Бағдарламасының 2-курс студенттеріне арналған контент пән оқытылатын оқу тобы: агр-19-21/ агр-18-31



бет20/50
Дата02.01.2022
өлшемі0.54 Mb.
#452517
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50
КОНТЕНТ фитопатология .АГР-19-21 АГР-18-31 19.10.2020 doc

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1.  Абилдаева Ж , Котлярова Л.А , Шермагамбетов К Вредители, болезни и сорных растений риса и меры борьбы с ними . Кызылорда 1998 г.

  2. Билай В.И. Фузарии. Киев Наукова думка 1977.

  3. Бей-Биенко. Обшая энтомология. Москва Высшая школа 1980



Дәріс №6

Тақырыбы: Ауылшаруашылық дақылдар ауру қоздырғыштары

Мақсаты: Ауылшаруашылық өсiмдiктерінің ауруларын қоздырғыштарының ерекшеліктері.

Жоспары:
1. Саңырауқұлақтар
2. Бактериялар
3. Вирустар

Саңырауқұлақтардың 100 мыңнан астам түрi ғылымға белгiлi. Олардың iшiнде өсiмдiк ауруларын қоздыратын түрлерi де бар. Өсiмдiк ауруларының 80 процентке жуығына саңырауқұлақтар қоздырады.


Саңырауқұлақтардың систематикалық топтарға бөлiнуiн негiзге ала отырып олар қоздыратын ауруларға қысқаша тоқтамаламыз.
Кiлегейлi (Миксомицеттер)
Саңрауқұлақтар төменгi сатыдағы, саңырауқұлақтар тобы: Мицелий жетiлмеген, вегетативтi денесi жалаң протоплазмадан тұрады. Микомицеттердiң көпшiлiгi өсiмдiктер қалдықтарында, топырақта кездесетiн сапрофиттi организмдер, аса ылғалды ортада тiршiлiк етедi. Бұлар негiзiнен плазмодифора қатарына өсiмдiк ауруларын туғыза алады, көкөнiс картоп дақылдарын ауыртады. Мыс: картоп таз қотыры ауруы.
Нағыз саңырауқұлақтар бөлiмi. Өсiмдiк ауруларын қоздыратын саңырауқұлақтардың көпшiлiгi (98-99 процент) осы бөлiмге жатады. Көбею және тiршiлiк ету ерекшелiктерi мен денесiнiң құрылысына байланысты бұлар хитридиомицеттер, омициттер, зигомициттер, аскомициттер, базидиомициттер және жетiлмеген саңырауқұлақтар деп аталатын 6 класқа бөлiнедi.
Хитридиомициттер класы төменгi сатыдағы, суда тiршiлiк етуге бейiмделген саңырауқұлақтар жатады.
Оомициттер класы бiр клеткалы жетiлмеген қарапайым мицелииден саңырауқұлақтар жатады. Өсiмдiк ауруларын қоздыратын переноспоралар қатарына жатады. Олар картоптың фитофторасымен қатар жүзiм мильдью мен күнбағыс темекiнiң жалған ақұнтақ немесе переноспроз ауруын қоздырады.
Зигомициттер класы өкiлдерi көбiнесе шiрiмеген өсiмдiк қалдықарында, топырақта, басқа да субстраттарда тiршiлiк етедi.
Қалталы саңырауқұлақтар (Аскомициттер) класы.
Бұл класс 25 мыңға жуық саңырауқұлақ түрлерiн бiрiктiрген. Оларды бiр класқа жинайтын негiзгi қасиет – аса күрделi жынысты жолмен көбеюдің нәтижесiнде түзiлетiн қалталылар немесе аскалар. Қалталы саңырауқұлақтардың тiршiлiк циклiнде жыныссыз жолмен немесе конидии стадиясында дамудың алатын орны өте зор. Қалталы немесе жоғарғы стадия көбiнесе қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларында пайда болады.
Жалаңаш қалталылар класының негiзгi өкiлi – ашытқы саңырауқұлақтары. Ашытқы саңырауқұлақтары қантқа бай ортада өсiп-өнедi, бүршiктену арқылы жыныссыз жолмен көбейедi. Қоректiк заттары споралануға жақындаған кезде конидиялардың бүрленуi тоқталып, аскоспорлар түзейдi. Бұл классқа жататын аурумен орман ағаштары ауруларының е? зиянды түрлерi белгiлi. Кәдiмгi шютте қалталы саңырауқұлақтар класына жатады. Тағы да қарлы шютте (фацидиоз), жапырақты ағаштар шюттесi. әсiресе жас ағаштармен сепкен ағаштарды зақымдайды. Әсiресе ағаш 20 жасқа келгенше оның iшiнде е? зиянды 6 жасқа дейiн көп болады. Кей жағдайда ағаш жойылып кетуге әкелiп соғады. Балқарағай шюттесiменде, ағаш 30 жылға дейiн ауырады бiрақ е? зиян келтiретiн кезеңi 2-3 жыл.
Бұл класстың саңырауқұлақтары жемiс ағаштарын Алхорының қалташығы, шабдалының жапырағы бұйралануы, шие жапырағы бұйралануы ауруларының қоздырышы болып есептеледi. Мысалы: Ауруға шабдалының жапырақтары жемiстерi, бұтақшалары шалдығады. Жапырақ тақталарының жеке тiлiмдерi iсiнiп қызғылт тартып бұйраланады, мезгiлiнен ерте сарғайып түсiп қалады. Ауру қоздырғышы өсiмдiктiң бiр жылдық бұтақтарының бүрлерiнде қыстап көктемде жапырақтарды, сабақтарды зақымдайды.
Шие жапырағының бұйралануы ауруы да шиенiң жапырақтары мен бұталары шалдығады. Жапырақтардың шетi қайырылып, алақандары бұйраланады. Олардың астыңғы жағында ақшыл-сары, қоймалжың, балауыз тәрiздi жұқа өңез пайда болады. Ауруға шалдыққан шиенiң бұтақшалары жiңiшке, жапырақтары майда келедi. Тыныштық қалыпта жатқан бүрлер оянып олардан топтанып жiңiшке бұтақшалар өсiп шығады да ол шие пiшiнi сыпырғышқа ұқсайды. Мұны ғылыми тiлде “шайтан сыпырғышы“ деп атайды.
Подосфера туысы. Бұл алма мен алмұрттың ақ ұнтақ ауруын қоздырады. Көктемде ағаш жапырақтары жаңа жайыла бастаған кезде жапырақтың екi жағынан да ақ ұнтақ тәрiздес селдiр өңез пайда болады. Аурырған ағаш гүл кiндiгiн тостағаншаларын зақымдап түйiн салмайды. Сферотека туысы. Қарлыған бұталы ағаш тұқымын ақ ұнтақ ауруымен зақымдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет