Қазақстанның су қоймалары



Дата09.06.2016
өлшемі164.5 Kb.
#124159
Қазақстанның су қоймалары

Жоспар


І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1) Қазақстанның көлдеріне жалпы сипаттама

2) Су деңгейі, су қоймаларының типтері

3) Аса ірі көл

4) Каспий теңізі .

5) Арал теңізі .

6) Балқаш көлі .

7) Көкшетау немесе Бурабай

8) Құсмұрын тобындағы

9) Батыс-Сібір көлдері

10) Ащы көлдер

Кіріспе

Қазақстан

Ұсақ көлдердің саны

Қазақстан көлдерінің негізгі ерекшеліктеріне:

Қазақстан көлдерінің географиялық

Көл су қоймаларының пайда

Қазақстан көлдерінің әр жаста

Орманды және дала зоналарының

Биік таулы аймақтардың көлдері даму

Қазақстан көлдерінің су деңгейі

Осымен байланысты өткен таяу жылдары

Қазан шұңқырларының пайда болуына

1.Риликт, немесе қалдық

2.Тектоникалық көлдер – таулы аудандарға,

3.Мұздық көлдер – биік

а) Мореналық - тоған

ә) Қар көлдері- өте

б) Мұздық ткетоникалық көлдер, яғни

4. Суффозиялық немесе жердің

5. Дефляциялық көлдер- олар дефляциялық

6.Аңғар – арна көлдері- олардың

а) Ескі арна көлдері

ә) Аңғар соңы көлдері- олар

7. Карст көлдері- көлемі

АСА ІРІ КӨЛ СУ

Каспий теңізі- жер

Каспий теңізі, әдетте үшке

1. Солтүстік бөлік

2. Орта бөлік

3. Оңтүстік бөлік

Солтүстік бөліктің оңтүстік шекарасы-

Орта бөліктің осы сызықпен

Оңтістік бөлігі - Лебяжий-

Қазақстанға Каспийдің солтүстік бөлігінің,

Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігінің

Қазақстанға жататын Солтүстік

Каспий теңізінің су балансы

Теңіздің су жинайтын бассейнінің

Каспий тңізінің деңгейі

Теңіздің маусымдық ауытқуыда

Желдің суды айдап

Каспий теңізі, атап айтқанда

Теңіздің солтүстік бөлігінің климаты

Теңіздің солтүстік бөлігі қыста

Каспий теңізінің суы оншалықты тұзды

Теңіздің Қазақстандық бөлігінің суында

Бекіре тұқымдастар (бекіре, қызыл балық,

Тұқы балық тұқымдастар (торта, табан, сазан,

Селт тұқымдастар – 20 түрден астам

Кейінгі кездерде Каспийге кефаль

Каспий теңізінің шаруашылық

Орташа және кіші көлемді

Индер көлінің ауданы 752 км,

Аралсөр көлі каспий бойы

Шалхар көлі сантаз

Қамыссамар көлі –үлкен және кіші

Арал теңізі – Қазақстанда көлемі

Аса терең жері

Арал теңізінің бассейінінің

Арал теңізінің деңгей шұғыл

Арал теңізінің деңгейі маусымдық ауытқуғада

Тайыз болғандықтан Арал теңізінде

Арал теңізінің ағысы

Арал теңізі ауданында Қаңтардағы

Судың орташа тұздылығы 1,0-1,1%

Арал теңізінің органикалық

Осындда әкелінген Каспий теңізінің

Шалқар теңіз – көлінің

Шұбартеңіз көлі- үлкен Еспе

Балхаш көлі- Қазақстанда ауданы

дейін , шығысында одан

1.Алғашқы ағыс- Іле өзенінің

2.Жел ағысы - солтүстік –батыс

Басқа көлдер сияқты Балхаштың

Маусымдық ауытқуда анық көрінеді.Көлдің

Климаттың шұғыл

Жалпы алғанда Балхаш тұзды

Судың минералдануы жыл мезгілдеріне

Балхаш фаунаға өте

Алакөл - үлкендігі жөнінен

Топтағы ең үлкені Алакөл .Оның

Оңтүстік –батыс және батыс жағалаулары биік

Ала-көлдің суы тұзды онда бірсыпыра мөлшерде

Сасық көл , ұялы және жалаңаш

Зайсан көлі- алтай мен сауыр- тарбағатай

Зайсан ағымды көл. Оған көптеген өзендер

Зайсанның жағалауы біркелкі және нашар тілімденген.

Көлдің суы тұщы, түсі қоңыр-жасыл, температурасы

Зайсанның деңгейі ауытқып тұрады ол

1.Көп-жылдық кезеңді ауытқу- бұл климаттың өзгеруіне

2.Маусымдық ауытқу – бұл ағын судың

Көл деңгейінің жоғары болуы мамырдың

Зайсан ихтиофаунаға бай. Онда балықтың 23

Теңіз-Қорғалжын тобы негізінен екі үлкен

Теңіз көлінің формасы ұзыншалау. Оның ұзындығы

Қорғалжын көлі теңізбен қатар жатыр. Ол

Көлде алабұға, табан , шортан т.б.

Қарасор көлі – тобы Қарқаралы

Қарасор көлі осы топтағы

Қарасорға жақын жерде

Көкшетау немесе Бурабай

Шортанды көлі- Бурабайға жақын

Құсмұрын тобындағы көлдер.

Батыс-Сібір көлдері Батыс-Сібір ойпатында

Олардың анағұрлым ірілері-

Сілетітеңіз көлі- осы топтағы

Жалаулы көлі – үлкендігі

Теке көлі- көлемі

Ащы көлдер тобы -

Батыс-Сібір ойпатында ұсақ

Биік таулы аймақтардың көлдері.Жоғарыда

Кіріспе


Қазақстан көлдерге өте бай. Мұнда Каспий , Арал теңіздері және дүние жүзі бойынша көлемі жағынан он жетінші орынды алатын Балхаш көлі сияқты ірі көлдер бар.Ауданы 1-2 мың шаршы км-ге жететін көлдерде аз емес.

Ұсақ көлдердің саны бірнеше мыңға жетеді.

Қазақстан көлдерінің негізгі ерекшеліктеріне: таралуының өзіндік сипаты, әр кезеңде пайда болуы (әр жастылығы), деңгейінің шұғыл ауытқып тұруы, типологиялық жағынан сан алуан түрлі болуы, және олардың көпшілігінің ағынсыз болып келуі жатады.

Қазақстан көлдерінің географиялық таралуында бір қатар ерекшелктер бар.Климаттық жағдайларға байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке қарай азайады.Мұнымен қатар олар белгілі бір аудандарда топ-топ болып орналасады. Көлдер Каспий бойы, Тұран және Батыс Сібір ойпаттарында, сондай-ақ аласа таулы орталық Қазақстан және оңтүстік шығыстағы биік таулы аймақтарда көп.Құмды және сазды шөлдерде көлдер аз.

Көл су қоймаларының пайда болуы жеке аудандарының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты.Каспий бойы ойпатының көлдері теңіз түбінен таяу уақыттарда ғана босаған, көпшілігі реликт көлдер.Теңізден ертеректе босаған Тұран ойпатында реликт көлдерге неғұрлым ірі көлдер жатады.Бұл ауданның орташа және кішігірім көлдері шөлге тән су аяғы құрдымда аяқталатын өзендерден пайда болады. Үштік дәуірдің шөгінді қабаттарынан тұратын Батыс сібір ойпатының көлдері көбінк суффозиялық көлдер типіне жатады. Ұсақ шоқылы орталық Қазақстаннның көлдері шығу жағынан көбінесе тектоникалық және тектоникалық-эрозиялық болып келеді .Биік таулы аймақтарда көлдердің қазан шұңқырының пайда болуы тектоникалық процестермен және мұзықтардың әрекетімен байланысты .Сазды шөлдердің көлдері дефляциялық жолмен пайда болған.

Қазақстан көлдерінің әр жаста (әр кезеңде болуы) оның териториясының жеке аудандарының әр түрлі жаста болып келумен байланысты. Жазық аласа таулы бөліктің көлдерінің көпшілігі өзінің эвалюциялық дамуының соңғы стадиасына жеткен.Мұнымен қатар шөлдің көлдері тез тұзданып тұз байлайтын көлдерге айналады. Жергілікті халықтар оларды тұз деп атайды.Мұнан әрі бұл көлдер сорға айналады.

Орманды және дала зоналарының көлдері біртіндеп борпылдақ жыныстарымен толып, оларды өсімдік қамтауда. Олардың көпшілігі «құрудың» әр түрлі стадиасына жеткен.

Биік таулы аймақтардың көлдері даму кезеңі жөнінен жас көлдерге жатады.

Қазақстан көлдерінің су деңгейі өте ауытқып тұрады. Деңгейінің шұғыл өзгеретіні соншалық тіпті кейбір тайыз көлдер мезгіл-мезгіл кеуіп қалады. Көлдердің деңгейі жыл маусымдарына байланысты сондай-ақ көп жыл бойы ауытқып отырады. Деңгейінің үлкен мөлшерде ауытқуы жағалау сызықтары конфигурафиясының күшті өзгеруіне, көл аудандарының кішіреуіне, кейде көлдердің біржолата құрып кетуіне әкеліп соғады.

Осымен байланысты өткен таяу жылдары орта Азия мен Қазақстанның зерттеушілерінің алдында Орта Азияның құрғауы жайында мәселе қойылды. Кейінгі жылдардағы зерттеулер, әсіресе Л.С.Бергтың көптеген еңбектері көл деңгейлерінің төмендеуі олардың жаппай құрып кетуге әкеліп соғатын бір беткей, төмендеуге ұшыратпайтындығын көрсетті. Кейбір көл су қоймаларын ұзақ жылдар бойы үздіксіз бақылаудың нәтижетсінде, олардың деңгейінің мезгілдік ауытқуы негізінен климаттық жағдайларының өзгеруіне әсіресе қыста түсетін атмосфералық жауын – шашынның өзгеруіне, мөлшеріне байланысты екені анықталды.

Қазан шұңқырларының пайда болуына қарай бөлінетін, қазақстандағы көл су қоймаларының типтері барынша әр-түрлі. Мынадай типтерді ажыратуға болады:

1.Риликт, немесе қалдық көлдер – алғашқы пайда болған жазықтықтарға соның ішінде Каспий бойы опатына тән. Сонымен қатар Тұран ойпатының, Торғай қақпасының және Балқаш, Алакөл ойысының кейбір көлдері жатады. Каспий, Арал теңіздері және Балқаш, Алакөл көлдерінің тобыда кәдімгі реликт көлдері болып есептеледі.

2.Тектоникалық көлдер – таулы аудандарға, әсіресе Орталық Қазақстанның ұсақ шоқылы аймағына және қазақстанның Оңтүстік шығысындағы биік-таулы аймақтарға тән.Бұл типке Зайсан, Қарасор, Теңіз-Қорғалжын көлдердің тобын, Көкшетау көлдерін, атап айтқанда Бурабай тобындағы көлдерді жатқызуға болады.Орталық Қазақстанның кейбір көлдері пайда болу жағынан тектоникалық-эрозилық болып келеді.Биік таулы аймақтардың кейбір көлдері тектоникалық тоған көлдерге жатады.

3.Мұздық көлдер – биік таулы аймақтарға тән.Және ертедегі мұз басу аудандарында шоғырланған.Олар мынадай түрлерге бөлінеді:

а) Мореналық - тоған көлдер. Бұлар үлкен Алматы өзенінің бас жағындағы Үлкен Алматы көлі, Жоңғар алатаының солтүстік беткейіндегі Лепсі өзенінің басталатын жеріндегі жоғары және төменгі Жасылкөлдер т.б

ә) Қар көлдері- өте көп, бірақ көлемі кіші;

б) Мұздық ткетоникалық көлдер, яғни пайда болуы жағынан аралас көлдер. Бұған Алтайдағы Марқакөлді жатқызуға болады.

4. Суффозиялық немесе жердің беткі қабатының шөгінуінен пайда болған көлдер, бұған Батыс Сібір ойпатының кішігірім көлдерінің біразы кіреді.

5. Дефляциялық көлдер- олар дефляциялық Қазан шұңқырларда болады. Оларға Үстірт дөңінің көлдері: Сам, Асмантай-Мата, және Бетпақ дала үстіртінің көлдері- Дабысынтұз т.б. жатады.

6.Аңғар – арна көлдері- олардың ішінде мыналарды бөлуге болады:

а) Ескі арна көлдері - олар тікелей өзен жайылмаларында орналасқан;

ә) Аңғар соңы көлдері- олар сағасыз аяқталатын өзендерден пайда болады;

7. Карст көлдері- көлемі жағынан шағын орталық Қазақстанның кейбір аудандарында және Тянь-Шаньнің оңтүстік батысында кездеседі.

Қазақстанның су қорлары: Пайдаланудың міселелері мен перспективалары

12.12.2011 15:03

Қазақстан республикасының экономикалық дамуы негiзiнен, территориялық - өнеркәсiптiк кешендерде, облыстар және жеке қалаларда болсын, көпшiлiгiнде елдiң су қорларымен қамтамасыздығына тәуелдi болады. Қазақстанның жер бетіндегі су қоры орташа сулылықта 100, 5 км3 құрайды, оның 56,5 км3 республиканың аумағында қалыптасады. Қалған 44, 0 км3 су көршілес мемлекеттерден түседi: Қытайдан - 18, 9 Өзбекстаннан - 14, 6 Қырғызстаннан - 3, 0 Ресейден - 7, 5 км3.

Қазақстан сумен қамтамасыздандыруда ТМД елдердi арасында соңғы орынды алады. Меншiктi сумен қамтамасыздандыру 1 км2жерге 37 мың м3 және бiр кiсiге 6, 0 мың м3-ке тең.

Республиканың әр түрлi аймақтарында климаттық ерекшелiктерiне қарай, су қорының 90% көктемдегi мерзiмде өтеді. Сонымен қатар, жер беті сулары аумақ бойынша бір келкі орналаспаған, жылдар бойында және жылдың ішінде өзгеріп отырады, осыған байланысты әр түрлi облыстарда және экономика салаларында сумен қамту әртүрлі. Сумен жақсы қамтамасыз етілген Шығыс - Қазақстан облысы 1 км2 жерге - 290 мың м3. Сонымен бiрге судағы дефицит Атырау, Қызылорда облысында болса, Манғыстау облысында iс жүзiнде тұщы су жоқтың қасы.

Өзеннiң су қорларын экономика салалардың мұқтаждықтары үшiн толық қолдану мүмкiн емес, өйткенi:

• Сырдария, Орал, Тобыл, Іле, Ертiс, Есiл, Торғай, Шу өзендерi бойынша экологиялық, балық шаруашылығы және санитарлық талаптарды қанағаттандыру үшiн жылына берілетін судың жиынтық көлемi, 29, 0 км3 құрайды;

Ертiс бойынша қажетті су мөлшері көлiк-энергетиялық шығындар мен бiрге Ресейдiң үлесін қосқанда 13, 1 км3 құрайды;

• өзендердiң су қоймасы және алаптарындағы булану және фильтрлеуге кететін шығындары 13, 5 км3 бағаланады;

• сонымен бiрге Орталық Қазақстанның жазық өзендерiнiң көктемдегi су қоры, оның толық реттеуiн мүмкiн еместiктен жол жөнекей жоғалатыны шамамен 4, 5 км3 құрайды.

Сайып келгенде, жылына жоғарыда көрсетілген қажетті су шығыны 57, 9 км3болса, республиканың экономикасында қолдануға болуы мүмкiн су қорлары орташа сулылықта жылына 43 км3 аспайды.

Өзеннiң орташа су аз (75% қамтамасыздықтар және су аз болғандағы (95% қамтамасыздық) жылдардағы өзендердің жалпы суы 76 және 58 км3-ке дейiн төмендейді, осыған сәйкес 32-33 км3 қолдануға мүмкiн су қоры 25-26 км3ке дейiн төмендейдi. Сондықтан, жылдардағы сулылыққа қарай республика бойынша қолданыстағы су қорлары, 25 км3 - тан 43 км3 –қа дейінгі аралыққа ауытқиды

Iс жүзiнде елміздің барлық аумақтарында су қорларының жетіспеушілігінен және интенсивтi өнеркәсiптiң өсуінен су шарушылығында оның ластануы орын алады. Қалпына келтiруге табиғи ортаның қабiлеттiлiгiнің жетіспеушілігі және жасанды жүктеменiң аралығындағы алшақтық, еліміздегі барлық негiзгi өзен алаптарының экологиялық жағдайын төмендетуге әкеп соқты.

Қазақстанның экономика салаларының қазiргi деңгейiндегi су тұтыну 35, 3-тен 19, 5 км3ке дейін ауытқиды. Судың пайдалынатын көлемдерiнiң ауытқуы жылдың сулылығына, сонымен қатар экономика салаларындағы ұйымдастыру - құрылымдық өзгерістерге байланысты.

Суармалы егiн шаруашылығының қарқынды және тиімсіз дамуы, сонымен бiрге су ресурстарының аридті ауа райына қарамай реттелуі кіші және iрi өзендердiң бассейнінде су дефицитін тудырды..

1990 жылдан бастап алынатын су көлемдерiнiң азаю тенденциясы байқалады, соған сәйкес, табиғи су көздерінен ауыл шаруашылығына, өнеркәсiпке, шаруашылық-ауызсуға пайдалынатын су тұтыну мөлшері де төмендеуде. Бұл ССРО ыдырауымен және жоспарлы шаруашылықтың нарықтық әдiстерге өтуіне байланысты шарттар.

2000 жылдардағы табиғи су көздерінен алынған судың көлемi 1990 жылдардағы су тұтынумен салыстырғанда 918 м3 азайды және 20, 057 км3 құрады. Су тұтыну көлемінiң төмендетуi ауыл шаруашылығында суармалы аудандардың қысқартумен байланысты. Қазіргі кезде (жүйелi және жайылма) суландыруға 15 км3 жуық көлемде су қолданылады. Соның өзінде суармалы егiн шаруашылығы дамыған Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан, Алматы облыстарындағы су тапшылығы сақталынады, соның iшiнде өте ылғал тартқыш - күрiштiң өндiрiсi.

Экономика салаларының 85% (27, 5 км3) жер беті суымен қамтамасыз етлсе, қалған бөлiгі жер астындағы, теңiздегi және сарқынды сулармен iске асады.

Ауылшаруашылық саласы – бұл су қорларының негізгі су көлемін (ауыл шаруашылығының мұқтаждығында 70-90% барлық тұтынылатын суға дейiн қолданылады) пайдаланатын сектор. Бұл жерде су тұтынудың дара салмақтары суармалы егiн шаруашылығына, одан кейін малдың жем-шөбін даярлау үшін жайылымды суландыру, сонымен бiрге жайылма суландыруға және ауыл тұрғындары мен малды сумен қамтуға жұмсалады. Жүйелi суландыру жер беті суларымен, негiзiнде оңтүстiкте және республиканың оңтүстiк-шығысында – Сырдария, Іле, Шу, Талас, Ертiс және басқа өзендер бассейнінде өте жақсы дамыған. Жайылма суландыру негiзiнен, солтүстiк және батыс Қазақстанда көктемгі суды пайдалану арқылы жүзеге асырылады, ол Есiл, Торғай, Тобыл, Жайық, тағы басқа өзендер.

Елде су қорларының жетіспеушілігі, жалпы еліміздегі қалыптасқан экономикалық жағдайға байланысты, республикада су тұтынуды қысқартуға алып келедi. 2000 жылдары ауыл шаруашылығына алынатын су 15 м3 қысқарды (1992 жылы 26 м3 болған), жүйелi суландыру ауданы екi есе азайды. Аагротехниканың әлсiз енгiзілуi, ирригация және су жiберушi жүйелердiң қанағаттанарлықсыз техникалық күйi, су сақтайтын технологиялардың жабдықтарының тозуы, жоқтығы судың сапасының нашарлауына, суармалы аумақтардың тұздалуына, шөлдену процесстерiнiң шапшаң дамытуына әкеп соғуда.

Су тұтынудың көлемдерiнiң төмендеуi өнеркәсiп салалары үшiн де тән жағдай және 2000 жылдағы суды тұтыну 2, 2 км3ке дейiн қысқарған (1992 жылда – 4,8 км3). Судың көп мөлшері теплоэнергетика, түстi металлургия, мұнай өндiрiстерi кәсiпорындары пайдаланады.

Кейбiр iрi өзендер бассейнінің жеке проблемалары және олардың су қорларының қолдануы.

Сырдария өзенi бассейіні күрделi жағдайлармен ерекшеленедi, әсiресе оның төменгi жағында. Өзеннің төменге ағысына түсетін табиғи су қорының қысқаруы және оның жоғарғы деңгейде ластануы, табиғи ортаның сапасының және Арал маңайындағы тұрғындардың өмiр жағдайларының төмендетуiне әкеп соқты. Арал теңiзi үшiн де, төменгi жағының табиғи кешенi де өзеннiң дельтасы реттейтiн мәнін жоғалтты. Шөлдену процессі 2 миллион гектар аумақты қамтыды. Коллекторлы - дренажды және ауыл шаруашылығының сарқынды суларын Сырдарияға тастау оның химиялық және бактериялық ластануына және тұрғындардың денсаулығына үлкен әсер етті. Өлкедегi су мәселесi шешiмiнiң күрделiлiгi сол, жалпы бассейін бойынша жер беті су қорының толық игерілгендігінде.

Бұл дефицитті жоюдың бірден-бір жолы, қазiргi деңгейде шаруашылық құрылымдарда су сақтайтын және үнемдейтін шараларды енгізу, суды көп шығындататын және пайдалануы мүмкiн шараларды қысқарту. Ол үшiн негiзiнен.экономика, бастысы егiн шаруашылығында принципті өзгеріс енгізу және мемлекетаралық кооперацияны күшейту керек болады.

Орал өзенiні бассейні өте суы тапшы, бұл жерде экономика салаларын орналастыру және дамыту экономиканың бар шикiзат қорлары және қажеттiктерiне сәйкестендірілмей iске асырылған. Нәтижесінде суға деген қажеттілік оның қанағаттандыруының нақты мүмкiндiктерiн едәуiр жоғары болуына, әсiресе сусыз жылдарда орын алады. Мұның бәрі Орал бассейнінің суларын қарқынды ластануына әкеп соғады.

Орталық және Солтүстiк Қазақстан өзендерiнiң бассейіндері шамамен су көлемінің аздығымен және жылдың iшiнде бір қалыпсыздығымен ерекшеленеді: су қорының негізгі 90 % көктемнің 1-2 айларын да өтедi.

Су қорларының жетіспеушілігі еліміздегі маңызды орын алатын өнеркәсiптiң дамуына кері әсерін тигізетін бөгет болып табылады.

Бұл аймақта электрэнергияның 76%, көмірдің 98%, темiр кенінің 99%, мыстың негізгі бөлігі өндіріледі. Өлкеде көмiр, темір және мыстан басқа химия өнеркәсiбiнiң дамытуы үшiн маргандық және қорғасын-мырыш кендердiң үлкен қоры, вольфрам, молибден, бокситтер шығарылады.

Келешекте жоғарғы потенциалдық шикiзат қорларын игеру үшін мұнда көршілес өзен бассейіндерінен су қорларының тартылу мүмкiндiктерiн анықтауды қажет етеді. Мұндай жағдайда бұл өлке үшiн су көзі болып Ертiс өзенi табылады. Одан Орталық Қазақстандарға су беру үшiн, Қанышы Сатпаев атындағы (Ертiс - Қарағанды) канал құрастырылған, дегенмен оның нашар техникалық күйі оның қуатын төмендетіп, су тұтынушыларың экономикалық қатынастарын қалыптастыруды реттей алмауда.

Ертiс өзенiнi бассейні, оның сулығының жоғарылығына қарамастан, су жетіспеушілік орын алады және су шаруашылығы балансы өте шиеленіскен. Сонымен қатар, өзеннiң бассейіні өте күштi өнеркәсiптiк ластануға ұшыраған.

Ертiс өзенiнiң бассейніне Қытай, Қазақстан және Ресейдің аймақтары енеді, олардың әрқайсысы оның суын қолдануда өз мүдделерiн ойлайды.

Ертiс өзені бассейнінің су қорлары мәселелерiн мемлекетаралық тұрғыда қарастырғанда негізінен оның ластануын болдырмау, мемлекет шекарасында берілетін су қорының сапасының сақталуын, одан алынатын су көлемінің шығын келтірмейтін жағын анықтау керек.

Балқаш көлі бассейні Іле өзенінен алынатын қайтарымсыз су қорының өсуінен экологиялық жағынан және елімізді сумен қамтамасыз етуде ең сәтсiз бассейін болып табылады және ол қарқынды ластануда.

Балқаш көлін сақтау және ондағы табиғи объекттердi сақтаудағы негізі мәселенiң шешiмi суды үнемдеу, өнеркәсiп және ауыл шаруашылығының сарқынды суларын тастауды тоқтатуға арналған шаралардың шұғыл жүзеге асыру болып табылады. Іле өзенінің суының балансы көпшілігіңде Қытай тарапымен су қатынастарының реттелуімен анықталады.

Елімізді сумен қамтамасыз етудің негізгі шешiмi, пайдаланатын су қорларының жеткiлiктi етіумен қатар, көпшiлiгiнде су шарушылық жүйелердiң жағдайына тәуелдi болады.

ССРО-ның ыдырауынан кейін және 2000 жылға дейін елдiң күрделi экономикалық жағдайына байланысты, су шарушылық объекттердiң қаржыландырылуы қалдық қағида бойынша iске асты.

Жоғарғы деңгейде пайдалану, жөндеу жұмыстарына және қызмет көрсетуге қаржыландырудың қысқартылуы көптеген өлкелердегі су объектлері мен гидротехникалық құрылыстардың техникалық жағдайының, халықтың және экономиканың қауіпсіздігін сақтаудың төмендей бастауына жағдай тудырды.

Өндiрiстiң төмендеуі және тұщы суды пайдалану көлемдерiнiң төмендеуiне қарамастан, су пайдалану мәселесіндегі ұқыпсыздық жойылмауда. Мәселен, жыл сайын таза суды тасымалдау кезінде жоғалтылатын су шығыны 4, 94 км3, оның мішінде қайтарымсыз су тұтыну, табиғи су объекттерiмен салыстырғанда 15, 28 км3 құрайды. Осылай суды тиімсіз пайдалану суармалы жерлердің тұздануы мен лайлануына әкеп соқтырады. Қалалардағы жоғалан су сумен жабдықтау және канализация жүйелерінде су басу, үйлердің фундаменті мен астындағы су құбырларын шірітуге әсер етеді.

Тұрмыстық-коммуналды секторларда су тасымалдау кезіндегі жоғалатын су көлемі алынған су көлемінің 35% құрайды, әр адамға сөткесіне 240-420 л су жұмсалады. Республикадағы 100 км су құбырының желiлерiнде жалпы саны 70 астам апат тіркеледі, еуропалық деңгейде бұл көрсеткiш небәрі 3 апатты құрайды.

Ауыл шаруашылығы негiзгi су тұтынушы болып табылады, жалпы су қорының 80% суармалы жерлерді суландыруға жұмсалады.

Өнеркәсiп. Соңғы жылдары өнеркәсiптiк сектордың су тұтынуы 4, 0 км3 дейiн қысқарды. Сырт және қайта сумен жабдықтауды қолданудың жеткiлiксiз деңгейi, жүйелерiнiң қанағаттанарлықсыз күйi су беру және су пайдалану коэффицентінің (ПӘК) төмендігі өндірілетін өнімге жұмсалатын таза су шығынының өте жоғары болуына әсер етуде. Бүгінгі күні ауыз су деңгейіне дейінгі тазартылған судың 40% өндірістік қажеттілікке жұмсалады.

Судың тиімсіз пайдалануы барлық өзендер бассейнінде су қорларының жетіспеушілігіне және ластануына, қоршаған табиғи ортаның азып-тозуына, көл және өзеннiң экосистемалардың кеуiп кетуi, тұрғындардың ауруының өсуіне алып келедi.

Елдi сумен қамтамасыз етудiң негізгі мәселелері

1. Сумен жабдықтау су беруді қамтамасыз ету және ауыз су сапасының талаптарына сай емес

Тұрғындарды сапалы ауыз сумен жабдықтау мәселелерi еліміздің барлық облыстары және қалалары, Астананы қоса қамтиды. Республика бойынша орташа қала халқының 70-75% су құбырлары суымен, 15-18 % - орталықтандырылған су бастауларының суымен, қалған бөлiгi ашық суаттардан және басқа жақтан әкелiнген тасымал (500 мыңнан астам адам) сумен қамтамасыз етіледі.

Су құбырларының көпшiлiгi 20-25 жыл, Қазақстанның солтүстiгiнде 30 жылдан астам бұрын пайдалануға берілген немесе күрделі жөндеуден өткізілген.

2. Айналмалы қолданудың және қайтадан сумен жабдықтаудың деңгейі төмен.

Өнеркәсiптiк өндiрiс салалары және бөлек алған кәсiпорындарда су пайдалану көпшiлiгiнде жоғары шығынды болып қалуда және оны қайта пайдалану тәсілдері қолданылмайды.

3. Су шарушылық объектілері және жүйелердiң техникалық күйi өте төмен деңгейде.

Күрделі жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаражаттың жетіспеушілігінен каналдар мен гидротехникалық құрылыстардың су жоғалту көрсеткіштері жоғары болуда.

4. Шекарааралық мәселелер.

Бүгінгі күні мемлекетаралық су қатынастарын реттеу бұрынғы одақ кезінде игерiлген су қорларын кешенді пайдалану мен қорғаудың бассейнді схемасы негiзінде іске асырылады. Сондықтан кез келген шекараға шектес елдер су бөлісу, яғни су қорларының көлемдерi шарттарының қайта қаралуы туралы ұсыныстар енгізе алады. Бұл әсіресе Арал теңiзi бассейнінде орналасқан елдер үшiн көкейкестi мәселе.

5. Су қорларының ластануы.

Түгелдей дерлiк iрi өзендердiң суы сапа жағынан қазiргi талаптарға сәйкес келмейдi. Су қорларының ластануы елді мекендердегі сарқынды, өнеркәсiптiк кәсiпорындардың, суармалы жерлердегі коллекторлы - құрғату сулардың тасталуына байланысты. Көп қалаларда канализациялық суды тазартатын арнайы құрылыстар жоқ. Сарқынды суларды жинақтағыштар шектi белгiлерге дейiн толтырылып, бөгеттерде жұлып кету қаупін тудырады.

6 Арал теңiзiнiң мәселесi 30 жылдан астам уақыт зерттеушiлердің назарында.

Арал маңайындағы шаруашылықтың тиімсіз жүргізілуінен Арал теңізі бассейніндегі елді мекендерде әлеуметтiк және экологиялық мәселелер ұлттық деңгейге көтерілді. Сырдария өзенінің төменгі сағасындағы су қорларының дефицитi жылына 1, 2 - 3, 5 текше км-ге жетедi. Ол Сырдария дельталарындағы экосистемалардың азып-тозуына әкеп соқты.

Сырдария өзені Қызылорда және Оңтүстiк қазақстан облыстарын сумен қамтамасыз етудегі - негізгі су қоры, ол Қырғыз Республикасының аумағында басталып, Өзбекстан және Тажiкстан Республикаларында қалыптасады. Өзен үш iрi су қоймаларымен реттелген.

Сырдария өзені бассейнінің қазақстандық бөлігінде жалпы 2,5 миллионнан астам халық тұрады (Оңтүстiк Қазақстан облысында – 1,998 млн, Қызылорда облысында – 0,601 млн) . Мұндағы халықтың негізгі жұмыс саласы ауыл шаруашылығы болып табылады.

Оңтүстiк аймақты сумен қамтамасыз етуде Тоқтағұл су қоймасы маңызды рөл атқарады, яғни көптеген жылдар бойында суды жинақтай отырып су аз жылдары суға деген қажеттілікті (дефициттi) толықтырады.

Сонымен бiрге, тәуелсіздік алғанға дейін Орталық Азияның елдерiндегі Сырдария өзенiнде орналасқан барлық су шарушылық объектілері өзара байланысты жүйе болып қаралатын, Тоқтағұл су қоймасы осы жүйедегі негізгі реттеуші және суды тиiмдi пайдалануды iске асыратын объекті болатын.

Соңғы жылдары Тоқтағұл су қоймасының жұмыс режімі, Қырғыз Республикасының меншiгiндегі объектi ретiнде, Орта - Азия мемлекеттерімен келісілмей, электр энергиясын өндiруге бағытталып iшкi қажеттiк үшiн және экспортқа арзан электр энергиясын сату арқылы қысқы мерзiмде су қоймасынан жоғарғы өтімде су тасталады. Бұл басқа су шарушылық обектілерінің жұмыс режіміне сәйкес келмейдi.

Әсіресе қысқы мерзімде тасталған жоғарғы өтімді су қазақстан аумағында төтенше жағжайлар туындатып, үлкен аумақтарды су басуда.. Нәтижесінде Сырдария өзенінің төменгi сағасына түсетін су көлемi 1994 -2000 жылдар аралығындаы 10 км3-те 5, 4 км3ке дейiн азайды. Сонымен бiрге Арал теңізіндегі судың көлемі 230 км3 аспай, тұздылығы 46 мг/л жетті.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті елімізді сумен қамтамасыз етуде жан-жақты шаралар қабылдады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығын орындау мақсатында 2000 жылдың 17 ақпанында № 344-шi «2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын iске асырудың ары қарайғы шаралары туралы» және 2000 жылдың 21 қарашасындағы №30 Қазақстан Республикасының үкiметiнiң хаттамалық шешiмiне сәйкес жасалған және Қазақстан Республикасының Үкiметiмен 2001 жылдың 21 қаңтарында мақұлданған «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгі су экономика секторының дамуы және су шарушылық саясатының тұжырымдамасы» бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды.

Қазақстан Арал теңізінің міселесін шешуде бүкіл дүние жізі елдерінің назарына ілінген «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының (бұдан әрі – САРАТС) бірінші кезеңінің құрамындағы Көкарал бөгетінің құрылысын 2005 жылы бітіруі және судың мол болуына байланысты 2006 жылдың наурыз айында Кіші Аралдың суы жобада қарастырылған деңгейге, яғни Балтық жүйесімен 42 метр деңгейге жеткізді.

Ондағы бөгет салынғаннан кейінгі ауланған балық мөлшері (шамамен жылына 1500-2000 тонна) бөгет салынғанға дейінгі ауланған балықтың мөлшерінен ( 51.5 -700 тонна) 2.5 -3 есеге өсті.

Егемендік алғалы бері Сырдың мінезі өзгерді. Бұрын көмірін, мазутын, газын және тағы басқа энергия көздерін ортақ есептен алып тұрған қырғыздар ондай мүмкіндіктен айырылды. Халқын және кәсіпорындарын электр энергиясымен, жылумен және жарықпен қамтамасыз ету үшін, олар Тоқтоғұл су қоймасының мүмкіндіктерін пайдалана бастады. Оның жұмыс кестесін ирригациялық бағыттан энергетикалық бағытқа бұрып жіберді.

Тоқтоғұл Сыр бассейніндегі ең үлкен су қойма. Оның көлемі 19,5 млрд. текше метр. Ол көпжылдық кестемен жұмыс істеп, Сыр бассейніндегі мүмкін болатын қуаңшылықтың алдын алып отыратын. Енді энергетикалық кестемен жұмыс істеп, бүкіл бассейндегі жағдайды өзгертіп жіберді. Бұрын Сыр өзені көктем айлары (қар ерігенде) мен жаз айларында (мұздақтар ерігенде) таситын. Бұл табиғи жағдай, барлық жан-жануарлар мен өсімдіктер осындай үрдіске бейімделген. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бері бұл үрдіс түбегейлі өзгерді, тасқын су қысты күні келе бастады, зиянды әсері айтпаса да түсінікті.

Тоқтоғұлдың жұмысы өзгергелі бері Шардара су қоймасының да жағдайы қиындады. Жыл сайынғы қысты күнгі көп суды сиғыза алмай Арнасайға тастай бастадық. 1991 жылдан бастап 2003 жылға дейін орта есеппен жылда 3,3 млрд. текше метр су тастап отырдық. Кейбір жылдары 9,5 млрд. текше метрге дейін тастадық. Сөйтіп ол су Арнасай арқылы Айдаркөлге түсіп оны толтырды. Ол жерлер қазақтың тарихи жерлері, Әйтеке бидің жайлаулары. Қазір де ол жерлерде қазақ ағайындарымыз тұрады. Олардың көптеген жайылымдары мен қыстаулары судың астында қалды. Баймұрат ауылын да су баса бастады.

Осыны ескеріп өзбектер Арнасайда су қоймасын салып тастады да, 2004 жылдан бастап секундына 2160 текше метр өткізетін арна 500 текше метр су ғана өткізетін болып қалды. Осының салдарынан Шардараға үлкен қауіп төнді. Көп суды сиғыза алмай күзден бастап төмен қарай секундына 700 текше метр су тастай бастадық. Мұзды осы деңгеймен қатыруға көштік. Бұл өте қауіпті, сең жүргенде жылда төтенше жағдай жариялап, елді мекендерді суға бастырып алып жүрміз. Құлаған үйлер мен ғимараттарды қалпына келтіруді былай қойғанда, бесіктегі бала мен еңкейген қарияларға дейінгі жандардың шеккен зардаптарын немен өлшеуге болады?

Сырда қалыптасқан қазіргі жағдайда ең қауіптісі Шардараның жағдайы болды. Егер келген су қоймаға симай бөгеттен асып түссе, бөгет бұзылады да, Аралға дейінгі барлық елді мекендер, Қызылорда қаласын қоса, топан су астында қалады. Одан артық апат болмайды. Оны болдырмау үшін, кейбір жағдайларда төмен қарай секундына 1000 текше метрден астам су тастауға тура келуі мүмкін. Елді мекендерді қорғау үшін өзен жағалай салынған бөгеттер шыдас бермейді. Үйткені Сыр өзенінің қысты күнгі табиғи су өткізу қабілеті секундына 400 текше метрден аспайды.

Осы жағдайларды ескере отырып, 2008 жылғы 7 сәуірде еліміздің Президенті Н. Назарбаев Үкімет басшыларына Көксарай су реттегіші қоймасын салуды тапсырды.

Үкімет басшысы К. Мәсімов 2008 жылғы 7 сәуірде № 324 қаулысымен Көксарай су реттегіші қоймасын салу туралы қаулыға қол қойды.

Нәтижесінде 2010 жылғы көктемгі су тасу мезгілінде оған 1 млрд текше метр су жиналса, 2011 жылғы көктемде 2 млрд текше метрден астам су тоқтатылды. Жиналған су вегетациялық мезгілде Сырдарияның төменгі ағысына жіберіліп, Қызылорда облысын суармалы сумен қамтамасыз етуде үлес қосты.

Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi 2002 жылғы 23 қаңтарда «Ауыз су» Салалық бағдарламаны бекітті.

Бағдарламаның мақсаты – тұрғындарды қажетті көлемде және сапалы ауыз сумен орнықты қамтамасыз ету.

Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету мәселелердiң негiзгi бағыттары - бұл сумен жабдықтаудың варианттары, тұтынылатын судың сапасын жақсарту, тиiмдi қолдану, су объекттерiнiң экологиялық күйiн жақсарту, ақпараттық ортаның жасалуы, ауыз суды тиiмдi қолдануға себепшi болатын мәселелерді үйлестiру және дамыту, олардың техникалық күйiн жетiлдiру және қалпына келтiру.

Аталған бағдарламаның жүзеге асырылуы жасалған іс-шаралар жоспарына сәйкес жүгізілді, ол атқарушы органдар мен су шаруашылығы мекемелерінің ықыласын жұмылдыруға және нақты нәтижелерге ие болуға мүмкiндiк береді.

Су қорларын тиiмдi пайдалану мәселелерiн шешудің негiзгi жолдары

Су ресурстарын қорғау, сонымен бiрге су қатынастарының заңға сүйеніп реттелуі едәуiр дәрежеде олардың тиiмдi пайдалануына әсер етеді. Тап осы негізде су қорларының қолайлы, ұқыпты және тиiмдi қолдануына қамтамасыз етуге жағдай жасау керек.

Ирригация мен гидроэнергетика аралығында ұтымды балансты iздестiру, өлкенiң мемлекеттерi арасында трансшекаралық өзендердің суын пайдаланудың шарттарын қамтамасыз етуде, басты мiндет, су қорларын басқарудағы үйлесiмдi саясатты талап ететiн жолдарды іздестіру. Сондықтан қойылған мақсаттың табысты болуы, су қорларын басқарудың төңiрегiдегi халықаралық заңдарға сүйене отырып, ұлттық заңдардың бір-бірімен жақындасуына тәуелдi болады. Бұл салада мұндай заңды базаның жасалуы, халықаралық тәжiрибеге сүйене отырып, сөз жоқ аймақтық жағдайлар есепке алынуы тиiстi. Шекарааралық өзендердi басқаруда, халықаралық тәжiрибенiң негiзiнде, аймақтық ынтысақтастықты нығайту керек.

Халықаралық тәжiрибенi есепке ала отырып ұлттық және аймақтық деңгейлерде су қорларын бiрлесіп пайдалану бойынша ортақ заңның механизімін жасау Орталық Азияның су қорларының пайдаланудағы көп қайшылықтардың шешуiнiң негiзi болып табылады. Өлкенiң орнықты экономикалық дамуы өзара мемлекетаралық қатынасқа және ынтымақтастыққа, су қатынастарының саласындағы тиiмдi заңға сүйенген базасының негiзiне қатысты болады.

Қолданыстағы су қорларынның ұлғайтылуы оның тиiмдi пайдалануына, сонымен бiрге су қоймаларының саны мен сапасының артыуына тікелей байланысты. Ол үшiн келесі мәселелерге назар аударылуы тиіс:

• Әлеуметтік және экономикалық салалар бойынша басты мәселелерді шешу;

• су көздерінің күйін және оған қатысты экологиялық жағдайды жақсарту, ұйымдастыру, институционалдық, әкiмшiлiк, техникалық және тағы басқа көп қаржы керек етпейтiн шараларды іске асыру. Республикадағы тұрғындардың және өлкенiң тiршiлiк әрекетi үшiн маңызды қаржы керек ететiн объекттер (сумен жабдықтау саласы) мемлекетпен қаржылануы тиiстi;

• өндiріс күштердi орналастыруға және дамытуға талдау жасау, шаруашылық маңыздылығы және өсіп келе жатқан су шарушылық балансындағы дефициттi есепке ала отырып су тұтынудың деңгейі мен құрылымын анықтау;

• сумен жабдықтау саласында жаңа су көздерін іздестіру және жабдықтауын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізу;

• Су қорларының сапасы және сандық жүдеуiн сақтап қалу бойынша шараларды iске асыру. Сулардың ластанумен белсендi күрес жүргізу су шарушылық балансының шиеленісуіне бермейді, оның шығын бөлiгiнiң қысқартуына мүмкiндiк туғыза түседi;

• Өнеркәсiптегi суды қайтадан және бiрнеше рет қолдануының енгiзілуi, сонымен бiрге материалдардың өңдеуiнде қосымша суды талап етпейтін принциптi жаңа, қалдықсыз технологиялық сұлбаларын iздестiру;

• Су қорларын басқарудың мемлекеттiк жүйесiн, олардың пайдалануын реттеу, экосистема әдiстерiнiң қолдануын, бар су шарушылық шараларын жоспарлауды жетiлдiру;

• Су сақтаудың мәселелерiн кезеңдi, бiртiндеп және шешiмiне барлық қатысушыларды үйлесiмдi жолдарын енгiзу;

• Тиiмдi су ресурстарын пайдалануды, оның ластануын сақтап қалуға бағытталған меншiктi табиғи ортаны қорғау шараларының жұмыстарын ынталандыру, мадақтау;

• Суды нормативтен тыс пайдалануды болдыртпау. Су пайдаланудың шарттары бұзылған жағдайда су пайдаланушыларға әсер ететіндей, құны табиғат қорғау іс-шараларының құнынан жоғары айыппұл салынуы керек;

• Сарқынды суларды тазартуынан және суды үнемдеуден түскен барлық пайданы кәсiпорындардың қарамағына беру;

• су үнемдейтін шарушылық жабдықтарға және экологиялық таза өнiмге қосымша және мадақтау бағалар енгізу;

• Су қорларының жағдайы және су сақтау туралы информациялық - үгiттеушi жұмыстар жүргізу.

• iрi су шарушылық ұйымдарда су саясатының іс-шараларын өңдеуге және жоспарлауға тiкелей араласатын қоғамдық өкiлдерден бақылаушы кеңестер құру;

Келешекте су қорларының ұлғаюы елдегі су шарушылық объекттерiнде жоғалтатын суды азайту арғылы қол жеткізілуі тиіс.



Өзендер

Толық мақаласы: Қазақстан өзендері

Сырдария

Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км-ден асады.

Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды. Екі алап арасындағы суайрық Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің қырқасы мен Сарыарқа, Торғай үстірті арқылы өтіп, Оңтүстік Оралға тіреледі.

Қазақстандағы ең суы мол өзен – Ертіс. Оның республика жеріндегі ұз. 1700 км, жалпы ұз. 4248 км. Онда көптеген су электр станциялары (СЭС) орналасқан. Жоғ. бөлігіндегі ағыны 2 ірі су электр ст-ларымен (Бұқтырма Су Электр Стансасы және Өскемен Су Электр Станциясы) реттелген. Өзен суының біраз бөлігі Ертіс-Қарағанды каналы арқылы Орталық Қазақстанға бұрылған. Ұзындығы мен суының молдығы жөнінен республикадағы екінші өзен – Сырдария. Қазақстандағы ұз. 1400 км, жалпы ұз. 2219 км. Егін суаруға қарқынды пайдалануына байланысты ағыны кейбір жылдары Арал т-не жетпей тартылып қалады. Балқаш көлі атырабындағы ең ірі өзен —Ілеің республика шегіндегі ұз. 815 км (жалпы ұз. 1001 км). Оның ірі салаларының бірі Шілік өзенінен бастап, Шамалған өзеніне дейін ұз. 200 км-ге жуық Үлкен Алматы каналы салынған. Ал Батыс Қазақстанды, негізінен, Жайық өзені суландырады. Ол республика жерінен тыс Оңт. Оралдан басталады. Қазақстандағы ұз. 1082 км, жалпы ұз. 2428 км. Бұлардан басқа ірі өзендерге Есіл, Тобыл, Елек, Шу, Талас өзені, Торғай өзені, Ырғыз , Сарысу, Нұра, Ойыл, Жем, т.б. жатады. Бірақ бұлардың кейбіреуінің деңгейі жазда тым төмендеп, кейбіреуі мүлдем тартылып қалады, ал көктемде қар суымен толысып тасиды.

Қазақстан өзендерін ұзындығы бойынша 85 022 өзеннің ішінде 84 694-і шағын (ұз. 100 км-ге дейін), 305-і орташа (500 км-ге дейін) және 23-і ірі (500–1000 км-ден астам) өзендер қатарына жатады. Республиканың шығысындағы Алтай, оңт.-шығысындағы Жетісу және Іле Алатаулары ылғалы мол таулы өңірлердегі өзен торының жиілігі (барлық өзендер ұзындығы қосындысының осы алаптың ауданына қатынасы) басқа өңірлерге қарағанда жоғары, 0,4–1,8 км/км2 шамасында. Шағын өзендердің көбі Ұлытау, Шыңғыстау, Қарқаралы тауларынан, сонымен қатар Тарбағатай, Қаратау, Мұғалжар жоталарынан басталады. Арал және Каспий маңы шөлді өңірлерінде өзен торының жиілігі тым сирек (0,03 км/км2-ге дейін) келеді. Өзендердің басым көпшілігі Каспий, Арал т-дерінің, Балқаш, Алакөл және Теңіз сияқты көлдердің тұйық алаптарына жатады. Тек Ертіс, Есіл және Тобылға құятын өзендер ғана мұхитқа құятын Кара теңіз.алабына қарайды. Қазақстан өзендерінің көпшілігі жазда суы тартылып, жеке-жеке қарасуларға бөлініп қалады. Біразы көктемгі қар суымен маусымдық көлдерге құйылып, жазда сорға айналады. Қазақстан өзендері толығу сипатына қарай 3 топқа бөлінеді: қар суынан толығатын, мұздық суынан және аралас толығатын өзендер. Өзендердің көпшілігі көктемде тасиды, тек мұздық суынан толысатын өзендер ғана жазда тасиды. Климат сипатына байланысты өзендердің көп жылдық арын мөлшері де үнемі өзгеріп отырады. Жазық өңірлер өзендері арынының орташа өзгергіштігінің вариациялық коэффициенті негізінен 0,80-нен 1,20-ға дейін жоғарылайды. Бұл шамадан тек Жайық өз-нің ағын өзгергіштігі кемірек (0,58–0,80), ал Тобылдікі көбірек (1,50-ге дейін) келеді. Тау өзендерінің жылдық ағын мөлшерінің ауытқуы онша болмайды, әсіресе Іле Алатауының солт. беткейінен басталатын өзендер деңгейі тұрақты. Тау өзендерінің суы гидрохимиялық құрамына қарай гидрокарбонатты болады; олардың минералдығы жоғары деңгей кезінде 200–300 мг/л, деңгейі төмен түскенде 500–600 мг/л-ге дейін жоғарылайды. Жазық өңір өзендерінің суы сульфатты немесе хлорлы топқа жатады және олардың минералдығы су жинайтын алаптың ауданына, жер бедері мен топырақ сипатына, климаттық жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Шөлейт және шөл белдемдердегі өзендердің минералдығы 100–200 мг/л-ден (бастау жағында) 5000 мг/л-ге дейін (төм. ағысында) артады.

Өзендердің лайлылығы жөнінен Қазақстанның жазық және таулы аудандар арасында үлкен айырмашылық бар. Жазық жер бедеріне және өзен егістігінің шамалы болуына байланысты мұндағы өзен суында қатты зат ағыны біршама аз болады, лайлылығы 200 г/м3-ден артпайды. Борпылдақ жынысты өңірде ағатын Бат. Қазақстан өзендерінің лайлылығы тым жоғары (500–700 г/м3). Таулы аудандар өзендерінің лайлылығы ағыс бойымен төмен қарай 50–100 г/м3-ге дейін артады.

Көлдер және бөгендер

Толық мақаласы: Қазақстан көлдері

Каспий теңізі

Арал теңізі (1989-2008).

Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көлдер және 3 мыңға жуық бөгендер бар. Климат жағдайына байланысты көлдердің көбі Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан. Олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл, Қорғалжын, Марқакөл, Теңіз көлі сияқты ірі көлдерден басқа, көбі (94%) көлемі бір шаршы километрден кем шағын көлдер. Көлдердің көпшілігі тұйық көлдер. Көбінің суы тұзды, олардан тұз өндіріледі. Қазақстанда ауданы 100 шаршы километрден астам 22 көл бар. Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60%-ын алып жатыр. Қазақстанның жалпы 48 262 көл айдынының 45 248-і шағын (ауд. 1 км2-ге дейінгілер) көлдер қатарына жатады. Ауд. 10 км2-ден астам ірі көлдер саны 296, ал 100 км2-ден астам аса ірі көлдер 21 (бұл 21 айдын үлесіне Қазақстандағы барлық көлдердің жалпы ауданының 60%-ы тиеді). Қазақстан аумағы бойынша көлдер біркелкі таралмаған. Кейде бұлар бір-бірінен жүздеген километр алшақ жатады, кейбір өңірде жиі орналасып, біртұтас көлдер жүйесін құрайды. Солт. Қазақстанда жалпы ауд. 15 623 км2 болатын 21 580 көл болса, бүкіл Орт. және Оңт. Қазақстанда жалпы ауд. 4658 км2 болатын 17 554 көл ғана бар. Солт. Қазақстанда 100 км2-лік аймаққа 3 км2 көлемдік көл айдындары болса, бұл көрсеткіш Орт. және Оңт. Қазақстанда сәйкес түрде 0,23 және 0,53 км2-ге дейін кемиді. Қазақстан көлдері пайда болуы жөнінен тектоник. және экзогендік түрлерге бөлінеді. Каспий және Арал т-дері, Балқаш, Алакөл, Теңіз, Сасықкөл, Марқакөл, т.б. ірі көлдер тектоник. қазаншұңқырларда қалыптасқан. Экзогендік көлдерге Сілетітеңіз, Теке, Жалаулы, Қызылқақ, Үлкен Қараой, т.б. жатады. Орманды дала және дала белдемдері көлге бай. Жалпы республика айдындарының көпшілігі абс. биіктіктері 100 м-ден 3500 м-ге дейінгі борпылдақ төрттік шөгінділердің үстінде орналасқан. Көлдердің су жинайтын алаптарының ауданы көбінесе 10-нан 320 км2-ге дейін, ал шөлейт және шөл белдемдерінде бұдан да аумақты келеді. Қазақстан көлдері шарасында 190 км3су жиналған. Көктемде көлдер деңгейі 0,2 м-ден 6 м-ге дейін көтеріледі. Жаздың ортасына қарай сіңу және булану мөлшерінің артуына байланысты көлдердің деңгейлері күрт төмендейді, ал кейбіреуі кеуіп қалады. Төм. деңгей қазан–қараша айларында байқалады. Көпшілік көлдер деңгейінің орташа жылдық ауытқу амплитудасы 1 м шамасында. Ағынсыз көлдер су балансының шығымы түгелдей дерлік булануға кетеді. Көлдердің су балансындағы жалпы кірістің 10–90%-ы жер беті ағынынан, 12–40%-ы жауын-шашыннан құралады. Шарасы граниттік жыныстар үстінде қалыптасқан көлдер баланстары кірісінің 40%-ы жер асты суы ағынынан қалыптасады. Көл суының хим. құрамы жалпы минералдылық пен иондық құрамының әр түрлілігімен және тұрақсыздығымен сипатталады. Тұз концентрациясының маусымдық және көп жылдық ауытқуы көл суы деңгейінің өзгеруіне тығыз байланысты. Республика көлдері су көлемінің 87%-дан астамы сульфатты (Балқаш, Алакөл, Теңіз көлдері, т.б.), ал қалғаны карбонатты немесе хлорлы келеді.

Бөгендер Қазақстан аумағында жер беті ағындарын реттеу мақсатында өзен арналарын бөгеу арқылы жасалады. Егер көлемі кіші ойыстарды бөгейтін болса, оларды тоған деп атайды. Бөгендер ауданына қарай келесі бөліктерге бөлінеді:

50 км2-ге дейін - кіші

250 км2-ге дейін - орта

1000 км2-ге дейін - ірі

одан үлкендері - аса ірі бөгендер.

Қазақстанда қазір 4 мыңдай бөгендер мен тоғандар бар. Алып жатқан ауданы 10 мың км2. Оларда 90 км2 тұщы су жиналған. Бөгендердің көбі Орталық, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда шоғырланған. Олар: Бұқтырма, Қапшағай, Шардара, Самарқан, Бөген, Ақкөл, Шерубай-Нұра, Кеңгір және т.б.



Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнің енiн белгiлеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 71 қаулысы

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi енiн белгiлеу ережесі бекiтілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  


2004 жылғы 23 қаңтардағы       
N 71 қаулысымен            
бекiтiлген            

Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салу белдеулерiнің енiн белгiлеу ережесі

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.



      1. Осы Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнің енiн белгiлеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнің енiн белгiлеу тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiне (бұдан әрі – тыйым салу белдеулері) осы су объектілеріне мемлекеттік орман қорының іргелес аумағы жатады, онда су ресурстарын сақтауға және жинауға, су объектілерінің ластануына, былғануына және батпақтануына жол бермеуге, сондай-ақ жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын сақтауға бағытталған жағдайлар жасау мақсатында орман пайдалануды шектеудің тапсырыстық режимі белгіленеді.
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Тыйым салу белдеулерiнiң енi, оларды пайдалану режимi орман орналастыру кезiнде су объектiлерiнiң балық шаруашылығы маңызы мен экологиялық жай-күйi ескерiле отырып, физика-географиялық, топырақ гидрологиялық және басқа да шарттар басшылыққа алынып, орман шаруашылығы саласындағы уәкілеттi орган бекiтетiн орман орналастыру жобаларымен белгіленедi.
      4. Жайылмасыз өзендерде немесе кәдімгідей жайылмасы жоқ өзендер учаскелерiнде тыйым салу белдеулерiнiң енi орташа көпжылдық межелi су деңгейiнiң мөлшерi бойынша, ал су арнасы сағаларға тармақтанып кетсе, сыртқы сағаның жағалауы бойынша осы нормативпен анықталады. Өзен енi 1 километрден астам жоғары көтерiлген өзен аралығын қамтитын сағаларға бөлiнiп кетсе, әрбiр сағаның жағалаулары бойынша тыйым салу белдеулердiң енi осы өзеннiң қалған бөлiгiнде қалай болса, дәл солай белгiленедi.
      Анық білiнiп тұрған жайылмасы бар өзен бойында тыйым салу белдеулерінiң енi жайылманың енiнен және енi осы Ережеге сәйкес айқындалатын оған жанасқан белдеудiң енiнен тұрады.
      Жағалауларында тыйым салу белдеулерi оқшау көрiнетiн өзендердiң басталар тұсында бұл белдеулердiң құрамына осы өзен жағалаулары бойынша белгiленген тыйым салу белдеуiнiң енiне тең радиуста өзеннiң басталар тұсындағы аумақ енгiзiледі.
      Тыйым салу белдеуiнiң сыртқы шекарасын белгiлегенде ол мүмкiндiгiнше табиғи шептермен немесе орамдық орман жолдарымен, бөлiнiстер шекарасымен ұштастырылады, бұл ретте шекара өзеннiң су жинайтын алаңының шегiнен шығып кетпеуi тиiс, яғни бұл жағдайда ол су бөлетiн шекара бойымен өтедi.
      5. Көлдер мен арналы су қоймаларының, каналдардың төңiрегiнде тыйым салу белдеулерiнiң енi оларға келiп құйылатын немесе олардан ағып шығатын өзендердің бойында бөлiнген белдеулерге тең белгіленедi.
      Көлдерге, су қоймаларына немесе каналдарға бiрнеше өзен келiп құйылатын немесе ағып шығатын жағдайларда су қоймасы, канал бойындағы тыйым салу белдеуiнiң енi ең кең арналы өзен бойынша қабылданады. Су қоймасы, канал бойындағы тыйым салынған белдеуiнiң iшкi шекарасы судың бiрқалыпты толық деңгейiнiң мөлшерiмен, ал көлдер бойында – орташа көпжылдық су деңгейiнiң мөлшерiмен өтедi.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      6. Шағын өзендер (200 километрге дейiн) және шаруашылық жүргiзудiң қарапайым жағдайлары қолданылатын және экологиялық жағдайы қолайлы өзендер үшiн әр жағалау бойынша тыйым салу белдеулерiнiң ең тар енi - 500 метр мөлшерде белгiленедi.
      7. Су жинағыштағы экологиялық жағдай шиеленiскен кезде балық шаруашылығындағы маңызы зор өзендер, су қоймалары мен каналдар үшiн қоса берiліп отырған қосымшаға сәйкес тыйым салынған белдеулерiнiң енi әр жағалаудан 1000 метр мөлшерінде белгiленедi.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      8. Қотармалы су қоймалары, каналдар мен басқа да көлдер бойындағы тыйым салу белдеулерінің енi мынадай мөлшерде белгiленедi:
      1) су айдынының акваториясы 2 шаршы километрге дейiн болса – 300 метр;
      2) су айдынының акваториясы 2 шаршы километрден асып кетсе – 500 метр.
      Осы көлдер үшiн тыйым салынған белдеуiнiң iшкi шекарасы орташа көпжылдық су деңгейiнiң жырығы бойымен өтедi.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      9. Осы Ережемен белгiленген тыйым салу белдеулерiнiң мөлшерi мен шекарасы қажет болған жағдайда орман орналастыру кезiнде нақтылануы мүмкін.

Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдары


мен басқа да су объектiлерi      
жағалауларындағы ормандардың тыйым   
салынған белдеулерiнің енiн белгiлеу  
ережесiне қосымша           

Ормандардың тыйым салынған белдеулерiнiң енiн белгiлеуге
арналған су айдындарының тiзбесi

      Ескерту. Тізім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.



Су айдындарының (өзендер, көлдер, су қоймалары мен каналдар) атауы

Өзендер келiп құйылатын су айдындарының атауы

1

2

Өзендер
_____________________________________________________________________

Жайық                                           Каспий теңiзi


Қиғаш                                           Каспий теңiзi
Көшім                                           Жайық
Шаған                                           Жайық
Утва                                            Жайық
Елек                                            Жайық
Өр                                              Жайық
Ертіс                                           Обь
Уба                                             Ертіс
Үлбі                                            Ертіс
Қара Ертіс                                      Бұқтырма су қоймасы
Бұқтырма                                        Бұқтырма су қоймасы
Күршім                                          Бұқтырма су қоймасы
Қалжыр                                          Қара Ертіс көлі
Алқабек                                         Қара Ертіс көлі
Белөзек                                         Қара Ертіс көлі
Аққоба                                          Қаба көлі
Тополевка                                       Марқакөл көлі
Тобыл                                           Ертіс көлі
Eсіл                                            Ертіс көлі
Аягөз                                           Балқаш көлі
Ақсу                                            Балқаш көлі
Қаратал                                         Балқаш көлі
Лепсі                                           Балқаш көлі
Іле                                             Балқаш көлі
Сырдария                                        Арал теңізі
_____________________________________________________________________

Көлдер, су қоймалары және каналдар

_____________________________________________________________________
Марқакөл көлі
Балқаш көлі
Қошқаркөл көлі
Жалаңашкөл көлі
Сасықкөл көлі
Бұқтырма су қоймасы
Өскемен су қоймасы
Новошульба су қоймасы
Сергеевка су қоймасы
Вячеслав су қоймасы
Қапшағай су қоймасы
Сәтбаев атындағы канал
Үлкен Алматы каналы
____________________________________________________________________

"Әділет" АҚЖ ресми жарияланым дереккөзі болып табылмайды.


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет