Сабақтың тақырыбы: Көпжасушалы жануарлардағы қан, лимфа және қанайналымы Пәні: Биология Сыныбы: 6



Дата25.06.2016
өлшемі83.42 Kb.
#157943
түріСабақ
Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы

КММ «Талап негізгі мектебі»

Сабақтың тақырыбы:


Көпжасушалы жануарлардағы қан, лимфа және қанайналымы

Пәні: Биология

Сыныбы: 6

Өткізген: С абиржанова Гульфира Калымтаевна



Сабақтың мақсаты: а)Білімділік: Көпжасушалы жануарлардағы қан,

лимфа және қанайналым жүйесімен,

құрлысын оқушыларға таныстыру

ә)Дамытушылық: өз бетінше қорытынды жасауға

дағдыландыру, танымдық қабілеттерін

дамытып, ізденіске баулу.

б)Тәрбиелік: Оқушылардың жануарларға деген

сүйіспеншілігін оята отырып, тәрбиелеу


Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ – жауап, тірек – сызбалар, ауызша баяндау
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тірек – сызбалар, интерактивті тақта.
Болжамдаған нәтиже: Зерек, жан – жақты ой түйе білетін, ұтымды жауап бере

алатын жеке тұлға.


Сабақтың жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі - (1 минут)

А) Сабаққа кіріспе (Оқушыларды сабақтың мақсатымен,

жоспарымен таныстыру )



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау-(15 минут)

а) тақырып мазмұнын сұрап шығу (дайындалып келген оқушылардан

сұрау)

ә) Суретпен жұмыс (оқушыларға балықтың, құстың зәр шығару жүйесінің



құрлысын айтқызу)

б) «Біліміңді тексер»

г) Қорытындылау

IІІ. Жаңа сабақ - (20 минут)

а) Кіріспе сөз

ә)Жаңа сабақты түсіндіру

б) Қорытынды



ІV. Жаңа сабақты пысықтау - (7 минут)

А) «Кім жылдам» ойынын өткізу (сұрақтар қоя отырып әр сұрақтан оқушылардан жауап алу)

Б) Қорытындылау

V. Оқушы білімін бағалау – 1 минут

VІ. Үй тапсырмасы – 1 минут
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу. Оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа қажетті оқу құралдарын тексеру. Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлап, сабақтың мақсатымен, жоспарымен таныстыру. Оқушыларды жаңа сабақты қабылдауға дайындау.



Мұғалім сөзі: - «Саламатсыздар ма балалар? Бүгінгі сабақта кім жоқ? Жақсы отыра қойыңыз.

- Ал орналасып болдық па, көңіл – күйлеріңіз қалай? Жарайсыңдар.

- Ал балалар қобалжымай күнделікті сабаққа қажетті құрал – жабдықтарыңызды шығарып, өздеріңізді еркін ұстаңдар?»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: (14 минут)

Мұғалім сөзі: - Ал балалар, жаңа сабағымызды бастамас бұрын, үй тапсырмасына тоқталайық.

- Кәне, өткен сабақта қандай тақырып өттік? Алдыңғы тақырыпта не туралы сөз болды? Тақырып мазмұнындағы ең бастысы не?

- Кәнекей, не туралы айтпақшысың? Әңгімені неден бастайсың?

а) тақырып мазмұнын сұрап шығу (дайындалып келген оқушылардан сұрау)

- ары қарай кім жалғастырады?



ә) Суретпен жұмыс (оқушыларға құстың зәр шығару жүйесінің құрлысын

ататқызу)



  • Кәне балалар, кім мына суреттің құрлысын атап береді екен?

- Жарайсың, отыра қой

- Ал балалар келесі бөліміміз «біліміңді тексер» тақырыбы бойынша тақтадағы мына жұмысты орындаймыз.

б) «Біліміңді тексер»

1. Көпжасушалы жануарлар ағзасында түзілетін сыртқа шығарылуы тиіс заттарға нелер жатады? Ол заттарды тізімнен теріп, дәптерлеріңе жазыңдар:

1– оттегі                                          – несеп

2– көмірқышқыл газы                    – вакуоль

– «құрылыс материалдары»         – нәжіс

– қанның қызыл түйіршіктері

2. Сол жақта көпжасушалы жануарлардың зәршығару мүшелері, оң жақта жануарлардың тізімі берілген. Зәршығару мүшелерінің қайсысы қандай жануарға тән екенін анықтап, дәптерлеріңе жазыңдар.

1. Шаян - жасыл без     

 2. Гидра- жабынды қабықша          

 3. Ит- бүйрек

4. Паразит амеба- жұлдызша тәрізді түтік

5. Кірпікшелі кебісше- Вакуоль

- Мінекей балалар, сонымен үй тапсырмасын қорытындылайық.

 Қорытынды. Сонымен зәршығару – жануар ағзасына тән, асқорытумен тікелей байланысты, денені артық, зиянды заттардан тазартып, тіршіліктің сақталуын қамтамасыз ететін аса маңызды процесс.

Зәршығару мүшелері жануарлардың әрқайсысында әр түрлі болғанымен, барлығының қызметі ағзаға түскен немесе ағзада түзілген зиянды заттарды «сүзіп», «жинақтап», сыртқы ортаға шығару болып табылады.

Зиянды заттарды ағзада бөліп, жинақтайтын негізгі мүше: қарапайымдарда – жиырылғыш вакуольдер, құрттарда – жұлдызша түтікшелер, ұлуда – шұбалшаңның жұлдызша түтікшелеріне ұқсас бүйрек, шаянтектестерде – жасыл түсті бір жұп бездер, өрмекшітектестер мен бунақденелілерде – мальпигий түтікшелері, омыртқалы жануарларда – бүйрек.



IІІ. Жаңа сабақ - (20 минут)
 

§ 39. Көпжасушалы жануарлардағы қан, лимфа және қанайналымы

 

а) Кіріспе сөз: Қанның ағзада атқаратын қызметі.



Қан көпжасушалы жануарларда (шұбалшаңнан бастап) болады. Оның құрамында сұйық плазма және плазмада қалқып жүретін әр түрлі жасушалар бар. Оларға эритроциттер мен лейкоциттер жатады.

  • Балалар енді мына суретке қараңдар!


Қанның құрамы

 

қан плазмасы

Хлоропласт





Қан жасушалары:

1– қанның эритроцит жасушалары; 2–қанның лейкоцит жасушалары


Эритроциттер – қанның ядросы жоқ, қызыл түсті жасушалары. Онда гемоглобин деп аталатын күрделі нәруызды зат бар. Ол қанға қызыл түс береді. Гемоглобин ұлпаларға оттегін оңай бөліп береді де, ондағы көмірқышқыл газын қосып алып, өкпеде қайта газ алмастырады.

Жануарлар мен өсімдіктердің жасушалары

  • Кейбір жасушаның органеллалар жануарлар мен өсімдіктердің жасушаларында да кездеседі: 1.Жасуша мембранасы

  • Ядро

  • Цитоплазма

  • Эндоплазмалық тор

  • Митохондрия

  • Өсімдіктер жасушаларында ғана кездесетін органеллалар

  • Жасуша қабықшасы

  • Вакуоль

  • Хлоропласт





Эритроциттер қан жасайтын мүшелерде – сүйек кемігінде, жілік майында түзіледі. Олар газ алмасудан басқа нәруыздың жасалуына қажетті заттарды да тасымалдайды, судың мөлшерін реттейді, т.б. қызметтер атқарады.

Лейкоциттер – эритроциттерден ірі, ядросы бар жасушалар. Түссіз. Сондықтан оларды ақ қан түйіршіктері дейді. Дене жарақаттанғанда, бүлінген азықпен қоректенгенде ағзаға енген микробтар әрекетінен ұлпалардың, жасушалардың қалыпты жұмысы бұзыла бастайды. Одан шығатын улы заттарды лейкоциттер бірден «сезінеді». Лейкоцит жалғанаяқтыларға ұқсас еркін қозғалатын жасуша. Қан тамырларының қабығынан шығып, ұлпаларды бүлдіре бастаған микробтардың маңына жиналады да, оларды өзіне сіңіріп қорытады. Бұл «жекпе-жекте» көптеген лейкоциттер тіршілігін жояды. Бұзылған лейкоцит жасушалары іріңге айналып, ағзадан сыртқа шығарылады. Олардың орнына жаңадан сондай жасушалар түзіліп, жарақат жазылады.

 

Орыс ғалымы И. И. Мечников лейкоциттерді – фагоциттер, яғни «обыр» жасушалар. Олардың микробтарды жоюын фагоцитоз деп атаған.



Қан плазмасында ағзаны әр түрлі микробтардан қорғайтын антидене деп аталатын нәруыздар бар. Бұлар лимфада, көкбауырда және басқа жерлерде түзіледі. Микробтар (бактериялар, вирустар) ағзада аурудың бір түрін (қызылша, көкжөтел, шешек және т. б.) туғызса, осы микробтарды, олардың зиянды әсерін жоятын антидененің түрі пайда болады. Ауру жазылған соң да олар ағзада сақталып қалады. Антиденелер ауруды туғызатын микробтардан ағзаны қорғайды. Жануар немесе адам ол аурумен қайталап ауырмайды. Ағзаның осындай қасиетін жүре пайда болған иммунитет дейді. Ал көптеген ағзаларда ата тегінен ұрпағына тұқым қуалау жолымен өтіп (беріліп) отыратын антиденелер де бар. Мысалы, жануарда болатын кейбір аурулармен (жануар обасымен) адам ауырмайды. Себебі адамда ол ауруды болдырмайтын антиденелер бар. Ағзаның ауру қабылдамайтын мұндай қасиетін табиғи иммунитет дейді.

Елімізде кейбір жұқпалы және қауіпті ауруларды болдырмау үшін жануарды, адамдарды жас кезінде әдейі егеді. Олардың ішінде әлсіретілген ауру қоздырғыштары бар дәрі болады. Егілген ағза жеңіл ғана ауырады. Есесіне ағзада өмір бойы немесе көп уақыт сақталатын жасанды иммунитет қалыптасады. Адам ол аурумен ауырмайды.

Қанайналым жүйесін әдетте, «тасымалдау жүйесі» дейді. Неге бұлай аталатынын өздерің әңгімелеулеріңе болады.

Жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы мен қызметі әрқайсысының даму деңгейіне қарай ерекшеліктері болғанымен, жалпы сұлбасы ұқсас. Бұл жүйе қантамыр жүйесінің «насосы» – жүректен және қанды бүкіл денедегі ұлпаларға жеткізетін қантамырлардан құралады.




Жануарлардың мамандандырылған жасушалары
Төменде жануарлардың мамандандырылған жасушаларының мысалы келтірілген:

  • Аталық жыныс жасушалары (ұрық сұйығы), олардың міндеті шығып, әйелдің аналық клеткасымен қосылады

  • Аналық жыныс жасушалары (аналық клеткалар), олардың міндеті ұрық сұйығымен қосылып, бірігу нәтижесінде пайда болатын жасушалар үшін қоректі қамтамасыз ету болып табылады. Оттегі сіңіру үшін үлкен беткі ауданы бар қызыл қан денелері. Олардың құрамында оттегіні ұстап тұратын гемоглобин деп аталатын химиялық заттар бар.

  • Жүйке жасушалары – сымға ұқсаған ұзын; олар барлық денеге электр күшін жеткізеді.

Қан. Плазма. Қан жасушалары. Эритроцит. Гемоглобин. Лейкоцит. Антидене. Фагоцит. Иммунитет.



б) Қорытынды

ІV. Жаңа сабақты пысықтау - (7 минут)

А) «Кім жылдам» ойынын өткізу (сұрақтар қоя отырып әр сұрақтан оқушылардан жауап алу)

1. Қанның құрамына қандай заттар кіреді?

2. Қан ағзада қандай қызмет атқарады?

3. Эритроциттер қандай мүшелерде түзіледі?

4. Қан газалмасудан басқа тағы қандай жұмыс атқарады?

5. Лейкоциттердің эритроциттерден қандай айырмашылықтары бар?

6. Эритроцитті «қанның қызыл түйіршігі» деп неге атайды?

7. Бұл жасушаның қызыл түсті болуы оның құрамындағы қандай затқа байланысты? (Атауын айту керек)

8. Гемоглобиннің ағза тіршілігі үшін қандай маңызы бар?

9. Антидене деген не?

10. Табиғи иммунитет деген не?

11. Жасанды иммунитет қалай пайда болады?

12. Лейкоциттерді басқаша қалай атайды?



Б) Қорытындылау

V. Оқушы білімін бағалау – 1 минут

VІ. Үй тапсырмасы: § 39.
 

 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет