Бағдарламасының 1 курс студенттері Әлімова Нұрайлым, Жармағамбетова Амина Алматы, 2023 жыл Жоспар Кіріспе



бет3/3
Дата31.03.2023
өлшемі52.2 Kb.
#471481
түріБағдарламасы
1   2   3
Тарих СРС

3.Қорытынды
Қорытындылай келсек, хандықтың біртұтас бірлігін және оның шегара қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен Тәуке хан күшті де ықпалды сыртқы саясат жүргізді. Тәуке ханның бүкіл қызметі көрші халықтармен тату-тәтті, жақсы қарым-қатынас орнатуға және қазақ жерін сыртқы жаулардан қорғауға бағытталды. Оның осы мақсатпен Ресейге және Орта Азия хандықтарына бірнеше рет елшілер жібергені жақсы мәлім. Оларға жүктелген міндет сыртқы жауларға қарсы күресу үшін әскери одақ құрып қайту болды.Ол таққа отырып, əке ісін жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тəукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мəнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытатын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде еді.
XVIII ғасырдың бас кезінде қазақ мемлекетінің іштен ыдырауы күшейе түскен жағдайда, ол сыртқы алпауыт мемлекеттердің тарапынан ерекше қызығушылық тудырған нысанға айналды. Өйткені бұл кез империялық мемлекеттердің жаңа отарларды басып алуды күшейткен тұсы еді. Егер Үндістан аумағында Англияның отаршылдық экспансиясы ұлғая түсіп жатса, Ресей Швециямен соғыс әрекеттері (1701—1721 жылдар) аяқталғаннан кейін, Қазақстан мен Орта Азияға қарай көз алартты.
Зерттеуші Н. Төреқұлұлының мәліметтерне қарағанда қазақ халқының тарихында өз заманының білікті саяси қайраткерлері болған жүзден астам ірі де қабырғалы билері де өткен.
Тәуке хан қазақ тарихында «Әз Тәуке», «адамзаттың данасы» деп аталды. Ол хан тағына отырған соң Қазақ хандығында асқынған, ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсаған мемлекет қайраткері болды.
Айтылған ойларымызды түйін­дей келе, мынадай тұжырымдарға келеміз. Біріншіден, XVIII ғасыр­дың қазақ тарихында өзіндік алатын орны ерекше, өзекті мәселелері өте көп. Бұл кезең – бір орталықтан басқарылатын мем­лекеттілігіміздің бытыраң­қылыққа түсіп, оның те­реңдей түскен және соның салда­рынан Ресей империясының ота­рына айнала бастаған ғасыры. Екін­шіден, XVIII ғасыр қазақ та­рихында Шоқан айтқандай, ры­царьлық немесе батырлық ғасырға жатады. Мемлекеттік биліктің ең басты құқығы мен міндеті елді басқару мен оның жерін қорғау болып, оны орындай алмаған кезде, ол міндетті батырлар мен билер атқарады.

4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Мусин Ч.«Қазақстан тарихы» Алматы, 2008ж.

  2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. IIтом. – Алматы: «Атамұра» , 1998 ж.

  3. Мамырұлы К.«Қазақ тарихы» Алматы, 2001ж.

  4. Әбдәкімұлы Ә.«Қазақстан тарихы» Алматы, 1997ж.

  5. «Қазақ хандығы» (II бөлім) Алматы «Аруна» баспасы, 2006 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет