Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды


Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)



бет10/24
Дата05.03.2024
өлшемі497.53 Kb.
#494386
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
Көркем мәтін теориясы, И.С.Сұлтаниязова

Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
Интертекстуалдылықты семантикалық тұрғыдан И. Смирнов айтқандай: «текстің басқа текстерге сілтеме жасау арқылы тек өзіне ғана тән мән-мағына тудыру қабілеті» деп түсінетін болсақ, көптеген текстерді түсіну үшін белгілі бір мәдени, әдеби ортаға кеңінен таныс шығарманы еске түсіру керек болады. Өйткені белгілі бір қоғамда бір уақытта өмір сүріп, ортақ тілді, мәдениетті, әдебиетті тұтынушылар үшін эталон деп саналатын әдеби шығармалар болып, олар сол қоғамдағы моральдік-этикалық ұстанымдардың эксплицитті көрсеткіші, насихатшысы ретінде қызмет етеді. Ал мұндай мәтіндерді оқитын адамдардың өмірлік қағидалары, көзқарастары, адамгершілік туралы пікірлері бір-біріне ұқсас, үндес болып, бір-бірін толықтырып отырады. Шығарма авторлары да осы мәдени, әдеби ортаның бір өкілі болғандықтан, өзін толғандырған, ойландырған мәселені жазған кезде қайтсе де басқа қаламгерлердің әсер-ықпалын сезінбей тұра алмайды. Мұндай әсер-ықпалдың саналы-санадан тыс екендігі туралы түрлі пікірлер бар. Алайда әр халықтың әдеби үдерісінде мәтінаралық байланыстардың барлығын дәлелдейтін мысалдар аз емес және мұндай байланыстар жеке дербес туындыны қабылдау, түсіну, талдау, интерпретациялау үшін айрыша маңызға ие. Бұл мәтінаралық байланыстар синтагматикалық (мәтіннің өз ішіндегі концептуалды орталықтардың өзара байланыстары) және парадигматикалық (осы семантика сипатталатын басқа да мәтіндермен байланыстары) қатынастарға түсу арқылы өздері маркерленіп те, маркерленбей де кіргізіліп отырған мәтіндердің мән-мағынасын байытатындықтан, ол мәтіндер бір интертекстуалды кеңістікте қарастырыла алады. Интертекстуалды ортақ кеңістік барын көрсететін маркерлер ретінде прецедентті феномендер, яғни прецедентті есімдер, прецедентті мәтіндер, прецедентті айтылымдар және прецедентті жағдайлар танылатынын ескерсек, олардың көркем дискурста вербалдануы мәтіннің интертекстуалдылығын ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар мәтіннің тұтастық, байланыстылық, континуум сияқты басқа да санаттарын түзіп, қалыптастыруға қызмет етеді.
Мәтінаралық байланыстар зерттеле бастағаннан бері қаламгер түзіп отырған жаңа мәтінге енгізілетін бөгде сөз - келтірінді құрылымдар түрлі терминдермен аталып келді. Мәселен, прецедентті мәтін – шығыс мәтін, архетекст, мәтін-түпнұсқа, генотекст, пратекст, претекст, тілдік афоризм, логоэпистема, эквофорема, протослов, перифраз және ноэма. Терминдердің мұндай көп нұсқалылығы зерттеушілердің өз нысандарының қандай аспектілеріне баса назар аударуына байланысты еді. Бұлардың барлығы текстаралық байланыстарға негіз болатын алғашқы мәтіндерді атағанмен, олардың біреулері ешқандай коннотациясыз, бейтарап мәнді болса, енді біреулері бойында сақталып, қатталған ақпардың рухани әлемге, адамның психологиялық ерекшеліктеріне қатысы басымдығына орай эмоционалдылығы айқын қолданыстарға айналды.
6 практикалық сабақтың тақырыбы:Көркем мәтін және көркем дискурс
Тапсырмалар:
1. «Иерархиялық синтагматика» көркем мәтіннің негізгі құрылымдық принципі екендігі.
2. Көркем мәтіндегі грамматикалық, фонетикалық және лексико-грамматикалық байланыс.
3. Байланыстылық және ырғақтылық ұғымы.
4. Көркем мәтіннің ырғақтық құрылымы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет