Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет20/31
Дата24.09.2023
өлшемі474.54 Kb.
#478454
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
Қазақ тілінің стилистикасы, Ғ.Қ.Хасанов

9-СОӨЖ тақырыбы:
1. Ғылыми мәтін прагматикасы.
2. Ғылыми стильдің шағын стиль түрлері және жанрлары
Тапсырмалар: ғылыми мақала жазу.
Есеп беру түрі: мақаланы жазу, дәлелдеу.
СӨЖ тапсырмалары: Қазақ фразеологиясы стильдік ерекшелігіне жалпы мәтіндегі қызметтеріне бақылау жұмыстары.
Есеп беру түрі: бақылау жұмыстарын жазу.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б.. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2005.
2. Кожина М.Н. Стилистика русского языка. М., 1993.
3. Стилистика русского языка. Учебное пособие для студентов пединститутов. (В.Д. Бондалетов и др.) Л., 1989.
4. Әлкебаева Д.А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы. – Алматы: Зият-Пресс, 2007.
5. Серғалиев М. Синтаксис және стилистика. А., 1997.
6. Серғалиев М. Синтаксистік синонимдер. А., 1981.
7. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.
8. Одинцов В.В. Стилистика текста. М., 2006.
9. Хасанова С., Жексембаева Ғ. Қазақ тілінің стилистикасы (жаттығулар жинағы) А.,1999.
10. Мұсабекова Ф. Қазақ тіліндегі зат есім стилистикасы. А., 1976.
11. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. А., 1984.
12. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.


Оныншы апта
10 дәрістің тақырыбы: Синтаксистік стилистика
Қарастырылатын мәселелер:
1. Жай сөйлем стилистикасы.
2. Құрмалас сөйлем стилистикасы.
Терминдер мен анықтамалар
Айналмалы тұтасымдар (ор.кольцевые, рамочные) күрделі фразалық тұтасымның басқы және соңғы сөйлемдерінің немесе лексикалық бірліктердің қайталанып қолданылуы.
Байласым – күрделі бірліктерді құрайтын тілдік құралдардың белгілі әдіс-тәсілдермен ұйымдасуы, мәтіндегі бірліктердің байланысы.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
1. Жай сөйлем стилистикасы.
Сөйлем стилистикасы Б.Манасбаев, Е.Жанпейісов, М.Серғалиев, Х.Кәрімов т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелген. Бұл мәселеге соңынан қалам тартқан Д.А. Әлкебаева былай дейді: «Тілдің біршама аяқталған, тиянақты ойды білдіретін бөлшегі – жай сөйлемдер. Сөйлемде субъект болмысының толық көрінуі, ойдың тілдегі тікелей көрінісі, оның сырт қа шығуы, жүзеге асуы әр түрлі болады. Сөйлеуші сөзінің жүзеге асуы белгілі коммуникативтік мүддеге тәуелді бола отырып, ситуациға да қатысты болып келеді. Жай сөйлемдер классикалық синтаксистік тұрғыдан айту мақсатына қарай хабарлы, лепті, бұйрықты, сұраулы болып бөлінгенімен, функционалдық стилистикалық қолданыс шеңберінде алуан түрлі табиғатымен ерекшеленеді. 2. Құрмалас сөйлем стилистикасы. Құрмалас сөйлем – функционалдық стильдердің барлық саласында кезедеседі, коммуникативтік және эстетикалық қызметімен статистикалық мүмкіндіктерді тарату жиынтығын көрсетеді.
Құрмалас сөйлемдерді қолдану – кітаби стильдің айрықша белгісі. Ауызекі сөйлеу стилінде синтаксистік ерекшелік ретінде жақсыз, толымсыз сөйлемдерді қолданудың стилистикалық мүмкіндіктері өте жиі байқалады (толымсыз, жақсыз сөйлемдерде сөйлем мүшелерінің түсіп қалуы ым-ишарат қимылдарымен толықтырылып отырады).
№10 практикалық сабақтың тақырыбы: Ресурстар стилистикасы (синтаксистік стилистика)
Тапсырмалар:
1. Жай сөйлемнің прагмастилистикасы.
2. Сұраулы сөйлемнің прагмастилистикасы.
3. Лепті сөйлемнің прагмастилистикасы.
4. Бұйрықты сөйлемнің прагмастилистикасы.
5. Құрмалас сөйлемдердің прагмастилистикасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет