Бахыт Гульнур биология пәні мұғалімі



Дата18.05.2023
өлшемі15.26 Kb.
#473936
эссе


Бахыт Гульнур – биология пәні мұғалімі 
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Приречное ауылы ЖОББММ мектебі
Эссе тақырыбы: Ұлтқа қызмет білімнен емес, мінезден... 
“Ұлтқа қызмет” деген түсінікті МЕН жанкештілік пен “ұлт үшін” деп ұмтылатын априорлы патриотизммен ұштастырамын. “Адамзатқа тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы”-дейтін ұлы ғұламаларымыз. Осыдан-ақ болашақ ұрпағымызды тәрбиелеуде, ұлт алдындағы міндетіміз ең бірінші ұлттық"код", ұлттық “индивиді" мығым да берік орналасқан, рухани бай ұрпақ етіп тәрбиелеуіміз керек деп ойлаймын. Ұлт ұстазы Абай Құнанбаевтың “ақыл,қайрат,жүрек” үшеуінің адам үшін орны ерекше екенін нұсқағаны есімде. Мен үшін “ақыл” да, “қайрат” та, “жүрек” те “Мінез” деген бір феноменға сиятындай көрінеді. 
Қазақ халқы баласын үш-ақ сөзбен тәрбиелеген, солардың бірі “Ұят болады”, “Обал болады” деген сөздер. “Ұят” болады деп оғаш қылықтан сақтау, абырой мен тәрбиені берік ұстауға нұсқау беретін ең маңызды түсінік. “Ешкімге өтірік айтпа, “ұят” болады, үлкеннің алдын кеспе “ұят” болады”- немесе, “Болайын деген баланы бетінен қақпа, белін бу”- обал болады, өзіңнен әлсізді ренжітпе “обал” болады, “ешкімнің ала жібін аттама” обал болады. Міне қарап отырсақ балаға қаншама “табу” мәндегі түсінік дерсіз. Жоқ, әрине. Шындық сөйлейтін, үлкенді сыйлайтын тәрбиелі, қамқор болатын, адал болатын маңызды гуманистік қасиеттері бар тұлғаны тәрбиелейтін аспекті деп айтамын. Ал білім ше, білім неге мінезден төмен?! Абай атамыздың “Ғылым таппай мақтанба, құмарланып шаттанба, ойнап босқа күлуге, бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол” деп айтқан өлеңі “білім” мен “мінездің” ара-жігін ашып бергендей. 
Мен “ұлтымның” тура сөйлейтін өтірік айтпайтын ұрпағы болғанын қалаймын ол білімнен емес, ол мінезден, мен ұлтымның бабалар мұрасын құрмет тұтатын жанашыр ұрпағы болғанын қалаймын, ол да білімнен емес мінезден, мен “ҰЛТЫМНЫҢ” тілін, дінін, ділін шұбарламайтын, дүдәмәлдамайтын, былғамайтын ұрпағы болғанын қалаймын ол да білімнен емес, мінезден екені айқын. Әйтпесе ұлтымның “Ұлт” болып тұтасуы мүмкін емес. Кезінде академик Қаныш Сәтбаев Кеңес үкіметіне қазақ елінің пайдалы қазбалары мол кенді жерлерінің бірнешесін “ұрпаққа” қалсын деп жасырып бермегені білімнен емес, ұлт үшін, ұлт қамын жеген мінезінен деп білемін. Қазағыма осындай “Ұлтым” деп шырылдайтын білімді академтиктер керек деймін. Сөзіңді" жөнде ол ойыңның көрінісі, “Ойыңды” тазала ол “мінезіңнің” көрінісі. “Мінезіңді” жөнде ол “Өміріңнің” көрінісі дейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет