Мал шаруашылығын жүргізу тәсілдері және қазіргі жағдайы
Ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының маңызы, малдар мен құстардың Қазақстан Республикасындағы, ТМД елдеріндегі, Еуропа, Америкадағы және басқа мемлекеттердегі тарихы, жағдайы мен даму перспективалары. Ғылым мен тәжірибе жетістіктерін мал шаруашылығы мен құс шаруашылығында пайдалану.
Малдар мен құстардың биологиялық конституциялық және экстерьерлік ерекшеліктері
Ipi қарамалдың биологиялық ерекшеліктері мен шаруашылыққа пайдалы белгілері. Сүтті, етті және қос бағыттағы ipi қарамалдар экстерьерінің, интерьерінің және конституциясының ерекшеліктері. Жекелеген дене мүшелерінің дамуы мен интерьерлік ерекшеліктердің ішкі органдар қызметімен және өнімділігімен байланысы. Дене құрылысының типі мен конституциясын бағалауды оқып үйрену әдістері. Сүтті және eтті бағыттағы ipi қарамалдардың экстерьері мен конституцияларына қойылатын қазіргі талаптар. Малдарға ен салу. Ipi қарамалдың жоғары нерв жүйсі және оның эталогиядағы маңызы. Ipi қарамалдың мінез-құлық әрекеттері.
Жылқының экстерьері мен конституциясы туралы ілім. Форма мен функцияның өзара байланысы. Жылқыларды экстерьері бойынша бағалау тәсілдері және маңызы. Жылқы тұқымдары мен типтерінің интерьері. Әp түрлі конституциялық типтегі жылқылардың мінезі, темпераменті мен жоғары нерв жүйесінің ерекшеліктері.
Қойдың өcyi және жетілуі, экстерьері, интерьері және конституциясы. Қойдың өсіп-жетілуін, конституциясын, экстерьерін бақылау және оқып білу тәсілдері. Қойдың шығу тегі, қолға үйрету орталығы. Қойдың морфофизиологиялық және өнімділік-биологиялық ерекшеліктері. Саланың индустриализация жағдайындағы мал конституциясының ұлғаю маңызы. Конституциясы мықты мал алуға әсерін тигізетін факторлар. Шошқалардың биологиялық ерекшеліктері мен шаруашылыққа пайдалы белгілері.
Өнімділігі етті, бекондық және майлы бағытындағы шошқалардың экстерьері, интерьері және конституциясының ерекшеліктері. Дене құрылысының жеке мүшелерінің дамуы мен интерьерлік ерекшеліктерінің ішкі органдары функциясымен және өнімділіктерімен байланысы. Конституциясы мен дене құрылысын бағалау және оқып үйрену тәсілдері. Етті және бекондық шошқалардың конституциясы мен экстерьеріне қойылатын қазіргі талаптар. Шошқаларды таңбалау. Шошқалардың жоғары нерв жүйесінің типтері және олардың эталогиядағы маңызы. Шошқалардың мінез-құлық реакциялары.
Құс шаруашылығындағы ғылыми және тәжірибелік жетістіктерді пайдалану. Құстардың биологиялық және шаруашылықта-пайдалы белгілері. Әр түрлі өнімділік бағытындағы құстардың экстерьері, интерьері және конституциясы. Өнімділігі мен ішкі органдары функциясының, жеке дене мүшелерінің дамуы мен интерьерлік ерекшеліктері арасындағы байланыс. Дене құрылысының типтері мен конституциясын бағалау және оқып үйрену тәсілдері. Құстарды сақиналау. Құстардың реакциясы және этологиясы.
Малдар мен құстардың өнімдері
Сүттің түзілуі мен бөлінуінің теориялық негіздері. Сүт өнімділігінің физиологиялық негіздері. Сүттілік пен сүт құрамына әсер ететін факторлар: тұқымы, жасы, сауын маусымының кезеңі, азықтандыруы мен күтіп-бағуы, тірілей салмағы, алғашкы бузаулаудағы жасы мен тірілей салмағы, суалу және сервис кезеңдерінің ұзақтығы, сүтейтуі, реті мен сауу техникасы және т.б. Жоғары өнімді сиырларды азықтандыру ерекшеліктері. Сүт өнімділігін көтеру жолдары.
Ipi және орташа фермаларда сиырлардың сүт өнімділігін жоспарлау және талдау, жеке және статистикалық eceбi. Сүтті сиырларды қысқы және жазғы кезеңдерде күтіп-бағу жүйелері мен тәсілдері. Азық қажеттілігін анықтау. Азық дайындау және тарату, табиғи және мәдени жайылымдар мен көк балаусаны пайдалану. Сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Қи тазалау, сақтау және жою. Сауу техникасы мен тәсілдері. Сүтті алғашқы өңдеу және өткізу. Күн тәртібі. Санитарлық-ветеринариялық шаралар. Бос және байлауда күтіп-бағудағы мал топтарын кұру принциптері Әртүрлі маманданған шаруашылықтардағы табын құрылымы мен оны негіздеу.Сүт өндірудің өндірістік технологиясы және оны зоотехникалық-экономикалық негіздеу. Циклограмма. Энергия өнімділігі және экологиялық негізделген технологиялар. Қуаттылығы әртүрлі сүт фермаларын салудың бас жоспарлары. Өндірістік алаң-блоктарын орналастыру жоспары. Сүт өндіру мен табынды өз төлінен көбейтудің үздіксіз-цехтық технологиялық жүйесі: сиырлардың цехтарда тұру ұзақтығын негіздеу: сиыр орындарының санын есептеу. Фермерлік және шаруа қожалықтарында сүт өндіру технологиясы.
Ipi қарамал етінің тағамдық маңызы. Малдардың тұқымдық бағытына, жынысына, жасына, қоңдылық дәрежесі мен азықтандыру деңгейіне байланысты еттің морфологиялық және химиялық құрамының өзгергіштігі. Ет өнімділігіне әсер етуші факторлар. Ет өнімділігі мен еттің сапасын малдың тipi кезінде және сойғаннан кейінгі есептеу тәсілдері. Іpі қарамалынан алынатын басқа да өнімдер.
Малдарды өcipy, өcipiп жеткізу және бордақылау жөніндегі түсініктер. Мал бордақылайтын шаруашылықтар және оларды жас малдармен толықтыру тәртібі, сұрыптау, тасымалдау, бордақыланатын мал басын әр түрлі күтіп-бағу тәсілдеріндегі технологиялық процестер, оларды экологиялық бағалау. Ipi қарамалды жом және бардамен бордақылаудың ерекшеліктері. Сақа малдарды бордақылау ерекшеліктері. Малды жайып семірту. Фермерлік (шаруа) шаруашылықтарда малдарды өcipy және бордақылау. Арнайы мамандандырылған етті ipi қарамал шаруашылық-тарындаға "сиыр-бузау" технологиясы. Бордақыланған малдарды өткізу.
Жылқы еті азық-түлік тағамы, оның химиялық құрамы, калориясы, нәрлілігі және дәмділік сапасы. Жылқы еті және қосымша шикі заттарын өңдеу. Жылқы етінің қазіргі стандарттарының талабы. Жылқы етін өндірудің резерві. Жайып ceмірту және бордақылауға байланысты жылқы етінің сойыс салмағы мен шығымдылығы. Етке өсіретін тұқымдарды таңдау. Ет өнімділігін жоғарылату үшін селекциялық-асылдандыру жұмысын жургізу. Әр түрлі аймақтарда жылқы eтін негізді өндіруді ұйымдастыру және оның өзіндік құнын төмендету жолдары. Етті жылқыларды экспортқа шығару.
Бие сүті азық-түлік тағамы, оның химиялық құрамы, нәрлілігі және қасиеті. Бие желіні құрылысы мен сүт беру ерекшеліктері. Әр түрлі тұқымдағы биелердің сүт өнімділігін бағалау және оны анықтау тәсілдері. Қымыз фермасын құру үшін биелерді іріктеу. Биелерді сүт өнімділігі бойынша селекциялау. Сауын биелер мен құлындарды күтіп-бағу және азықтандыру. Биелерді қолмен және машинамен сауудың техникасы мен оны ұйымдастыру. Сүтті жылқы шаруашылығының аймақтары. Бие сүтінен жасалатын тағамдар. Бие cүті мен қымыз стандарты. Қымыз, оның химиялық құрамы, диеталық және емдік тағам ретіндегі маңызы. Маусымдық және тұрақты фермалардағы қымыз өндіру технологиясы.
Қойдың жүн өнімі. Жүннің химиялық құрамы, физикалық-механика-лық және технологиялық қасиеттері. Қойдың жүн өнімділігіне азықтан-дырудың, күтіп-бағудың, генотиптің және басқа факторлардың әcepi. Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы қой қырқу мерзімдері. Қырқу пункттері жұмысын ұйымдастыру және жүннің таза шығымдылығы мен сапасын анықтайтын зертхана ұйымдастыру. МЕСТ-тер бойынша жүнді классировкалау.Жүнді стандарттау және классификациялау. Жүн дайындау стандарты. Жүнді классификациялау (жүнді кластарға бөлу). Отарлар бойынша жуылған жүннің шығымдылығын анықтау. ПООШ фабрикаларында жүннің сапасын анықтау. Жүн үлгілерін іріктеу, жуу, кептіру, престеу, маркировкалау және тасымалдау.
Қой еті өнімі. Қой етінің морфологиялық және химиялық құрамы. Генотиптің және сыртқы ортаның қойдың еттілік қасиетінің қалыптасуына, ұша сапасына және бордақылауға тигізетін әсері – қой етінің сапасын көтеретін және өнімділігін арттыратын негізгі резерв. Жайып семірту және бордақылау техникасы; жасы, жынысы, қоңдылығын ескере отырып, қой отарларын (топтарын) құру; жайып-семірту мерзімі, рационы, еңбекті ұйымдастыру.
Мехтық, тондық, былғары және қой терілерінің ерекшеліктері, оларды классификациялау және тауарлық бағалау. Қой терісінің сапасына әсер ететін факторлар. Қой терісінің стандарты. Тондық қой терісі шикізатын өткізу. Шаруашылықтағы алғашқы өңдеу: консервілеу және теріні сақтау.
Қаракөл елтірісінің айырмашылық ерекшеліктері. Елтірінің негізгі қасиеттері, оларды бағалау әдістері. Қаракөл қойларын селекциялау және оларды өсіру. Қозы сою, елтірі сылу тәсілдері және май сылу. Консервілеу тәсілдері: (құрғақ, сулы-тұзды, қышқылды-тұзды және ашыту), құрғату, тазалау, қабаттап жинау. Құрғақ тұздалған қаракөл елтірісін қоймаға қабылдау кезінде сорттау және оларды сақтау.
Қой сүтінің тағамдық құндылығы, құрамы және қасиеттері, қой сүтін сүт сірнесін жасауға пайдалану. Саулықтың сүттілігіне әсер ететін факторлар. Қойдың сүттілігін бағалау. Қой саууды ұйымдастыру: мерзімі және сауу тәртібі, сауу пункті, оның құрал-жабдықтары. Қой сауу техникасы.
Мәндірдің фармацевтика мен сыр дайындаудағы маңызы. Қаракөл қозыларын сою кезіндегі оның маңызы. Қаркөл қозыларын елтіріге сою кезіндегі мәндір алу ережесі. Мәндірді сақтау, консервілеу, сорттау және арнаулы орындарға жіберу.
Шошқа етінің тағамдық маңызы. Шошқа етінің тұқымына, жынысына, жасына, қоңдылық деңгейіне, азықтандыру типі мен дәрежесіне байланысты морфологиялық және химиялық құрамының өзгергіштігі. Еттің өнімділігіне әсер ететін факторлар. Еттің өнімділігін арттыру жолдары. Аз шығын жұмсап, экологиялық таза қой шаруашылығы өнімдерін өндіру иннова-циялық технологияларды ұйымдастыру. Тірі кезінде және сойылған соң еттің сапасы мен ет өнімділігін есептеу тәсілдері. Шошқа өнімдерінің басқа түрлері.
Шошқаларды бордақылау, өсіру және өсімін жеткізу туралы түсінік. Бордақылау шаруашылықтарының типтері және оларды төлдермен жабдықтау тәртібі, сұрыптау, тасымалдау, бордақыланған шошқалардың басын әр түрлі тәсілдермен күтіп-бағу кезіндегі технологиялық операциялар, олардың экологиялық бағасы. Шошқаларды тамақ қалдықтарымен бордақылаудың ерекшеліктері. Ересек шошқаларды бордақылаудың ерекшеліктері. Шошқаларды фермерлік (шаруа) шаруашылықтарда өсіру және бордақылау.
Құс шаруашылығындағы жұмыртқа өнімі. Жұмыртқалағыштықты арттырудың физиологиялық негіздері. Жұмыртқаның тұзілуі, құралысы және химиялық құрамы. Әр түрлі құстардың жыныстық жетілуі, циклы, жұмыртқалау ырғағы және аралығы. Жұмыртқа өнімділігіне әсер ететін факторлар. Тұқымы, жасы, азықтандырылуы мен күтіп-бағуы, тірілей салмағы.
Құстардың жұмыртқа өнімділігін арттыру жолдары. Жұмыртқалағыш туықтарды күтіп-бағу тәсілдері – клеткада, едене және торлы едене. Генетикалық жағдайларды жүзеге асырудағы сыртқы факторлардың әсері. Әр түрлі ересек құстарды күтіп-бағуға арналған жабдықтарға сипаттама. Жұмыртқа өндірудегі мамандандырылған ішкі шаруашылықтар мен ішкі салалар. Жұмыртқа өндірудің ритмикасы, оларды тауықтармен жыл бойы толықтырып отыру. Технологиялық графика. Тағамдық жұмыртқаның сапасына қойылатын талаптар және оларды өңдеу. Инкубациялық және тағамдық жұмыртқа өндірудегі энерго үнемдеу мен экологияға негізделген технология. Фермерлік (шаруа) шаруашылықтардағы жұмыртқа өндіру технологиясы.
Құс етінің маңызы. Тұқымдық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі құс еттерінің морфологиялық және химиялық құрамының өзгеруі. Ауыл шаруашылық құстары етін өндіруде инновациялық технологиялық жүйесін енгізу. Бройлер етін өндіруді мамандандыру. Құстардың басқа түрлерінің етін өндірудің ерекшеліктері. Тірі құстардың жаңа стандарты. Құс етін өндіруді арттыру жолдары, оның сапасын жақсарту және өзіндік құнын төмендетуде инновациялық технологияны пайдалану.
Құс сою және өңдеу, жұмыртқа ұнтағын өндіру, қауырсын мамық өңдеу, шұжық-аспаздық өнімдер, жартылай шикі заттар және құс етінен дайындалатын консервілер. Жануар тектес азық өндіру. Құсты союға және өңдеуге арналған құрал-жабдықтар, олардың жаңа түрлері.
Инкубациялық жұмыртқаларды сұрыптау, екшеу және инкубациялау алдында өңдеу. Инкубациялық жұмыртқалардың сапасына қойылатын негізгі талаптар. Инкубаторлардың жаңа технологияға сай негізгі типтері, инкубациялау тәртібі. Инкубация кезіндегі биологиялық бақылау. Инкубация процесінде және жұмыртқаларды инкубаторға салар алдындағы жарық сәулесімен тексеру. Тәуліктік балапанды бағалау, жынысына қарай сорттау, аяғындағы тепкіштерді күйдіру және тұмсықтарын кесу.
Жас төлдерді өcipy технологиясы
Ұрықтандыру, суалту және бузаулауды жоспарлау. Төлсіздік пен қысырлық туралы түсінік. Табынды өз төлінен көбейтудің негізгі көрсеткіштері. Қысырлықпен күресудің зоотехникалық шаралары. Тұқымдық бұқаларды шаруашылықтарда, элеверлерде және асыл тұқымды шаруашы-лықтарда өcipy және пайдалану тәртібі. Бұқалардың көбейткіштік қабілетін бағалау. Сиырларды бұзаулауға дайындау, бұзаулауды өткізу, бұзауларды кабылдап алу. Тұмса сиырларды өнімділігі және желіндердің көпфунк-ционалдық қасиеттері бойынша бағалау. Уыздық кезеңнің бузауларға маңызы. Сүтті және етті бағыттағы ipi қарамал шаруашылығында бұзаулар мен жас малдарды өсіру тәсілдері.
Жас төлдердің өліміне және ауруларына қарсы күресудің зоотехникалық шаралары. Жас төлдерді өсіруді жоспарлау. Алғашқы ұрықтандыру кезіндегі тайыншалардың жасы мен тірілей салмақтары. Табынды жас малдармен толықтыру қарқындылығын негіздеу. Арнайы мамандандырылған және фермерлік шаруашылықтарда жас малдарды өсіру технологиясының ерекшеліктері. Жас төлдерді өсіруге жайылымдары пайдалану. Әр түрлі өнім бағытындағы және қарқынды жүргізілетін өндірістердегі табын құрылымы.
Жылқы шаруашылығындағы құлындарды өсіру мен көбейтудің маңызы. Жылқының көбею ерекшеліктері. Жыныстық жетілуі, шағылыстыру жасы, айғырлар мен биелерді асылдандыруға пайдалану ұзақтығы. Жыныстық циклдың заңдылығы, биенің күйі мен овуляциясын анықтау тәсілдері. Биені шағылыстыру тәсілдері мен мерзімі: қолмен үйірде, қорада. Биені жасанды ұрықтандыру, эмбриондарды трансплантациялау. Жылқының жыныстық белсенділігін арттыру үшін азықтандыру, күтіп-бағу және пайдаланудың әсері, айғыр ұрығының сапасы және биенің ұрықтануы.
Асыл тұқымды және басқа шаруашылықтардағы шағылыстыру науқанын дайындау және өткізу технологиясы. Айғырлар мен биелерді шағылыстыру науқанына дайындау технологиясы, оларды шағылыс мерзімінде азықтандыру және күтіп-бағу. Биенің буаздығы және құлындауы. Биені шағылыстыру және құлындау кездерінде жүргізілетін құжаттар. Буаз биелерді азықтандыру және күтіп-бағу.
Құлындарды өcipy технологиясы. Жылқы төлдерінің өсіп-жетілу заңдылықтары. Құлындарды бөлгенге дейінгі өcipy, құлын емізіп жүрген биелерді қосымша азықтандыру. Құлындарды жаз мерзімінде табиғи және мәдени жайылымдарда күтіп-бағу. Оларды тиімді өсірудің ең маңызды жағдайы. Құлындарды бөлу тәсілдері және мерзімі, оларды енесінен айырғаннан кейінгі өcipy. Төлдерді қыста күтіп-бағу, азықтандыру, серуендету және топты тренинг. Еркек құлындардың піштіру жасы және таңбалау. Жылқы шаруашылығындағы құрылыстар мен қора-жайлар. Нарық жағдайындағы жылқы өcipy. ТМД және шет елдердегі жылқы өсірудің алдыңғы тәжірибесі.
Қозыларды өcipy ерекшеліктері. Қозы өcipy тәсілдері (енесімен бipгe, қора-базда және т.б.). Қозыларды енесінен айыру мерзімі мен техникасы және оларды айыру.
Қойды өз төлінен ұдайы өcipy. Қойдың көбею биологиясы. Күйек алуды ұйымдастыру, шағылыстыру мерзімінің тиімділігін талдау, саулықтар мен қошқарларды шағылыстыруға дайындау, алғашқы шағылыстыру жасы. Ipi фермалардың, кешендердің (үздіксіз, циклді ұрықтандыру) және шаруа кожалықтарының дәстүрлік жағдайында қойды өз төлінен ұдайы өcipyдi ұйымдастыру.
Қой төлдетуді ұйымдастыру және Республикадағы әртүрлі аймақтарда қой қоздату мерзімі. Күйек науқанына қойларды, қораларды, азықтарды, төсеніштерді және құрал-жабдықтарды дайындау. Қозыларға ен салу. Қысқа мерзімде шапшаңдата қоздатудың тиімді технологиясы.
Жынысына, жасына, өнімділігіне және физиологиялық жағдайына байланысты қой азықтандыру ерекшеліктері. Әр түрлі жастағы қой топтарының азықтандыру рационы мен нормасы. Қойлардың қыс мезгіліндегі азықтарға қажеттігін анықтау. Табиғи және көп жылдық жайылымдарда және жайылымда қой суаруды тиімді пайдалануды ұйымдастыру. Қойды күтіп-бағуға арналған қоралар, олардың технологиялық жабдықтары (қоршаулар, науалар, станоктар, астаулар және т.б.). Қой қораларына қойылатын зоогигиеналық талаптар.
Қабандар мен мегежіндердің жыныстық дамуының ерекшеліктері. Қабандарды шағылыстыруға дайындау: жасы мен тірілей салмағы, өсетін қабандарды азықтандыру және күтіп-бағу. Ұрықтандыруды жоспарлау. Шошқалардың төлсіздігі мен қысыр қалуы туралы түсінік. Табынды өз төлінен ұдайы өcipyдiң негізгі көрсеткіштері. Төлсіздік пен қысыр қалуға қарсы күрестің зоотехникалық шаралары. Шаруашылықтарда, элеверлерде, асылтұқымды мекемелерде тұқымдық қабандарды өcipy тәртібі мен пайдаланылуы. Қабандардың көбейткіштік қаблеттілігін бағалау. Мегежен-дерді торайлауға дайындау, тудыруды жүргізу, торайларды қабылдау. Бірінші тумаларды көптөлділігі мен өнімділігі бойынша бағалау. Уыз кезеңінің торайларға маңызы.
Торайлардың шығыны мен ауруына қарсы қолданылатын зоотехни-калық шаралар. Торайларды өcipyдi жоспарлау. Жас мегежіндер мен жас қабандардың бірінші ұрықтандырудағы жасы мен тірілей салмағы. Толықтырғыш топтың қарқынын негіздеу. Мамандандырылған және фермерлік шаруашылықтарда жас қабандар мен жас мегежіндерді өcipy технологиясының ерекшеліктері. Торайларды өcipyгe жазғы лaгepлepдi қолдану. Түрлі бағыттағы табынның құрылымы және шошқа шаруашылығын қарқынды жүргізу.
Балапандарды өcipy тәсілдері: еденде, торда және торлы еденде. Әр түрлі ауыл шаруашылық құстары балапандарын өсірудің ұзақтығы. Сәулелік режимнің құстардың жыныстық жетілуін реттеудегі рөлі. Өсімге қалдырылған төлдерді өcipyгe арналған жаңа типтегі құрал-жабдықтар және жайлар.
Құстарды ұдайы өсіруді ұйымдастыру. Құс түрлерін өсірудегі жыныс-тық қатынасы. Тұқымдық қораздарды пайдалану мерзімдері. Құстарды жасанды ұрықтандыру.
Малдар мен құстардың тұқымдары
Тұқымдарды өнімділік бағытына байланысты классификациялау. Ipi қарамал шаруашылығындағы генофондты сақтау және жетілдіру мәселелері.
Cүтті бағыттағы ipi қарамал тұқымдары: голштин қара-ала, қырдың кызылы, айршир, әулиеата, джерсей.
Қос бағыттағы ipi қарамал тұқымдары: алатау, кострома, симменталь, швиц, монбельярд.
Етті бағыттағы ipi қарамал тұқымдары: қалмақ, қазақтың ақбасы, әулиекөл, герефорд, абердин-ангусс, галловей, шароле, лимузин, киан, санта-гертруда, зебу тәрізділер және т.б.
Жылқы тұқымдарын классификациялау принциптері және оларды аудандастыру. Жылқы тұқымдары мен типтерінің өзгеруі мен құрылуындағы табиғи факторлар және әлеуметтік-экономиканың ролі. Тұқымдардың даму болашағы.
Жылқылардың зауыттық тұқымдары: мініс, мініс-жегу, желісті, жегу және ауыр жүк тартатын.
Жылқылардың жергілікті тұқымдары: далалық, таулық және орман-дық.
Тұқым және тұқым топтары туралы түсінік. Тұқымдардың әр түрлілігі, оларды негіздеу. Қой тұқымдарының зоологиялық және өндірістік классификациялау.
Қазақстандағы қойлар мен ешкілердің тұқымдық аудандастырылуы. Тұқымдарды келешекте жетілдіру жұмысының бағыты және даму болашағы.
Биязы жүнді қой шаруашылығындағы жүнді, жүнді-етті, етті-жүнді бағыттары. Биязылау жүнді қой тұқымдарының ұзын жүнді, қысқа жүнді, етті-жүнді тұқымдары және тұқым топтары. Ұяң жүнді қой тұқымдары мен тұқым топтарының негізгі бағыты. Кылшық жүнді қой тұқымдарының бағыты: тондық елтірілік, етті-майлы, тондық бағыттағы романов тұқымы, елтірілік бағыттағы қаракөл тұқымы. Етті майлы бағыттағы қой тұқымдары. Каракөл қойы мен ешкі тұқымдары.
Шошқа шаруашылығындағы тұқымдарды өнімділік бағыты бойынша классификациялау. Шошқа шаруашылығының генофондын сақтау және жетілдіру мәселелері.
Ет өнімділігі бағытындағы тұқымдар: эстон беконы, уэльс, ландрас, дюрок, гемпшир, пъетрен, етті, тез жетілгіш, неміс асылы.
Өнімділігі қос бағыттағы тұқымдар: ipi ақ, украйндық далалық ақ және ала шұбар миргородтық, солтүстік ciбip, беркшир, ipi қара, ақ қысқа құлақты және ұзын құлақты, литва ағы, солтүстік кавказдық, жетісу, қара-ала ақсай және тағы басқалар.
Тауық тұқымдары. Ақ леггорн. Ақ және қоңыр қабықты жұмыртқа өндіру үшін пайдаланылатын тауық тұқымдары және олардың кросстары. (Хайлайн Яффа). Корниш және ақ плимутрок және олардың кросстары (Титан, Сибиряк, Смена-4).
Үйрек тұқымдары мен тұқымдық топтары: пекин, украин, мускус-ақ және олардың кросстары. "Медеу" және "Арман".
Қаз тұқымдары және тұқымдық топтары: үлкен сұр, кубань, тулуз, рейн, қытай.
Күрке тауық тұқымдары мен тұқымдық топтары: қола түсті және кең кеуделі ақ, солтүстік кавказдық қола және ақ, москвалық ақ, тихорец қара.
Қой тұқымдарын жіктеу негіздері және қой шаруашылығында тұқымдарды түзу технологиясы.
Азықтардың жеке түрлері мен азық қоспаларындайындау технологиясы
Табиғи және культивацияланатын өсімдіктерді пайдалану негізінде Казақстанның табиғи-климаттық, аймақтары бойынша азықтық базасын нығайту, дайындаудың прогрессивті тәсілдерін қолдану, консервілеуді жетілдіру, азықтандыруға дайындау және азықтарды сақтау. Малдарды азықтандыруды типизациялау және тиімді ұйымдастыру, мал және құс шаруашылығындағы ғылыми-техникалық прогрестің негізі.
Толыққұнды азықтандырудың ауыл шаруашылық құстары мен малдарының түрлі ауруларын, көбейгіштік қызметтерінің, зат алмасулары бұзылуларының алдын алудағы маңызы.
Ауыл шаруашылық малдары мен құстарын нормалап азықтандыру жүйесіндегі, азық дайындаудағы, азық сапасын бағалаудағы, азықтық заттардың сіңімділігін игеруді және қоректілігін жоғарылату тәсілдерінің жаңа бастамалары. Ауыл шаруашылығы малдары мен құстарын азықтандыру ілімінің дамуының қысқаша тарихы - зоотехния ғылымының маңызды бөлігі. Азықтың сіңімділігінің малдар мен құстардың энергияға, протеинге, көмipcyлapғa, липоидтарға, минералды заттар мен витаминдерге деген кажеттілігін қанағаттандыруы туралы түсінік.
Азықтың сіңімділігін оның химиялық құрамы бойынша бағалау. Азық анализінің қазіргі замандық схемасы.
Су, көмірсулар, майлар, протеин, минералды заттар және олардың ауыл шаруашылық малдары мен құстарын азықтандыру мен зат алмасу процестеріндегі физиологиялық маңызы.
Азықтардың органикалық заттары, жануарлар организмдерінің энергия көзі және денедегі белок, май мен кемірсулардың түзілуінің құрамдас бөлiгi. Азықтардың химиялық құрамы, олардың сіңімділігінің алғашқы көрсеткіші.
Негізгі азықтардың түсімділігінің1 га-дан жиналатын өнімдерінің кұрғақ заты, протеин, май мен АЭЗ бойынша салыстырмалы түрде бағалау.
Азықтың сіңімділігін қорытылатын ciңiмдi заттар бойынша бағалау. Азықтың қорытылуы организмнің көреқтенуінің алғашқы кезеңі. Азықтың ciңiмдi заттарының қорытылғыштығын анықтау техникасы мен әдістері. Азықтың сіңімді заттарының қорытылу коэффициенті туралы түсінік. Азықтың сіңімді заттарының қорытылғыштығын арттыру. Азықтардың қорытылғыштығына әсер ететін жағдайлар.
Қорытылатын сіңімді заттардың жиына (ҚСЗЖ) мен қорытылатын энергияның құрамы азықтың энергетикалық сіңімділігінің көрсеткіштері. Протеиндік қатынас. Малдар мен құстардың организмдеріндегі зат пен энергия алмасуын анықтаудың әдістері.
Энергия және зат алмасу - өмірлік процестердің, өнімділік пен көбейгіштіктің негізгі. Азықтандырудың әсерінен болатын мал организміндегі материалдық өзгерістерді анықтау әдістері.
Азықтардың энергетикалық (жалпы) сіңімділіктерін бағалау. Азықтардың энергетикалық сіңімділігі туралы түсінік. Азықтардың жалпы сіңімділігін бағалау әдістерінің даму тарихы. Энергетикалық сіңімділікті бағалаудың бірліктері қорытылатын сіңімді заттардың жиыны (ҚСЗЖ), скандинавтың азық өлшемі, крахмалдық эквивалент, сұлылық азық өлшемі.
Азықтардың энергетикалық сіңімділіктерін бағалаудың қазіргі замандық әдістері. Азықтық өсімдіктердің шығымы мен табиғи азықтық жайылымдардың өнімділіктерін арттыру мал шаруашылығын азықтармен қамтамасыз етудің пробеламаларын шешудің негізгі жолы.
Азықтардың сіңімді заттарының маңызы мен pөлі. Азықтардың толыққұндылығы мен малдардың сіңімді заттарға деген қажеттіліктерін анықтайтын факторлар.
Азықтардың протеиндік сіңімділіктері және толыққұнды протеиндік азықтандырудың проблемалары.
Азықтардың көмірсулық сіңімділігі және толыққұнды көсірсулық азықтандырудың проблемалары.Азықтағы майлар және толыққұнды липидтік азықтандырудың проблемасы.
Азықтың витаминдік сіңімділігі және толыққұнды витаминдік азықтандырудың проблемалары.Азықтардың минералдық сіңімділігі және толыққұнды минералды азықтандырудың проблемалары.Ішек-қарын трактасында синтезделетін заттар мен сіңімді заттардың коры, олардың толыққұнды азықтандырудағы маңызы.
Азықтар мен рациондардың сіңімділіктерін кешенді бағалау.
Мал және құс шаруашылығындағы асылдандыру жұмыстары
Ipi қарамал селекциясының объектісі. Асылдандыру жұмыстарының мал өнімділігін арттырудағы маңызы. Қазастан мен шет елдердегі асылдандыру жұмыстарының жүйесі, Асылдандыру қызметін ұйымдастыру.
Асыл тұқымды және пайдаланылатын табындардағы ipi қарамалын өcipy тәсілдері. Өнімділігі сүтті, сүтті-етті және етті бағыттағы сиырлар мен бұқалардың негізгі және қосымша селекциялық белгілері. Сиырлар мен бұқаларды сұрыптау схемасы: фенотипі бойынша (жетілуі, өнімділігі, көбейгіштік қабілеті) және генотипі бойынша (шығу тегі, жартылай сибстері, ұрпағының сапасы).
Сүтті және етті бағыттағы ipi қарамалдарды бонитировкалау. Тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша бағалау. Жұп таңдаудың принциптері мен тәсілдері. Аталық іздер және аналық ұялармен жұмыс жүргізу. Инбридинг пен гетерозисті пайдалану. Кең көлемді селекция және оны қолдану жағдайлары. Түрлі категориялы шаруашылықтардағы асылдандыру жұмыстарының ерекшеліктері. Асыл тұқымдық eceбi. Тұқымда және табындағы селекциялауды жоспарлау. Селекциялық жұмыстарда ЭЕМ пайдалану. Малдың мемлекеттік тұқыммал кітабын жүргізу. Асылдандыру жұмыстарын жақсы жүргізетін шаруашылықтардың конкурсы. Селекциялық жетістіктерді апробациялау. Әлемдік генофондтарды отандық ipi қарамал тұқымдарын жетілдіру үшін пайдалану.
Жылқы зауыттарындағы және тебінді жылқы шаруашылығындағы селекциялық-асылдандыру жұмыстарының мақсаты мен маңызы. Жылқыны таза тұқымда, тұқым аралық өcipy және будандастыру. Аталық іздер және аналық ұялар арқылы өcipy мен селекциялау. Туыстық (инбридинг) және туыс емес (аутбридинг) өcipy, жұптастыру, аталық іздердің кросстары, шағылыстыру. Қазіргі бар және жаңа тұқым шығаруды жетілдіру мақсатында шағлыстыруға тұқым таңдау. Жылқы зауыттарындағы және тебінді жылқы шаруашылығындағы жұптау мен сұрыптау. Полиморфты қан жүйесі және оны генетикалық маркер ретіне пайдалану.
Бонитировкалау: шығу тегі және типі, дене өлшемдері, экстерьері және конституциясы, жұмыс қабілеттілігі, сүт және ет өнімділігі, ұрпағының сапасы бойынша кешенді сұрыптау принциптері. Тұқымдық айғырлар мен биелерді ұрпағының сапасы бойынша бағалау.
Жылқы тұқымының селекциялық-асылдандыру жұмысының жоспары және оның құру принциптері.
Жылқының жаңа аталық іздерін, аналық ұяларын, тұқымішіндегі типтерін және тұқымдық топтарын апробациялау.
Жылқы шаруашылығындағы мемлекеттік тұқыммал кітабы. Жылқы тұқымдарын асылдандыру жұмыстарының кеңесі. Жылқылардың аудандық, облыстық және Республикалық көрмелері, асылтұқымды жылқылардың аукционы. Жылқы шаруашылығынының ғылыми жұмыстарын координаци-ялайтын ғылыми-зерттеу институттарының ролі. Жылқы шаруашылығына ЭВМ пайдалану.
Қой тұқымдары мен тұқым топтарын, сүлелері, аталық іздер, аналық ұяларын жақсы бейімделгіштігін қолайсыз жағдайға, жоғары өнімді қой шаруашылығын шығару барысында, асыл тұқымды жұмыстарында инновациялық технологияны қолдану. Дүние жүзінде және Қазақстан Республикасында асылтұқымды жұмыстарының әдістерін ұйымдастыру және асылтұқымды қызметтерін жүйелендіру.
Асылтұқымды тауарлық шаруашылықтарда өсіру әдістері. Қой тұқымдары мен құрылымдарда селекциялық жұмыстарды жүргізудің технологиялық селекциялық жұмыстарды жүргізудің технологиялық ерекшеліктері. Қой шаруашылығында жұптау мен таңдау.
Негізгі қошқарлар мен саулықтардың асылтұқымды бағалауын анықтау.
Қойды бонитировкалауды ұйымдастыру. Биязы, биязылау, ұяң және қылшық жүнді қойлардың тұқым стандарты мен оларды бонитировкалау. Әртүрлі аймақтағы шаруашылықтардағы қой тұқымдарын асылдандыру жұмыстарының ерекшеліктері. Асылдандыру жұмыстарының негізгі жағдайларын жоспарлау.
Қойларды асылдандыру жұмысы мен есебін жүргізу. Қойға ен салу. Асылдандыру жұмысында есептеу компьютерлық технологиясын қолдану. Селекциялық жетістіктерді жариялау шаралары: көрмелер, қараулар, конкурстар. Мемлекеттік тұқыммал кітаптары.
Шошқалар селекция объектісі. Асылдандыру жұмысының шошқалар-дың өнімділігін көтерудегі маңызы. Қазақстан мен шет елдерде асылдандыру жұмысының жүйесі, Асылдандыру қызметін ұйымдастыру.
Шошқаларды асылтұқымды және пайдаланатын табындарда өcipi тәсілдері. Өнімділігі етті және қос бағыттағы шошқалардың селекциялық белгілері. Қабандар мен мегежендерді сұрыптау схемасы: фенотипі және генотипі бойынша (шежіресі, өз төлінен ұдайы өcipy қабілеті, дамуы, өнімділігі, жартысибстер, ұрпағының сапасы).
Шошқаларды бонитировкалау. Шошқа шаруашылығындағы селекция-лық-асылдандыру жұмыстарының перспективасын құру.
Тұқымдық қабандарды ұрпағының сапасы бойынша бағалау. Жұптау-дың тәсілдері мен принциптері. Аталық іздер мен аналық ұялармен жұмыс жүргізу. Инбридинг пен гетерозисті қолдану. Кең көлемді селекция және оны қолдану жағдайы. Tүpлі категориялы шаруашықтардағы асылдандыру жұмысының ерекшеліктері. Асылтұқымды есеп жүргізу. Табындар мен тұқымдардағы селекциялық жұмыстарды жоспарлау. Селекциялық жұмысты ЭВМ-да қолдану. Шошқалардың Мемлекеттік тұқыммал кітаптарын жүргізу. Шаруашылықтардың ең жақсы жолға қойылған асылдандыру жұмыстарының конкурсы. Селекциялық жетістіктерді апробациялау. Шошқалардың отандық тұқымдарын жетілдіру үшін дүние жүзілік генофондын қолдану.
Асылдандыру жұмысында генетика жетістіктерін пайдалану. Құс шаруашылығындағы өcipy тәсілдері және будандастыру. Аталық іздермен және кросстармен жұмыс icтey. Селекциялық-генетикалық станциялардағы, асыл тұқымды зауыттардағы және репродукторлардағы асылдандыру жұмыстарының ерекшеліктері мен міндеттері. Құстарды бонитировкалау.
Асыл тұқымды репродукторлық шаруашылықтардағы құстардың күтіп-бағу ерекшеліктері. Асылтұқымдылық eceбi, асылтұқымдылық жазуларды өңдеу және бағалау, есептеуде компьютерлік техниканы қолдану.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
-
Арзуманян Е. А., Бегучев А. И., Ссловьев А. А.,ФандееваБ.В., Скотоводство. /Под ред. Е. А. Арзуманяна/. - М.: Колос, 1984.
-
Алимжанов Б.О. Интенсификация производство молока и говядины. -А.,1961.
-
Даленов Ш.Д., Каримов Ж.К., Жомартов М.Т. Скотоводство, технология производства молока и говядины. Учебное пособие. -Алматы, 2001.
-
Искакбаев Б.Б. Ipi қара шаруашылығы. - А.: Қайнар, 1996.
-
Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д., Майманов Д. Ipi қара шаруашылығы.- Қостанай, 1996.
-
Лобанов ВТ. Практикум по племенному делу. - М: Агропромиздат, 1988.
-
Государственные племенные книги крупного рогатого скота молочных комбинированных и мясных пород. - Алма-Ата: Кайнар.
-
Свечин К.Е. и др. Коневодство. - М.: Колос, 1984.
-
Дүйсембаев К.И., Бегімбетова Г.С., Жүнісов A.M. т.б. Жылқы шаруашылығы. -Алматы, АЗМИ, 1995.
-
Гурьевич Д.Я., Рогалев Г'.Т. Словарь-справочник по коневодству и конному спорту. -М., 1988.
-
Федотов П.А. Коневодство. -М., "Агропромиздат", 1989.
-
Васильев Н.А., Целютин В.К. Овцеводство и технология производства шерсти и баранины. -М., Агропромиздат, 1990.
-
Николаев А.И., Ерохин М.А. Овцеводство. - М.: Колос, 1987.
-
Медеубеков К.У. Справочник овцевода. -Алматы. Кайнар. 1990.
-
Сабденов К.С, Абдуллаев М.А., Шауенов С.К, Интенсификация овцеводства. -Алма-Ата "Кайнар", 1991.
-
Рахимжанов Ж.А., Сабденов К.С., Кусайнов А.К. Новые породы и типы овец и коз Казахстана 1 и 2. Учебное пособие. -Алматы. 1997.
-
Практикум по овцеводству и технологии производства шерсти, каракуля и баранины. Методические указания к лабораторным и практическим занятиям. -Алма-Ата, 1989.
-
Гильман З.Д. Свиноводство. Учебное пособие. -Мн. Ураджай, 1989.
-
Козловский В.Г., Лебедев Ю.В., Медведев В.А. и др. Племенное дело в свиноводстве. –М., Колос, 1987.
-
Князев П.Е. и др. Практические занятия по свиноводству. -М., Колос,1991.
-
Альпейсов Ш.А., Птицеводство. -Алматы, 2001.
-
Егеубаев А.А.; Құсайнов К.К. және басқалар. Мал азықтандыру. I-II бөлім. Оқу құралы. 1993.
-
Омарқожаев Н.О. Малды құнарлы азықтандыру. Оқу құралы.- Алматы, 1993
-
Танатаров А.Б. және басқалар. Құс шаруашылығы. -Алматы, 2005.
-
Танатаров А.Б. т.б. Құс шаруашылығы, практикум. -Алматы, 2008.
-
Баканов В.Н., Менкинь В.К: Ауыл шаруашылык малдарын азықтандыру /оқулық/. - М., Агропромиздат, 1989.
-
Петухова Г.А., Емелина Н.Т., Крылова B.C., Мартяиов И.М., Антонова О.А. Ауыл шаруашылық, малдарын азықтандыру практикумы. - М: ВО. Агропромиздат,1990.
-
Богданов Г.А. Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру. -М: Колос, 1981.
-
Дмитриченко А.П., Пшеничный Г.Д. Ауыл шаруашылық малын азықтандыру /оқулық/. - М: Колос, 1975.
-
Петухова Е.А., Бессербова Р.Ф., Халенова Л.Д., Антонова О.А. Азықтарды зоотехникалық талдау. — М: ВО. Агропромиздат, 1989.
-
Калашникова А.К., Клейманов А.К. және басқалар. Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру нормалары мен рациондары- М: Агропромиздат, 1985.
Достарыңызбен бөлісу: |