Дәріс №8
Тақырыбы: Көп қоректі қатты қанаттылар
Мақсаты: Ауылшаруашылығы дақылдарының ең басты зиянкестерінің қатарына жататындығының дәлелі.
Жоспары:
1. Қоңыздар отрядына жалпы сипаттама
2. Шыртылдақ қоңыздар.
3. Қара денелілер,тақта мұрттылар.
4. Зиянкестермен куресу шаралары.
Шыртылдақ қоңыздар (Elateridae)қатты қанаттылар (Coleoptera) отрядының дербес бір тұқымдасы. Қоңыздардың өздері зиян келтірмейді. Топырақта тіршілік ететін сымқұрты ауылшаруашылығы дақылдарының ең басты зиянкестерінің қатарына жатады. Бір ұрпағының өсіп-өніп жетілуі үшін 3-5 жыл керек. Әсіресе личинкаларының дамуы ұзаққа созылады. Қоңыздардың жер бетіне шығуы және өсіп-өніп көбеюі олардың қандай түрге жататындығына байланысты әр турлі мерзімде өтеді. Ересек қоңыз фазасында қыстайтындары ерте көктемде шығадыда көп кешікпей ұрықтанып жұмыртқалауға кіріседі. Жұмыртқаларын топырақ кесектерінің астына және жердің жарықтарына салады. Қоңыздардың өсімталдығы қандай түрге жататындығында байланысты әр түрде болады. Мысалы жолақ шыртылдақтың ұрғашысы 600 жұмыртқаға дейін салады. Сымқұрттардың дамуы 3-4жылға созылады. Олар жер бетіне көтерілмей ылғи топырақ арасында тіршілік етеді. Дамуы аяқталған личинкалар шілде-тамыз айларында қуыршақтанады. Екі-үш жетіден соң қуыршақ қоңызға айналады. Бырақ жас қоңыздар жер бетіне келесі жылы көктемде ғана шығады. Сымқұрттары тек дымқыл топырақта ғана тіршілік ете алады. Топырақтың үстіңгі қабаты құрғаған кезде олар оның төменгі қабаттарына қарай тереңдей түседі. Сымқұрттары ауыл шаруашылық дақылдарының жер астылық мүшелерімен коректеніп көп зиян келтіреді. Дәнді дақылдардың көгін сиретеді. Тамыр жемісті мен түйнек жемісті дақылдар жемісін бүлдіріп, олар сақтауға келмей шіріп кетеді. Сымқұрттар қызылша, күнбағыс, темекі, мақта сияқты техникалық дақылдардың тамыр жүйесімен қатар олардың жаңа шыққан көгін де зақымдайды.
Сымқұрттардың ең көбірек ұнататын өсімдіктері бидай, арпа, жүгері, картоп, қызылша, күнбағыс, темекі. Сымқұрттардың зиянкестік әрекетінің дәрежесі олардың сан мөлшеріне ғана емес, топырақтың түріне, ылғалдығына және құрамындағы шіріндінің мөлшеріне және өсімдіктің өсу технологиясына да байланысты.
Қара денелі қоңыздар (Tenebrionidae) тұқымдастарының өкілдері далалық және шөл жерлерде таралған. Ксерофильді жәндіктер.Үстіңгі қанаттары бірімен бірі тұтаса біткен,сондықтан ұша алмайды да өте баяу қозғалады. Осыған байланысты олардың кейбіреулерін шабан қоңыздар деп атайды. Олардың өсіп өнуі көбеюі топырақпен тығыз байланысты. Қоңыздардың өздері бірнеше жыл өмір сүреді. Әрбір қоңыз жыл сайын 100-300 жұмыртқа салады. Личинканың дамуы бір жылға немесе оданда аз уақытқа созылады.Ал қуыршағының дамуына 2-3 апта керек. Ересек қоңыздар өсімдіктердің жер үсті бөліктерімен коректенеді, ал личинкалары себілген тұқыммен, өсімдіктердің тамыр жүйесімен коректеніп ауыл шаруашылығына едәуір зиян келтіреді. Қазахстанның егіс далаларында қара денелілердің 50 шақты түрі кездеседі. Солардың ішінде көп тарағандары мыналар: қум шабаны, кеуделі бляпс, дала бляпсі.
Тақта мұрттылар тұқымдасынан (Scarabaedae) ауыл шаруашылық дақылдарына зиян келтіретіндер кравчиктер (Lethrini), кеуек қоңыздар(Dynastini),заузалар (Melolonthini) және тамыр кеміргіштер.
Тапал кравчик-Abrognathus tuberculifrons Boll. Қазақстанда Қызылорда, Шымкент және Жамбыл облыстарында таралған. Көгілдір жарқылы бар қара қоңыз. Басқа кравчиктерге қарағанда жотасы дөңес. қысқа денелі ұзындығы 10-16 мм. Ересек қоңыз фазасында ғана егіске зиян келтіреді. Көктемде қоңыздар егіннің жаңа шыққан көктерін қырқып солармен қоректенеді.Әсіресе бидай, арпа және жүгеріні ұнатады. Қазахстанда ауыл шаруашылық дақылдарын бұлардан басқа нағыз кравчиктер(Lethrus)және Ceratodirus туыстарына жататын бірнеше турлер де зақымдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |