БАҒдарламасы зайсан қаласы, 2012 жыл мазмұны ағымдағы жағдайға талда



бет1/12
Дата12.07.2016
өлшемі1.49 Mb.
#195032
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12





Зайсан ауданының

2011-2015 жылдарға арналған аумақтық

ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Зайсан қаласы, 2012 жыл

МАЗМҰНЫ


2. Ағымдағы жағдайға талдау. 8

2.1. Табиғи потенциалы. 9

2.2. Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайының сипаттамасы. 10

2.2.1.1 Агроөнеркәсіптік кешен 10

2.2.1.2. Өнеркәсіп 17

2.2.1.4. Шағын және орта кәсіпкерлік. 22

2.2.1.5. Сауда 25

2.2.1.6. Негізгі капиталға салынған инвестиция. 26

2.2.1.8. Қоршаған ортаның жағдайы. 30

2.2.2. Әлеуметтік сала. 31

2.2.2.1. Білім беру. 31

2.2.2.2. Денсаулық сақтау 34

2.2.2.6. Дене шынықтыру және спорт 47

2.2.2.9. Азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту. 52

Жыл сайын аудан бойынша орта есеппен 17,0 мың түп әр түрлі ағаш көшеттері отырғызылады. 57

2.2.4. Аумақтық құрылым 69

2.2.4.1 Ауылдардың тіршілігін қамтамасыз ету 70

2.2.4.2 Шекаралық аймақтар 71

2.3.Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамытудың 76

мемлекеттік саясатына талдау. 76

2.4.Жиынтық жағдайлар сипаттамасы, тәуелділік, бәсеке 76

басымдылығы және мүмкінділік. 76

Аймақтың дамуының көрінісі . 79

6. Қойылған мақсаттарға жетуге қажетті ресурстар. 109

6.1 Қаржыландыру көздері бойынша: 109

7. Бағдарламаны басқару 110




Төлқұжат


Атауы

Зайсан ауданының 2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасы

Негіздеме



Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы, 2010 ж. 19 наурыздағы № 958, ҚР 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы, ҚР Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары, 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген елдің аумақтық – кеңістіктік дамуының 2020 жылға дейінгі болжамдық схемасы

Зайсан ауданының негізгі сипаттамасы

Зайсан ауданы 1928 жылы құрылған, облыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. 1997 жылы аудан аумағына Шілікті ауылдық округі қосылған. Аумағы- 10,4 мың. кв. км.

Аудан Қытайдың Синьцзян-Уйгур автономиялық аймағымен шекаралас.

Әкімшілік орталығы – Зайсан қаласы.

Ауданда 9 әкімшілік-аумақтық бірлік, оның ішінде 8 ауылдық округ, 1 қала округі бар.

Халық саны– 40,4 мың адам. 2010 жылдың 1 қаңтарына этникалық құрамы: қазақтар – 93,8 %, орыстар – 4,5%, басқа ұлттар – 1,7%.

Ауданның аумағы су ресурстарына бай. Басқы су артериясы Қара Ертіс болып табылады. Оған Үйдене, Жеменей, Кендірлік және басқа тау өзендері келіп құяды. Бұдан басқа ұсақ көлдер, су қоймалары бар, оның ішінде ең үлкені Үйдене су қоймасы.

Аудан климаты тез континентальді, ауа температурасының маусымдық және орташа жылдық өзгерісі үлкен амплидулалы.

Ауданда тас көмірдің кен орны және сланцтың, газ, құрылыс материалдарын өндіруге қажетті шикізат қоры бар.

Транспорттық комплексті автомобиль және әуе қатынасы құрайды.

Аймақтың ортақ қолданыстағы автомобиль жолдарының жүйесі – 460 км.

Автомобиль жолының қатты қабатты бөлігінің жалпы автомобиль жолының ұзындығына үлесі 43,7% құрайды.

Аймақтың аумағынан Омск – Майқапшағай автомагистралі өтеді.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы нақты секторда да, әлеуметтік салада және инфраструктура комплексінде де оң өзгерістермен сипатталады.



Әзірлеуші

Зайсан аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі мүдделі аудандық салалық бөлімдермен бірге.

Стратегиялық бағыттар

Өндіріске жоғары өндірімді инновациялық технологиялы қолдану арқылы аудан экономикасын аумақтық жедел дамыту;

аграрлық комплексте, инновацияда, инвестицияда, кіші және орта кәсіпкерлікте, саудада және қоршаған ортада;

экономиканы индустрияландыру және сапалы тұрғын-үй коммуналдық және транспорттық қызмет көрсетуге қабілетті инфраструктуралық комплексті жетілдіру;

территориялық құрылым;

жергілікті атқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту;

бәсекелестікті дамыту;



Мақсат


Аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

өнеркәсіптің орнықты әрі теңгерімді дамуын қамтамасыз ету;

аймақтың экономикасына инвестицияның құйылуын ынталандыру ;

қоршаған ортаның сапасын жақсарту және тұрақтандыру;

адам әлеуметтілігі және әлеуметтік саланы, халықтың өмір сүру деңгейін дамыту, әлеуметтік қызметтің барлық түрімен сапалы қамтамасыз ету;

сапалы білім алуды қамтамасыз етуге қол жеткізу;

балалардың заңды мүдделерін және құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру;

халықтың денсаулығын сақтау және нығайту;

отандық мәдениетті насихаттау және сақтау;

бұқаралық спортты дамыту;

әлеуметтік аз қорғалған тұрғындарды атаулы көмек арқылы қолдау:

мемлекеттік тілді дамыту;

халықтар бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту;

архивтік қорды сақтау үшін жағдай жасау;

көшеде және қоғамдық жерлерде сенімді құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, заңбұзушылықтың алдын алу жүйесін дамыту;

кідіріссіз және сапалы электрэнергиясымен қамтамасыз ету;

аймақтың тұрғындарын жеткілікті мөлшерде ауыз сумен орнықты әрі кепілді сапада қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз етілетін аймақтың елді-мекендерін кідіріссіз және сапалы қызметпен қамтамасыз ету;

автокөлік саласында инфраструктура- ның деңгейін дамыту ;

халықты сапалы әрі қол жетімділік байланыс қызметімен қамтамасыз ету;

шекаралас елді-мекендердің инженерлік инфраструктурасын және экономикалық әлеуетін дамыту;

елді-мекендердің территориялық құрылысын нәтижелі дамыту, тұрғын үй жетімділігін қамтамасыз ету;

ауданның жерін ұтымды пайдалану үшін жер қорын үлестірудегі өзекті мәліметтер қалыптастыру және т.б.



Міндет

Ішкі нарықта отандық азық-түлік тауарларының үлесін ұлғайту;

өнеркәсіптің басым секторын дамыту;

инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасау;

халықтың денсаулығын одан әрі нығайту;

медициналық көмек көрсетуде қол жетімділікті жетілдіру;

халықтың аз қамтылған еңбекке қабілетті бөлігінің экономикалық белсенділікке ынталандыру;

қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың құқықтары мен еркіндігіне, денсаулығына қажетті өмірлік қауіпсіздік деңгейін қолдау;

тұтынушыларды тұрақты энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету;

елді мекендерді сумен жабдықтауды орнықты дамыту;

транспорттық инфраструктураны қалпына келтіру және жетілдіру;

тұрғын-үй құрылысын дамыту;


Жүзеге асыру кезеңі

I кезең (аралық) – 2011 – 2013 жылдар, бірінші кезектегі іс-шараларды жүзеге асыру.

II этап (қорытынды) – 2014-2015 жылдар, жеткізілген міндеттерді шешу үшін белгіленген іс-шараларды жүзеге.

Мақсат индикаторлары

Ауылшаруашылық өнімінің нақты көлемін 105,5% жеткізу;

өнеркәсіп өнімінің нақты көлемін 105,5% жеткізу;

өңдеу өнеркәсібінің нақты көлемін 106% жеткізу;

бөлшек сауданың нақты көлемін 107,8% жеткізу;

негізгі капиталға салынған инвестицияның нақты көлемін 108% жеткізу;

инновацияда саласында кәсіпорындар мен мекемелердің белсенділік деңгейін 50-ге жеткізу;

мемлекеттік сатып алуда мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда, жүйелі құрылымдық кәсіпорындарда тауарлар мен қызметтердің қазақстандық үлесін 91%-ға жеткізу;

тұрғындардың білімге жетімділігі мен сапалы біліммен қанағаттану деңгейін 100% жеткізу;

балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың қамту үлесін 97,5%-ға жеткізу;

тұрғындардың сапалы медициналық қызметпен қанағаттану деңгейін 92%-ға жеткізу;

халықтың күтілген өмір сүру жасын 69 жасқа дейін көтеру;

1000 адамға шаққандағы жалпы қайтыс болу көрсеткішін 7,1 мың адамға төмендету;

жұмыссыздар деңгейін 4,6%-ға төмендету;

күн-көріс деңгейінен төмен тұратын тұрғындар үлесін минимумға 5,7%-ға төмендету;

арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылғандар (оны алуға мүдделілер санынан) үлесін 95,1%-ға жеткізу;

мәдениет саласында халықты сапалы қызметпен қанағаттандыру деңгейін 72%-ға жеткізу;

мемлекеттік тілді меңгерушілер үлесін 98,5%-ға жеткізу;

жүйелі түрде физкультура және спортпен айналысатын барлық жастағы тұрғындарды қамту үлесін халықтың жалпы санынан 20%-ға жеткізу;

туристік қызметпен жылдық қамтылу үлесін 4,68%-ға жеткізу;

тұрғындардың қоғамдық ұйымдар институты мен мемлекеттің ара қатынасын оң тұрғыдан бағалау үлесін 59%-ға жеткізу;

тұрғындардың ішкі істер органдарына сенім білдіру үлесін 55%-ға жеткізу;

төтенше жағдайлар кезінде адами және материалдық шығындарды 2%-ға дейін төмендету;

республика азаматтарынан және алыс-жақын шетелдерден түскен әлеуметтік-заңды сұраныстармен қанағаттанушыларды 1200 анықтамаға жеткізу;

халықты байланыс және коммуникация саласындағы қызметпен қамту деңгейін 100%-ға жеткізу;

құрылыс жұмыстарының нақты көлемін 105%-ға жеткізу;

пайдалануға берілген тұрғын үйді 4,471 кв.м. шаршы метрге жеткізу;

жергілікті деңгейдегі автомобиль жолдарын жақсы және қанағаттанған жағдайда ұстау үлесін 71,7%-ға арттыру;

жүк тасымалдау айналымының көлемін 194000 км/тоннаға;

жолаушы тасымалдау айналымының көлемін 2,45 млн.жолаушыға жеткізу;

тұтынушылардың сапалы коммуналдық қызметпен қанағаттану деңгейін 59%-ға жеткізу;

тұрғындардың орталықтандырылған су жүйесін пайдалану деңгейін 86,2%-ға көтеру;

тұрғындардың жылу жүйесін пайдалану деңгейін 10,5%-ға көтеру;

тұрғындардың су бөлу деңгейін пайдалануды 6,7%-ға көтеру;

жоғары қарқынды даму қатарында жататын елді-мекендер санын 2 бірлікке дейін арттыру;

шекаралас аудандардағы халық санын 102,1-%ға өсіру;

тұрғындарды әлеуметтік-маңызды қызметтермен қамту үлесін 70%-ға өсіру;




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет