеткіземіз деген үмітінің ақтала қоймайтыны 
белгілі болады. Сол үшін де Алаш автономиясының Кеңес үкіметімен келісімге келуіне тура 
келді. Азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес үкіметі Алаш қайраткерлеріне кешірім 
жариялағанымен, 1920 жылы Алаш автономиясын таратып жіберді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет