«Бақылау-касса машиналарын (бкм) есепке қою және есептен шығару» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Бақылау-касса машиналарын (бкм) есепке қою және есептен шығару»



Дата03.07.2016
өлшемі79.15 Kb.
#174509


Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2014 жылғы «__ » _________

№ ___ бұйрығына

31-қосымша


«Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары арқылы жүзеге асырады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап:

БКМ есепке қою, БКМ есептен шығару, БКМ тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу, БКМ тіркеу карточкасындағы мәліметтер өзгерген немесе онда көрсетілетін қызметті алушының сәйкестендіру нөмірі жоқ болған, ол жоғалған (бүлінген) жағдайда оны ауыстыру, қолма-қол ақшаларды есепке алу кітаптарын және (немесе) тауар чектерінің кітаптарын ауыстыру (қалпына келтіру) – салықтық өтінішті және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

ақауды жою үшін БКМ пломбасының бүтіндігін бұзуға рұқсат беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдау – салықтық өтінішті және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау күні;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1) БКМ тіркеу карточкасын беру;

2) фискалдық жұмыс режимін орнату және фискалдық жадында БКМ пломбасын қою;

3) БКМ үлгілерін мемлекеттік тізілімге енгізілген үлгілермен сәйкестігін тексеру;

4) салық органы басшысының қолымен және салық органының мөрімен куәландырылған қолма-қол ақшаларды және тауар чектерін есепке алу кітабын беру;

5) БКМ пломбасының бүтіндігін бұзуға рұқсат беру;

6) БКМ есептен шығару.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, жылжымалы жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.

9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) БКМ есепке қою, есептен шығару, БКМ тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу, қолма-қол ақшаларды есепке алу және (немесе) тауар чектерінің кітаптарын ауыстыру (қалпына келтіру), БКМ пломбасының бүтіндігін бұзуға рұқсат алу үшін – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2 және
3-қосымшаларға сәйкес салықтық өтініш;

2) БКМ есепке қою және есептен шығару, қолма-қол ақшаларды есепке алу және (немесе) тауар чектерінің кітаптарын ауыстыру (қалпына келтіру) үшін, техникалық ақаулық жойылғаннан кейін пломба орнату үшін – салық төлеуші туралы мәліметтер қамтылған БКМ;

3) БКМ есепке қою, есептен шығару (компьютерлік жүйе болып табылатын БКМ қоспағанда), қолма-қол ақшаларды есепке алу және (немесе) тауар чектерінің кітаптарын ауыстыру (қалпына келтіру) үшін – БКМ жасаушы зауыттың паспорты;

4) БКМ есепке қою, есептен шығару (компьютерлік жүйе болып табылатын БКМ қоспағанда), қолма-қол ақшаларды есепке алу және (немесе) тауар чектерінің кітаптарын ауыстыру (қалпына келтіру) үшін – нөмірленген, тігілген, көрсетілетін қызметті алушының қолымен және (немесе) мөрімен куәландырылған қолма-қол ақшаларды есепке алу және тауар чектерінің кітаптары;

5) БКМ тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу, қолма-қол ақшаларды есепке алу және (немесе) тауар чектерінің кітаптарын ауыстыру (қалпына келтіру), БКМ есептен шығару үшін – БКМ тіркеу карточкасы;

6) қолма-қол ақшаларды есепке алу және (немесе) тауар чектерінің кітаптарын ауыстыру (қалпына келтіру), БКМ есептен шығару үшін – салық органы орнатқан пломбасы бар БКМ;

7) БКМ пломбасының бүтіндігін бұзуға рұқсатты алу (БКМ техникалық ақаулығы жағдайында) үшін – жөндеу жүргізу мерзімдері мен ақау себептерін көрсете отырып, техникалық қызмет көрсету орталығының қорытындысы;

8) компьютерлік жүйе болып табылатын БКМ есептен шығару үшін – компьютерлік жүйе моделінің «Салық инспекторының жұмыс орны» модуліне қол жеткізуді қамтамасыз ету;

9) БКМ тіркеу карточкасында көрсетілетін қызметті алушының сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда оны ауыстыру үшін – көрсетілетін қызметті алушыда сәйкестендіру нөмірінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа табыс етілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі);

10) жаңа БКМ тіркеу карточкасын алу үшін – жоғалған (бүлінген) жағдайларды қоспағанда, бұрын берген БКМ тіркеу карточкасы;

компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасын есепке қойған кезде салық төлеуші өзінің орналасқан жері бойынша салық органына:

11) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;

12) компьютерлік жүйенің жұмыс істеу мүмкіндіктері мен сипаттарының қысқаша сипаттамасын;

13) салық органында тіркеуге қою үшін мәлімделген компьютерлік жүйе моделінің «Салық инспекторының жұмыс орны» модулін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты;

тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын есепке қою кезінде салық төлеуші орналасқан орны бойынша салық органына деректерді;

14) салық органдарына ақша есептері туралы деректерді беруді жүзеге асыру үшін көрсетілетін байланыс қызметтері бойынша фискальдық деректер операторымен жасалған келісімнің көшірмесі беріледі.

Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері түпнұсқаларды құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен берілген мәліметтермен түпнұсқалығын салыстырып тексереді, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Келу тәртібінде табыс етілген салықтық өтініш екі данада жасалады, бір данасы көрсетілетін қызметті алушыға салық органының белгісімен қайтарылады. Сонымен бір мезгілде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгімен талон беріледі.

Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш нысаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің www.salyk.gov.kz интернет-ресурсында, салық органдарының күту залындағы стенділерде және арнайы бағандарда орналастырылған. Салықтық өтініш нысаны салық органында тегін беріледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары порталда, Министрліктің: www.minfin.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің: www.salyk.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.



14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 8-800-080-7777, 1414.
_______________



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет