Бағдарламасының жұмыс жоспары «Қожаберген жырау ат. Жоббм»



бет1/3
Дата25.05.2022
өлшемі19.32 Kb.
#458640
түріБағдарламасы
  1   2   3
Ба дарламасыны ж мыс жоспары « ожаберген жырау ат. Жоббм»


«Жазғы мектеп» бағдарламасының жұмыс жоспары
«Қожаберген жырау ат. ЖОББМ» КММ
2020 -2021 оқу жылы
Мақсаты :

  • Қашықтықтан оқу кезінде белгілі бір пәндер бойынша оқытудағы олқылықтарды жою.

  • Баланың табысты жеке дамуына жағдай жасау.

Міндеттері:
- баланың танымдық әрекеттерін күшейту;
- пәнге деген қызығушылығын ояту;
- әлсіз оқушыға қатысты мұғалім мен оқушы арасында ең қолайлы қатынастарды құру;
- оқушыға көмектесу үшін жұмыс формалары мен тәсілдерін бірлесіп іздеу. 


Оқушылардың білімдегі олқылықтарының белгілері


1.  Оқушы мәтінге қатысты сұрақтарға жауап бере алмайды , одан не білгенін айта алмайды. Бұл белгілерді есептер шығарғанда, мәтіндерді оқығанда және мұғалімнің көмегі арқылы ғана таба алады.
2. Оқушы белгілі бір пән бойынша өзін мазалайтын сұрақтар қоя бермейді, біліміндегі олқылықтарды жоюға әрекет жасамайды, қосымша жұмысты керек етпейді.
3. Оқушы сабақта белсенділік танытпайды және сабақтың қиын сәттерінде алаңдаушылық білдіреді ,қиыншылықтарды өз бетімен жоя алмайды.
4. Оқушы өз жұмысын бағалай алмайды, өзін-өзі басқара алмайды.
5. Оқушы сабақты кп босатады, кез-келген жұмысты атқаруда жауапкершілігі төмен болады.


Оқушылардың біліміндегі олқылықтардың алдын-алу шаралары
1. Әр сабақтың тиімділігін жан-жақты арттыру.
2. Оқуға деген танымдық қызығушылық пен жағымды мотивтерді қалыптастыру.
3. Оқушыға жеке көзқарас.
4. Тапсырмалардың жеке арнайы жүйесі.
5. Ата-аналармен жұмысты күшейту.
6. Оқушылардың оқудағы жауапкершілігін арттыру үшін белсенді оқушыларды көмеке тарту .
7. Жазғы мектеп кезіндегі ата-аналармен жұмыс  
Ата-ананың көмегінсіз жұмыс жасау мүмкін емес. Ата-ананың бақылауы тапсырмаларын орындау кезінде, оқушының сыныптан тыс жұмыстарына қатысу кезінде және сабаққа қатысуын бақылау кезінде маңызды. Ата-аналар мектепке мұғалімнің бірінші талабы бойынша келуі керек, баласының жетістігіне шынайы қызығушылық танытуы керек. Олар жіберілген оқу материалын меңгеруге пән мұғалімімен кеңесу немесе өзіндік жұмыс арқылы көмектесуге міндетті.

  • ынтасы төмен баланың ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету;

  • ата-аналарға жеке тапсырмаларды жүйелі түрде орындауға нұсқау беру;

  • оқушылардың ата-аналарына мектеп деңгейінде қолдау көрсету. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет