«Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Жаратылыстану институты Химия кафедрасы»
БӨЖ Тақырыбы: Қазақ мемлекетінің сыртқы саясаты мен дипломатиясы (XVII ғ. және XVIII ғ. басы)
Тексерген: Тілебалды Ж.Қ.
Орындаған: “6В05301-Химия” білім беру
бағдарламасының 1 курс студенттері
Әлімова Нұрайлым, Жармағамбетова Амина
Алматы, 2023 жыл
Жоспар Кіріспе
Негізгі бөлім
XVII ғ.соңы -XVIII ғ.алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты
XVI – XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының басқа елдермен сыртқы саяси қарым-қатынастары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Кіріспе XVII ғасырдың соңы – XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығының мемлекеттік дамуына оның аймақтық байланыстары, қоғамдық қарым-қатынасындағы әлеуметтік өзгерістері, хан билігінің күшеюі, қазақ жерін сыртқы жаулап алу факторы тұрғысында тарихтың қатаң сынағынан өтуі тиіс болды. ХVІ-ХVІІ ғасырларда Қазақ Ордасы нығая түсті, оның шекарасы қазақтардың этностық аймағының негізгі бөлігін қамтыды. Күмән келтірмейтін деректерге қарағанда 1695 жылы Қазақ Ордасына 32 қала кірген. Қазақ халқының өз мемлекеттілігін құру жолындағы күресінің тарихы сан ғасырға созылған күрделі процесс. Бұл мәселе қазақ халқы құралған кезінен пайда болып, оның бүкіл тарихымен біте қайнасып отырды. Қазақ хандығының құрылуы, оның ішкі дамуы, көлбеу және тік байланыстары, иреархиялық қатынастар өзініңқұндылықтар жүйесі, халықтық мінез-құлықтың қалыптасу ерекшелігі талай рет тарихтың қатаң сынағынан өтуге тиіс болды.
XVII ғасырдың 30-50 жылдары қазақтарда мемлекеттілігі дамуында белгілі бір рөл атқарады, бұлар түрлі аймақтардың өзара байланыстарының неғұрлым тығыз ұштасуы, қалалардың дамуы, қоғам құрылысында кейбір сословиелер мінез-құлқының өзгеруі, хан билігінің артуы, қазақ қамуына түрліше қол сұғушылыққа тойтарыс беруді ұйымдастыру.