Тақырыбы: Зерттеу күні Мақсаты



бет1/2
Дата19.05.2022
өлшемі20.89 Kb.
#457315
  1   2
зерттеу күні


Тақырыбы: Зерттеу күні
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, пәніне қызығушылықтарын арттыру, тапқырлықпен жылдам жауап беруіне дағдыландыру дағдысын дамыту. Топтық жұмыс жасауға, бірлікке, жылдамдыққа және өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, видео ролик, тапсырмалар, зерттеу жұмыстары.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Түрлі түсті фигуралар арқылы 3 топқа бөлу.
- Сайыстың жүргізілу ретінімен топтарды таныстыру.
- Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой саналады.
Баға берер сарапшылар ортамызда,
Сіздерге құрметпен қол соғады.
- Әділ – қазылар алқасын таныстыру.
1.__________________
2. __________________
3.__________________
Ақыл – тон аңдағанға тозбайтұғын,
Білім - кен қанша алсаң азбайтұғын
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын, - деп бүгінгі білімге құлшынған жастардың «Зерттеу күні» атты сайысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайыс 2-3 сыныптар арасында өткелі тұр. Әрбір сыныптан сыныптың намысын қорғауға жаратылыстану, дүниетану пәні бойынша ерінбей еңбек етіп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр 8 оқушыдан құралған 3 топ сынға түседі. Сайыс барысында жаратылстану пәні бойынша топтардың ой-өрісін, білімдерін, ақылы мен ептілігін сарапқа салатын боламыз. Кезеңімізді бастамас бұрын зерттеу жұмысын жасаудың негізгі жолдарымен танысайық.
1 – кезең. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» (7 мин)
Әр топ атын мен құрамын таныстырып өтеді. Ең жоғарғы ұпай – 5 ұпай.
Өнер менен білімде
Әркімнің өз жолы бар
Сайысарлық бүгінде
Өзіндік менің үнім бар, - дегендей топтардың таныстыруына кезек берейік.
1. сынып оқушылары
2. сынып оқушылары
3. сынып оқушылары
2 – кезең. «Зымыран сұрақтар» (9 мин)
Барлығы 15 сұрақ оқылады. Әр топқа 3 сұрақтан қойылады. Жауабы қате болса, келесі топтың жауап беруге мүмкіндігі бар. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Ең жоғарғы ұпай - 15 ұпай.
1. Өсімдіктің жер бетіндегі бөлігі қалай аталады? (сабақ)
2. Баласын сүтімен қоректендіретін жануарлар қалай атайды? (сүтқоректілер)
3. Жылан, кесіртке, тасбақа қандлай топқа жатады? (бауырмен жорғалаушылар)
4. Карта дегеніміз не? (Жер бетінің кішірейтіліп, жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі)
5. Шөл өсімдіктерінің тамыры қандай болады? (ұзын)
6. Масштаб деген не? (сызбада, планда немесе картада бейнеленген кезде заттың нақты өлшемі неше есе кішірейтілгенін немесе ұлғайтылғанын білдіретін сан)
7. Ең үлкен көл? (Каспий теңізі)
8. Өсімдіктерді қай жыл мезгілінде отырғызады? (көктем
9. Тынық мқхитының ең терең жері. (Мариан шұңғымасы)
10. Күн жүйесіндегі ғаламшарлар саны? (8 ғаламшар)
11. Жердегі тіршілік көзін ата? (ауа)
12. Жердің ауа қабаты қалай аталады? (атмосфера)
13. Күнге жақын орналасқан ғаламшар. (меркурий)
14. Өсімдік жылуды қайдан алады? (күн сәулесінен, ауа мен топырақтан)
15. Ауаны ластанудан қалай сақтайды? (көгалдандыру)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет