БАҒдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілері



Дата08.07.2016
өлшемі112.97 Kb.
#185556
БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУДЫ

ҰЙЫМДАСТЫРУ ҮЛГІЛЕРІ
Әрбір мектеп бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың өздеріне неғұрлым тиімді үлгісін таңдап алуы қажет. Ол үшін біріншіден бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілері дегеніміз не соған тоқталайық. Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілері деп нақты жағдайларда бағдарлы оқыту түрлерін жүзеге асыру тәсілдерін айтады.

Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА қызметкерлері бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілерінің мүмкін нұсқалары ретінде бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың мектепішілік үлгісі мен бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың тораптық үлгісін ұсынып отыр.

Ұйымдастыру үлгілерінің түрліше болуы бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың типтері мен формаларын үйлестірудің алуан түрлі болуынан туындайды.

Мектептің бағдарлау үлгісін таңдау кезінде:

- оқушылар мен олардың ата-аналарының тарапынан жеке пәндер бойынша көтеріңкі деңгейде білім алуға әлеуметтік сұраныстың болуы;

- таңдалып алынған бағдар бойынша жоғары оқу орындарында немесе орта арнайы оқу орындарында білімін жалғастыруға талпынысы;

- мектеп бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі;

- жоғары сынып оқушыларының жеке қызығушылықтары, қабілеті мен бейімділігі;

- сынып оқушыларының көпшілігінің таңдалып алынатын мамандану пәндері бойынша нақты дайындық дәрежесі;

- бағдарлы оқытуды жүзеге асыратын жетік пән мұғалімдерінің болуы;

- мектептің материалдық-техникалық базасы ескерілуі қажет.

Енді біріншіден бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың мектепішілік үлгісіне тоқталайық. Мектепішілік бағдарлау үлгісі деп бағдарлы оқытуды білім беретін бір ғана мекеменің күшімен ұйымдастыруды айтады. Бұл жағдайда жалпы білім беретін мекеме бірбағдарлы немесе көпбағдарлы болуы мүмкін.



Бірбағдарлы білім беретін мекеме таңдалып алынған бір ғана бағдарды, мысалы, жаратылыстану-математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық бағдарды жүзеге асырады. Көпбағдарлы білім беретін мекеме оқытудың бірнеше бағдарын, мысалы, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағдарды жүзеге асырады.

Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілерінің қай-қайсысының да артықшылығымен қатар кемшіліктері де болатынын ескерген жөн. Енді осыларға жеке-жеке тоқталайық.

Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың бірбағдарлы түрінің артықшылығына:

- мектеп педагогикалық ұжымының бір бағдар шеңберіндегі мақсатты жұмысы;

- берілген бағдар бойынша материалдық-техникалық қорларды шоғырландыру;

- мектеп бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуді жатқызсақ, кемшіліктері ретінде:

- оқушылардың қызығушылықтарының үйлеспеуі, олардың мектеп бітіргеннен кейін нақты оқу орнына түсуге бағдарларының әртүрлі болуы;

- біркомплектілі мектептерге бағдарлы оқытуды енгізу бойынша ұйымдастырушылық шешімдердің болмауы;

- оқушылардың қабілеті мен қызығушылығын ескермей оларды біржақты дайындау, білім алушыларды бір бағдар ішінде теңдестіруді атауға болады.

Келесі бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың көпбағдарлы түрінің артықшылығына мыналарды жатқызуға болады:

- оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері, олардың қызығушылығы мен сұраныстары ескеріледі;

- тұлғаның дамуының жеке траекториясы құрылады;

- оқушының оқыту бағдарын таңдауда қателескен жағдайда бір сыныптан екінші сыныпқа өтуге мүмкіндігі болады. Ал кемшіліктеріне келетін болсақ, олар төмендегідей:

- оқушының оқыту бағдарын таңдауда қателескен жағдайда бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі мүмкін;

- оқушылардың жаңа интеллектуалдық ортаға көшуіне байланысты алаңдаушылығы мен үрейі артады;

- қаржыландыруда түрлі қиындықтар кездеседі.

Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың осы үлгісін енгізу кезінде жалпы білім беретін мектептер нақты бағдарға бағытталады және сонымен қатар оқушыларға белгілі бір бағдарлы пәндердің, қолданбалы немесе таңдау курстарының санын елеулі арттыру есебінен өздерінің жеке бағдарлы білім беру бағдарламаларын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Мектепішілік бағдарлау үлгісін жүзеге асыру қала жағдайында қолайлы.

Екіншіден бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың тораптық үлгісіне тоқталамыз. Ол

- ресурстық орталық негізінде немесе;

- әлеуметтік серіктестік негізінде ұйымдастырылуы мүмкін.

Бағдарлы оқытуды ресурстық орталық базасында және әлеуметтік серіктестік негізінде жүзеге асыру білім беру кеңістігін қалыптастыру мақсатымен басқа да білім беру ұйымдарының білім беру қорларын мақсатты және ұйымдасқан түрде тартуды (жұмылдыруды) көздейді. Бұл білім беру үрдісіне қатысушылардың барлық талап-тілектерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Бағдарлы оқытуды ресурстық орталық негізінде ұйымдастыру кезінде жалпы орта білім беретін бірнеше мектеп материалдық және кадрлық әлеуеті жеткілікті, неғұрлым күшті бір ғана жалпы білім беретін мекеме – «ресурстық орталық» төңірегіне шоғырланады. Бұл жағдайда жалпы білім беретін мектеп базалық жалпы білім беретін оқу курстарын, ал ресурстық орталық бағдарлы жалпы білім беретін курстарды жүзеге асырады. «Ресурстық орталық» үлгісінің артықшылығы сол, онда білім беретін мекемелердің әрқайсысының кадрлық және/немесе материалдық-техникалық әлеуеті жеткіліксіз және оқушылар саны аз болған жағдайда да оқушылар бағдарлы дайындық курстарын таңдау толықтығын жүзеге асыра алады.

Ал кемшіліктері мыналар:

- ұйымдастырудың күрделілігі,

- мұқият үйлестірудің қажеттілігі,

- оқушыларға педагогикалық жетекшілік жасау шығындарының артуы.

Бағдарлы оқытуды әлеуметтік серіктестік негізінде ұйымдастыру кезінде білім беретін түрлі типтегі мекемелер шеңберінде бағдарлы дайындық беріледі. Торап шеңберінде бағдарлы курстар мен таңдау курстарын мектептің әлеуметтік серіктестері, яғни шағын (кіші-гірім қалада немесе ірі қаланың бір ауданында) жинақы орналасқан білім беру, мәдениет және спорт мекемелерінің әртүрлі типтері мен түрлері ұсынады. Бұл жағдайда жалпы білім беретін мектеп базалық жалпы білім беретін оқу курстарын, ал мектептің әлеуметтік серіктестері:

- бағдарлы жалпы білім беретін курстарды;

- тәжірибеден өткізуді;

- жобалық және зерттеу жұмыстарын;

- оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды жүзеге асырады. “Әлеуметтік серіктестік” үлгісінің артықшылығы ретінде мыналарды:

- білім беру бағдарламаларының көп нұсқалылығының артуын,

- оқушылардың таңдау мүмкіндігінің артуын,

- серіктестер арасында тікелей байланыстың болуын атауға болады.

Кемшіліктері мыналар:


  • ұйымдастырудың күрделілігі

  • қаржымен қамтамасыз етудің күрделілігі

  • оқушылардың таңдау курстарын игергендігін мониторингілеудің күрделілігі.

Шағын қала және ауылдық жағдайда бағдарлы оқытуды ресурстық орталық немесе әлеуметтік серіктестік негізінде ұйымдастыру қазіргі біздің жағдайымыз үшін қолайлы. Жалпы ауылдық жағдайда бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың жоғарыда айтылған екі үлгісін де алуға болады.

Енді біз ауылдық жағдайда бағдарлы оқытуды ұйымдастыру формаларына толығырақ тоқталсақ дейміз, себебі республикадағы жалпы білім беретін мектептердің жартысынан астамы ауыл мектептері.

Ауылдық жағдайда бағдарлы оқытуды ұйымдастыру оның типтері мен түрлерінің және формаларының алуан түрлілігімен байланысты.

Ауыл мектептерінде бағдарлы оқытуды ұйымдастыруда әртүрлі факторлар қамтылуы тиіс. Солардың ішінде ауылдағы барлық мектеп саны, мектептің статусы, оқушылар мен параллель сыныптар саны, педагогикалық кадрлармен қамтылуы, қосымша білім беруді ұйымдастыру мен ресурстық мүмкіндіктері, географиялық орналасуы негізгі факторлар болып есептеледі.

Бағдарлы оқыту ауылдағы барлық мектеп санына, яғни бір елді мекенде (немесе оған таяу елді мекендерде) орналасқан мектептерге, оның білім беру сатылары мен оқыту жағдайына байланысты (1 кесте).
1 кесте


Мектеп саны




бір елді мекенде (немесе оған таяу елді мекендерде) бір немесе екі орта мектеп орналасқан




бір елді мекенде (немесе оған таяу елді мекендерде) бір негізгі мектеп орналасқан




бір елді мекенде (немесе оған таяу елді мекендерде) бір шағын жинақталған мектеп орналасқан

Ауыл мектептерінде бағдарлы оқытуды ұйымдастыруда ескерілетін келесі факторға мектептің статусы жатады (2 кесте).



кесте

Мектептің статусы




білім беру сатылары бойынша: негізгі;

орта





оқыту жағдайына қарай: толық жинақталған; шағын жинақталған;




меншік түрлеріне қарай: мемлекеттік, жеке меншік



ұйымдастыру формасы бойынша: гимназия, лицей,

дарынды балалар мектебі


Сондай-ақ ауылдық жағдайда бағдарлы оқытуды ұйымдастыруда оқушылар мен параллель сыныптар саны, педагогикалық кадрлармен қамтылуы, қосымша білім беруді ұйымдастыру мен ресурстық мүмкіндіктері, мектептің географиялық орналасқан орны есепке алынуы тиіс (3 кесте).


3 кесте

Оқушылар мен параллель сыныптар саны




Педагогикалық кадрлармен қамтылуы




Қосымша білім беруді ұйымдастыру




Ресурстық мүмкіндіктері




Географиялық орны




бағдарлы оқытатын мектеп/сынып оқушыларының саны

(20-25 );

қатар сыныптардың болу/болмауы;

мектеп/сынып

тардағы оқушылар санының толықтығы




кәсіби білікті кадрлармен қамтылуы;

бағдарламаларды жүзеге асыруда кадрлардың біліктілігін көтеру;

білім беру мекемелері мен мұғалімдердің бағдарлы оқыту бағдарламаларын жүзеге асыру құқығына иелігін дәлелдейтін құжаттары




арнайы (музыка, спорт, өнер, т.б.) мектептер

мен қамтылуы;

кружок, секция, клубтар және т.б. қамтылуы




сынып бөлмелерінің саны;

мектептің компьютермен және т.б. құрал-жабдықтармен қамтылуы;

компьютерді оқу-тәрбие процесінде пайдалануы;

интернет байланыстары

ның болу-болмауы;

оқу-әдістемелік кешендермен (бағдарлама, оқулық, әдістемелік оқу-құралдар) қамтылуы




аудан/облыс орталығынан алыс қашықтықта орналасуы;

көлікпен тасымалдау мүмкіндіктері; климаттық жағдайға тәуелділігі

Осы факторларды ескере келе, ауылдық жағдайда бағдарлы оқытудың төмендегідей қосымша түрлерін ұсынуға болады:

- оқытудың интернаттық жүйесі;

- пәндерді қарқынды жүйеде оқыту;

- жалпы білім беретін және бағдарлы пәндерді алмастыра оқыту (бір күнде немесе бір аптада);

- қашықтықтан оқыту;

- бағдар бойынша жас шамалары әртүрлі оқушыларды біріктіріп оқыту (10-11 сынып оқушылары).

Оқытудың интернаттық жүйесі. 2003-2006 жылдарға арналған Үкімет Бағдарламасына сәйкес 04.02.03 ж. ҚР БжҒМ-нің №128 бұйрығымен «Ауыл мектебі» бағдарламасы бекітілді. Осыған орай біздің республикамызда орта жалпы білім беретін мектептері жоқ қашық елді мекендердегі балалар үшін мектеп жанындағы интернаттар мен жалпы білім беретін мектеп-интернат желілерін кеңейту шаралары қарастырылуда. Бүгінгі күні ҚР БжҒМ-ң мәліметтері бойынша мектеп жанындағы интернат саны, соның ішінде интернаты бар ауыл мектептерінің саны 276-ға жуық, ал интернатта тұрып оқуды қажет ететін оқушылар саны – 13596, соның ішінде нақтылы интернатта тұрып оқып жатқан оқушылар саны – 9981. Ауылдық елді мекендерде интернат орындарын ең қажет етіп отырған Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарын атауға болады. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында 2303 оқушының 495 ғана интарнатта жатып оқиды.

Аудан орталықтарында интернат мекемелерін ашу үшін оның экономикалық тиімділігімен қатар балалар мен ата-аналардың сұраныстары да ескеріледі. Мектеп-интернаттардың ашылуы шағын жинақталған ауыл мектептерінің санының азаюына, сондай-ақ балалардың күнделікті бірнеше қашықтықта орналасқан елді мекендерге тасымалданып оқуларына әсер етеді.



Пәндерді қарқынды жүйеде оқыту. Оқытудың бұл формасы базалық мектеп шеңберінде құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, педагогикалық десант түрінде құрылған мұғалімдер тобынан тұрады. Бұл жағдайда мұғалімдер алдын-ала белгіленген ретпен жер-жерге барып жалпы білім беретін пәндер мен бағдарлы пәндерді алмастыра оқытады. Мысалы, оқытудың осындай формасы кеңестік мектептерде 50 жылдары Қазақстан мен Түркіменияда тәжірибеден өткізілген. Онда арнайы құрылған педагогикалық топ алыс елді мекендерде орналасқан мектептерге барып сабақ өткізген. Оқытудың бұл формасын Ресейлік ғалымдар «Жылжымалы лаборатория» түрінде ұсынып жүр.

Жалпы білім беретін және бағдарлы пәндерді алмастыра оқыту (бір күнде немесе бір аптада). Ұсынылған оқыту түрінде жалпы білім беретін пәндер мен бағдарлы пәндерді оқыту ұзақтығы әртүрлі деңгейде жүзеге асады. Оқытудың бұл формасы республика мектептерінде «шому» әдісі бойынша тәжірибеден өткізілуде. Бұл әдіс Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектепте қолданылып жүр (директоры Е.С.Сағымбаев). Бұл мектеп академияның эксперименттік алаңы болып саналады. Ондағы оқыту процесі пәндерді апта ішінде алмастыра оқыту ұзақтығымен еркешеленеді, мысалы 4,5 күн жалпы білім беретін пәндер оқытылса, қалған 1,5 күн бағдарлы пәндерді оқытуға арналған. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей осы оқыту формасының тиімді жақтары көп. Мысалы, мектеп оқушыларының 80%-ға жуығы Біріңғай ұлттық тестілеуде жоғары балға ие болып келеді.

Қашықтықтан оқыту. Географиялық орнына сәйкес алыс елді мекендерде орналасқан мектептің оқушылары үшін қашықтықтан оқыту тәсілін қолдануға болады. 2001 жылы ЮНЕСКО-ң білім беруді ақпараттандыру институтымен бірге Республикалық білім беруді ақпараттандыру орталығы «ҚР ауыл мектептерінде қашықтықтан оқыту» жобасын ұсынған болатын. Оның негізгі мақсаты жергілікті жерлердің мүмкіндіктерін ескере отырып, қашықтықтан оқытудың педагогикалық технологияларын жасау, сонымен қатар ауыл мектептері оқушыларын і қашықтықтан оқыту идеяларымен таныстыру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруге үйрету болып табылады. Мінеки, осындай бар дүниені қолдана отырып, ауылдық жағдайда бағдарлы оқытуда қашықтықтан оқыту формасын пайдалануға болады. Бұл жерде міндетті түрде жергілікті басқару органдарының көмегі қажет.

Қашықтықтан оқытудың тиімділігі:

- мұғалім мен оқушы (немесе оқушылар тобы) арасындағы ақпарат алмасу;

- қазіргі телекоммуникация құралдарының көмегімен орындалатын оқушылардың іс-әрекеті арқылы анықталады.

Ал қашықтықтан оқыту сабақтарының түрлері педагогикалық процестің ерекшеліктері арқылы, сондай-ақ мектепте немесе оқыту орталықтарында бар ақпарат көздері мен телкоммуникация құралдарының жиынтығы арқылы анықталады. Елімізде орта жалпы білім беретін мектептерді ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасына (1997-2002 жж.) сәйкес Республикалық білім беруді ақпараттандыру орталығының көмегімен қала мектептерімен қатар ауыл мектептері де қарқында түрде компьютермен жабдықталды. Орта жалпы білім беретін мектептер 10+1, толық емес орта мектептер 5+1, шағын жинақталған мектептер 2+1 үлгілерімен негізінен компьютер сыныптары жабдықталды. Қазір осы орталықтың мәліметі бойынша Қазақстанның 46%-ға жуық мектептері Интернет жүйесіне қосылған.

Бағдар бойынша жас шамалары әртүрлі балаларды біріктіріп оқыту (10-11 сынып оқушылары). Оқытудың бұл формасында жалпы білім беретін пәндер жас шамалары бірдей топта немесе сыныпта оқытылса, бағдарлы курстар мен таңдау курстары уақытша құрылған жас шамалары әртүрлі топтарда оқытылуы мүмкін. Мұндай жағдайда білім беруді ірі блоктарға бөліп жоспарлау және бірнеше бағдарламалар, соның ішінде жеке арнайы бағдарламалар құру ұсынылады. Оқытудың бұл тәсілі оқу материалдарын тиімді игеруді қамтамасыз етеді.

Осы ұсынылған ауылдық жағдайда бағдарлы оқытуды ұйымдастыру формалары алдағы оқу жылында оқу процесін тиімді ұйымдастыруға септігін тигізеді деп ойлаймыз. Ол үшін қалған аз уақыт аралығында облыстық, қалалық білім беру департаменттері мектептің бағдар алды және бағдарға бөлу жұмыстарын жүргізу үшін білім беру мекемелерін анықтап алуына және аймақтың білім беру картасын құрастыруына; бағдарлы, қолданбалы және таңдау курстарын таңдауына және т.б. іс-шараларды жүзеге асыруына жағдай жасауы қажет.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет