Бағдарламасын ( Syllabus) бекіту парағы Нысан пму ұс н


және психикалық дамуы бөгелген адамдарға білім беру



Pdf көрінісі
бет14/19
Дата10.09.2023
өлшемі167.69 Kb.
#477064
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Арнайы психология және педаагогикаа

және психикалық дамуы бөгелген адамдарға білім беру 
Сурдопедагогиканың пәні мен міндеттері. Естудің бұзылуының
себептері. Есту ауытқулары бар балаларға арнайы білім берудің
педагогикалық жүйелері. Естімейтіндерге арналған арнайы
техникалық құралдар. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы есту
қабілеттері бұзылған балаларды тәрбиелеу және оқыту.
Тифлопедагогиканың пәні мен міндеттері. Көру қабілеті
бұзылуының себеп-салдарлары және олардың орнын толтыру
амалдары. Көру қабілеті бұзылған балаларды мектепке дейін оқыту.
Көру қабілеті бұзылған балаларды мектепте оқыту.
Психикалық дамуы бөгелген балаларға арнайы білім беру.
Ақыл-ойы кем балаларға білім беру.
13-тақырып. Тіреу-қозғалу аппараты бұзылған адамдарға
арнайы білім беру. Эмоциялық және мінез-құлық ауытқулары,
психикалық аурулардың бастапқы көріністері бар адамдарды
оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері
Тіреу-қозғалу аппараты бұзылуының түрлері. БЦП-ның жалпы
сипаттамасы. Тіреу-қозғалу аппараты бұзылған сәбилік және мектепке
дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту. Ми жұлын
параличімен ауыратын балаларға арнаулы көмек көрсету жүйесі. 
Ықылас тапшылығы синдромымен және гипербелсенділікпен
(ЫТСГ) сипатталатын балалар мен жасөспірімдерді оқытудың негізгі
принциптері. ЫТСГ-сы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуді
жекелендіру. Мектепке дейінгі балалар мекемесіндегі ЫТСГ-сы бар
бала. ЫТСГ-мен сипатталатын оқушыларды мектепте оқыту
ерекшілігі. Оқу мотивациясын арттыру. Танымдық сфераны дамыту.
Олардың өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі жекелеу
дағдыларын дамыту. Оқыту үдерісіне қатысты негативті эмоциялық
көріністер деңгейін, мектептік қобалжушылық деңгейін төмендету.
Ерте балалық аутизм (ЕБА) және тұлғаның аутистік бітістері
туралы түсінік. Эмоциялық дамуы бұзылған (ЭДБ) мектепке дейінгі


жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту. Эмоциялық дамуы
бұзылған адамдарды дамыту, әлеуметтендіру, оларға білім беру
мүмкіндіктері. Аутизммен ауыратын балаларға коррекциялық-
педагогикалық көмек көрсету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет