«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мм 2014 жылғы 1 тоқсан жұмысы туралы есеп



Дата29.02.2016
өлшемі14.86 Kb.
#29605
«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2014 жылғы 1 тоқсан жұмысы туралы есеп.
2014 жылы 1 тоқсанда жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 237 адам өтініш білдірді, соның ішінде тұрақты жұмыс орындарына жоспарда 170 адам болғанда, 187 адам жұмысқа орналастырылды, 110 % құрайды. 2014 жылғы 1 сәуір ахуалы бойынша жұмыспен қамту секторында тіркелген, жұмыссыз адамдар саны 83 адамды құрайды.

Қоғамдық жұмысқа 101 адам жоспарланды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 2 адам жолданды.

2002 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтарға МАӘК тағайындалады. 2014 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге бюджеттік қаржыдан 1,9 млн. теңге бөлінді, 0,3 млн теңге сомасында 34 жәрдемақы тағайындалды.

Балалы отбасыларға жәрдемақы төлеуге 3,3 млн. теңге бөлінді, 0,8 млн. теңге сомасында 214 жәрдемақы тағайындалды.

2014 жылғы қалалық бюджет қаржысынан тұрғын үй көмегін тағайындауға 24,2 млн. теңге сомасында қаржыландыру бөлінді. 10,1 млн. теңге сомасында 2391 жәрдемақы тағайындалды, жәрдемақының орташа мөлшері – 4236 теңге.

Өзгенің көмегіне мұқтаж 1,2 топтағы жалғыз басты мүгедектердің зейнетақысына қосымша ақы тағайындау және төлеу жүргізіледі. Ағымдағы жылы 0,05 млн, теңге сомасында 24 жәрдемақы тағайындалды.

Жыл басында үйде мүгедек – балаларды тәрбиелеуші және оқытушы отбасыларға 0,3 млн. теңге сомасында 88 жәрдемақы тағайындау жүргізілді.

2014 жылы «Қалалық бюджет қаржы есебінен қаржыландырылатын жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек» Бағдарламасы бойынша жалпы 19,6 млн. теңге сомасында қаржы бөлінді. Жыл басынан 3,3 млн. теңге сомасында 459 жәрдемақы тағайындалды

2014 жылы 1 тоқсан ағымында 21 өтініш келіп түсті, соның ішінде заңды тұлғалардан 12 өтініш, жеке тұлғалардан 9 өтініш, оның ішінде 2 өтініш «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының жеке қабылдауының барысында келіп түсті.



Барлық өтініштерге белгіленген мерзімде жауаптар берілді.

«Айқын» пилотты жобасы бойынша 8 талон берілді, барлық өтініштерге жауаптар берілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет