БАҒдарламасы зайсан қаласы 2006 жыл І. Бағдарламаның төлқұжаты. Бағдарламаның атауы



Дата23.02.2016
өлшемі117.5 Kb.
#11288
түріБағдарламасы
Зайсан аудандық мәслихатының

2006 жылғы 23 мамырдағы

№ 22 -13 шешімімен бекітілді


Зайсан ауданының 2006 - 2008 жылдарға

арналған "электрондық әкімдік"

қалыптастыру

БАҒДАРЛАМАСЫ

Зайсан қаласы

2006 жыл


І. Бағдарламаның төлқұжаты.

Бағдарламаның атауы

Зайсан ауданының 2006-2008 жылдарға арналған "электрондық әкімшілік" құру туралы бағдарламасы.

Бағдарлама жасаудың негізі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 Жарлығымен бекіген Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған "электрондық үкімет" құру туралы мемлекеттік бағдарламасы және Шығыс Қазақстан облыстық маслихатының 2005 жылғы 18 қазанындағы №13/185-ІІІ шешімімен бекіген Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2006-2008 жылдарға арналған "электрондық әкімшілік" құру туралы бағдарламасы.

Дайындаушы

Зайсан ауданы әкімінің аппараты.

Мақсаты

Халықтың және бизнес-құрылымдардың мемлекеттік мекемелердің ақпараттық қорларына кедергісіз енуін және олардың бір-бірімен ақпарат алмасуын қамтамасыз ету мақсатында электрондық жүйе инфроқұрылымын қалыптастыру.

Міндеті

-азаматтар мен ұйымдардың ақпараттық қоғам жағдайында дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін нормативтік құқықтық және әдістемелік базасын жасау;

-жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық инфрақұрылымдық базасын қалыптастыру;

-мемлекеттік органдарда электрондық қызметті дамыту және құру;


  • ИКТ саласында білім деңгейін көтеру және ақпараттық теңсіздікті жою жөнінде жұмыстар ұйымдастыру;

  • электрондық үкімет пен электрондық облыстық әкімшілік инфрақұрылымдарына базалық компоненттер кіргізуге жағдай жасау;

  • жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық инфрақұрылымдарын қорғауды қамтамасыз ету;

  • көрсетілетін электрондық қызметтің әртүрлілігін, сапасын, көлемін арттыру және біркелкі телекоммуникациялық инфрақұрылымдарды дамытуға жәрдемдесу;

Іске асыру мерзімі

2006-2008 жылдар

Қажетті ресурстар,

Қаржыландыру көздері



Жергілікті бюджет, жеке инвестициялар, халықаралық және отандық қаржы ұйымдарының гранттары.

Күтілетін нәтижелер

Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде:

  • аудандағы жергілікті атқарушы органдарда біркелкі құжат айналу жүйесі енгізіледі;

  • мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі мен қорларында әкімшілік процедураларының азаюына жағдай жасалады;

  • халық пен бизнес-құрылымдарға электрондық қызмет көрсетуді дамыту қаматамасыз етіліп, ақпараттық инфрақұрылым базасы жасалады;

  • ауданды ақпараттандыру процесін нормативтік-құқықтық және әдістемелік қамтамасыз ету жетілдіріледі;

  • бірінші кезектегі базалық электрондық қызмет жүзеге асады;

  • мемлекеттік органдардың ақпарат жүйесі мен қорларын тиімді қорғау жүзеге асады;

  • әкімшілік пен халықтың бір-біріне сенім деңгейін көтеруге шешім қабылдап, ақпараттық ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етуге жағдай жасалады;



ІІ. Кіріспе.

Зайсан ауданын ақпараттандыру жөніндегі Бағдарлама (бұдан әрі-Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі-Мемлекеттік бағдарлама) іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Іс-шаралар жоспарын және Шығыс Қазақстан облыстық маслихатының 2005 жылғы 18 қазандағы №13/18-ІІІ шешімімен бекіген Шығыс Қазақстан облысының "электрондық әкімшілік" құру туралы бағдарламасын орындау үшін жасалды.

Зайсан ауданының ақпараттандыру бағдарламасы бұл жергілікті жерде мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін дамытуға және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, жергілікті жерде ақпараттық қорға азаматтардың кедергісіз кіру құқықтарына жағдай жасау болып табылады.

ІІІ. Зайсан ауданының ақпараттандыру жағдайына сараптама.


  1. Ұйымдастыру құрылымы. Зайсан ауданы 9 әкімшілік-аумақтық бірліктен тұрады, оның ішінде 8-і ауылдық округтер және Зайсан қаласы. Аудан бойынша халық саны 38443 адамды құрайды.

Аудан әкімінің құрылымына 13 дербес бөлім кіреді. Бұдан басқа аудан әкімі аудан аумағында орналасқан орталық және облыстық атқарушы органдарының бөлімшелерінің жұмыстарына жалпы бақылау жасайды.

  1. Өңірдегі ақпараттық жүйелер мен ресурстар.

Аудан әкімдігінде өңір бойынша толығымен жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастыруға бағытталған, сондай-ақ негізделген шешімдер қабылдау үшін әкімдік қызметінің бизнес-үрдістерін модельдеу мен талдауға бағытталған жеке ақпараттық жүйелер жоқ.

Жоспарлау мен басқару бойынша өз қызметін жүзеге асыру үшін әкімдік орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінен ақпаратқа сұрау салады. Ақпарат автоматтандырылған режимде берілмейді. Жергілікті және орталық атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимылдың тұрақты (бекітілген) регламенті, сондай-ақ ақпаратты беру мен алмасу тәртібі туралы нормативтік-құқықтық база жоқ.

Бағдарламалық-техникалық жабдықтау.

Аудандық әкімдіктің бөлімшелерінде пайдаланылатын негізгі техникалық құралдар- Сeleron, Pentium базасындағы дербес компьютерлер. Интернет жүйесіне кіру жалғанатын немесе бөліп шығаратын желілермен жүзеге асырылады, электронды почта пайдаланылады. Ауданның жеке веб-сайты жоқ, бірақ облыс әкімінің сайтында Зайсан ауданының Интернет-беті ашылған. Ауылдық округі әкімдері аппараты компьютермен және принтерлермен жабдықталған. Электрондық пошта байланысы мен Интернет жүйесіне қосылмаған. 30 оқу орны компьютер сыныптарымен жабдықталған, соның ішінде 28 Интернетке шығу мүмкіндіктері бар, 2 мектеп мултимедиялық кабинетпен жабдықталған.

Зайсан ауданы мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерінің компьютерлік білімдерінің төмендігі байқалады. Мемлекеттік мекемелер компьютерлік құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілмеген. Ауданда Интернетке кіретін қоғамдық нүкте жоқ.

Жергілікті басқаруды ақпараттандыру бөлігінде белгілі бір проблемалар да бар, олар:



  • мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық ресурстарына қолжеткізу бөлігінде нормативтік құқықтық базаның жетілмегендігі;

  • ақпараттандыру қызметінің болмауы және ақпараттық технологиялар саласында қызметшілердің біліктілік деңгейінің жеткіліксіздігі.

Қазіргі уақытта ақпараттық қоғам қалыптастырудағы ең басты факторлардың бірі ретінде ақпараттық теңсіздік деп аталатын кедергіні жою өзекті мәселе болып отыр.

IV. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

Бағдарламаның негізгі мақсаты е-әкімдіктің ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану негізінде жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелеріне халық пен бизнес құрылымдардың қолжетімділігін ұйымдастыру болып табылады.

Бағдарламаның мақсаттарына жету үшін мынадай міндеттерді шешу керек:


  1. жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық қоғам жағдайында мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимылын реттейтін, тиімді нормативтік және әдіснамалық база құру;

  2. жергілікті атқарушы органдардың базалық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру;

  3. жергілікті атқарушы органдардың е-қызмет көрсетулерін қалыптастыру мен дамыту және оған тұрғындар мен бизнес құрылымдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету;

  4. ақпараттық теңсіздікті жою және АКТ саласындағы білім деңгейін көтеру жөнінде жұмысты ұйымдастыру;

  5. е-үкіметтің және е-облыс әкімдігінің базалық құрамдас бөліктерін енгізу үшін жағдайлар жасау;

  6. е-үкіметтің және е-облыс әкімдігінің үлгілік жобалық шешімдерін енгізу базасында жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық инфрақұрылымын оңтайландыру;

  7. Зайсан ауданы әкімінің Интернет-сайтын ашу;

  8. Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерін қорғауды қамтамасыз ету;

  9. Мемлекеттік органдардың аумақтық құрылымдарын және облыс әкімдігінің, кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы мен өзара іс-қимылдарын жетілдіру мақсатында біріңғай телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға ықпал ету, көрсетілетін ақпараттық телекоммуникациялық қызметтердің әр түрлілігін, сапасын және көлемін арттыру.


V. Зайсан ауданының жергілікті атқарушы органдарының ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың негізгі бағыттары

Бағдарламаны іске асыру мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:



1.Әкімдіктердің электрондық қызмет көрсетулеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттық теңсіздікті жою жөнінде жұмыстар ұйымдастыру: а) мемлекеттік қызметшілердің компьютерлік біліктілігін арттыру үшін оқыту;

б) халықтың неғұрлым қалың жігіне жергілікті БАҚ айдарларында Интернет-сабақтар сериясын жариялау ұйымдастырылады;

в) семинар-тренингтер ұйымдастырылып, компьютер үйрету сабақтары жүргізілетін болады;

г) қызмет көрсетуге қоғамдық қолжетімділікті дамыту кітапханалар мен "Казпошта" ААҚ бөлімшелері базасында ақылы, тегін және жеңілдік негізде, Интернетке қолжетімді сымсыз нүктелер арқылы е-қызмет көрсетуге қоғамдық қолжетімді пункттер желісін құру арқылы қамтамасыз етілетін болады.



2. Мемлекеттік тұрғыда ақпараттық-коммуникациалық технологиялар кіргізу.

а) жергілікті атқарушы органдар бөлімшелері өз жұмысында бухгалтерия мен қоймалық есеп жүргізу және т.б. жұмыстарды автоматтандыратын, бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану;

б) жаңа үлгідегі Celeron, Pentium -4 базасындағы компьютерлік құралдар алу, соның ішінде файл-сервер, сервер қосымшалар мен мәліметтерді мұрағаттау құралдары ретінде пайдаланылатын дербес компьютерлер алу, 100Мбит/сек жылдамдықпен ақпарат алмасуды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, құрылымдалған жергілікті жүйелрді монтаждау бойынша жұмыстар жүргізу.

в) аудандағы мемлекеттік мекемелерді Интернет жүйесіне қосу, элетронды пошта қызметін пайдалану.



3. Әкімдіктің ақпараттық ресурстарын, жүйелері мен е-қызмет көрсетулерін қалыптастыру.

а) тұрғындарға әкімдік ұсынатын ақпараттар көлемін барынша кеңейту

б) азаматтарға ақпараттық қызметтер көрсетудің оларға аса ыңғайлы түрдегі тиімді

жүйесін құру;

в) әкімдіктің ақпараттық жүйелерінің электрондық қызмет көрсетулері нәтижесінде азаматтардың өмір сүруінің және аудандағы ұйымдар қызметінің барлық негізгі саласын қамту;

г) ауданда веб-сайт ашу.



4. Мемлекеттік органдардың аумақтық құрылымдарының жүйелері мен ақпараттық ресурстарын пайдалану.

Облыстық ақпараттық жүйелермен бірлесіп әрекет етуді ұйымдастыру.


5. Өңірдегі мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету.

а) ауданның мемлекеттік органдары инфрақұрылымының сапалы және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында нормативтік актілерге, тұжырымдама талаптарына және ақпараттық қауіпсіздік саясатына сәйкестігіне техникалық құралдар мен бағдарламалық өнімдерді сертификаттау.

б) ақпараттық жүйелерді әзірлеуге ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған техникалық тапсырмаларды келісудің біріңғай тәртібін айқындау.
VI.Бағдарламаны қаржыландыру.

2006 жылға Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті қаржы ресурсының көлемі 2055 мың теңгені құрайды.

2007-2008 жылдары Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру шығысы тиісті жылға аудан бюджетін қалыптастыру кезінде анықталады.

VII. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер.

Бағдарламаны іске асыру азаматтар мен ұйымдардың жергілікті атқарушы органдардың электрондық қызмет көрсетулеріне жылдам әрі тиімді қолжеткізілімін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау және ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану негізінде жергілікті атқарушы органдардың жұмыс істеу тиімділігін арттыруға бағытталған.

Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру нәтижесінде:


  1. тұрғындарға және бизнес-құрылымдарға электрондық қызмет көрсетуді дамытуды қамтамасыз ету үшін базалық ақпараттық инфрақұрылым құрылады;

  2. облыстық ақпараттық ресурстар мен жүйелердің өзара іс-қимыл базасында аудан әкімшілігінің әкімшілік рәсімдерін оңтайландыру үшін жағдайлар жасалатын болады;

  3. ауданның жергілікті атқарушы органдарында біріңғай құжат айналымының жүйесі енгізіледі;

  4. мемлекеттік қызмет көрсетулердің уақыты азаяды;

  5. тұрғындар мен әкімдіктердің арасында сенімділік деңгейін көтеруге, ақпараттық ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етуге мүмкіндіктер қалыптасады.



VIII. Зайсан ауданының "электрондық әкімдігін" қалыптастырудың 2006-2008 жылдарға арналған

бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар

ЖОСПАРЫ




Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Жауапты орындау

шылар

Атқару мерзімі

Жобаны қаржыландыру

(мың.теңге)

Қаржылан

дыру

көзі

1

2

3

4

5

6

7

1. Ақпараттандыру мәселесіне байланысты жұмыс тобын құру

1.1

Ақпараттандыру мәселесі бойынша аудан әкімі жанынан жұмыс тобын құру

Әкімдік қаулысы

Аудан әкімінің аппараты

Мамыр 2006 жыл

-

-

1.2

Аудан әкімінің аппаратына ақпараттандыру мәселесіне байланысты келісім шартпен маман штатын беру

Келісім шарт жасасу

Аудан әкімінің аппараты

ІІІ-тоқсан

2006 жыл


2006 жыл-240

2007 жыл-375

2008 жыл-487


Жергілікті бюджет.

2.Ақпараттық теңсіздікті жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

2.1

Мемлекеттік қызметкерлерді компьютерлік сауаттылыққа оқытуды ұйымдастыру

ШҚО әкімі аппаратына ақпарат беру

Аудан әкімінің аппараты

2006-2008 жж

-

-

2.2

Халықтың неғұрлым қалың жігін компьютерлік сауаттылыққа оқыту;

  • жергілікті БАҚ айдарларында Интернет-сабақтар сериясын жариялауды ұйымдастыру;

  • әдістемелік әдебиеттер шығару;

  • семинар-тренингтер ұйымдастыру;

ШҚО әкімі аппаратына ақпарат беру

Аудан әкімінің аппараты,

Ақпараттандыруға байланысты

жұмысшы тобы


2007-2008 жж

2007 жыл-285

2008 жыл-435



Жергілікті бюджет

2.3

Интернетке қосылған мектептердің жаңа компьютермен жабдықталуына жағдай жасау

ШҚО әкімі аппаратына ақпарат беру

Аудан әкімі аппараты, білім бөлімі

2006-2008 жж

-

-

2.4

Аудандық кітапхана мен "Казпошта" ААҚ бөлімшелері базасында Интернетке қоғамдық қолжетімді пункттер желісін құру

ШҚО әкімі аппаратына ақпарат беру

Аудан әкімі аппараты, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, РУПС










3. Мемлекеттік басқару жүйесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кіргізу.

3.1

Орталық сервер алу және рұқсаты бар бағдарламалармен қамтамасыз ету (Windows 2003, АК Касперский)




Аудан әкімі аппараты

2007 жыл

2007 жыл-500

Жергілікті бюджет

3.2


Құрылымдық жүйені алу және құру




Аудан әкімі аппараты

2006-2008 жж

2006 жыл-140

2007 жыл-215

2008 жыл-350


Жергілікті бюджет

3.3.

500 Мб кем емес жедел жады, 40 Гб кем емес қатты диск, Celeron және Pentium IV процессорлары базасының соңғы үлгідегі компьютерлерін алу




Аудан әкімі аппараты

2006 -2008 жж

2006 жыл-1430

2007 жыл-1500

2008 жыл- 900


Жергілікті бюджет

3.4



ПО Linux базасында Интернет-сервер алу




Аудан әкімі аппараты

2007 жыл

2007 жыл-225

Жергілікті бюджет

3.5

Интернет жүйесінің арнайы бөлінген жылдамдығы 33,6 Кбит/сек. каналына қосылу




Аудан әкімі аппараты

2006-2007 жж

2007 жыл- 200

Жергілікті бюджет

3.6

Барлық қамтамасыз етілген бағдарламаларды лицензиялау







2006-2007 жж

2006 жыл-225

2007 жыл-397



Жергілікті бюджет

4. Электрондық - қызмет көрсету мен ақпараттық ресурстар құру.

4.1

Облыстық ақпараттық-талдау жүйесін құруға қатысу

ШҚО әкімі аппаратына ақпарат беру

Аудан әкімі аппараты

4-тоқсан 2006 жыл

-




4.2

Ақпараттық-талдау орталығының базасында әкімдіктің электрондық құжат айналымы жүйесін және құрылымдық бөлімдерді дамыту және жасау

ШҚО әкімі аппаратына ақпарат беру

Аудан әкімі аппараты

2006-2007 жж

-




4.3

Ауданда мекемелердің қызметі мен азаматтардың негізгі өмір сүру әрекетін қамтитын электрондық қызмет тізімін жасау

Бекітілген электрондық-қызмет түрлері

Аудан әкімі аппараты

2007 жыл

-

-

4.4

Аудан әкімінің корпоративті Web-сайтын дайындау және енгізу

Веб-сайт енгізу

Аудан әкімі аппараты,

Дербес бөлімдер



2008 жыл

2008 жыл-150

Жергілікті бюджет

4.5

Облыс әкімінің арнайы веб-сайты беттерінде жарияланған байқауларға қатысу




Аудан әкімі аппараты

Жыл сайын

2006 жыл-20

2007 жыл-30



2008 жыл-40

Жергілікті бюджет

5. Мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету.

5.1

Техникалық жабдықтар мен бағдарламалық өнімдердің нормативтік құжаттардың талабына сай болуы және ақпараттық қауіпсіздігі үшін сертификаттау

ШҚО әкімі аппаратына ақпарат беру

Аудан әкімі аппараты

2008жыл

-




5.2

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдарының техникалық тапсырмаларын әзірлеу және келісу

ШҚО әкімі аппаратына ақпарат беру

Аудан әкімі аппараты

2008 жыл

-







Барлығы










2006 жыл-2055

2007 жыл-3727

2008 жыл-2362







Жиыны










8144





Аудандық мәслихат хатшысы Р.К.Сансызбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет