Жоспар: Тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін факторлар. Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» ұғымдары және олардың арақатынасы. Тәрбиенің негізгі тұғырлары. Отбасы – бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата22.03.2024
өлшемі417.32 Kb.
#496299
  1   2   3
Педагогика Тима



Жоспар: 
1. Тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін факторлар. 
2. Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», 
«әлеуметтендіру» ұғымдары және олардың арақатынасы. 
Тәрбиенің негізгі тұғырлары. 
3. Отбасы – бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және 
белсенді субъектісі. 


Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», 
«әлеуметтендіру» ұғымдары және олардың арақатынасы. 
Педагогика ғылымында тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, 
оқыту, дамыту, қалыптастыру, әлеуметтендіру, табыстылық, 
тұлғаның құзыреттілігі т.б. негізгі категориялары мен 
ұғымдары болып табылатыны белгілі. 
Тәрбие үдерісінде тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», 
«қалыптастыру», «әлеуметтендіру» бір — бірімен тығыз 
байланыста дамиды. Даму дегеніміз, ең алдымен адам 
ағзасындағы физиологиялық және психологиялық сапалық 
өзгерістер. Бұл өзгерістер белгілі бір әлеуметтік ортада 
болады. Адам биологиялық жанды зат ретінде дүниеге 
келеді де, ол даму үрдісінде әлеуметтік қызметтерді (өмірге, 
адамдарға, еңбекке, тұтастай қоғамға қатысты, т.б.) атқару 
арқылы ғана тұлға болып қалыптасады. 
Тәрбие әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда қоғам 
бақылайтын және түзету 
енгізетін, жастарды мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар 
арқылы басқарып бағыттайтын, қоғамның қазіргі және 
болашақ өміріне қатысуға мақсаттылықпен даярлау ісі. 
Тәрбие туралы түсінікке баланың жеке басының қалыптасуы 
мен дербес ерекшеліктерін ескерумен іске асырылатын 
толық қанды және толық құқылы тұлға тәрбиелеуге болады 
деп тануды талап ететін және педагогикалық үдерістің 
субьектісі ретінде тұлғаның қоғамдағы жаңа ұстанымы 
орнығады. 
Тұлғаның қалыптасуы ұғымына баланың қоғамда 
өздігінен өмір сүруге қабілеттілігі, өз 
тағдырына өзі үкім ете білуі және өзінің қарым-қатынасын 
түсіне білу қабілетін меңгерген, сонымен бірге құндылық 
атаулыны тұрақты таңдай алу сияқты дамудың шартты 
түрдегі жетістіктері жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет