Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2013 жылғы 31 желтоқсан №1596 Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№1596 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында:
«Кіріспе» деген 2-бөлімде:
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мынадай:
1) кредиторы, Даму Банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары болып табылатын;
2) Ауыл шаруашылығы министрлігінің бюджеттік бағдарламалары шеңберінде субсидияланатын қаржы институттары беретін;
3) экономиканың 01 «Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, аң аулау және осы салаларда қызмет көрсету» секторындағы жобаларды іске асыруға бағытталған;
4) Тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы бағдарламаларды қоспағанда, басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде субсидиялау және кредиттеу түріндегі мемлекеттік қолдау алушы (алған) кәсіпкерлердің кредиттері;
5) овердрафт түріндегі кредиттер/Қаржылық лизинг шарттары субсидиялауға жатпайды.»;
он алтыншы бөлік алынып тасталсын;
«Міндеттері» деген 4.3-бөлімде:
«Бірінші бағыт: жаңа бизнес бастамаларды қолдауда»:
төртінші, бесінші және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Мыналар:
1) акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын;
2) Даму Банкінің кредиттерін қоспағанда, тікелей кредиторы мемлекеттік даму институттары болып табылатын, сыйақы ставкасы бюджеттік қаражат есебінен арзандатылған кредиттер/лизинг алатын;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1771 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер Бағдарламаның бірінші бағытының қатысушылары бола алмайды.
Жобаларын экономикалық өсу орталықтарында және олардың әкімшілік бағыныстағы аумақтарында орналасқан елді мекендерде іске асыратын кәсіпкерлер Бағдарламаның бірінші бағытының қатысушылары болып табылады.
Жоба ӨҮК-ке шығарылғанға дейін бір жыл ішінде Банктер/Даму Банкі/Лизингтік компаниялар берген қарыздарды/Қаржы лизингі шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған және Бағдарламаның бірінші бағытының өлшемдеріне сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.»;
«Банктердің/Даму Банкінің/Лизингтік компаниялардың кредиттері/Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау
Сыйақы ставкасын субсидиялау шарттарында»:
екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыйақы ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/Қаржы лизингі шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеден аспауы тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/Қаржы лизингі шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.
750 млн. теңгеден 4,5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттер/Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қолданыстағыларға қарағанда кемінде 10 % жаңа (тұрақты) жұмыс орындарын құру шартымен жүзеге асырылады.
Бұл ретте, жаңадан құрылатын жұмыс орындарының 50 %-ын жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жастар үшін құру ұсынылады.
Кредиттер сомасы 1,5 млрд. теңгеден асатын жобалар бойынша индустрияландыру картасына енгізілген жобалар сыйақы ставкасын субсидиялауға жатады.
«Кредиттер/Қаржы лизингі шарттары бойынша субсидиялау мерзімі
10 (он) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылға дейін құрайды. Егер жоба бойынша бірнеше Субсидиялау шарты жасалатын жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенті бірінші Субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі Қаржы агенті қайта қаржыландыру жүзеге асырылған Кредит беруші банкте/Лизингтік компанияда бірінші Субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
3 (үш) жыл өткен соң Субсидиялау шартының қолданыс мерзімін ұзарту ӨҮК мақұлдаған сәтте республикалық бюджеттен субсидиялауға арналған қаражат болған кезде ғана Банк/Даму Банкі/Лизингтік компания қолдаухатының негізінде ӨҮК шешімімен мақұлданады.»;
мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:
«2013 жылғы 17 мамырға дейін ӨҮК мақұлдаған, Субсидиялау шарттарына қол қойылмаған жобалар Бағдарламаның қолданыстағы шарттарына сәйкестігіне ӨҮК қарауына қайта шығарылуға жатады.
2013 жылғы 17 мамырға дейін ӨҮК мақұлдаған, ашық кредиттік жүйелер шеңберінде Транштар бойынша субсидиялау шарттарына қол қойылмаған жобалар бойынша субсидиялау шарттарына қол қою ӨҮК бұрын мақұлдаған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
он бесінші, он алтыншы және он жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыйақы ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын валюталық кредиттер бойынша сомалар бір кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеге баламалы мөлшерден аспауы тиіс.
750 млн. теңгеден 4,5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттер/Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қолданыстағыларына қарағанда кемінде 10 % жаңа (тұрақты) жұмыс орындарын құру шартымен жүзеге асырылады.
Бұл ретте, жаңадан құрылатын жұмыс орындарының 50 %-ын жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жастар үшін құру ұсынылады.
Кредиттер сомалары 1,5 млрд. теңгеден асатын жобалар бойынша индустрияландыру картасына енгізілген жобалар сыйақы ставкасын субсидиялауға жатады.»;
«Кредиттер/Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау тетігінде»:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өтінім беруші Банктің/Даму Банкінің/Лизингтік компанияның оң шешімімен осы жобаны ӨҮК қарауына шығаратын Жергілікті деңгейдегі бағдарламаны үйлестірушіге жүгінеді.
Бұл ретте, Жергілікті деңгейдегі бағдарламаны үйлестіруші кәсіпкерлердің құжаттарын қабылдайды және жобаларды ӨҮК қарауына субсидиялау үшін бөлінген қаражат шегінде ғана шығарады.»;
5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. ӨҮК шешімінің қолданылу мерзімі - қабылданған күнінен бастап
6 (алты) ай.»;
«Банктердің/Даму Банкінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру тетігінде»:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Шығарылған кепілдіктер бойынша төлеу мақсатында Жергілікті деңгейдегі бағдарламаны үйлестіруші кезекті жылдың басында Қаржы агентіне кредиттерге кепілдік беру үшін бөлінген мақсатты трансферттер сомасының 50 %-ын аударады.
Мақсатты трансферттердің қалған бөлігі Қаржы агентіне кепілдік беру шарттарының жасалуына қарай жылдың басында Қаржы агентіне аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін аударылады.»;
мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
«13. Жергілікті деңгейдегі бағдарламаны үйлестіруші жобалар бойынша құжаттарды қабылдайды және осы жобаларды жасалатын кепілдік беру шарттары бойынша Қаржы агентіне төлеу үшін бөлінген бюджеттік қаражат шегінде ғана ӨҮК қарауына шығарады.»;
«Гранттық қаржыландыру:
Гранттар беру шарттарында»:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (бұдан әрі – кәсіпкерлер) нысаналы гранттар Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторлары шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Грант қаражатын мемлекет нысаналы гранттар ұсыну үшін кәсіпкерлерді іріктеу жөніндегі конкурстардың қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі − Үйлестіруші) арқылы ұсынады. Бұл ретте конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт кәсіпкерлердің (дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның құрылтайшысының (құрылтайшыларының) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған «Бизнес-кеңесші»/«Бизнес-кеңесші-1» және «Жас кәсіпкер мектебі» жобасы бойынша қысқа мерзімді оқудан өтуі болып табылады.»;
алтыншы бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бизнес-идеялардың жаңашылдығы;»;
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бизнес-жобаның міндетті шарттары кәсіпкердің іске асыру шығыстарын ұсынылатын Грант көлемінің кемінде 10 (он) %-ы мөлшерінде, оның ішінде жеке мүлкімен қоса қаржыландыруы болып табылады.»;
«Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту
Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету шарттары» мынадай редакцияда жазылсын:
«Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету шарттары
«Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуден тұрады әрі шағын және орта бизнестің жаңа өндірістерді құруға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған жобалары үшін жекелеген жобалар үшін де және (оның ішінде бірнеше жобаны қамтамасыз ету үшін), сол сияқты индустриялық аймақтар мен бизнес-инкубаторларды ұйымдастыру шеңберінде де жүзеге асырылуы мүмкін.
Бұл ретте 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамытуға бөлінетін бюджеттік қаражаттың кемінде
70 %-ы өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган индустриялық аймақтарда дамытудың бизнес-жоспарларын қарап, бекіткеннен кейін индустриялық аймақтарды ұйымдастыруға бағытталатын болады.
Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторлары үшін жүзеге асырылады.
Бөлінген қаражат мынадай инфрақұрылымды: жолдарды, су бұруды, газдандыруды, су таратқыштарды, бу құбырларын, жылумен жабдықтауды, өнеркәсіптік алаңдарға арналған қазандықтарды, су құбырларын, теміржол тұйықтарын, телефондандыруды, кіші электр станцияларын, электр тарату желілерін, ұңғымаларды, септиктерді, бу-газ қондырғыларын, баламалы энергия көздерін салуға және реконструкциялауға бағытталады.
Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу кәсіпкер объектісі аумағының шекарасына дейін жүзеге асырылады, бұл ретте кәсіпкер объектісі аумағының ішінде инфрақұрылымды жеткізуге қаражат бөлу көзделмейді.
Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамытуға қаражат бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны жеке жоба үшін инфрақұрылымды жеткізген жағдайда жоба құнының 50 %-ынан аспауы тиіс.
Жеке жобалар үшін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту мынадай:
1) жобаны облысты дамытудың басымдықтары шеңберінде іске асырған;
2) жоба елді мекенді дамытудың бас жоспарына сәйкес келген;
3) жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздеме және/немесе жобалық-сметалық құжаттама болған;
4) жаңа өндірістер құру жағдайында жоба құнының кемінде 20 %-ы көлемінде құрылыс-монтаждау жұмыстары орындалған;
5) жаңа тұрақты жұмыс орындары құрылған жағдайларда жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
«Индустриялық аймақтарды дамыту.
Индустриялық аймақтың аумағында өндірістік мақсаттағы объектілер (өндірістік, қойма және әкімшілік үй-жайлар) орналастырылады.
Индустриялық аймақтарды құрудың негізгі міндеттері:
1) өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерліктің дамуын жеделдетуге жәрдемдесу;
2) жаңа өндірістер инфрақұрылымын құру мен дамытуға жұмсалатын шығындарды оңтайландыру;
3) өндіріс тиімділігін ұлғайту;
4) халықты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.
Индустриялық аймақтар:
1) өндіріске арналған ғимараттар мен құрылыстарды салуға арналған жер учаскелері;
2) кәсіпкерге жалға беру немесе сату үшін дайын өндірістік үй-жайлар, оның ішінде тоқтап тұрған, консервацияланған немесе жұмыс істемейтін өндірістердің өндірістік инфрақұрылымы;
3) құрылысқа арналған жер учаскелері, сол сияқты өндірістік үй-жайлары да бар кешенді индустриялық аймақтар түрінде құрылады.
Индустриялық аймақтарға инфрақұрылымды жеткізу аумақтың шекарасына дейін республикалық бюджет қаражаты есебінен, индустриялық аймақтың ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте индустриялық аймақтың сыртқы және ішкі инфрақұрылымына бірыңғай техникалық-экономикалық негіздеме және жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді.
Индустриялық аймақтардың аумағында индустриялық аймақтардың жалпы көлемінің 20 %-ынан аспайтын аумақты алып жатқан ірі кәсіпкерлік объектілері де орналасады.
Индустриялық аймақтарды құру жөніндегі шараларды қаржыландыру өңірлік саясат басымдықтарын ескере отырып, өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган индустриялық аймақтарды дамыту бизнес-жоспарларын қарағаннан кейін конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Конкурсқа ұсынылған өтінімдер бойынша шешімді Уәкілетті орган өтінімдер берілген күннен бастап 2 ай ішінде қабылданады.»;
«Екінші бағыт: кәсіпкерлік секторды сауықтыруда»
«Екінші бағытты іске асыру тетігінде»:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің (кредиттердің) қаражаты экономиканың басым секторларындағы қызметке жіберілген жағдайда, Банкпен/Даму Банкімен немесе Кредиторлар комитетімен келісілген жоспар және кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің салалық қорытындысы бар болса, Жұмыс тобы борышкердің Банктердің/Даму Банкінің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау жөніндегі сауықтыру бағдарламасына қатысуын тиісті хаттамамен мақұлдайды.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Жұмыс тобы мақұлдаған жобалар бойынша Банк/Даму Банкі, қатысушы және Қаржы агенті арасында Субсидиялау шарты жасалады, оның шеңберінде Қаржы агенті мен Бағдарламаға қатысушы Банкке/Даму Банкіне сыйақы ставкасының тиісті бөліктерін төлейді.»;
«Үшінші бағыт: Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендетуде»:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мыналар:
1) акцизделетін тауарларды/өнімді шығаруды жүзеге асыратын;
2) Даму Банкінің кредиттерін қоспағанда, тікелей кредиторы мемлекеттік даму институттары болып табылатын, сондай-ақ сыйақы ставкасы бюджеттік қаражат есебінен арзандатылған кредиттер/лизинг алатын;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1771 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер;
4) өз қызметін тау-кен өнеркәсібінде жүзеге асыратын;
5) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қоспағанда) тікелей немесе жанама тиесілі кәсіпкерлер,
сондай-ақ меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалар Бағдарламаның үшінші бағытының қатысушылары бола алмайды.»;
«Банктердің/Даму Банкінің/Лизингтік компаниялардың кредиттері/Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау шарттарында»:
бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыйақы ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын Кредиттің/Қаржы лизингі шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеден аспауы тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың Кредиті/Қаржы лизингінің шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.
750 млн. теңгеден 4,5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттер/Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қолданыстағыларына қарағанда кемінде 10 % жаңа (тұрақты) жұмыс орындарын құру шартымен жүзеге асырылады.
Бұл ретте, жаңадан құрылатын жұмыс орындарының 50 %-ын жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жастар үшін құрылуы ұсынылады.
Кредиттер сомалары 1,5 млрд. теңгеден асатын жобалар бойынша индустрияландыру картасына енгізілген жобалар сыйақы ставкасын субсидиялауға жатады.
«Кредиттер/Қаржы лизингі шарттары бойынша субсидиялау мерзімі 10 (он) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылға дейін құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше Субсидиялау шарты жасалатын жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенті бірінші Субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі Қаржы агенті қайта қаржыландыру жүзеге асырылған Кредит беруші банкте/Лизингтік компанияда бірінші Субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
3 (үш) жыл өткен соң Субсидиялау шартының қолданыс мерзімін ұзарту ӨҮК мақұлдаған сәтте республикалық бюджеттен субсидиялауға арналған қаражат болған кезде ғана Банк/Даму Банкі/Лизингтік компания қолдаухатының негізінде ӨҮК шешімімен мақұлданады.»;
мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«2013 жылғы 17 мамырға дейін ӨҮК мақұлдаған, Субсидиялау шарттарына қол қойылмаған жобалар Бағдарламаның қолданыстағы шарттарына сәйкестігіне ӨҮК қарауына қайта шығарылуға жатады.
2013 жылғы 17 мамырға дейін ӨҮК мақұлдаған, ашық кредиттік жүйелер шеңберінде Транштар бойынша субсидиялау шарттарына қол қойылмаған жобалар бойынша субсидиялау шарттарына қол қою ӨҮК бұрын мақұлдаған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
«Үшінші бағытты іске асыру тетігінде»:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны Үйлестіруші субсидиялауға өтініш берген кәсіпкерлердің тізімін ӨҮК қарауына шығарады.
Бұл ретте жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны Ұйлестіруші кәсіпкерлердің құжаттарын қабылдайды және жобаларды ӨҮК қарауына субсидиялау үшін бөлінген қаражат шегінде ғана шығарады.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. ӨҮК шешімінің қолданылу мерзімі - ӨҮК шешімі күнінен бастап 6 (алты) ай.»;
«Төртінші бағыт: Кәсіпкерлік әлеуетін күшейтуде»:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағын және орта бизнеске мемлекеттік қаржылық емес қолдау көрсету:
1) кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастырудан;
2) «Бизнес-Кеңесші-І» жобасының шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан;
3) кәсіпкерлерді «Бизнес-Кеңесші-ІІ» жобасы бойынша оқытудан;
4) кәсіпкерлерді жекешелендіруге қатысуға дайындаудан;
5) жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуді сервистік қолдаудан;
6) шағын және орта бизнестің озық кәсіпорындарын консультациялық жобаларды (бұдан әрі − BAS бағдарламасы) іске асыруда қолдаудан;
7) шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқытудан;
8) бизнес-инкубаторлар құрудан;
9) шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар (бұдан әрі − «Іскерлік байланыстар» жобасы») орнатуды қолдаудан;
10) жастар кәсіпкерлігін дамытудан тұрады.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бизнес-инкубаторларды, жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуді сервистік қолдауды және BAS бағдарламасын қоспағанда, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы осы бағыт бойынша Бағдарламаның операторы (бұдан әрі – Оператор) болып табылады.»;
төртінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы «Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыру», «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарын құру және оның жұмыс істеуі», «КҚКО көрсетілетін қызметтерін ұсыну тетігі», «Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру және оның жұмыс істеуі», «КҚО көрсетілетін қызметтерін ұсыну тетігі», «Мобильді кәсіпкерлерді қолдау орталықтарын құру және оның жұмыс істеуі», «МКҚО қызметтерін ұсыну тетігі», «Бизнес-инкубаторларды құру» деген кіші бөлімдермен толықтырылсын:
«Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыру кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтер кешенін көрсетуді көздейді.
Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыру шеңберінде:
1) облыс орталықтарында және Астана, Алматы, Семей қалаларында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары;
2) моноқалалар, шағын қалалар мен аудан орталықтарында кәсіпкерлік қолдау орталықтары;
3) ауылдар (селолар) және кенттер деңгейінде мобильді кәсіпкерлік қолдау орталықтары;
4) Бизнес-инкубаторлар құрылады.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарын (бұдан әрі – КҚКО) құру және оның жұмыс істеуі.
КҚКО – бұл кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа «бір терезе» қағидаты бойынша бизнесті жүргізудің ақпараттық-консультациялық, оқыту, түсіндіру және практикалық қолдау қызметтерін көрсету үшін Оператордың өңірлік филиалдарының жанында құрылған инфрақұрылымдық кешен.
КҚКО құру мақсаттары:
1) бизнестің мемлекеттік қолдау құралдарын насихаттау;
2) кәсіпорындарда корпоративтік басқару деңгейін арттыру;
3) бизнесті ашу және жүргізу бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсету;
4) кәсіпкерлік мәселелері бойынша түсіндіру және ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсыну.
КҚКО қызметтері қолданыстағы және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ұсынылады.
КҚКО функциялары:
1) «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтер кешенін ұсыну;
2) бизнесті қолдаудың мемлекеттік қаржылық және қаржылық емес құралдары бойынша тегін консультация беру және түсіндіру;
3) қолданыстағы бизнесті жүргізудің мамандандырылған сервистік қызметтерін көрсету шеңберінде практикалық қолдауды ұсыну;
4) «Бизнес-Кеңесші-І», «Бизнес-Кеңесші-ІІ», «Жас кәсіпкер мектебі» жобалары шеңберінде оқыту.
КҚКО жұмыс істеуіне жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Оператордың меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.
КҚКО қызметтерін ұсыну тетігі
1. Бизнесті мемлекеттік қолдау құралдары бойынша ақпараттық-консультациялық және түсіндіру қызметтерін «бір терезе» қағидаты бойынша Оператор, өзге даму институттары және әріптестік ұйымдар ұсынады.
КҚКО операциялық залында консультанттарды орналастыруға Оператор даму институттарымен өзара ынтымақтастық туралы келісім жасасады.
2. Қолданыстағы бизнесті жүргізудің мамандандырылған сервистік қызметтерін көрсету бойынша практикалық қолдау сервистік қолдау көрсету тетігінің негізінде ұсынылады.
3. «Бизнес-Кеңесші-І», «Жас кәсіпкер мектебі» жобалары бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту «Бизнес-Кеңесші-І», «Жас кәсіпкер мектебі» оқыту жобаларын іске асыру тетіктерімен айқындалады.
4. Қолданыстағы бизнестің жүргізу мен дамытудың функционалдық бағыттарының ерекшелігіне оқыту «Бизнес-Кеңесші-ІІ» жобасын іске асыру тетігімен айқындалады.
5. КҚКО базасында Оператор өзге оқыту бағдарламаларын, тренингтерді, мастер-кластар жүргізеді, сондай-ақ дөңгелек үстелдер мен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған басқа іс-шараларды ұйымдастырады.
Кәсіпкерлік қолдау орталықтарын (бұдан әрі – КҚО) құру және оның жұмыс істеуі
КҚО – бұл кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа «бір терезе» қағидаты бойынша бизнесті мемлекеттік қолдау құралдары бойынша ақпараттық-консультациялық және түсіндіру жұмысын, сондай-ақ қолданыстағы қызметкерлерге бизнесті жүргізуге практикалық қолдау көрсетуге арналған стационарлық орталықтар.
КҚО құру мақсаттары:
1) бизнесті мемлекеттік қолдау құралдарын насихаттау;
2) бизнес бастамалары бар халықты жаңа кәсіпорындар құруға ынталандыру;
3) қолданыстағы бизнестің тұрақты дамытуға жәрдемдесу.
КҚО қызметтері қолданыстағы және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |