Бақылау диктанттары



Pdf көрінісі
бет6/17
Дата20.01.2024
өлшемі210.87 Kb.
#489496
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Диктанттар

 
Шоқан 
Шоқан – қазақ халқының шоқ жұлдызы. Ол – суретші, өнер зерттеуші,
тарихшы, саяхатшы. 
Суретші Шоқан таңбалы тастар мен тас мүсіндерге көңіл бөлген.
Шоқанның еңбектері қазақ халқының алтын қазынасы болып табылады.
Олар ғасырлар бойы жасай бермек. (34 сөз) 
С. Мұхтарұлы 
1.Туынды сөздерді тапқызып, сөздік құрамына талдыту. 
Көктем. 
Көктем келді. Қыраттың күн беткейіндегі қар ери бастады.
Оңтүстіктен жылы жел соқты. Аспанды бұлт торлады. Жаңбыр жиі жауа
бастады. өзенде сең жүрді.


Жер бетінен ақшыл бу көтерілді. Әр жерден көк шөп көрінді. Ағаш
бұтақтарында бүршіктер пайда болды. (37 сөз) 
Кемпірқосақтың жеті түсі. 
Кемпірқосақтың жеті түсі бар. Олар – қызыл, қызғылтсары, сары,
жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Бұл түстерді жеке арнайы жағдайда
ғана көруге болады. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскен кезде
жарықтың жеті түсі сынады. Тамшы арасынан кемпірқосақ пайда болады.
(36 сөз) 
«Әлемнің ұлы кереметтері» кітабынан 
Жайлау 
Жайлау - қыстайдан алыс жатқан жазғы қоныс. Оның шөбі мол, суы
тұнық, ауасы салқын болады. Қыстан арықтап шыққан мал жайлауда
тойынады. Адамдар да серігіп қалады, қымыз ішеді. Құрт жасап, ірімшік
қайнатады. Еліміздің әр жерінде атақты жайлаулар көп. (36 сөз) 
Н. Қазыбеков 
Табиғат. 
Табиғат – бәріміздің ортақ мекеніміз. Мұнда адамдар, өсімдіктер,
жануарлар өмір сүреді. Табиғат бізге таза ауа, жарық, жылу, мөлдір су,
құнарлы жер сыйлайды. Сондықтан табиғатқа ізгі ниетпен қараған дұрыс.
Табиғаттың байлығын ысырап етпей, оның дамуына кедергі жасамауымыз
керек. (36 сөз) 
3 сынып 
Дала үні 
Күн жылы еді. Аспанда бұлт жоқ. Хамит бір ескілеу жолмен келеді.
Айнала қалың орман. Қайың мен терек ағаштары сарғая бастаған.
Кей жерлерде қыстаулар көрінеді. Қыстау маңында малдар жайылып
жүр. Ағаш араларында киіз үйлер көрінеді. Жаздағыдай орман іші де, дала 
да у-шу болып жатқан жоқ. (44 сөз) 
(С. Сейфуллин) 
Қарағанды. 
Қарағанды – еліміздегі үлкен қалалардың бірі. Сарыарқаның белесті, 
жазық, орта тұсында орналасқан. Батысы бұйратты жазық, ұсақ
шоқырлардан тұрады. Ал оңтүстүгі таулардан құралған. 
Аппақ Байжанов суыр інінің жанынан қара тас тапқан. Оның таскөмір
екендігі анықталды. Кейіннен осы маңнан қала көтерілді. (38 сөз) 


«Қазақстан» ұлттық энцеклопедиясынан 
1.Мәтіннен заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерді тапқыздырып,
астын сызғызу. 
Абай Құнанбаев. 
Абай Құнанбаев – қазақтың ұлы ақыны. Абай Семейдегі медреседе
төрт жыл мұсылманша оқыды. Сонда жүргенде өз бетімен үш айдай
оқып, орыс тілін үйренеді. Абай он екі жасынан бастап өлең жаза
бастайды. Абайдың жиырмадан астам әндері бар. 
Абай – халықтың қамын ойлаған ақын. (40 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет