Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру



бет3/6
Дата07.07.2016
өлшемі443.5 Kb.
#183484
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

6 Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру

«Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту үдерісі оқушылардың түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыруды негізгі міндеттердің бірі ретінде алдыңғы орынға қояды. Бұл мәселе жеке тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық құзыреттіліктердің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Бұл құзыреттіліктер оқушылардың түрлі әлеуметтік орталарда, көпмәдениетті қоғамда тиімді әрі конструктивті әрекет етуіне мүмкіндік береді.

«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасында түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру төмендегідей оқу міндеттерінен көрініс табады:


  • Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына құрметпен қарай білуге үйрету;

  • Қазақстан халықтарының ұлтаралық келісімі мен бірлігін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру;

  • өзгенің пікіріне, көзқарасына, наным-сенімі мен әдет-ғұрпына, сезімі мен идеяларына сыйластық пен төзімділік көрсетуге баулу;

  • жеке тұлғаның пікірін және әр пікірдің құндылығын ескеруге үйрету;

  • түрлі көзқарастар мен өз көзқарасын, өзгенің пікірі мен өз пікірін салыстыра отырып, ойын ашық жеткізуге дағдыландыру;

  • көптілді, көпмәдениетті қоғамда өмір сүру, өзін еркін сезіну қабілетін қалыптастыру.

Осы аталған оқу міндеттері тіл жүйесі заңдылықтары мен тілдік жағдаяттар негізінде және көркем шығармаларды оқып-меңгеру барысында басшылыққа алынады.


7 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (әрі қарай – АКТ) қолдану құзыреттілігі оқушылардың оқу үдерісінде, бос уақыттарында және қарым-қатынас барысында АКТ құралдарын орынды және шығармашылықпен қолдана білуін қамтамасыз етеді. Бұл құзыреттілік АКТ-ны қолдану дағдылары арқылы қалыптасады.

АКТ құралдарын қолдану дағдылары оқушылардың ақпаратты табу, құру және онымен жұмыс істеуіне, мәліметтермен, ой түйіндерімен алмаса отырып, құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең мүмкіндіктерін пайдалана білуіне және сол арқылы өз жұмысын бағалай және жетілдіре алуына ықпал етеді.

АКТ-ны қолдану дағдылары «Әдебиеттік оқу» пәнінің бағдарламасында төмендегідей көрініс табады:



  • оқыту сапасын арттыру үшін сабақтарда жаңашыл әдістер мен ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану;

  • интернет ресурстарымен жұмыс жасау (веб-сайттағы ақпаратты оқу, керекті материалды іздеу, табу, сұрыптау, іріктеу, жеке құжат немесе файл ретінде көшіру және сақтау);

  • мәтін және слайдтармен жұмыс істеу үшін қарапайым бағдарламадан күрделірек бағдарламаға (Word, Power Point) көшу;

  • ақпаратты өңдеп, электронды түрде жеке құжат ретінде сақтау үшін жабдықтарды (принтер, сканер, сандық фотоаппарат) пайдалану;

  • электронды оқулықтарды, оқу құралдарын, анықтамалық құралдарды пайдалануды меңгеру;

  • тақырыпқа байланысты түрлі медиақұралды қолдана білу;

  • ақпаратты саралап, талдап, зерттеуге үйрену.



8 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту

Жалпы білім беру ұйымдарының (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) бастауыш білім беру деңгейіне арналған «Әдебиеттік оқу» пәні бағдарламасы мақсаттарының бірі – түрлі әлеуметтік топтармен тіл табысуға қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу. Осы мақсатқа жету үшін ынталандырушы және белсенді тілдік орта құра отырып, қажетті қатысымдық дағдыларды дамыту керек. Мұндай орта оқушылардың сыныптастарымен, мұғалімдермен және көпшілікпен ауызша, жазбаша қарым-қатынасында тілді сауатты пайдалануына, тілдесімнің түрлі формаларын қолдана отырып, өз пікірін еркін білдіруіне мүмкіндік туғызады.



«Әдебиеттік оқу» пәнінен тыңдалым мен айтылым сөйлеу әрекеттерін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • тыңдауға, мазмұнын түсінуге әртүрлі жанрдағы мәтіндерді ұсыну;

  • мәтінді қайталап тыңдатып, негізгі ойға назар аударту;

  • тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар қою;

  • тыңдалған мәтіннің жоспарын құру;

  • тыңдалған мәтіннің белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру;

  • мәтіннің мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу;

  • мәтіннің кейбір оқиғаларын ым-ишарамен көрсету;

  • жұпта ым-ишараны пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу («Бағытталған оқу» және «Бағытталған жазу» стратегияларының көмегімен);

  • ауызша айтылғанды түсіну және сұрақтарға жауап беру;

  • ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру.


«Әдебиеттік оқу» пәнінен оқылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу;

  • кітапқа ауызша және жазбаша шолу жасау;

  • мәтіннің негізгі ойы мен бөлімдерін анықтай отырып оқу;

  • ақпаратты табу үшін оқу;

  • өз көзқарасын айту және дәлелдеу үшін оқу;

  • интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар, жобалар дайындау);

  • мәтіннің тақырыбы мен бастапқы бөліміне сүйене отырып, оқиғаның дамуына болжам жасау;

  • сұхбатқа сұрақтар мен жауаптар дайындау.

«Әдебиеттік оқу» пәнінен жазылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазғызу;

  • әдеби шығармадан алынған көркем, бейнелегіш сөздерді жаздыру;

  • әдеби шығармадан қысқа үзінділер жаздыру;

  • тыңдалған және оқылған мәтіннің, фильм немесе кітаптың қысқаша мазмұнын және алған әсерін жазу;

  • әдеби шығармадағы жаңа сөздерден сөздік құрастыру;

  • сыныптың қабырға газетіне шағын хабарлама/мақала жазу;

  • әдеби шығарма мәтініндегі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау;

  • ақпаратты суреттер мен сызбалар, белгілер, пиктограммалар арқылы беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет