Жаңақорған аудандық мәслихатының «2014-2016 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы» Жаңақорған аудандық мәслихатының 2013 жылғы
28 желтоқсандағы кезекті ХХVІІ сессиясының № 181 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімінің жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Шешім жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106 бабының
2 тармағының 4 тармақшасы және 112 бабының 6 тармағы негізінде әзірленді.
КІРІСТЕР
2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджеттің кірістер бөлігі 2014 жылға нысаналы трансферттер есебінен 449472 мың теңгеге көбейтіледі.
ШЫҒЫНДАР
Шығындар бөлігінде нысаналы трансферттер есебінен:
Білім бөліміне білім беру ұйымдарында стомотологиялық кабинеттерін жарақтандыруға 6630 мың теңге.
Кент, ауылдық округтар әкімі аппараттарына мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға барлығы 64969 мың теңге, оның ішінде:
Жаңақорған кенті әкімі аппаратына 36863 мың теңге;
Шалқия кенті әкімі аппаратына 4684 мың теңге;
Төменарық ауылдық округі әкімі аппаратына 3055 мың теңге;
Ақүйік ауылдық округі әкімі аппаратына 3055 мың теңге;
Қожакент ауылдық округі әкімі аппаратына 4073 мың теңге;
Аққорған ауылдық округі әкімі аппаратына 4074 мың теңге;
Бесарық ауылдық округі әкімі аппаратына 2037 мың теңге;
Сүттіқұдық ауылдық округі әкімі аппаратына 3055 мың теңге;
Қыркеңсе ауылдық округі әкімі аппаратына 4073 мың теңге.
Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне өңірге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан білім алушы студенттерге әлеуметтік көмек көрсетуге 11406 мың теңге;
Туберкулезбен тұрақты емделіп жүрген науқастарға берілетін әлеуметтік көмекке 3359 мың теңге;
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс шаралар жоспарын іске асыруға 3065 мың теңге.
Ветеринария бөліміне ветеринарлық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 50600 мың теңге;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне көлік инфрақұрылымын орташа және күрделі жөндеуге 268421 мың теңге («Тау Самалы» автожолын 3 км орташа жөндеуге 39059 мың теңге, елді мекендердің көшелерін жөндеуге 140000 мың теңге, Жаңақорған кентіндегі Кожанов көшесін 2,3 км орташа жөндеуге 54362 мың теңге, «Самара-Шымкент-Екпінді» автожолын орташа жөндеуге 35000 мың теңге);
Құрылыс бөліміне инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және сатып алуға 41022 мың теңге.
Бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен 376971 мың теңге, Жаңақорған кенті әкімі аппаратынан абаттандыру және көгалдандыру бағдарламасынан шегерілетін 336496 мың теңге, құрылыс бөлімінен инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және сатып алу бағдарламасынан шегерілетін 4000 мың теңге, білім бөлімінен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға бағдарламасынан шегерілетін 39388 мың теңге, дебиторлық алашақтар есебінен шегерілетін білім бөлімінен жалпы білім беру бағдарламасынан 1962 мың теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер бағдарламасынан 14 мың теңге, сәулет және қала құрылысы бөлімінен жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер бағдарламасынан 94 мың теңге, барлығы 758925 мың теңге төмендегі мақсаттарға бағытталу көзделуде:
Аудан мәслихаты аппаратына Интернет желісін хатшы бөлмесіне орнату үшін қосымша 746 мың теңге, шаруашылық заттар, автокөлікке қосалқы бөлшектер және кеңсе тауарларын алуға 770 мың теңге, өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге 134 мың теңге, ел ішіндегі іс-сапарларға қосымша 55 мың теңге, процессор мен УПС алуға 104 мың теңге, 1 дана ноутбук сатып алуға 120 мың теңге, барлығы 1929 мың теңге;
Аудан әкімі аппаратына «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы №1284 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізіліп, саяси мемлекеттік қызметшілер мен «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне жоғарылату коэффициеннтерінің белгіленуіне байланысты аудан әкімінің жалақысына қосымша 2448 мың теңге, келісім-шарт негізінде 1 бірлік маман штатын ұстауға 639 мың теңге, кеңселік ұйымдастыру техникасын сатып алуға 1860 мың теңге, әскери шақыру пунктінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге 4595 мың теңге, резервтік дизель генераторын сатып алуға 1200 мың теңге, қызметтік қажеттілікке байланысты кезекші автокөлік сатып алуға 10915 мың теңге, электронды құжат алмасу бағдарламасының жұмысын қамтамасыз етуге, телекоммуникация қызметіне 701 мың теңге, барлығы 22358 мың теңге;
Жаңақорған кенті әкімі аппаратына «Ордакент» кинотеатры ғимаратын ұстауға 2 штат бірлігі қарауыл, 2 штат бірлігі еден жуушы, 1 штат бірлігі шаруашылық меңгерушісіне 2029 мың теңге, Тайпақкөл каналына, көше жарығы бағаналарына, трансформаторлар қойылған жерлерге мемлекеттік акт рәсімдеуге 1088 мың теңге, М.Көкенов, Акмешіт, Алтый Сүлеймен көшелерін жарықтандыруға 13568 мың теңге, көше жарығын қамтамасыз ету, жөндеу жұмыстарына 2148 мың теңге, 2013 жылғы жарықтандыру жұмыстарына 5% төлеуге 212 мың теңге, Қорасан Ата көшесін, Орталық алаң, Орталық саябақты абаттандыруға, Аманкелді көшесіне лоток қою, кент көшелерін абаттандыру-көгалдандыру жұмыстарына 130228 мың теңге, кент ішіндегі 22 көшеге, Тайпақкөл орнына тас төсеуге 43195 мың теңге, М.Көкенов, Аманкелді тұйығын асфальттауға 45772 мың теңге, «Ордакент» кинотеатры ғимаратының жертөлесін ағымдағы жөндеуге 6550 мың теңге, электронды құжат алмасу бағдарламасының жұмысын қамтамасыз етуге, телекоммуникация қызметіне 701 мың теңге, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына рұқсат құжаттар рәсімдеуге 1000 теңге, Жаңауыл көшесін жарықтандыруға 4634 мың теңге, Жеңіс көшесін жарықтандыруға 2485мың теңге, барлығы 253610 мың теңге;
Шалқия кенті әкімі аппаратына кеңсе ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1143 мың теңге, өрт дабыл қаққышын орнату жұмыстарына 241 мың теңге, көшелерге тас төсеу жұмыстарына, кенттегі КНС-тен шыққан лас суларды қоршау үшін 2491 мың теңге, кентті аяқ сумен қамтамасыз ету үшін скважина қазуға 1217 мың теңге, барлығы 5092 мың теңге;
Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппаратына кеңсе ғимаратына өрт дабыл қаққышын орнату жұмыстарына 300 мың теңге;
Келінтөбе ауылдық округі әкімі аппаратына елді мекендегі Бағланова, Рысқұлов, Жамбыл көшелеріне тас төсеуге 5408 мың теңге;
Аққорған ауылдық округі әкімі аппаратына №209 мектептің ескі ғимаратына көшуіне байланысты қосымша 1 штат бірлігі қарауыл, 0,5 штат бірлігі еден жуушы ұстауға 570 мың теңге, елдi мекендi абаттандыру мен көгалдандыруға 5000 мың теңге, барлығы 5570 мың теңге;
Қожакент ауылдық округі әкімі аппаратына Н.Бекежанов көшесі бойынан аллея жасауға, елдi мекеннің көшелерiне тас төсеуге 5878 мың теңге, елдi мекеннің көшелерiн жарықтандыруға 1447 мың теңге, барлығы 7325 мың теңге;
Өзгент ауылдық округі әкімі аппаратына Ақсуат су мұнарасына баратын жолдарға, ауыл көшелеріне тас төсеуге 3322 мың теңге, кеңсе ғимаратына өрт дабыл қаққышын орнату жұмыстарына 359 мың теңге, кеңсе жиһаздарын сатып алуға 735 мың теңге, балабақшаға телекоммуникация қызметіне 186 мың теңге, барлығы 4602 мың теңге;
Қыркеңсе ауылдық округі әкімі аппаратына жаңадан іске қосылған бала бақшаны ұстау шығынына 7200 мың теңге;
Сунақата ауылдық округі әкімі аппаратына елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге 620 мың теңге, М.Маметова, Сығанақ, М.Көкенов көшелеріне тас төсеуге, арка, билборд жасатуға, көшеттер отырғызуға 15957 мың теңге, барлығы 16577 мың теңге;
Төменарық ауылдық округі әкімі аппаратына елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге 509 мың теңге, ауыл көшелеріне тас төсеуге 2000 мың теңге, кеңсе жиһаздарын сатып алуға 760 мың теңге, аяқ сумен қамтамасыз ету үшін насос қоюға 1138 мың теңге, трансформаторлар сатып алуға 1360 мың теңге, барлығы 5767 мың теңге;
Сүттіқұдық ауылдық округі әкімі аппаратына елді мекеннің кіре берісіне арка орнатуға, көрнекті билбордтар орнатуға, Абай көшесіне, Сапарбеков қиылысына тас төсеу жұмыстарына 3045 мың теңге, трансформаторды монтаждауға 427 мың теңге, барлығы 3472 мың теңге;
Ақүйық ауылдық округі әкімі аппаратына елдi мекендi абаттандыру мен көгалдандыруға, тас құдық қаздыруға 13315 мың теңге;
Бесарық ауылдық округі әкімі аппаратына И.Топышев, С.Танхиев көшелерін жарықтандыруға 12857 мың теңге, елді мекеннің кіре берісіне арка орнатуға, көшелеріне тас төсеуге 3831 мың теңге, барлығы 16688 мың теңге;
Байкенже ауылдық округі әкімі аппаратына елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге 975 мың теңге, кеңсе ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 3114 мың теңге, бала бақшаны материалдық-техникалық жабдықтауға 1800 мың теңге, трансформатор орнатуға 1500 мың теңге, Билібай ауылына кіші спорт алаңқай орналастыруға 5000 мың теңге, егілген ағаштарды қоршауға, Мамыт көшесіне тас төсеу, су мұнарасын қоршауға, бала бақшаға су құбырын жүргізу жұмыстарына 7256 мың теңге, жаңадан іске қосылған бала бақшаны ұстау шығынына 6800 мың теңге, барлығы 26445 мың теңге;
Кейден ауылдық округі әкімі аппаратына елді мекеннің кіре берісін қоршап, ағаш отырғызуға, көшелеріне тас төсеуге 10533 мың теңге, ауыз суға насос сатып алуға 150 мың теңге, көше жарығының күтіп ұстау шығындарына 209 мың теңге, барлығы 10892 мың теңге;
Жаңарық ауылдық округі әкімі аппаратына елдi мекеннің көшелерiн жарықтандыруға қосымша 467 мың теңге, көшелерге тас төсеу жұмыстарына, арка, көше белгісін орнатуға, қоршау, билборд, төлқұжат жасауға 9418 мың теңге, жаңадан іске қосылған бала бақшаны ұстау шығынына 4000 мың теңге, барлығы 13885 мың теңге;
Жайылма ауылдық округі әкімі аппаратына елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге 486 мың теңге, елдi мекеннің көшелерiн жарықтандыруға 3630 мың теңге, елдi мекендi абаттандыру мен көгалдандыруға 4516 мың теңге, барлығы 8632 мың теңге;
М.Нәлібаев ауылдық округі әкімі аппаратына елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге 956 мың теңге, елдi мекендi абаттандыру мен көгалдандыруға 4409 мың теңге барлығы 5365 мың теңге;
Көктөбе ауылдық округі әкімі аппаратына елдi мекендi абаттандыру мен көгалдандыруға 4458 мың теңге;
Екпінді ауылдық округі әкімі аппаратына елдi мекеннің көшелерiн жарықтандыруға 670 мың теңге, билборд, пано, арка, төлқұжат жасатуға 2540 мың теңге, апатты жағдайдағы көпірге сараптама жасатуға 120 мың теңге, барлығы 3330 мың теңге;
Талап ауылдық округі әкімі аппаратына кеңсе ғимаратын күрделі жөндеуге 4583 мың теңге, билборд, көше белгілерін жасатуға, абаттандыру жұмыстарына, Өркендеу көшесі бойындағы талдарды қоршауға 5200 мың теңге, барлығы 9783 мың теңге;
Манап ауылдық округі әкімі аппаратына елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге 357 мың теңге, елдi мекендi абаттандыру мен көгалдандыруға 3786 мың теңге, мәдени-демалыс жұмыстарын қолдауға қосымша 500 мың теңге, барлығы 4643 мың теңге;
Қосүйеңкі ауылдық округі әкімі аппаратына елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге 162 мың теңге, елді мекеннің көшелеріне тас төсеуге, банер жасау, арка орнату үшін 4032 мың теңге, барлығы 4194 мың теңге;
Қыраш ауылдық округі әкімі аппаратына елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге 1200 мың теңге, елді мекеннің көшелеріне тас төсеуге 5278 мың теңге, барлығы 6478 мың теңге;
Қожамберді ауылдық округі әкімі аппаратына Құлбаев және Қалкөз көшелерін жарықтандыруға 1516 мың теңге, Құлбаев, Тойлыбек көшесіне тас төсеу жұмыстарына 1999 мың теңге, барлығы 3515 мың теңге;
Қаржы бөліміне мемлекеттік кәсіпорындарды аудиторлық тексеруден өткізу үшін аудиторлық қызметке 3500 мың теңге, коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, сатуға 1073 мың теңге, ағымдағы жөндеу шығындарына 500 мың теңге, нысаналы толық пайдаланылмаған трансферттерді қайтаруға 27124 мың теңге, барлығы 32197 мың теңге;
Білім бөліміне №213, №168 орта мектептерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ дайындауға 5391 мың теңге, №3 мектеп интернатқа қатты мүкәммал алуға 2163 мың теңге, №180 орта мектепке су құйатын ыдыс (емкость) сатып алуға 400 мың теңге, 5 мектепке компьютер сатып алуға 6000 мың теңге, 5 мектепке интерактивті тақта сатып алуға 2800 мың теңге, №55 орта мектепті қоршауға 3286 мың теңге, №51 орта мектепке кабель ауыстыруға 782 мың теңге, №110 мектеп-лицейге қосымша 1500 сағат пәндерді тереңдетіп оқытуға 3852 мың теңге, электронды құжат алмасу бағдарламасының жұмысын қамтамасыз етуге, телекоммуникация қызметіне 578 мың теңге, №242, №52 мектептерінің жылыту пештеріне горелка алуға 450 мың теңге, №224 мектепке генератор сатып алуға 156 мың теңге, барлығы 25858 мың теңге;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне аудан орталығындағы көшелердің жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бейне бақылау камераларын орналастыруға 15928 мың теңге, М.Нәлібаев ауылында 2,5 шақырым жолды орташа жөндеуге 25000 мың теңге, Қаратөбе елді мекенінің сумен қамту жүйелерін қайта жаңғыртуға 8351 мың теңге, барлығы 49279 мың теңге;
Құрылыс бөліміне Манап, Қыраш, Талап ауылдық округтерінде 50 орындық балабақша құрылысына ЖСҚ жасатуға 14529 мың теңге, Сунақата, Бесарық ауылдық округтерінде 90 орындық балақша құрылысына ЖСҚ жасатуға 11000 мың теңге, Өзгент ауылдық округінде 150 орындық клуб құрылысына ЖСҚ жасатуға 7000 мың теңге, 50 орындық бала бақша құрылысына 63000 мың теңге, барлығы 95529 мың теңге;
Ішкі саясат бөліміне мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан 2050» жолдауын ақпараттық-насихаттауға кітап шығаруға 1050 мың теңге, бөлімдегі 0,5 штат бірлігіндегі әлеуметтанушы мен 0,5 штат бірлігіндегі іс-жүргізуші мамандарды 1 штатқа дейін толықтыруға 528 мың теңге, барлығы 1578 мың теңге;
Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 7-томдық «Избранные речи» жинағын сатып алу үшін 100 мың теңге, теңгеріміндегі автокөлікке қосалқы бөлшектер алуға 370 мың теңге, кеңсе заттарын сатып алуға 160 мың теңге, қосымша интернет желісін орнатуға 174 мың теңге, электронды құжат алмасу бағдарламасының жұмысын қамтамасыз етуге, телекоммуникация қызметіне 578 мың теңге, «ҚазТест» жүйесі бойынша оқыту курсынан өту үшін 500 мың теңге, аудандық мәдениет үйіне «1С Бухгалтерия» бағдарламасын орнату, оқыту қызметі үшін 719 мың теңге, Қатын қамал үңгіріне қорғау тақтасын жасату үшін 72 мың теңге, «Қазақ ССР-ның ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қызметкері», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері, дербес зейнеткер, еңбек ардагері Зұлпыхар Мұсахановтың 100 жылдық мерейтойын атап өткізуге 2000 мың теңге, аудандық мәдениет үйінің материалық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 32727 мың теңге, аудандық мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарына толықтырулар енгізілуіне байланысты қосымша 3963 мың теңге, аудандық кітапхана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуімен қатар мекеменің жылу жүйесі дизель сұйық отынымен жылыту жабдығына ауысуына байланысты, қыстық дизель сұйық отынын алу үшін қосымша 1092 мың теңге, аудандық тарихи-өлкетану музейін күзету қызыметіне 2400 мың теңге, ауданның тарихын, мәдениетін, табиғатын, жер-су атауларын, ұлттық құндылықтарымызды, тарихымызды дәріптейтін тарихи-танымдық кітап шығаруға 10000 мың теңге, барлығы 54855 мың теңге;
Ауыл шаруашылығы бөліміне техникалық персоналдың еңбегіне ақы төлеу ерекшелігіне қосымша 89 мың теңге, жанар май, дизель отынын қосымша сатып алуға 680 мың теңге, шаруашылық заттар, өрт сөдіру қалқанын сатып алуға 262 мың теңге, жылу қазандығын орнатуға 70 мың теңге, қызметтік автокөлікті жөндетуге 60 мың теңге, іс-сапар шығындарына қосымша 43 мың теңге, 4 дана принтер алуға 160 мың теңге, 4 дана УПС алуға 80 мың теңге, мемлекеттік ту алуға 50 мың теңге, мекемені жарықтандыруға шам алуға 25 мың теңге, 4 дана компьютерге 460 мың теңге, мекеменің бу қазандығына жылыту пешін сатып алуға алуға 880 мың теңге, кеңсе ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына 3993 мың теңге, электронды құжат алмасу бағдарламасының жұмысын қамтамасыз етуге, телекоммуникация қызметіне 578 мың теңге, барлығы 7430 мың теңге;
Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне электронды құжат алмасу бағдарламасының жұмысын қамтамасыз етуге, телекоммуникация қызметіне 578 мың теңге, байланыс қызметіне қосымша 208 мың теңге, 8 дана компьютер алуға 1024 мың теңге, кеңсе жиһазын сатып алуға 350 мың теңге, банк қызметіне қосымша 81 мың теңге, ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетуге қосымша 2160 мың теңге, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекеленген топтарына әлеуметтік көмекке 2629 мың теңге, мүгедек балаларға канцелярлық заттар сатып алуға 2533 мың теңге, мүгедектерге гигиеналық құралдар сатып алуға 2953 мың теңге, барлығы 12516 мың теңге;
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне электронды құжат алмасу бағдарламасының жұмысын қамтамасыз етуге, телекоммуникация қызметіне 578 мың теңге, кеңсе жиһаздарын алуға 1186 мың теңге, барлығы 1764 мың теңге.
Сонымен қатар, төмендегідей 2014 жылдың 1 қаңтарына орын алған 7086 мың теңгенің кредиторлық қарыздары қаржыландырылады:
Жаңақорған кенті әкімі аппаратына автомобиль жолдарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге 735 мың теңге, елдi мекендерде көшелердi жарықтандыруға 523 мың теңге, барлығы 1258 мың теңге;
Өзгент ауылдық округі әкімі аппаратына мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 2038 мың теңге;
Төменарық ауылдық округі әкімі аппаратына мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарын қолдауға 720 мың теңге;
Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппаратына мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарын қолдауға 749 мың теңге, іс-сапар шығындарына 7 мың теңге, барлығы 756 мың теңге;
Аққорған ауылдық округі әкімі аппаратына елдi мекендерде көшелердi жарықтандыруға 1672 мың теңге, іс-сапар шығындарына 60 мың теңге, барлығы 1732 мың теңге;
Ауыл шаруашылығы бөліміне зейнетақы жарнасына 3 мың теңге;
Білім бөліміне байланыс қызметіне 143 мың теңге;
Ішкі саясат бөліміне байланыс қызметіне 5 мың теңге;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 400 мың теңге;
Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне «Заң» деректер базасының қызметіне 12 мың теңге;
Құрылыс бөліміне байланыс қызметіне 19 мың теңге.
Дене шынықтыру және спорт бөлімінде «Әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы» бағдарламасынан 887 мың теңге «Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасына;
Құрылыс бөлімінде «Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бағдарламасынан 261 мың теңге, «Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және сатып алу» бағдарламасынан 416 мың теңге, «Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау» бағдарламасына 625 мың теңге, «Жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасына 52 мың теңге;
Жаңақорған ауданы әкімдігінің «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жаңақорған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 желтоқсандағы кезекті ХХVІІ сессиясының №181 шешімін іске асыру туралы» 2014 жылғы 15 қаңтардағы №529 қаулысы негізінде Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі аудан әкімдігінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №524 қаулысына сәйкес кент, ауылдық клубтардың кәсіпорын болып құрылуы мен кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының басқаруына берілуі 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап жүзеге асырылуы себепті, кент, ауылдық клубтарының 2014 жылдың 1-тоқсанындағы шығындарын уақытша қаржыландыруды іске асырады, сол себепті:
Кент, ауылдық округ әкімінің аппараттарындағы «Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау» бағдарламасынан 31788 мың теңге Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміндегі «Мәдени-демалыс жұмысын қолдау» бағдарламасына ауыстырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |